«Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәндерін оқытудағы дидактикалық принциптер мен оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік.
"Қоршаған әлем" пәнін оқыту әдістемесі дидактика принциптеріне негізделген - білім беру мен тәрбиенің жалпы заңдылықтарын ашатын ғылым. Дидактикалық принциптерді жүзеге асыру- сапалы білім берудің кепілі.
Қай пәнді оқытқанда да ең алдымен педагогикалық негізде оқытудың принциптерін жүзеге асыру көзделеді. Оқыту принципі дегеніміз бұл дидактикалық принциптер яғни білім беруге педагогикалық тұрғыдан қойылатын талаптар. Дидактикалық принциптер (ғылымилық, жүйелілік, теорияның практикамен байланысы, саналы меңгеру, нақты мен абстракті ойдың бірлігі, түсініктіәлік, білімнің беріктігі, жеке және ұжымдық әрекеттердің бірлігі т.тб) бірлікте, бірін бірі толықтырып отырады.
Оқытудағы дидактикалық принциптердің негізгі түрлері.
Оқытудың ғылымилық принципі. Биологияның ғылымда қабылданған деректер, ұғымдар, заңдар мен теорияларға сүйеніп оқытылуы. Оқытудың ғылымилық принципінің тек оқулық мазмұнында ғана емес, ОӘК-лерде, білімді тексеру мен бақылауға арналған өзге де құралдарда сақталу керектігі. Пәнді оқыту әдістемесінің ғылымның дамуына қарай өзгеруі. Кешенді биология ғылымын мектепте оқыту тәртібі, биология ғылымының кейбір бағыттарының таңдамалы (элективті) курстарға шығарылып оқыту қажеттілігі. Мектеп биологиясын оқытуда биология ғылымының негіздерін, мазмұнын іріктеу, бейімдеп пайдалану. Осы кезде дидактикалық және әдістемелік принциптер бірлігін сақтаудың маңызы. Жалпы оқу-тәрбие беру процесінің ғылымилық принципке сәйкес құрылуы.
Оқытудың тәрбиелік және дамытушылық принципі. Тәрбиелеу мен дамытудың (мақсат, қызмет ретінде) педагогикалық процестегі бірлігі. К.Д. Ушинскийдің «Мектептің үш элементі» («Три элемента школы») атты еңбегі, оның маңызы. Оқытудың ғылым негіздерін берік әрі саналы игерудегі бағытаушы рөлі, осы қызметтің нәтижелілігіне оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, дамытудың әсері. Тәрбиелеудің үнемі мақсатты жүзеге асырылуының маңызы. Оқыту барысында тәрбиелеу мен дамыту жолдарының дұрыс анықталуы, жүзеге асырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |