Бастауыш сынып оқушыларына білім беруді шығармашылық деңгейіне көтеру-оқыту барысында зерттеу әдістерін (тәжірибе, эксперимент) жиі қолдануды талап етеді. Зерттеу әдістерінің ортақ белгісі-ізденушілік, оқушылардың меңгеретін білімге өздігінен атқаратын жұмыстарының нәтижесінде жетуі. Зерттеу әдістерін қолданғанда үнемі оқушылардың ой әрекетінің дамуы, жасаған тәжірибелері мен жүргізген экспериментері бойынша күрделі ситуациялар шешу басым болады. Оқушы тәжірибе арқылы белгілі заттың немесе құбылыстың қасиетін түсініп, оның ғылымға деген сенімі қалыптасады. Ол топпен бірге тәжірибе жасау барысында ұжымдық әрекет тәсілдерін меңгеріп, даму мүмкіндіктерін арттыратын жағдайға ие болады.
Жаратылыстану пәнінде зерттеу жұмыстары: экперемент жасау, тәжірбие жасау арқылы жүзеге асады.
Зерттеу әдістеріне үш кезең тән. Бірінші дайындық : мұғалім не үшін ізденіс жүргізу керектігін түсіндіреді, керекті құрал-жабдықтарды дайындайды; екінші, мақсат қойып, ізденіс жүргізу кезеңі; үшінші, ізденіс нәтижесін қорыту, тұжырымдау кезеңі. қорыту ауызша, жазбаша немесе сурет салу түрінде де болуы мүмкін.
Зерттеу әдістерін қолдану мұғалім оқушыларды топқа бөлуіне не жеке тапсырмалар беруіне болады екен.
Зерттеу кезінде оқушылар өздері үшін жаңалық ашатын болады. Бұрын тікелей байқай алмай жүрген ерекшеліктерді. қасиеттерді түсініп, меңгереді. Оқушыларда шығармашылық әрекет дами түседі. Ізденіс нәтижесінде алған білім олардың логикалық ойының дамуын тездетеді. Оқушылар ізденіс арқылы жеткен нәтижеге баға беру, оны басқа ситуацияда қолдану, ұқсас мысалдар келтіру әрекеттерін меңгереді. Бұл сияқты ой қорытындысын жасау- дамудың белгісі екенін психологтар дәлелдеп отыр.
Зерттеу кезінде оқушы адамзаттың осы кезге дейін жинақтаған тәжірибесінің нәтижесін өзі үшін “жаңалық” ретінде іздестіріп, оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Оның шығармашылық қабілеті шыңдала түседі.
Жаттығу зерттеу әдістерінің бәріне ортақ. Зерттеу әдістері барысында оқушылар өздігінен жұмыс атқара отырып, бұрын алған білімдерін іс жүзінде қолданып үйренуі. Жаттығу жұмыстары барысында біліктілікке жету, білікті кез келген жағдаяттарда қолдана білу дағдыларының дамуы. Жаттығу көптеген жұмыс түрлерін қамтиды және оны ұйымдастыру мен қолдану мүмкіндіктері де сан-алуан. Жаттығу оқушылардың қабылдаған білімін шыңдап, дағдыға айналдырады, осының нәтижесінде оларды жаңа білім мен білік деңгейіне көтереді. Жаттығу кезінде оқушылардың бүкіл мүмкіндігі (көру, есту, шеберлік, ұқыптылық, зейінділік т.б.) жұмысқа қатысады.
Жаттығу кезінде оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары екі деңгейде өтеді. Біріншісі, мұғалімнің айтып түсіндірген әдіс- тәсілі бойынша жұмыс орындау; екіншісі, бұрын алған ұғымдары мен дағдыларына сүйеніп, жаттығуды өздігінен орындау. Екінші деңгейде оқушының дағдыға айналған, қалыптасқан білігі жетекші рөл атқарады. Жаттығу жұмысы кезінде оқушының сабақта, бақылау кезінде, тәжірибе мен эксперимент барысында алған ұғымдарының нәтижесі қорытылып, іс жүзіне асады. Бұл пән аралық байланысты, кіріктіре оқыту процесін жүзеге асыруға жағдай туғызады.