Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті
СӨЖ
Интербелсенді оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар туралы кесте сызба. Теориялық білімді бекіту.
Орындаған: Жұмат Әсел
Тобы: 1601-11к
Қабылдаған: Айтай Б.
Шымкент 2022 жыл
Интербелсенді оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар туралы кесте сызба.
Инновациялық әдістердің негізгісінің бірі-«интербелсенді оқыту әдісі». Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. [1]
Интербелсенді әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену процесінің өзіне, білім алушылардың “қалай” және “қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне” аударады. Яғни, интербелсенді сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Осы жерде білім алушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интербелсенді оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.
Интербелсенді оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде білім алушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады.
Интербелсенді әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: "Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін" делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ білім алушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім алушылардың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.
Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде оқу үрдісінің барысында оқушылар мыналармен қарым – қатынасқа түседі:
1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)
4. Шағын топтармен (3-4 оқушымен);
5. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
6. Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен, интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).
Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интербелсенді әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен сәйкестігінде сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің тұрақты өзара іс әрекетінде. Интербелсенді әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс – әрекетінде.
Интербелсенді әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.
Интербелсенді әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды яғни ақпараттық қорларды пайдалану: интербелсенді тақта, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, компьютерлер бейне фильмдер мен бейне сюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды пайдалана отырып, таныстырулар жатады.
Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:
* оқушылардың қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* өмірлік машықтарды қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті. [1]
Ең алдымен педагоикалық технолгия дегенге тоқталайық!
Педагогикалық технология – тәлімдік үдеріс пен оған қатысушылар әрекетінің құрауыш, кезең күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік қозғалысын білдіреді.
|
Технология – techno - өнер, шеберлік және logos - ғылым, «заң», яғни технология дегеніміз – шеберлік туралы ғылым деп берілген. Білім беру саласында «технология» ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындаған анық. Педагогикалық технологияның кәдімгі әдістемеден басты айырмашылығы – оқу үрдісінің нәтижелі болуына кепілдік беруі. [2. 66 б]
Жалпы оқытуда педагогикалық технологиялар ұғымы 1970 жылдан бастап ене бастады. Кеңес Одағында педагогикалық технологиялар тақырыбына арналған алғашқы зерттеу жұмысы ретінде академик В.П.Беспальконың «Слагаемые педагогической технологий» атты еңбегін атауға болады.
И.В.Кларин «Педагогикалық технология – белгілі мақсатқа қол жеткізу жолында қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» - деп жазды.
1990 жылдардың орта шенінен бастап бұл ұғым педагогика курсының оқулықтарына да ене бастады. . [2. 67 б]
Педагогикалық технологиялар ұғымының өзегі болып берілген білімді толық игеруге, жалпы білім сапасын көтеруге кепілдік беретін, ғылыми негізделген әдістер мен құралдардың жүйесін айтамыз.
Оқыту технолгиясы – оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолында алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүесйі болып табылады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрлымына мыналар кіреді: [2. 67 б]
Педагогикалық технология құрылымы
|
а) тұжырымдық негізі
|
ә) оқытудың мазмұндық бөлімі:
-оқытудың нақты және жалпы мақсаты;
-Оқу материалдарының мазмұны
|
б) үдерістік бөлім технологиясы:
-оқу үдесінін ұйымдастыру
-оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары
-мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
-оқу үдересінің диагностикасы.
|
Қазіргі кезде қолданып жүрген оқытудың жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар:
|
-ынтымақтастық технологиясы;
-білім беруді ізгілендіру технологиясы;
-проблемалы оқыту технологиясы;
-тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;
-түсіндіре басқарып оза немесе қарқынды оқыту технологиясы;
-деңгеймен саралап оқыту оқыту технологиясы;
-міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы.
|
Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты – балаға ізгілік тұрғысынан қарау. Оқыту мен тәрбиенің ажырамас бөлігі.
Ерекшелігі: мұғалім-оқушы,
оқушы-мұғалім,
оқушы-оқушы.
Оқушы да субьект, мұғалім де субьект. [2. 68 б]
Пайдаланылған әдебиет
https://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/interbelsend-ads-taslderd-koldanu-arkyilyi-blm-beru-urdsnn-81481/
Қ.М.Төлеубаева. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік құрал. –Қарағанды. -2014. -214 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |