5-6
|
Дәріс 5-6 «Дене шынықтыру» пәнін оқытудың әдістері мен құралдары
Жоспары:
«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың әдістері мен тәсілдері
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту құралдары
Оқушылардың өмiрге керек қозғалыс ептiлiгi мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету–бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесi мiндеттерiнiң ең бастысы болып табылады. Дене қасиетерiн (күштi, жылдамдықты, шыдамдылықты, иiлгiштiктi) дамытумен бiрге және олармен тығыз байланысты қозғалыс дағдыларын да жетiлдiредi. Күнделiктi тұрмыста дене тәрбиесiмен айналысудағы дұрыс, оңтайлы қозғалыс адамның өз дене мүмкiндiктерiн ең жақсы деңгейде жүзеге асыруға көмектеседi.
Әр түрлi жаттығушылар тобымен әрқилы жағдайда белгiлi бiр мiндеттер орындау үшiн дене тәрбиесi жаттығуларын қолдану, пайдалану жолын дене тәрбиесiнiң әдiстерi деймiз.
Дене тәрбиесiнiң барлық әдiстерi арнайы (тек қана дене тәрбиесi процесiне тән) және жалпы (дидактикалық бiлiм беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екi топқа бөлiнедi (1-сурет).
Дене тәрбиесiнiң арнайы әдiстерi: а) қатаң шектелген жаттығулар әдiстерi; ә) ойын әдiсi; б) жарыс әдiсi.
Дене тәрбиесiнiң жалпы әдiстерi: а) сөздi қолдану әдiстерi; ә) көрнекiлiктi қолдану әдiстерi.
Дене тәрбиесiнiң арнайы әдiстерi: а) қатаң шектелген жаттығулар әдiстерi; ә) ойын әдiсi; б) жарыс әдiсi.
Дене тәрбиесiнiң жалпы әдiстерi: а) сөздi қолдану әдiстерi; ә) көрнекiлiктi қолдану әдiстерi.
Арнайы
Жалпы
Қатаң шектелген жаттығу әдістері
Көрнекі қолдану әдістері
Сөз қолдану әдістері
Жарыс әдісі
Ойын әдісі
Дене қуатының қасиетін дамыту әдістері
Үйрету әдістері
Тұтас үйрету
Бөлшектеп үйрету
Бірқалыпты орындау әдісі
Өзгермелі орындау әдісі
Қайталап орындау әдісі
Аралық орындау әдісі
Шеңберлі орындау әдісі
|