«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»



бет9/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

Оқытудың түсінікті болу принципі. Оқу материалы мазмұнының оқушылардың жас ерекшелігіне сай болуы. Оқытуда ғылымилық пен түсінікті болу принциптерінің сақталмауынан туындайтын жағымсыз жағдай, осы принциптерді қатар оңтайлы сақтаудың шарттары. Түсінікті болу принципінің оқулықта сақталуындағы мәтіндік және көрнекі әдістердің, әдістемелік аппараттың маңызы. Практикалық мысал: 6-сынып биологиясындағы «Тірі организм» пәніндегі қоректену, тыныс алу, т.с.с. процестерді түсінудегі қиындықтар, оларды оқушылардың түсінуіне көмектесетін әдіс-тәсілдер. Түсінікті болу принципімен бірге ғылымилық және оқытудың қалған барлық принциптерін ескеру, бұл байланысты дұрыс түсіну, кешендіктің маңызы.
Оқытудағы жүйелілік принципі. Тірі табиғат біртұтастығын түсінудегі жүйелілік принципінің маңызы. Я.А. Коменский, И.Г. Песталоции және т.б. ғалымдардың жүйелілік принципі жөніндегі тұжырымдары. Мектептегі био­логия пәні мазмұнының жүйелілік принципіне сәйкес тарихи қалыптасуы. В.Ф. Зуеев пен А.Я. Гердтің жүйелілік принципін дамытуға қосқан үлестері. Тарауішілік биологиялық мазмұнды жүйелілік принципі негізінде сыныптарға бөлу. Принциптің оқу материалын оңтайлы игеруге бағытталғандығы. Оқу материалы көлемінің ұлғаюына байланысты жүйелеу маңызының артуы, осы бағыттағы жаңа жолдардың іздестіріледңү. Қоршаған ортаны оқытуда пәнішілік және пәнаралық байланысты пай­далану принципі.
Оқытудағы дидактикалық принциптердің негізгі түрлері
Оқытудағы сабақтастық принципі. Игерілген материалдың кейінгі оқу ақпаратына тірек болуы. Биология пәні бойынша тақырыптардың бірлігі, тұтастығы. Сабақтастық принципі – пәнішілік және пәнаралық байланыстардың қамтамасыз етілуі Қоршаған ортаны оқытуда тақырыптан-тақырыпқа, сыныптан-сыныпқа ауысқан кездегі материал біртұтастығын сақтаудың маңызы, оны ескермеудің кері әсері. Қазақша биологиялық терми­нология мәселелері, оның біркелкілігінің сақтаудағы сабақтастық принципінің маңызы.
Оқытудағы көрнектілік принципі. Я.А. Коменский мен К.Д. Ушинскийдің көрнектілік принципі жөніндегі тұжырымдары. Биологияда қолданылатын көрнекілік түрлері: табиғи тірі және өлі (фиксацияланған) объектілер т.б. Көрнекіліктерді биологияны оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы рөлі. Қоршаған ортаны оқытуда қолдануға перспективті көрнекілік түрлері («биологиялық конструктор», анимациялар т.б.), олардың қазіргі кезде қолданылу жағдайы, озық тәжірибелер мысал­дары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет