Қазақстанның білім берудегі жетістіктері, Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері, Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі, Менің құқықтарым мен міндеттерім
Қазақстанның білім берудегі жетістіктері, Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері, Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі, Менің құқықтарым мен міндеттерім
8-бөлім Болашаққа саяхат Менің туристік маршрутым, тас дәуірінен ғарыш кемесіне дейін, Қазақстанның әлем алдындағы бейнесі, Әр алуан тапсырмалар. 32.Табиғат бұрышында оқушылардың орындайтын жұмыс түрлері. Табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін толықтырады, тереңдете, сондай-ақ практикалық машық пен дағды қалыптастырады. Ол жоғары сыныпта оқығанда қажеттілігіне жарайды, ары қарай дамиды.
Бастауыш сыныптарда табиғат бұрышындағы жұмыс ретінде сынып кабинеттерінде аквариум, шағын террариум орналастыруға болады. Аквариумде тұрғылықты және аквариум балықтарының өкілдерін, су өсімдіктерінің түрлерін, моллюскалар ұстауға мүмкіндік бар. Шыны арқылы су ішіндегі тіршілік әлемімен ,балықтардың, былқылдақ денелілердің қозғалысымен танысады. Террариумде қосмекенділер түрлерін, бауырымен жорғалаушылардың мінезқұлықтарын, қоректену, бейімделу ерекшеліктерін танып біледі, жыл мезгіліне орай өзгерістерін бақылайды. Аквариумдегі суды уақтылы ауыстырып тұру, балықтарды қоректендіру, қоректердің түрлерін таңдай білу, судың температурасын бақылау, өсімдіктердің, балықтардың жағдайын бақылап тұру сияқты жұмыстарды орындай отырып сауаттанады. Тірі табиғат бұрышын жасауға арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме өсімдіктерін, жер шарының әр бұрышындағы өсімдіктер түрлерін өсіріп, оқушыларды сол өсімдіктердің ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте этикетка іліну керек, мұнда өсімдіктің аты, отаны, отырғызылған уақыты жазылады. Әр өсімдіктің жарыққа, ылғалға, температураға байланыстылығын, гүлдеу мерзімдерін бақылайды. Мұғалімнің жетекшілігімен қарапайым тәжірибе жүргізеді, нәтижесінде өсімдіктерді ғылыми түрде танып білу, зерттеу шарттары орындалады. Бұл білімдерін күнделікті тұрмыста да қолданады.
Бастауыш сыныпта дүниетану сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін географиялық алаңның да өзіндік ролі жоғары. Географиялық алаңда географиялық ұғымдарды кеңейту, түрлі аспаптарда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында яғни практикалық сабақтар ұйымдастырылады. Географиялық алаң шамамен 10х10 көлемді алатын алаң. Оны биіктігі 1 м-ге баратын қашамен қоршайды, қашаның бір бөлігін түрлі түске (мысалға, ақ пен қара) кезектестіріп бояйды да, өлшеуіш қаша ретінде пайдаланылады. Алаңға арналған орынды мүмкіндігінше ашықтау жерден таңдайды. Оның дәл ортасында тіктегіші бар, биіктігі 1 м вертикаль таяқ (гномон) орнатады. Оның көмегімен күннің түсу уақытын, көкжиек бағытын анықтайды. Талтүстегі сызықтың көрсетуін пайдалана отырып, алаңда көкжиектің негізгі және аралық тұстарын көрсететін жолдар төсеуге болады. Ауа райын бақылау үшін метрологиялық дүңгіршек (будка) орнатып, оның ішіне термометр қояды. Қорыта келгенде Табиғат бұрышында оқушылардың орындайтын жұмыс түрлері әр түрлі және оның маңызы да жоғары.