«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»


Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру жолдары



бет12/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

11 .Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру жолдары.
Оқушының сөйлеу дағдысы бір күнде қалыптаспайды. Бұл педагогтің еңбегі мен оқушыға байланысты . Педагог оқу үрдісінде қай пән болмасын тұрақты түрде мәтінмен жұмыс жасайды. Мәтіннің тақырыбы мәтінде айтылатын негізгі нәрсені қамтиды. Мәтінмен жұмыс жасаудағы негізгі мақсаттардың бірі – оқушыны сөйлеуге, яғни оның айтар ойын нақты жеткізе білуге үйрету. Оқушының өз ойын нақты, толық жеткізу үшін сөйлеу дағдысын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Ал оны дұрыс қалыптастыратын педагог. Мәтінмен жұмыс бірнеше жұмысты қатар атқаруды талап етеді. Алдымен не үшін оқу қажеттігін анықтау қажет. Өйткені мәтінді оқу әр түрлі мақсатта жүргізіледі, нәтижесі де әр алуан. Соған сай мәтін мағынасын ұғындыруға байланысты жұмыстар ұйымдастырылады. Ұйымдастырылатын жұмыстардың барлығы дерлік сөйлеу әрекеттерімен байланысты. Оқушының мәтін мағынасын түсінуі түрлі деңгейде болады. Бірі - айтып бере алатын болса, екіншісі – жалпы түсініп, негізгісін айтып бере алады. Үшіншісі егжей –тегжейлі толық түсініп, терең ұғынғанын көрсете алады. Бұлардың барлығы да сөйлеу әрекеті арқылы өтеді. Оқушы сол арқылы өмірге қажетті дағдыны үйренеді. Мәтінді терең түсінген білім алушы оған логикалық талдау жасай алады. Оның барлығы сөйлеу түрлерімен жеткізіледі.
Пәндерден тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) тыңдайды, мазмұндайды , мәтінді қайталап тыңдайды, тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қояды,тыңдалған мәтін бойынша жоспар құру,тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып бере алады.
Мәтінмен жұмыс барысында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы көптеген жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, мәтіналды жүргізілетін жұмыста тақырыбы бойынша мазмұнын анықтау, уәжделген сұрақтар, миға шабуыл болса, мәтінді оқу кезінде белгілей отырып оқу,, мәтінді оқыған соң атқарылатын жұмыстар барысында негізгі идеяны, , оқиға мен құбылыстардың себеп-салдарлық өзара байланысын анықтау, Осылардың барлығы да сөйлеу әрекетімен тығыз байланысты.
Ауызша сөйлеуге дағдыландыру – білім алушының танымдық ойлау қабілетін кеңейтіп жетілдіреді.
Мәтінмен жұмыс жасауда ауызша сөйлеудің маңызы зор.Оқушыны сөйлеуге үйрету үшін оқыту әдісі ситуативті әдіс болуы керек себебі: ситуативтілік сөйлеу әрекетінің табиғи қасиеті болып табылады.
Оқушылыарды сөйлеуге үйрету үшін мәтінмен жұмыста қажетті жағдаяттарды төмендегідей жағдайлармен беруге болады:
а) «көз алдыңа елестетіп көр», «осы жайлы қиялдап, ойыңдағыны айтып бер» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру;
ә) белгілі бір жағдаятты бейнелейтін сурет немесе жағдаятты әрі қарай дамытатын, күшейтетін суреттер топтамасына қарап, соның көмегімен сөйлеу;
б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.
Қорыта айтқанда, мәтінмен жұмыс жасауда оқушымен сөйлеу дағдысын толық қалыптастыруға болады. Педагог оқу үрдісінде оқушының тілек-ынтасын ескере отырып бағыттай білуі қажет. Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, орынды ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет