«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»


Бастауыш жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалым-әдіскерлердің еңбектері (Т.Мұсақұлов, Б.Мұқанов, Қ.А.Аймағанбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағанбетов т.б.)



бет5/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

Бастауыш жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалым-әдіскерлердің еңбектері (Т.Мұсақұлов, Б.Мұқанов, Қ.А.Аймағанбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағанбетов т.б.).

Қазақстан Республикасының ғалым-әдіскерлері жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесіне өздерінің елеулі үлестерін қосты.Соның бірі педагогика ғылымдарының кандидаты, ботаник, 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы Тәліп Мұсақұлұлы Мұсақұлов (1909-1987) болды.Ол “Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігін” (1962), “Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясын” және жоғары оқу орындарына арналған “Ботаника” оқулығын жазды.Қазіргі кездегі көрнекті әдіскерлер, бастауыш мектептегі “Дүниетану” оқулықтарының авторлары Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж,. Олейник З. т.б. әдіскерлер жаратылыстану пәндері әдістемесінің дамуына үлес қосты. Осы орайда Қыздар педагогикалық институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Қ.А..Аймағамбетованы ерекше атап өтуге болады
Қазна Аймағамбетова (1937) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қ.Аймағамбетқызының ғылыми зерттеу бағыты: бастауыш буында білім берудің әдістемесін және оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын жетілдіру мәселелері; жоғары білім берудің әдістемесін жасау; студенттерге арналған оқулықтар мен көмекші құралдарын жазып, жас өспірімдерді білім беруге керекті оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету болды.
Қ.Аймағамбетова 1968 жылы Республикада ең алғаш жазылған 2-сыныпқа арналған «Табиғаттану» оқулығының авторы.
2003-2004 оқу жылында Қ.Аймағамбетованың басшылығымен 12 жылдық білімнің бастауыш буындарына арналған білім стандарты бағдарламасы және 1-4 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жарық көріп, мектептерде эксперименттік байқаудан өтуде.
2004 жылы «Бастауышта дүниетануды оқытудың теориялық негізі» атты монография жазған.
2005 жылы «Бастауышта дүниетануды оқытудың негіздері» атты оқу құралы жарық көрді.

2006 жылы «Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» атты оқулық пен «Дүниетану негіздері және дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» деген оқу құралы баспадан шыққан.



Қ.Аймағамбетқызының мектептегі білім беру мен сол мектепке маман дайындауды байланыстыра отырып, бастауыш сынып пен мектепке дейінгі тәрбие мәселелерін сабақтастыра зерттеуі жоғарыдағы еңбектерінен байқауға болады.
Тәліп Мұсақұлов(12.07.1909 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыбастау ауылы – 02.10.1987 жылы Алматы) — қазақ совет ғалымы, биология ғылымдарының кандидаты (1958). 1942-46 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Қазақ тіліндегі «Ботаника» оқулығын алғаш жазған. 70-тен астам ғылыми еңбегі жарияланған. Оның ғылыми еңбектері биологиялық атауларды бір жүйеге келтіріп, оларды қазақ тілінде пайдаланудың әдістерін жетілдіруге арналған. 

  • Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі (1960)

  • Биология терминдерінің қазақша-орысша сөздігі (1962)

  • Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы (1963)

  • Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары, Алматы, 1963-66 (телавтор)






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет