13. Дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қолданылатын техникалық көрнекіліктердің түрлері мен ерекшелігі.
Оқу мақсатында қолданылатын оқыту әдістерінің түрлері өте көп. Әрбір өтілетін тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді.Әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс. Сол үшін оқытуда көрнекілік әдісін қолдану өте тиімді.
Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, байқау, қабылдауға баулиды. Осы жөнінде К.Д.Ушинский оқушылардың бойында байқағыштық, танымдық қасиеттерді дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізде көрнекі құралды неғұрлым көбірек пайдалануға кеңес береді. Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. К-ті чех педагогі Я.А. Коменский ,педагогтер швейцар И.Г. Песталоцци , неміс А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д. Ушинский -оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп дидактика мен әдістеме жүйесіне қалыптастырды. Көрнекілік үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөлді“Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін” мақсат етіп қойды. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен оқығандарын, көрнекі түрде көруге мүмкіншілік береді. Оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне, жаңа білімді игеруде көрнекілік әдісін пайдаланып, білім, білік және дағдыдарын дамытады..Көрнекіліктерді пайдалана отырып пәндерді бір-бірімен байланыстыра оқытып, дүниетанымдарын кеңейтеді..Жеке қабілеттерін көре біліп, оны ары қарай ұштайды.Көрнекі құралдарды қолдану барысында оқушылардың өзбетімен ізденуге, талпынауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Жоғарғы адамгершілік қасиеттер мен адами құндылықтарға тәрбиелейді. Сабақта көрнекілік әдісін қолдану барысында оқыту, білім беру жүйесі жандана түседі. Көрнекі құралдарды қолдану барысында оқушылар жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуге үйренеді.Сабақ тартымды да, қызықты өтеді, соған қарай оқушының сабаққа деген қызығушылығы арта түседі.Айналадағы қоршаған ортамен қарым – қатынас жасау барысында мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиеленеді.Ой - өрістері кеңейіп, өздіктерінен ой қорытуға, әрекет етуге жаңаша талпыныс пайда болады.Зейін қойып ойлау мен тапқырлықтары дамиды .Егер көрнекі құралдар қажет емес тұста пайдаланылатын болса, онда балалардың зейіні қойылған міндеттен басқаға ауып, оның зиянын тигізеді. Практикада осындай фактілер кездеседі..Мұғалім сабақты, әңгімелеп, түсіндіріп, көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсеткен де, оқушылар сол кезде тыңдап, қызығып, бақылаған кезде дүниетанымдық әрекеттерңі арттады.Көрнекіліктер, яғни әдемі суреттер, макеттер мен аппликациялар, тақырыптық альбомдар, стендтер, магнит тақталары, фланелографтар. Техникалық құралдардың ішінен үнтаспа, компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық сыныптары, телевизор, бейнефильм т.б. оқытуда мұғалімге баға жетпес көмек көрсетеді. Көрнекілік құралдары оқушыларда алғашқы қорытуын қалыптастырады, ой дамуына мүмкіндік туғызады, мықты білімді қамтамасыз етеді. Дүниетану-жаратылыстануды оқыту барысында көрнекілік әдістерін сабақ барысында дұрыс пайдалану – оқушының оқу материалын жақсы меңгеруіне, осы сала бойынша өз танымын одан әрі кеңейте түсуіне және талаптануына қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |