20. Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін артыру жолдары
Білім беруді барысында жеке тұлғаны дамыту , өзіне сенімді , танымдық қабілеті , дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат тәрбиелеуде дүниетану пәнінің алатын орны ерекше. Бастауыш сынып оқушыларына дүниетануды оқытудағы міндет — олардың түсініктерін кеңейтіп, ұғымдарын қалыптастыруда күнделікті жүйелі жұмыс жүргізу. Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Оқушы бойында дүниетанымды қалыптастыруда адам , қоғам, табиғат туралы білімдер негізгі тірек болады. Адам – қоғам- табиғат арасындағы байланысты және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып , түсінуі , тануы тиіс. Дүниетану – «дүние» және « тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады . Алдымен нені танып – білу керектігін анықтауымыз керек. Сол дүниені танып –білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп , тиімді әдіс –тәсілдерін қолдануға тоқталмақпын. Жаратылыстану және дүниетану пәндерінен сабақ берудің әдістемелік негізін салушы Ресей ғалымы Александр Яковлевич Герд « Адамзат барлық нақтылы шынайы білімді оқу арқылы емес : бақылаулар, салыстырулар және тәжірибелер арқылы игереді, сондықтан дүниетануда осы үш әдіс құдіретт і» деп атап көрсетті. Бұл әдістер дүниетануды меңгертудің негізі болып қала береді.Жеке тоқталсақ : Бақылау жасау әдісі — біріншіден ,оқушы бойында қоршаған дүниеден нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға, соның негізінде бастауыш класс оқушыларының шығармашылық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді.Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру үшін қолданылатын негізгі әдістің бірі- салыстыру. Өз кезінде Константин Дмитриевич Ушинский « Салыстыру кез келген ұғымның және кез келген ойлаудың негізі болып табылады» деген болатын. Мысалы : Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды салыстырғанда бірінші- жалпы белгілерін, тамыры, бұтағы, діңі, жапырағын салыстырады. Салыстырудағы маңызды қадам – оқушылардың заттың ең маңызды белгілерін айыра білуі болып табылады. Қазіргі кезде салыстыруды Венн диаграммасы арқылы салыстыруға болады. Кез-келген екі зат салыстырылып , олардың ұқсастығы ортаңғы диаграммаға жазылып, айырмашылықтары екі шеткі диаграммаға жазылып, салыстырылады.Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру үшін қолданыла-тын негізгі әдістің бір-тәжірибе. Оқушыларға табиғат қасиеттерін , табиғат құбылыстарының мәнін таныстыру қажет болған жағдайларда тәжірибелер жасаудың үлкен танымдық мәні бар. Дүниетану сабақтарында өткізілетін тәжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды класс жағдайларында қолдан қайта жасауға мүмкіндік береді Тәжірибелер мұғалімнің көрсетуімен немесе оқушылардың жаппай қатысуымен өткізіледі. Оқушылардың дүниетануға деген ынтасын арттырып ,оны дамыту көптеген әдістемелік жұмыстардың нәтежесінде ғана іске асады.Соның ішінде сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз ететін тағы бір әдіс – дидактикалық ойындар.Дидактикалық ойындар көп салалы , күрделі педагогикалық құбылыс. Оны оқушыларды жан-жақты тәрбиелейтін, оқытатын , шығармашылық белсенділігін арттыратын құралдың бірі деуге болады. Ойын оқушының ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар , өтілген тақырыптарды саналы меңгеруге үлкен әсер етеді. Дидактикалық ойындардың түрлері көп. Соның бірі-оқушының ақыл-ойын дамытатын ойындар Мысалы , өзін қоршаған қоғамдық орта , табиғат , табиғат құбылысары , әр түрлі мамандық иелері , жұлдыздар әлемі, су патшалығы, жануарлар дүниесі , пайдалы қазбалар, өсімдіктер ортасы — бәрі де оқушыны қызықтырады..Қолданылатын тәсілдің әр қайсысы оқушылардың білімді тиімді игеруіне барынша жәрдемдесе алатындай болу ке
Достарыңызбен бөлісу: |