«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»


«Дүниетану» пәнінің мазмұнындағы принциптер: жүйелілігі, ғылымилығы, бірізділігі, түсініктілігі, дәйектілігі



бет7/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

«Дүниетану» пәнінің мазмұнындағы принциптер: жүйелілігі, ғылымилығы, бірізділігі, түсініктілігі, дәйектілігі.

“Дүниетану” пәні – педагогикалық ғылымдар саласына жататын болғандықтан, оқыту процесінің жалпы заңдылықтарына сүйенеді.Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді. Жүйелілік және бірізділік принципі оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге (сабақ үстінде, үйде кітаппен, зертханада т.б.), сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді.Әр пәнде жүйелілік және бірізділік принципін ұстанудың маңызы зор. Мысалы, дүниетану пәнінде “адам” тарауын өтпей, “қоғам” тарауын өтуге болмайды, өйткені балалар өзін танып-білмей, қоғамдық қатынастарды түсіну қиынға соғады.
Оқытудың ғылымилық приципі табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді.Ғылыми принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылыми принцип оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
2. Оқыту процесі ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады.Оқыта отырып тәрбиелеу – бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл-ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.
Бастауыш мектептегі “Дүниетану” пәнінің әр тақырыбы қарапайым болып көрінсе де, ғылыми мазмұнға ие. Ал оны оқушыларға жан-жақты талдап түсіндіру мұғалімнің жан-жақты ізденушілігін қажет етеді.
Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Түсініктілік принципінен ережелер туады.Мысалы:
1.Жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды таным іс-әрекетіне бірте-бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымы туады.Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке нәрседен жалпы қорытындыға көшуді индуктивті жол деп атайды.
2.Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу. Мәселен, оқушыларға өсімдіктердің көбею жолдарын түсіндіру үшін, оларды ең алдымен өсімдіктердің құрылысымен таныстыру қажет.
3.Белгіліден белгісізге көшу деп оқушылардың өткен сабақтан алған біліміне сәйкес жаңа сабақ материалын меңгеруін, яғни сабақ үстінде білімді терең түсіріп, игеруін айтады.
Педагогикалық процестің дәйектілік принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды.Ақыл-ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамасыз ету педагогикалық роцестің дәйектілік принципінің негізін құрайды.Адамның білімге, әр түрлі іс-әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды.
Дүниетану пәнінде осы аталған принциптермен қоса оқытудың мақсаттылық, саналылық және белсенділік, көрнекілік принциптері қоса ескеріледі және басшылыққа алынады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет