«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»


Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәнін оқытуда заманауи педагогикалық технологиялар



бет21/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

25.Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәнін оқытуда заманауи педагогикалық технологиялар
 Педагогикалық технологиялар білім беру саласына өткен ғасырдың 90-шы жылдарында келе бастады. Бұл модельдің пайда болуының нәтижесінде мектеп оқушыларын оқытудың әдіс-тәсілдері өзгерді, олардың белсенділігі және ең бастысы өзара байланысы артты. 
Қазіргі уақытта сабақ өткізу барысында заманауи педагогикалық технологиялар қолданысқа ие болуда. ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Олай болса Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәнін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдаланудың маңызы зор.
«Дүниетану» және Жаратылыстану пәндерін оқытуда қолданылатын заманауи педагогикалық технологияларға тоқталатын болсақ: демонстрациялық құрал-жабдықтар (мысалы, стендтер); интернет желісінің қосылуы: компьютерлер/планшеттер; проектор, проекциялық экран және аудиоколонкалар; бейне және аудиоресурстар: тақырыптар бойынша бейнематериалдар жиынтығы; баспа материалдары (кітаптар, энциклопедиялар мен анықтамалықтар);оқу көрнекі құралдар: қағаз және интерактивті карталар, тарихи тұлғалардың портреттері, коллаждар, тақырыптық графиктер мен кестелер, слайдты альбомдар, тарихи жәдігерлер мен заттар немесе олардың көшірмелері;
Пәнді оқуға және зерттеуге көмек болатын сыныптан тыс орналасқан ресурстар:
кітапхана ресурстары (кітаптар мен анықтамалық материалдар); электрондық және мультимедиаресурстар; желілік файлдар, интернет (тарих, география, әлеуметтік ғылымдар бойынша негізгі анықтамалық сайттар каталогі).
Жалпы оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, сабақтың тиімділігін арттыруға сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеуге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіншілік көп. Қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату, яғни оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету, пәнаралық байланыстарды тереңдету, қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейтуге болады.
Дүниетану сабағында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми ұғымдар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет