16. Жаратылыстану» пәні бойынша тірі табиғат бұрышы мен үлескідегі ұйымдастырылатын сабақтардың мазмұны.
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру кезіндегі алға қойылатын негізгі міндет табиғатты оқып үйренуге байланысты өткізілетін сабақтарға қажетті қолда ұсталатын жануарлар мен өсімдіктерді таңдап алу болып табылады.Жас натуралистер экскурсиядан жабайы өсімдіктерді алып келіп, кейін оларды өсіреді; одан басқа қажетті бөлме өсімдіктерін таңдап алады; жабайы өсімдіктерді өсетін жерлері бойынша — орман өсімдігі, құрғақ дала өсімдігі т. б. деп тірі бұрышқа топтастырады.Тірі табиғат бұрышы жануарлармен балықтармен, насекомдармен, эюскурсиядан алып келген құстармен, кроликтерімен, тас-бақалармен жүйелі түрде толықтырылып отырады.Күзгі экскурсияларда жас натуралистер өсімдіктерді, құстардың тіршілігін, насекомдардың қыстап шығуын бақылау үшін материалдар, мысалы: көбелектер жұлдыз құрттарын қуыршақтарын, жұмыртқаларын жинайды. Бұлардан басқа жануарларды қолда ұстау және қыс кезіндегі жұмыстарды дайындауға қажетті материалдар қорын жасау үшін: мүктер, емен жаңғақтарын, қарағай мен шырша бүрлерін, құм, тас; құстарды азықтандыруға арналған қор — әр түрлі өсімдіктердің тұқымдарын, ырғайдың, шетеннің жемістерін жинастырады.
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін толықтырады, тереңдете, сондай-ақ практикалық машық пен дағ-ды қалыптастырады. Ол жоғары сыныпта оқығанда қажеттілігіне жарай-ды, ары қарай дамиды.
Сынып кабинетінде бөлме өсімдіктерінің түрлерін көбейту, аквариум, шағын террариум, құстар мен сүтқоректілердің ыңғайлы түрлерін ұстауға болады.
Аквариумде тұрғылықты және аквариум балықтарының өкілдерін, су өсімдіктерінің түрлерін, моллюскалар ұстауға мүмкіндік бар. Шыны арқылы су ішіндегі тіршілік әлемімен танысу барысында кез келген орта-да табиғат элементтері бір-бірімен тығыз байланысты екенін біледі. Балықтардың, былқылдақ денелілердің қозғалысымен танысады. Оқушылар аквариумды күткенде суды уақтылы ауыстырып, ол үшін су құбырының тұнған суын немесе жаңбыр суын пайдалануы; өсімдіктер-ді жиі-жиі сиретіп балыққа орынды көбірек қалдыруы; аквариумнен жем-нің қалдығын және балықтардың зәрін тазартып отыруы; балықтарға белгілі уақытта дәл белгіленген мөлшерде жем беруі; судың температу-расының күрт өзгеруіне жол бермей, оны қадағалап отыруы; өсімдік-тердің күйін және балықтардың мінез-құлқын бақылап отыру керек .
Үлескідегі сабақтың ерекшелігі-тірі табиғаттың дамуы туралы ғылыми қалыптасуына көмектеседі. Өсімдіктердің өніп-өсуін, дамуын күнбе-күн бақылап, көріп, тұжырымдау арқылы оқушының ой-өрісі де дамиды. Өсімдіктердің дамуын кадағалай отырып білім жүйелілігі де іске асады. Алғашқы сабақ тұқым отырғызуға арналса, келесі сабақтарда ол ұғым терең дей түсіп, тұқымның қалай өңгенін, оның күтудің жолын, ең алдымен өсімдіктің қандай бөліктерінің пайда болғанын, оның дамуындағы ерекшеліктерін меңгеру арқылы олардың ұғымы жеңілден ауырға қарай күрделенеді. Үлескідегі сабақ белгілі мазмұнға арналған білім берумен оқушыны адамгершілікке еңбекке баулу, үнемшілдікке үйрету, экологиялық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асырады.Оқушылардың үлескідегі өздігінен атқаратын жұмыстары барысында ізденушілігі артып, шығармашылық дағдылары қалыптасады, өздері қолымен істеген істерінің нәтижесін көреді. Үлескідегі сабақ тың тағы бір тиімділігі-атқарылатын жұмыс үзілмей жалғаса отырып, оқушылардың білім алудағ ы іс- рекеттерінің ұйытқысы болады. Үлескідегі сабақтан алған білім сыныптағы сабақпен жалғасып, байланысып кірігеді. Отырғызған тұқымдардың суретін салу, үлескінің сұлбасын сызу, тәжірибелер жасау сыныптағы сабақта жүзеге асады.Үлескідегі сабақ - белгілі мақсатқа арналып, оқушылардың өздігінен атқаратын практикалық жұмыстары негізінде ұйымдасқан түрде білім берудің бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |