Басталуы Т. Айбергенов «Ана»


Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесі



бет13/17
Дата11.05.2022
өлшемі1,31 Mb.
#142648
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ana-degen-altyn-azy-altyn-ba

Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесі.
Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «Ана» тақырыбы
Ғабит Мүсіреповтің мол шығармашылығы қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі барлық оқырмандарға мәлім. Жазушының әңгімелері 1928 –ші жылдан бастап жазылған жаңа адамды, жаңа дәуірді жаңа психологияны, жаңа қарым-қатынасты суреттеу жолында әңгіме-новеллалардың шеберлігін, идеясын, композициясын көріп, пайдаланған көркем қүралдарын ашып, ұлы суреткердің диалог, портрет, лирикалық көрініс, лирикалық шегініс, тіл арқылы асқан шеберлігін көрсету ана туралы әйел тақырыбы мен әдебиетте адамзатқа ананың күшті рухын, әдемілігін жоғары сезімдерін ашып көрсету ерекше жоғары эстетикалық дәрежеге көтерді.
Әр ана туралы әңгімеде әйелдердің типтік бейне, адамзатты ананы құрметтеу, жоғары бағалау, ананың психологиясын, ерекше сезімдері мен сүйіспеншілігін ашып суреттегені әдебиетке қосқан үлкен үлесі деп танимыз.
«Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана» «Ақлима» қазақ топырағында көктеген туындылар. Атақты шығармалардың дүниеге келуіне жазушының табиғи таланты ізденімпаздығы негізгі себеп болса керек.
Жазушының 60-жылдарда жазған «Айгул қойшының бір күні», «Әмина» атты әңгімелерін де ана тақырыбына арналған шығармалар тобына қосуға болады.
Ана туралы новеллалар шоғыры алғаш рет 1934 жылы «Ана» атты кітапта топталып беріледі. Онда «Адамның анасы», «өлімді женген ана», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» новеллалары бар. Алғашқы екі новелла Горькийдің ізімен жазыла тұрса да көп жағынан қазақ әдебиетінің өз туындысындай болып шыққан. Кейінгі жылдарда Ғ.Мүсірепов ана туралы новеллаларына қайта оралып, оған тың шығармалар қосып отырды. Мәселен, соғыс кезінде «Ер ана», «Ақлима» тәрізді новеллаларын жариялады. Ана бейнесі қазақ әдебиетінде көптен бар үлгі. Дегенмен ананың ұлылық сыйпатын жүйелеп жазған жан-жақты бейнеленген суреткер Ғ.Мүсірепов болып табылды.
«Ашынған ана» новелласы 1916 жылдың оқиғасына байланысты бір эпизодты суреттеуге арнаған. 1916 жылы әкелген қасерет Қапия ананың да иығына батқан. Оның жан дегенде жалғыз ұлы қара жұмысқа алынатын болады. Содан Қапия барлық айла-амалды әрекетті қолданып, қалай да баласын аман алып қалуды көздейді, Осы жолда көп азаптар шегеді. Қатты бұлқынған ашу үстінде, болысқа және оның қасындағыларға қарсы пышақ та жұмсайды. Көп уақыт абақтыда қамалып жатады. Бірақ ешкқандай күш оның жігерін жасыта алмайды. Міне балаға деген сүйіспеншілік зорлыққа қарсы өшпенділік қарапайым ананы орасан ерліктерге алып барған.
Бұл әңгімеде үстем тап өкілдерінің зорлықшыл кескіндері де анық суреттеледі. Солардың бірі-Алтыбас.Ол әңгімеде азулы, қара күштің иесі болып көрінеді. Есігінде көптеген қызмет еткен, малын бағып, күлін шығарып жүрген Қапия жесір әйелдің баласының тапқан ақысын да түгел бермейді. Қайта ақысын сұрағандығы үшін ашуланып, жас баланы солдатқа жаздырады. Баласы үшін ара түсіп жалынған Қапияны мазақ етеді. Алтыбастың бойына үстем тапқа тән қатал қайырымсыз мінездер жинақталып берілген. Новелланың соңында келтірілген мына сөздер шығарманың идеялық мұратын белгілейді: «өмір өзен сіліккен қазір бұл сондай орасан күшті енді өмірді өзі сілкіп қалуға жараған ана».
Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбында жазған новеллалардың бірі-«Ананың арашасы». Мұнда ол әйел ерлігін тағы да бір қырынан көрсетеді. Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған екі новелла ана туралы шығармалардың тікелей жалғасы. «Ер ана», «Ақлима» новеллалары соғыс өмірінің бір-бір көріністерінен сыр ашады. Мұндағы аналар жазушының бұрынғы әңгімелеріндегі Қапияға немесе Нағимаға әрі ұқсас та әрі олардан бөлек те. Бұларды жақындастыратын нәрсе-тағы да ананың күрескер биік тұлғасы. Ал бөлек болатын себебі –айтылып отырған оқиға да, уақыт та өзгеше.
«Ақлима» атты новеллада жазушы кешегі Ұлы Отан соғысының халықтың есінен шықпастай ауыр зардаптарын көркемдікпен бейнелей алған әскерден балам келеді баламнан, хабар келеді деп үмітін үзбей ұдайы күткен Ақлима апайдың тағдырында жүрек терберлік астар бар. Ананың қиыншылыққа шыдамдылығы деген, таршылыққа төзімділігі деген, балаға деген махаббаты қандай зор болса оның сол балаға деген үмітінен айырылып қалу қасіреті де зор трагедия ғой. Жзаушы қарапайым ана-Ақлиманың балаға деген мәңгі өшпес сүйіспеншілігін өміршең, мұқалмас үмітін үлкен суреткерлікпен қарсы алған.
Ғ.Мүсіреповтің әдебиетіміздегі ана тақырыбын ең мол, ең өнімді, ең сұлу жырлаушылардың бірі екенін кейінгі шығармалармен тағы да тиянақтай түсті. Бізге жазушының творчествосының алғашқы беттерінен –ақ таныс ана, әйел бейнелері соңғы жылдар сыйы ретіндегі шығармаларды өзгеше биік қырларымен қайтадан ыстық көрініп кетті. Мәселен, «Екі дүние, екі әйел», «ана жыры» және 1981 жылы «Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған «Атақты әнші Майра» деген әңгімелері –жазушы өзінің сол бір сүйікті тақырыбын әлі де жаңғырта жаңарта түскеніне інжу-маржандай құлпырта түскеніне толық айғақ. Бұлардағы аналар бейнелері Ғабиттің бұрынғы туындыларындағы әйелдер бейнесімен үндесіп жатқанымен мүлдем тың образдар, мүлдем ерекше оқиғалар үстінде көрсетіледі. Қорыта айтқанда жазушы Ғ.Мүсіреповтің ана туралы әңгімелері қазақ әдебиетін тақырыптық жағынан байытқан жазу мәнері жағынан өзгеше өрнек әкелген бағалы шығармалар.
Ғ.Мүсірепов ешкімге ұқсамайтын стилист қаламгер. Әрбір туындысын үлкен баппен, үлкен талғаммен қараған өнегесі бар. Қазақ прозасында соның ішінде оның кіші жанрнда әдебиетші қауымда оқырман қауым да әбден мойындаған алдына жан салмаған нағыз шебер. Оның творчествосына суреткер қауымның жасы болсын жасамасы болсын тәлім-тәрбие алар, тәжірибе жинақтар сан-салалы ізденістерге бастар мектеп.


І. Жазушы сомдаған Аналар бейнесінің әрқайсысының өзіндік орны бөлек, бітімі басқа. Ал, сол аналардың бәрінде ортақ бір құдірет бар. Ол-Ана табиғатына ғана тән, ұрпағы үшін қандай қауіп –қатерге де тайсалмай қарсы тұратын таңғажайып қуат күшінің құдіреті. Баласының жолында өз өмірін құрбандыққа шалуға даяр Ана алдында кез –келген дүлей күш дәрменсіз.
ІІ. Адам баласы үшін ең аяулы да, ең қастерлі де, ең қадірлі де –ана. Сәби дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы баласына сүйіспеншілігін, мейірімділік пен махаббатын береді. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет