Бастапқы бақылау жұмысы



бет2/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,37 Mb.
#13033
1   2   3   4   5   6











































































Қазақстандағы түсті металдар[


"Мырыш кені"Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына [[Жезқазған, Қоңырат,Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кені,Жаманайбат мыс кені) мыс қоры 10 млн. тоннадан асады.

"Боксит"Қорғасын мен мырыштың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орталық Қазақстанда шоғырланған, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда да (Қаратау) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны – боксит. Қазақстанда бокситтің қоры көп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке алынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығыс Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғарғы Әйет, Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Батыс Торғай, Шығыс Торғай (Амангелді) және Орталық Торғай бокситті аудандарын құрайды.

"Вольфрам"Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан. Солтүстік Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайы тапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары.

Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған, оның 12-сі баланстық. Вольфрам кенінің басым типтері – кварц-желілі-грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жоғарғы Қайрақты, Бұғыты, т.б. кен орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында (Солтүстік Қатпар, Баян) немесе олардың мүжілген қатпарларында (Көктіңкөлі) кездеседі. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%-на жуығы штокверк кендері (Шығыс Қайрақты, Бұғыты, Көктіңкөлі, Қараоба, т.б.), ондағы вольфрам триоксидінің мөлш. 0,12 – 0,19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі: Жоғарғы Қайрақты, Бұғыты, Қараоба (штокверк), Солтүстік Қатпар, Көктіңкөлі, Баян, Ақсоран кен орындарында шоғырланған.

Бейметалл пайдалы қазбалар[өңдеу]Бейметалл (бейруда) қазбалар - құрамынан металдар өңдірілмейтін, табиғаты мен сипаты жағынан сан түрлі пайдалы қазба түрлерінің үлкен тобы.[1]

Бұл қазбалар халық шаруашылығындағы қолданылу салаларына орай бірнеше түрлерге бөлінеді: химиялық шикізаттар — апатит, фосфориттер, барит, минералды тұздар, күкірт, гипс т. с. е.; отқа төзімді шикізаттар — отқа төзімді саздар, тақтатастар, магнезит, талькті тас т. б.; электротехникалық пьезооптикалық жылу және дыбыстұмшалаушы, мұқалмас, қышқылға және сілтіге төзімді шикізаттар — слюдалар, флюорит, пьезокварц, корунд, хризотил және амфибол-талшықтастар, тальк, диатомит т. б.; құрылыс материалдары — граниттер, базальттар, диабаздар, ізбестастар, мергелдер, саздар, құмдар, кесектастар т. с. е.; асыл, зергерлік және техникалық тастар — алмас, замартас, ақық, халцедон т. б. Тау жыныстары мен минералдардың кейбір түрлері көп жағдайда әртүрлі салаларда колданылуы мүмкін.



Бейметалл пайдалы қазбалардың жіктелімі[өңдеу]

Бейметалл пайдалы ңазбалар өздерінің айрықша физикалық және физикалық-химиялық ңасиеттері, минералдық құрамының ерекшеліктері, сонымен қатар әр түрлі өнімдер мен материалдар алу мүмкіндігі бойынша кең пайдаланылады. Олар құрамынан металдар айырып алуға ( калий , магний , натрий , т.б. айтпағанда) және табиғи отын ретінде (зымыран отыны болатын бор қосылыстары мен фтор қосылыстарын санамағанда) қолданылмайды. Бейметалл пайдалы қазбалар тобы түрлерінің саны бойынша металл пайдалы қазбалар тобы мен жанғыш пайдалы қазбалардан әлдеңайда көп. Бейметалл пайдалы қазбалар табиғи түрінде немесе алдын ала өңдеуден кейін пайдаланылады. Табиғи күйде қолданылатындар - минералдар мен таужыныстар; асбест , қабаттас (слюда), тальк, исланд шпаты, алмас, оптикалық флюорит , асыл және әшекей тастар, анартас, корунд сияқты өнеркәсіптік минералдар; құм, гравий, ңүрылыс тастары (магмалық, метаморфтық және шөгінді таужыныстар); оттөзімді, жылуоқшаулауыш және байланыстырушы материалдар ретінде пайдаланылатын графит , диатомит, магнезит пен доломитастұз , цеолит, бентонит және басқа табиғи сорбенттер. Өңделген күйде пайдаланылатындар - шыны (кварц құм, далашпат), керамика , қышқылтөзімді және жылуоқшаулауыш материалдар (саз, кремний таужыныстар, вермикулит, т.б.), байланыстырғыш заттар (әктас, бор, мергель, гипсит), минералдық тыңайтқыштар (фосфоит, апатит ) , химиялық өнімдер (күкірт , күкірт ті таужыныстар , бораттар, минералдық тұздар, барит , т.б.) алуға жарамды минералдар мен таужыныстар. Өнеркәсіптік өңдеу үдерісінде құнды химиялық элементтер, минералдар мен минералдық агрегаттар алу үшін пайдаланылатын бейметалл пайдалы қазба түрлеріне қатысты "кен" термині қолданылады. Оларға асбест ,графит , слюда (мусковит , флогопит ), апатит , фосфорит , күкірт , барит , калийлі және басқа да көптеген кендер жатады. Бейметалл пайдалы қазбалар металл және жанғыш пайдалы қазбалардан сапасын бағалау мен өнеркәсіптік қолдану бағыттары бойынша айрықшаланады. Оларды зерттегенде маңыздысы - құрамындағы пайдалы компоненттер мөлшерін анықтау ғана емес, бастысы - өңдеу технологиясы мен ақырғы өнеркәсіптік өнімнің сапасына әсер ететін техникалық және физикалық- химиялық қасиеттерін анықтау. Сондықтан бейметалл пайдалы қазбалардың сапасы стандарт, техникалық шарт пен кондиңиялар арқылы шектеліп, олардың әр түрінің, түрлесінің және шикізат сортының өнеркәсіптің белгілі бір саласында қолдану мүмкіндігін анықтайды. Бейметалл пайдалы қазбалар көбінесе көп мақсатта қолданылатын шикізат болып табылады. Мәселен, флюорит өзінің сапасының нақты көрсеткіштеріне байланысты оптикада, шыны, металлургия мен химия өнеркәсібінде; күкірт - ауыл шаруашылығында улы химикаттардың құрамдас бөлігі ретінде, химия , резеңке, қағаз бен тамақ өнеркәсібінде; неолиттер - ауыл шаруашылығында, газдарды, табиғи және ақаба суды тазартуға, металдар айырып алуға қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, көптеген бейметалл пайдалы қазба Қасиеттерінің ортақ болуына байланысты өнеркәсіпте бір-бірін алмастыруы мүмкін. Бұл жағдайлар бейметалл Пайдалы қазба кенорындарының зерттелуі мен өнеркәсіптік құндылығын бағалаудың күрделілігін білдіреді. Пайдалы қазбалар қорын, құнды компоненттер мөлшерін (бейметалл кен үшін), өндіру мен өңдеудің кен-технологияльщ жағдайларын анықтаумен қатар олардың физикалың-механикалық, физикалықхимиялық және технологиялық қасиеттерін зерттеу қажет. Осының негізінде шикізат сертификацияланады және әр сорт үшін өнеркәсіптік қолданылуының нақты бағыттары анықталады Бейметалл пайдалы қазбаларды өнеркөсіптік қолданылуы бойынша жіктеу, олардың әр түрлілігіне және пайдаланылуының көп мақсаттылығына байланысты күрделі мәселе болып табылады. Жіктелімдер ішінде ең белгілілері - П.М.Татаринов, Б.М.Крейтер, Б.Бейтс, И.Ф.Романович, В.М.Борзунов, Н.П.Ермаков пен В.И.Смирнов ұсынған нұсқалары. Олар бейметалл шикізаттың практикалық пайдалану салаларын минералогиялық-петрографиялық ерекшеліктері, пайдалы қасиеттерінің сипаты және өңдеу жағдайлары бойынша бөлуді қарастырады. Жіктелімдердің көпшілігінің басты кемшілігі - бір пайдалы қазбаны өр түрлі жіктелімдік топқа жатқызу қажеттілігіне байланысты болуында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет