«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



бет6/20
Дата05.05.2023
өлшемі152,36 Kb.
#176112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
«Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте

Көрнекiлiк ұстанымы. Көрнекiлiк дегенiмiз – адамның сезiм мүшелерiн тану, түсiну, ұғыну үрдiсiнде қолдану. Ал дене тәрбиесi мен спорт үрдiсiнде көрнекiлiк қағидасы үйрету және тәрбиелеу кездерiнде қолданылады. Қозғалысқа үйретудi көру арқылы ғана емес, есту және бұлшық ет түйсiгi арқылы да түсiне бiлу керек. Әр түрлi анализаторлар белгiлерi оқушылардың санасында үйренетiн жаттығу туралы толық түсiнiк тудырады. Көрнекiлiк қағидасын тәжiрибеде қолдану мынандай жолдармен пайдаланылады:
- үйренетiн жаттығуды бөлшектеп немесе толық көрсетудi оқытушы, болмаса жақсы дайындықтан өткен оқушы орындайды;
- әр түрлi көрнекi құралдарды көрсету. Олар: суреттер, схемалар, фотосуреттер, кинограммалар, бейнемагнитофон жазулары, кинофильмдер т.б.;
- оқушының бейнелi сөздерi: баяндау, түсiндiру, талдау, бұйрық сөздер және т.б.;
- қозғалыс техникасының қиын бөлшектерiн, элементтерiн, қимыл-әрекеттердi iштей ойша қайталау. Ол идеомоторлық қайталау деп аталады.
Көрнекiлiк ұстанымын қолданар кезiнде мынандай ғылыми-зерттеулер негiздерiн ескере бiлуiмiз қажет. Көру жүйесi арқылы қабылдау үш кезеңде орындалады, ол: сезiну, ұғына қабылдау және елестету. Ал есту жүйесi арқылы қабылдау тек қана елестету деңгейiнде орындалады (Б.Г. Ананьев) [35]. Адам сөз жүзiнде айтылған хабардың 15%-ын, көзбен көрген нәрселерiнiң 25%-ын еске сақтайды екен. Егер осы екi хабарды беру тәсiлi бiрге орындалса, онда хабардың 65%-ы мазмұны есте сақталып қалады екен. Көрнекiлiк қағидасын қолданғанда әрбiр адамның жетекшi анализаторы қайсысы екенiн ескеру керек. Бiр оқушыда жетекшi көру анализаторы болса, екiншiсiнде есту, үшiншiсiнде қимыл анализаторлары болуы мүмкiн. Көрнекiлiк қағидасын қолдану сипаты үйрену кезеңiне, жасына, жаттығушының дайындығына байланысты. Бұл қағида түрлерiн кең пайдалану сабаққа ынталылықты арттырады, тапсырманы түсiну және оны орындауды жеңiлдетедi.
Жүйелiлiк ұстанымы. Негiзгi қозғалысқа дағдысын дамытудағы жақсы нәтиже тек қана дене тәрбиесi жаттығуларын жүйелi орындағанда ғана болады.
Жүйелiлiк – сабақтар арасында ұзақ үзiлiс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене дайындығы деңгейiн түсiрмеуi. Сондықтан да жүйелiлiк қағидасын қолданғанда өткен сабақтың iзiн, өтiп жатқан сабақтың әсерi басып, нығайып, толықтырып жатуы керек. Қорытындысында көп сабақтың әсерлерi қосылып, кумулятивтiк әсер (жаттығушы ағзасының берiк бейiмделу үрдiсi) пайда болады, жаттыққандық деңгейi көтерiледi. Сабақтар белгiлi бiр жүйе бойынша жұмыс және тынығу кезеңдерiнiң алмасуымен өтедi, бұлардың негiзiнде бiр-бiрiмен байланысты ағзаның шаршауы және қалпына келу үдерiсi жүредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет