«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»


Бақылауды «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәндерінен білім беру әдісі ретінде дәлелдеу



бет30/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

33.Бақылауды «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәндерінен білім беру әдісі ретінде дәлелдеу.
Жаратылыстану және дүниетану пәндерінен сабақ берудің әдістемелік негізін салушы Ресей ғалымы Александр Яковлевич Герд « Адамзат барлық нақтылы шынайы білімді оқу арқылы емес : бақылаулар, салыстырулар және тәжірибелер арқылы игереді, сондықтан дүниетануда осы үш әдіс құдіретті» деп атап көрсетті.
Бұл әдістер дүниетануды меңгертудің негізі болып қала береді.Жеке тоқталсақ :
Бақылау жасау әдісі — біріншіден ,оқушы бойында қоршаған дүниеден нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға, соның негізінде бастауыш класс оқушыларының шығармашылық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді
Екіншіден . табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына , табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына , дүниенің біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді.
Үшіншіден оқушының бақылағыштық,байқағыштық қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеп, шығармашылық , танымдық қабілетін арттырады.
Сабақта бақылауды іскерлікпен ұйымдастырып, әдістемелік жағынан дұрыс қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты . Бақылау әдісін сабақта қолдануда төмендегідей жүйені қолданамын.
1 Бақылау өткізуге сай оқу материалдарын іріктеу.
2. Оқушыларды бақылау өткізуге дайындау.
3 Сабақта бақылауға қажетті қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру.
4. Бақылаудың мақсатын айқын қоя білу.
5. Күн ілгері бақылауға қажетті тапсырмалар әзірлеп , балаларға тапсырмалар беру.
6. Қажетті жабдықтарды дайындау.
7. Бақылау нәтежелерін жазу, қорытындылар шығару.
Бақылау әдісі — өткізілу уақытына қарай бірнеше кезеңдерге бөлініп өткізіледі ..

1Мұғалімнің басшылығымен бақылау.( Оқушылар айналадағы табиғатты бақылауға әлі дағдыланбаған , ондағы өзгерістерді белгілеп алуды әлі білмейтін кезде , көбірек 1класта өткізіледі)


2.Жүйелі түрде қысқа мерзімдік уақытша бақылау .( Оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша серуендеу кезінде не табиғат аясында болғанда белгілі бір мезгілде бақылайды Мысалы : жыл мезгіліндегі өсімдіктер өзгерісі.)
3.Өздігінен ұзақ уақыттық бақылау ( Мысалы : белгілі бір өсімдіктің өсуі, өнуі, көбеюі, тұқымы , жеміс беруі, қурауы . Көктемде, жазда, күзде, қыстағы өзгерістері . Немесе көжектің әр ай сайын өзгеруі .)
Зерттеу жұмысына байланысты бақылау .( Белгілі бір тақырыпта оқушының қызығушылықтарына сай бақылаулар жүргізу , зерттеу қорытындысында жобалар дайындау , оны қорғау) Бақылаудың бұл соңғы түрі қазір – жобалау әдісі деп аталып жүр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет