37.«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
«Дүниетану» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
38.«Жаратылыстану» сабақтарында ұйымдастырылатын оқушылардың оқу әрекетінің түрлері.
Жаратылыстану ғылымдары негіздерінің пәні, міндеттері, ұстанымдары, әдістері және әдіснамалық негіздері. Ботаниканың негіздері. өсімдік ағзасының құрылымы. Төменгі және жоғарғы деңгейде саналатын өсімдіктердің морфологиясы, систематикасы және экологиясы. Зоологияның негіздері. Бір жасушалы, омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың анатомиясы, физиологиясы, систематикасы және экологиясы.
Күтілетін нәтижелер: - өмірдің мәнін, негізгі тіршілік үрдістерінің принциптерін, эволюциядағы адамзаттың рөлін; - адамның базалық қажетілігі мен мүмкіндігін, биосферадағы дағдарыстық құбылыстармен байланысты адамзаттың даму мүмкіндігін, Жер бетіндегі тіршілікті сақтау және әлеуметтік проблемаларды шешудегі жаратылысғылыми білімнің рөлін; - жаратылыстану дамуының түйінді кезеңгі ретінде ғылыми парадигманың ауысуы мен жаратылыстанудағы революция туралы, ғылыми ұтымдылық типінің ауысуын; - қоғам және адам, тірі және өлі табиғат дамуының диалектикалық принципі ретінде синергетика және әмбебап эволюционизм принципі туралы білуі керек; - әлеуметтік қызметті орындау және кәсіби міндеттерді шешу үшін жаратылыс ғылыми мәдениет элементтерін пайдалануды; - жоғары білімді мамандардың мінез-құлқын реттеу жүйесіндегі ғылыми ұтымдылық эелементін; - шешім қабылдауда жаратылысғылыми экспертиза жүргізу үшін қажетті ақпараттарды алу ісерліктері бар. - заманауи қоғам проблемаларын шешуде жаратылыстану мүмкінідігін түсінуді;
Достарыңызбен бөлісу: |