Сергіту сәтінде қазақ биін билету.
(Т, Д) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен жүзеге асырылады.
А) Зерттеу.
-Әдетте, судың ағынын электр тогына ұқсатады. Бұл құбылыстарға не ортақ?
-Электр тізбегі неден тұрады?
-Сендердің алдарыңда қарапайым электр тізбегі тұр. Ол қандай заттардан тұратынын атаңдар.
-Тұрмыста электр тізбегін қай жерлерден кездестіре аласыңдар?
Ә) Модель жасау.
-Электр тізбегі қалай жұмыс істейді?
Б) Ойлан.
-Егер шыршаға ілетін шамтізбектің бір шамы күйіп кетсе, не болуы мүмкін? Өз жауаптарыңды түсіндіріңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бер.
Тапсырмалар орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Мысалдар келтіреді.
Билеп сергиді.
Бақылайды. Сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді.
Дескриптор:
- Тізбектерді салыстырады-2балл.
- Негеш экспериментінің нәтижесін анықтайды-1балл.
- Ток көздерін атайды—1балл.
Дескриптор:
- Судың ағыны мен электр тогының ұқсастығын анықтайды-2балл.
- Электр тізбегі неден тұратынын анықтайды-1балл.
-Тұрмыста электр тізбегін қай жерлерден кездестіре алатынын айтады-1балл.
-Электр тізбегі қалай жұмыс істейтінін әңгімелейді-1балл.
- Шамтізбектің бір шамы күйіп кетсе, не болуы мүмкін екенін айтады-1балл.
Оқулық
Оқулық
Кері байланыс
5 мин
Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді.
Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу.
Түсінгені туралы ой қорытады. Тапсырманы жазып алады.
ҚБ қойылады.
30. К.Д. Ушинскийдің жаратылыстануды оқыту әдістемесіне қосқан үлесі.
Кіші мектеп жасындағыларға Дүниетану пәнін оқыту әдістемесін дамытуға ерекше үлкен үлес қосқан Ушинский Константин Дмитриевич болды. Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) – бастауыш білім беру саласындағы аса ірі педагог-әдіскер. Ол кіші мектеп жасындағылардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде Дүниетану пәнін және географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады. К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. «Жаратылыс ғылымдары түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады» - деп жазды. К.Д.Ушинскийдің бастауыш сыныптарда Дүниетану пәнінды оқыту жөніндегі көзқарастары «Ана тілі», «Балалар әлемі» деген кітаптарының кіріспесінде ашып көрсетілген. Әдістемелік тұрғыда К.Д.Ушинскийдің кітабы үлкен жетістікке ие және ол ерекше педагогикалық білгірлікпен жазылған деп бағаланаған. Кітап көрнекілік және оқушылардың өздігінен ойлау белсенділігін жүйелі түрде арттыру негізінде құрылған. Кітаптың өн бойындағы материалдар жеңіл, әрі қара пайымнан күрделіге қарай орналастыру принципі сақталынған, әрбір жеке тақырып материалы тұтас кейінгі тақырыптағы материалдармен байланысып отырады. К.Д.Ушинский балалардың дамуы үшін тікелей табиғаттағы бақылаулардың орасан мәні бар, педагогтың сөзінің онымен бәсекелесуі қиын деп көрсетті. Сондай-ақ, ол «табиғат логикасы балалар үшін ең жеңіл және ең пайдалы логика» деп есептеді.
Достарыңызбен бөлісу: |