«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»


Дүниетанудан оқушыларға берілетін сұрақтар мен тапсырмаларды деңгейлеп беру



бет19/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

23.Дүниетанудан оқушыларға берілетін сұрақтар мен тапсырмаларды деңгейлеп беру.
Дүниетану пәнінен оқушыларға Деңгейлеп тапсырма беру өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады.
Дүниетану пәнінен Деңгейлік сұрақтар мен тапсырмаларды ұсынудың негізінде оқушылардың есте сақтау қабілеті жақсарып, өз эмоциясын өзі басқара білетіні, зейіннің тұрақтылығы, ойлауы дамитыны байқалады.
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Дүниетану пәні бойынша бірінші деңгейлік тапсырмаларға мысал келтіретін болсақ: Үй жануарлары мен жабайы аңдарды топтастырып жаз, құс ұясын нелерден қорғау керек? сызбамен көрсетіп әңгімеле, адам ағзасына пайдалы жемістерді ата т.б.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Мысалға алатын болсақ: Суретке қарап ертегі құра, біздің облысымызда өндірілетін пайдалы қазбалардың қасеттерін кестеге түсір т.б.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен,ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.
Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету,
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:
1. Денгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкідік береді.
2. Денгеийеп оқыту әртүрлі катигориядағы балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Денгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш денгейі қарастырылады: ең төменгі денгей(минималды базалық),бағдарламамалық, күрделенген денгей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет