«Жаратылыстану» сабақтарында ұйымдастырылатын оқушылардың оқу әрекетінің түрлері.
Бастауыш сыныптарда оқу әрекетінің бастапқы сатысында оқу компонентерімен танысудың нышаны болып табылады.В.В. Давыдов бұл компонетті келесідей көрсеткен
1.Оқу жағдаяттары
2.Оқу әрекеті
3. Бақылау
4. Бағалау.
Бастауыш сынып оқушыларында танымдық белсенділікті қалыптастырудың психология-педагогикалық, дидактикалық шарттары орындалуы керек. Бірінші шарт - сабақ жүргізу кезінде мәселелік оқуды ( ахуалдар құруды, сұрақтар қоюды, шығармашылық тапсырмалар беруді және пайдалану білуді мұғалім ұймдастыру керек.
Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Оқушы өздігінен білім алуын, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап еткен жөн. Өздігінен білім алуды оқушылар күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат міндеттерінен, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты болуы керек. Ал оларға кеңес, нұсқау жалпы бағыт беріп, басқарып отыру – мұғалімнің басты міндетірінің бірі ретінде саналады.
Ұлы ойшыл педагог А.Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжерибе арқылы өздігінен алуы керектігін нақтылап айтқан . Жалпы білімге деген қызығушылық, кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге және үйренуге ұмтылу – бала үшін зор қуаныш, ғажап сезім.
Сонымен бірге оқыту әдістері – практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі.Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады.
Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Дүниетану сабақтарында табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырады.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек. Адам, табиғат қоғам – бір тұтас ұғым. Адам, табиғат қоғам арасындағы байланысы және олардың үнемі бірлікте дамитынын білім бас алушылар бастауыш сыныптан бастап оқыуы, түсінуі жолға қойылады. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында білім алушының таным процесі қалыптасатды. Танымға көмегін тигізетін білім алушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдай алады. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені бір тұтас бірлігін сезініп, қабылдау арқылы санасына білім қоры жинап, ой өрісі жетілдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |