«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



бет4/20
Дата05.05.2023
өлшемі152,36 Kb.
#176112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
«Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте

Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастиканың түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдык- еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі – табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі – балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабақтары оқушылардың қимыл-қозғалыс негіздерін, спорттық жаттығулар мен спорттық ойындардың қарапайым техникаларын меңгертуге, солар арқылы күш-қайратты жетілдіріп, епті де төзімді болып өсуге жағдай туғызады. Жаттығулар жасау арқылы денсаулықты сақтап, нығайтып, өмірге қажетті қимыл-қозғалыс әрекеттерін бірте-бірте көбейтіп, қызықты да мазмұнды өмір сүруге бастайды.
Бастауыш сыныптарда дене жаттығуларын үйрету оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, дидактиканың негізгі принциптеріне сай мазмұнының біртіндеп әрі ұдайы күрделеніп отыратын белгілі бір нақты жүйесі бойынша жүргізіледі.
Дене тәрбиесі сабақтары жыл бойы көбінесе таза ауада өтетін болғандықтан, бағдарламада көрсетілген әрі төменде берілген жаттығуларды жылдың қай мезгілінде өткізуді анықтап алу қажет. Оған мектептің жағдайы, оның қай аймақта орналасқаны, құрал –жабдықтардың жеткіліктілігі және оқушылардың қимыл-қозғалыс дайындығы есепке алынады.
Алғашқы кезде сыныптағы әрбір баланың қозғалыс деңгейін байқауға арналған сабақтар өткізген дұрыс. Күннің жылы кездерінде оқушылар қимыл-қозғалыс негіздерінің барлық түрін меңгеретінін білуі қажет. Жауын- шашында секіртпемен, шығыршықпен айналысуға және допты қабырғаға соғып ойнайтын ойындар мен асық ойынын ойнатуға болады. Би жаттығулары мен акробатиканы мүмкіндігінше, спорт залда өткізген дұрыс. Жүзуге дайындық тек су қоймалары жақын, арнаулы жүзу бассейндері бар мектептерде өтеді. Ойындар өтетін сабақтар жылдың төрт мезгілінде қала, ауыл мектеп терінің барлығында да жүргізіледі.
Қыста қар қалың жерде төбешіктен аяқпен сырғанау, шанамен сырғанау, шаңғы тебу сабақтарын мейлінше көбірек өткізген дұрыс. Ал қар болмайтын жылы аудандарда мұғалімнің таңдауымен төменде көрсетілген сабақтардың кейбір түрлерін негіз етіп ала отырып, оның басқа да нұсқаларын өткізуге болады.
Мұғалім дене тәрбиесі сабақтарының барлық түрінде де уақытты тиімді пайдаланып, сыныптағы әрбір баланың қимыл-қозғалыстарының сапасы жақсара түсуіне үнемі жағдай жасап отыруға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет