Кредит тарихы – бұл сіздің барлық кредиттеріңіз және оларды өтеу тәртібі жайлы
жалпы ақпарат.
Кредиттік серіктестік – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясыз
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық
ұйым. Нысаны – құрылтай шарты негізінде және өзінің жарғысына сәйкес ЖШС.
«Комфорт аймағы» – адам өмірінің шектеулі кеңістігі, сондай-ақ үйреншікті және
қалыптасқан өмір сүру салты.
Қаржылық сауаттылық – бұл қаржыға қатысты ақылға салынған және ақылға қо-
нымды шешім қабылдауға көмектесетін білімдер мен дағдылар.
Лизинг – мүлікті сатып алу және лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығымен,
оны лизинг шарты негізінде жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір ақыға, бел-
гілі бір мерзімге және шартта көзделген белгілі бір талаптарда беру жөніндегі
инвестициялық қызметтің түрі.
Лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейімен байла-
нысты қызметтің немесе іс-әрекеттер (операциялар) осы Заңда белгіленген
түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыруға тиісті лицензиар беретін бірінші са-
наттағы рұқсат.
Лицензиялау – лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды, лицен-
зиялардың және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын берумен
және қайта ресімдеумен, рұқсатты бақылауды жүзеге асырумен, лицензия-
лардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың қолданысын тоқтата
тұрумен, қайта жаңартумен және оның қолданысын тоқтатумен байланысты
іс-шаралар кешені.
Маркетинг – сіздің компанияңыздың сыртқы әлеммен кез келген, тіпті маңызды
емес байланысы.
Маркетинг жиынтығы – мақсатты нарыққа әсер етуге арналған құралдар жиын-
тығы.
Мерчандайзинг – тауарды сату орнында алға жылжыту жүйесі.
Микрокредиттер (немесе миникредиттер) – бұл микроқаржы ұйымдарының кре-
диттік өнімі, яғни сол кредит, бірақ сегіз мың АЕК аспайтын, шектелген кредит.