«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»


Бастауыш мектептегі жаратылыстану және дүниетану пәнін оқытуда жаттығу жұмысын ұйымдастыру



бет35/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

40.Бастауыш мектептегі жаратылыстану және дүниетану пәнін оқытуда жаттығу жұмысын ұйымдастыру.
«Бастауыш мектепте дүниетану және жаратылыстану» пәнін оқытуда жаттығу жұмысын ұйымдастыру барысында біліктілікке жету, білікті кез келген жағдаяттарда қолдана білу дағдыларының дамуы. Жаттығу көптеген жұмыс түрлерін қамтиды және оны ұйымдастыру мен қолдану мүмкіндіктері де сан-алуан. Жаттығу оқушылардың қабылдаған білімін шыңдап, дағдыға айналдырады, осының нәтижесінде оларды жаңа білім мен білік деңгейіне көтереді. Жаттығу кезінде оқушылардың бүкіл мүмкіндігі (көру, есту, шеберлік, ұқыптылық, зейінділік т.б.) жұмысқа қатысады.Жаттығу кезінде оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары екі деңгейде өтеді. Біріншісі, мұғалімнің айтып түсіндірген әдіс- тәсілі бойынша жұмыс орындау; екіншісі, бұрын алған ұғымдары мен дағдыларына сүйеніп, жаттығуды өздігінен орындау. Екінші деңгейде оқушының дағдыға айналған, қалыптасқан білігі жетекші рөл атқарады. Жаттығу жұмысы кезінде оқушының сабақта, бақылау кезінде, тәжірибе мен эксперимент барысында алған ұғымдарының нәтижесі қорытылып, іс жүзіне асады. Бұл пән аралық байланысты, кіріктіре оқыту процесін жүзеге асыруға жағдай туғызады.Әдістемелік құралдарда сабақ барысында ұйымдастырылатын жаттығу жұмыстарының түрі талданбайды. Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарының мазмұны ашылмай қалады. Ал шындығына келсек,табиғаттанұғым беруде оны оқытып үйретуде орындалатын жаттығу жұмыстарының түрі өте көп.Жаттығудың жазбаша түрлеріне: жердің сұлбасын сызу, географиялық карталарды оқу және оны кескін картаға түсіру, шартты белгілерді ажыратып, дәптерге, не бақылау күнделігіне салу, өсімдік пен жануарлар бейнесінің суретін салу т.б. жатса, жаттығудың табиғатта орындалатын түрлеріне: үлескідегі өсімдіктерді күту, табиғат бұрышындағы жұмыстар кіреді. Осы жұмыстардың қай-қайсысы да оқушының қиялы, есі, зейіні және меңгерген білімінің нәтижесінде жүзеге асады.Жаттығу бір рет қана ұйымдастырылатын әрекет емес. Ол үнемі қайталанып, түрі мен мазмұны өзгеріп, көлемі кеңейіп отыратын әрекет. Бір ғана мағлұматты меңгеру барысында бірнеше рет жаттығу жұмысы ұйымдастырылуы мүмкін.Жаттығу жұмыстары жаңа ұғым алу үстінде де, ұғымды бекіту барысында да, үй тапсырмасын тексеру кезінде де жүзеге асады.Жаттығу әдісінің нәтижелі болуы оқушылардың білім қорына байланысты. Жаттығудың бірінші деңгейі іскерлікке үйрену, білікті қолданудың әдісін меңгеру, екінші сол іскерлікті кез келген ситуацияда қолдану деңгейі.
Жаттығу екі жақты процесті қамтиды: алғашында оқушының меңгерген білімін қорытып, тиянақтаса, онан кейінгі білім нәтижесінде білік қалыптасады. Жаттығу ой жұмысы арқылы іске асатын саналы процесс. Сондықтан мұнда біліммен қатар икемділік, шеберлік керек. Білім қолдану шеберлігі, іс орындау икемділігі - жаттығу әдісінің мақсатты шарты.
Жаттығу көбіне сарамандық жұмыс түрінде орындалады. Оқушының бұрын түрлі тәжірибелер кезіндегі байқағандары, алған білімдері, қалыптасқан біліктері жаттығу кезінде шыңдала түседі. Мәселен, оқушылар топырақтың қасиетін анықтау үшін тәжірибе жасаған кезде оның құрамында өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа, құм, саз барын біледі. Енді табиғатта жүргізілетін жаттығу кезінде топырақ қимасын қарап, оның беткі шірінді мол қабатын, құмды, сазды қабатын, беткі қабатын өсімдіктер тамыры шырмап жатқанын анықтайды. Ол қабаттарды өлшеп, суретін салады. Осы тұста олардың бұрын алған білімдерін еске түсіру арқылы ес тұрақтылығы жүзеге асады. Дүниетануды оқытуда мұндай жаттығу жұмыстары жергілікті өзеннің ағысын, жағасын, ондағы өсімдіктер мен жануарларды анықтау кезінде де жүргізіледі. Топсаяхатта да, сыныптағы сабақта да т.с.с. білім берудің барлық түрінде жаттығу әдісін қолдану арқылы білімді біліктендіру процесі жүреді. Бірінші сыныптың өзінде-ақ, бағытты анықтай білу дағдысына жаттығу жұмыстарының нәтижесінде жетуге болады.
Жаттығу әдісін жиі қолдану арқылы оқушылардың жекебас дербестігін, өзіне сенімін арттырып, шығармашылығын дамытуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет