«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



бет8/20
Дата05.05.2023
өлшемі152,36 Kb.
#176112
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
«Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте

Бақылау сұрақтары:

  1. Дене тәрбиесінің негізгі ұстанымдарын атаңыз.

2. Саналылық және белсендiлiк ұстанымы
3. Көрнекiлiк ұстанымы
4. Жүйелiлiк ұстанымы
5. Бiртiндеушiлiк ұстанымы
6. Реттiлiк ұстанымы
7. Даралық ұстанымы



2

4

4-дәріс тақырыбы: «Дене шынықтыру» пәнінің жаңартылған мазмұны


Жоспары:

  1. «Дене шынықтыру» бағдарламасының мақсаты, міндеттері

  2. «Дене шынықтыру» оқу бағдарламасының құрылымы, мазмұны

3. Жаңартылған білім беру бойынша жоспарлаудағы ерекшелік.

«Дене шынықтыру» бағдарламаның мақсаты оқушыларды дене шынықтырудың негіздерімен таныстыру болып табылады, нақты айтқанда, олардың спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене шынықтыру (физикалық) қабілеттерін меңгеруімен қатар, салауатты денені шынықтырудың дамуына ықпал етеді. «Дене шынықтыру» пəні бойынша бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын оқу жоспарын ұсынады, бұл жоспар оқушылардың физикалық іс-əрекеттің түрлері бойынша білімдерін, түсініктерін жəне дағдыларын дамытуға ықпал етіп, сол уақытта олардың жеке гигиена, психикалық денсаулық жəне салауатты өмір салтының қағидалары сияқты аспектілер тұрғысында жалпы дамуын жақсартады.


Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бастауыш мектеп оқушыларды оқытуға арналған оқу бағдарламасы келесі міндеттерді іске асыруы тиіс:

  • дене денсаулығының жəне рухани денсаулықтың негізін қалайды, бұл əлеуметтік дағдыларды дамытуға, тұлғалық дамуға оң əсер етеді;

  • оқушыларды өздерінің физикалық жəне психологиялық денсаулықтарын түсінуге жəне нығайтуға ынталандырады;

  • дене шынықтыру жəне спорт саласындағы теориялық білімдері мен тəжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды;

  • оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытады, атап айтқанда, олардың төзімділігін, ширақтығын, күшін, ептіліктерін жəне икемділігін дамытуға əсер етеді;

  • оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін құрметтеуге, командалық жұмыс дағдыларына, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тəрбиелейді;

  • оқушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға жəне үйренген дене қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандырады;

  • оқушылардың жалпы адамзат мəдениетінің бір бөлігі ретінде дене шынықтыру пəні туралы өз көзқарастарын қалыптастырып, осы саладағы білімдерін дамытуға мүмкіндік береді.

«Дене шынықтыру» пəнін оқыту оқушыларға:

  • пəн туралы білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті өмірлерінде қолдануға;

  • қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсарту жəне оқушылардың дене дамуын жетілдіру

қажеттіліктерін бағалауға;

  • адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығын түсінуге жəне əділ бəсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге;

  • жеке гигиена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге;

  • дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның дене жүйелеріне əсерін білуге;

  • өзінің жəне басқалардың дене жағдайын бағалауға;

  • сыни тұрғыдан, шығармашылық ойлау қабілеттерін жəне коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Бағдарламада пəндiк бiлiмнiң мазмұны 3 бөлiмге бөлiнген. Бұл бөлiмдер өз iшiнде бiлiм, түсiнiк жəне дағдыларды қалыптастыруды көздейтiн бөлiмшелерден тұрады. Оқу мақсаттары əр бөлiмше iшiнде мұғалiм мен оқушыға болашақ қадамдары жөнiнде өзара ой бөлiсуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкiндiк беретiн бiрiздiлiк пен сабақтастықты көрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет