Басталуы Т. Айбергенов «Ана»


Сағи Жиенбаев «Менің анам»



бет15/17
Дата11.05.2022
өлшемі1,31 Mb.
#142648
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ana-degen-altyn-azy-altyn-ba

Сағи Жиенбаев «Менің анам»
Сағи поэзиясындағы аналар бейнесі және отты жылдар елесі.
Жұмыстың тақырыбы:
С.Жиенбаев поэзиясындағы аналар бейнесі және отты жылдар елесі
Мақсаты: Ана мінезін, ана жанының пәктігін, перзентіне деген шексіз махаббатын шынайы жеткізе білген ақын өлеңдерінің көркемдігін таныту. ХХ ғасырдың ең зұлмат оқиғасы -Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аналардың ерен еңбегі мен ерлік жолдарын жырға қосқан ақын шығармаларының мәнін ашу.
«Даланың сыршыл жүрегі» ретінде танылған жерлес ақынымыз Сағи Жиенбаев:
О, туған жер, барымның
Сәттілері сенікі.
Балы болса жанымның
Тәттілері сенікі.
Жүрегімде жыр болса,
Наздылары сенікі.
Көкейімде күй болса
Саздылары сенікі, -
деп туған жері Оймауытты жырлаудан бастап, балалық шақ, туған жер, соғыс жылдары, махаббат, замандастары туралы қаншама жыр маржандарын сыйлап кетті. Ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор. Туған жерді қастерлеуге, Отанды сүюге, табиғатты аялауға, адамгершілік асыл қасиеттерді бойға сіңіруге шақырады.
Ақын бала күнінде көзі көрген оқиғаларды қалт жібермей көңіліне түйіп, өлеңмен өрнектей білді. Сан алуан тақырыпты қозғайды. Солардың бірі –ана тақырыбы. Ана –әр адам үшін ең ардақты, ең аяулы жан. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ана да ақын үшін ең аяулы, ең қастерлі. Әкесі «халық жауы» ретінде ұсталып кеткен Сағи ана тәрбиесімен ер жетті. Төрінен орын сайлаған әке орнын Ана басты.
Көңілімнің күні болып жүр Анам,
Көз алдымда сол жүргесін жұбанамын –
деп өзін жұбатты.
Ол шыдады -отқа салып өз басын,
Өмір бойы дерт жүрегін қозғасын.
Аспанның да жылағанын көріп ем,
Мен анамның көргенім жоқ көз жасын. –
деп, шаңырақтың жаққан отын сөндірмей, аяғынан тік тұрғызған ана еңбегінің өлшеусіз екендігін көрсетеді. «Ана», «Менің анам», «Сүт туралы баллада» өлеңдері арқылы анасына өлеңнен ескерткіш орнатқандай.
Ақынның балғын балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа –тұс келді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Сағи небәрі жеті жаста болатын.
Балауса талдар бақтағы
Бүршігін жаңа жайғанда,
Ауылдың азаматтары
Аттанып кетті майданға.
Аналар айтты зар күйін,
Атырды таңды мың бөлек.
Әкенің тіпті әлдиін,
Естімей қалды бір бөбек –
деп, соғыстың басталған сәтін суреттесе, майдан даласында ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен батыр апамыздың ерлігін «Әлия» дастанына арқау етті.
Әзірге тірімін!
Мен оған көнбеспін,
Оп –оңай бүгіліп
Оп –оңай өлмеспін!
Төзермін бәріне,
Алдыма жау келсін! –
деп өткен, қаһарман қазақ қызының еш уақытта ұмытылмас ерлігін ұрпаққа үлгі етеді. Биылғы жылы Әлия апамыздың 90 жылдығы аталып өтті. Ақын жырларымен Әлия есімі әлі де талай ұрпақтың жадында мәңгілікке сақталады.
Ал «Хаттар сөйлейді» поэмасы ана мен баланың бір –біріне жазған хаттарынан тұрады. Өмірі хаттың не екенін білмейтін мекенде жау жағаға жармасқан тұста жазылған хаттар қаншама адамды қуантты, ал қаншама адамды жылатты. Таңды көзбен атырып, алыста жүрген баласының амандығын ойлайтын ана баласының:
Ал әзірге жауымнан
Кек аламын, анашым.
Көп ұзамай ауылға
Ораламын анашым! –
деп жазған хаттарын асыға күтеді. Қуанышы қойнына сыймаған ана:
Жазған желдің өтінде
Хатыңды алдым, құлдығым,

Төбем көкке жетуге


Жақын қалды, құлдығым.
Жүрегімнің тұсына
Тығып қойдым, құлдығым
Жаулығымның ұшына
Түйіп қойдым, құлдығым, -
деп жауап қайтарып, баласының амандығын тілейді.
«Қайран шеше» поэмасы –қазақтың даңқты ұщқышы Н. Әбдіровке өлеңмен орнатылған ескерткіш іспетті.
Қайран шеше!
Ұлын іздеп тынбайды,
Әлі күнге өлді деуге қимайды.
Тағы да бір қалғысы кеп жүздесіп,
Таңнан тұрып, желмен бірге зулайды, -
деп, бауыр еті балаларын өлімге қимаған барша ананың қасіретін жырлайды. Жалғызынан айырылған аналар қайғысы жанға батады, жүректі сыздатады. Ал ондай аналар қаншама еді?!
Ұлы Отан соғысы жылдарында аналар майданда небір ерліктің үлгісін көрсетсе, тылда да аянбай еңбек етті. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп жігерленген аяулы аналарымыз –Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Қазақ әдебиетінің қымбат қазыналарының санын молайтқан «Оң аяқ», «Күткен күн», «Әйелдер», «Сыртта боран ұлып тұр» өлеңдерінде қаһарлы жылдарының көрінісін көз алдымызға әкеледі.
Ырзамын барлық ісіңе,
Қазақтың қара көздері.
От пенен судың ішінен
Бізді алып шыққан өздерің –
деп, ағынан жарылады ақын. Иә, жастық шақтарын сұрапыл соғыс жалмаған қазақ әйелі барлық құрметке лайық.
Айтсам деймін бар ананың тілегін,
Тыңдай берсін түнде жұлдыз, таңда күн.
Айтсам деймін бар ананың тілегін,
Не дейді екен, тыңдасын ел жүрегін, -
деп жырлаған ақынның бір арманы –аналардың осындай ерен еңбегі мен тамаша ерлігін сырлы сөзбен өрнектеу болатын.Сондықтан да ақын өмірге нәр себуші аналарға деген шексіз құрметін осылай жеткізеді.
«Сағи қазынасы, әрине, онсыз да халыққа дер кезінде жетіп, саналының, саңылауы бардың бойына, болмысына сіңген, қазақ дейтін халықтың рухани көкжиегін кеңейте, байыпта түсуге себепкер болған. Бола да бермек» деген Мейірхан Ақдәулетұлының сөзімен аяқтағым келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет