Байланысты: 1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі
41.«Дүниетану» пәнін оқытуда топсаяхаттардың алатын орны.Топсаяхат нәтижесін сабақта пайдаланудың сызбасын түсіріңіз. «Дүниетануда» топсаяхат кіріспе болып келеді (курс немесе тақырып бойынша), күнделекті материал тақырыбын оқып білу өлшемі бойынша) және қорытындылайтын (тақырып материалын оқып білуден кейінгі).
Кіріспе топсаяхатта оқушылар оқып білу материалы туралы ортақ ұғым алады, барлық тақырыпқа бақылау үшін тапсырма, қысқа мерзімді бақылау жумысын өткізеді. Кіріспе топсаяхатқа «Табиғаттағы көктемгі өзгерістер» тақырыбы туралы топсаяхат бола алады.
Күнделікті топсаяхат табиғаттың өзінде белгілі бір объект және қубылыспен танысуды жобалайды.
Қорытатын топсаяхат тақырыпты немесе оның болігін оқып үйренудің соңында және оқып үйренген материалды нақтылауға, жүйелеуге және қорытуға жобаланады. Олар оқушылар қоршаған табиғаттан, сыныпта және үйде оқулық бойынша оқып үйренгенді табу үшін және мұгаліммен қойылған сурақтарға жауап беретіндей болып қурылады.
Топсаяхаттың нәтижелігі оған дайындыққа байланысты.
Топсаяхатта келесі басты кездерді белгілеуге болады: кіріспе сұхбат (2-3 мин), оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы өзіндік жұмысы (25- мин.), балалар өзіндік жұмысының материалы бойынша сухбат (15 – мин.), топсаяхаттың нәтижесін шығару (2-3 мин). Сонымен, топсаяхат – мұғалім қызметінің оқытудағы өте көп еңбекті және күрделілікті қажет ететін түрі.
Топсаяхат бағдарлама белгілеген тақырып пен мазмұнды қамтып, өткен сабақпен де, келесі тақырыптармен де байланысын жүзеге асыра отырып, әр уақытта жаңа ұғым береді. Топсаяхат белгілі бір тақырыпқа айналып, жаңа ұғым беру бағытында мақсатымен өткізілуі мүмкін. Табиғат аясында өтуіне байланысты топсаяхаттың білім беруде бірнеше ерекшеліктері бар. Топсаяхат кезінде алатын білім нақты объектілер мен құбылыстарға негізделеді. Табиғи ортаның да бүкіл басқа объектілермен бір тұтастыққа бақылау арқылы олардың бір – бірімен байланысы анықталды. Соның нәтижесінде балалардың білімі нақтылана түседі, бақылап көру арқылы теориялық ұғымдарын іс жүзінде тексеріп, бақылау дағдылары қалыптасады. Сөйтіп, көріп, бақылап, сезіп меңгеру кезінде алған білімнің саналылығы жүзеге асады.
Топсаяхат кезінде бақылап көрген заттары мен құбылыстарының негізінде оқушылардың бүкіл ойлау операциясын жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік туады.