Оқыту әдістерін сабақта қолдану.
Оқыту әдістері мұғалімнің сабақта білім берудің тәсілдері оқыту әдістерін қолдану мұғалімнің методикалық шеберлігіне байланысты.Дүниетану пәнінде мұғалім оқытудың создік әдісін жиі пайдаланады.
Оқыту әдісі дегеніміз-мұғалімнің білім мен тәрбйе беру тәсілдері және оқыушылардың білімді қабылдау барысындадағыіс-әрекеті деп аталады.Дүниетануды оқыту барысында алуан түрлі әдістер қалыптасуы белгілі және олардың ерекшеліктеріне қарай былай топтастыруға болады:
1. Оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс әрекетінің сипаты.
2. Мұғалім білім берудегі іс-әрекеттің сипаты.
3.Білім алу көзі.
Оқыту әдісі сабақта күнделікті қолданылады.сөздік әдістің сабақтың мазмұнына қарай қолданылады. Сөздік әдісті мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігіне қарай іске асырылады.Жалпы әдіс дегеніміз-мақсатқа жетудің тәсілі.Екі жақты бір-біріне тығыз байланысты бір мақсатқа жету үшін жасалынатын әрекеттер жиынтығы.3-4 сыныптарда сөздік әдістерді практикалық және көрнекілік әдістерімен бірге пайдаланылады. Сөздік әдіске жататындар : әңгіме, әңгімелесу, сипаттау,баяндау.
Сөздік әдістің ішінде сұрақ- жауап, әңгімелеу және сұхбат турлері жиі қолданылады .Мұғалім оқушылардың бұрын қалыптастырған біліміне сүйене отырып жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды. Сөздік әдістермен қатар көрнекілік әдстері де сабақта пайдаланылады.Мысалы: Дүниетану сабағында міндетті түрде көрнекілік және сөздік әдістер қолданылады.Мұғалім әрбір сабақ жүргізгенде әдетте сөздік әдісін қолданады.Өйткені бастауыш сынып оқушыларына сөздік әдіс өте пайдалы.Мұғалім әр сабақ өткенде әдістердің барлығын тиімді етіп қолданса оқушылар сабақ барысын жақсы меңгереді.
2.Көрнекілік әдісі қолданысына қарай екі топқа бөледі .
Табиғи түріндегі көрнекіліктер
Бейнелеу құралдары
Табиғи түріне жататындар : табиғаттан алатын көрнекіліктер, гербарилер ,тірі күйінде әкелінетін жануарлар, құстар және табиғаттан алынатын вегетативті мүшелер .
Бейнелеу құралдарына: таблицалар, сызба нұсқалар, муляждар немесе макеттер .Көрнекіліктерді пайдалану кезінде мұғалім сабақ тақырыбына лайықты көрнекіліктерді пайдалану.
Көрнекіліктеерді оқушылармен бірге қолдан жасап дайындауға болады.Сонда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.Дүниетану сабағында және практикалық әдістеріде жиі қолданады.Өйткені әрбір сабақ осы үш әдістерді пайдалану арқылы өткізіледі.Практикалық әдістер қолданысына қарай
1.Жаппай
2.Жеке болып енкіге болнеді.
Практикалық жұмыстың түрлеріне мыналар жатады.
Табйғи обьектіні танып білу және анықтау .
Құбылыстарды бақылап есепке алу.
Эксперимент жасау.
Бақылау дегеніміз-белгілі мақсатқа бағытталған табиғи жағдаиларды сезім арқылы қабылдап ой-өрісін дамыту.Дүниетану пәнінде бұл үш әдісті тиімді.Дүниетану багыттагы,қоршаған әлемдегі сұлулықты танып білу.Осы сұлулықты балаларға жеткізу үшінмұғалім әдістерді шеберлікпен пайдаланып қолдану қажет .Оқу әдістері әр сабақта тиімді, пайдалы.Бұл әдістерді мұғалім тиімді қолданады.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Глоссарий
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 27. ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы: Көрнекі құралдар түрлеріне шолу
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Көрнекілік құралдарын дайындау және пайдалану.
2.Табиғи көрнекі құралдармен жұмыс.
3.Қолдан жасалатын көрнекі құралдар.
3. ОБСӨЖ мақсаты: “Дүниетану” пәнінде қолданылатын көрнекі құралдармен танысу, оларды қолдану әдістемесін меңгеру
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Оқытудың көрнекі құралдарына таблицалар мен картиналар табиғи объектілер, үлестірме материал, кинофильмдер, кинофрагменттер, диафильмдер, драпозитивтер, кодотранспоранттар жатады. Олар оқушылардың білім алуының маңызды көзі болып табылады. Көрнекі құралдарды қолдану сабақтың тиімділігін арттырады, кіші мектеп жасындағылардың өзінше дайындығын ұйымдастыруға жағдай жасайды, таным қабылетін дамытады.
Дүниетануды оқыту процесінде табиғи көрнекі құралдардың үлкен маңызы бар. Оларға мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер үлгілерінің гербарийлері, топырақ үлгілері, үлестірме материалымен қоса пайдалы қазбалар коллекциялары, жануарлар тұлыптары, пайдалы және зиянды насекомдар коллекциялары, сонымен бірге тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстарға арналған ыдыс пен құралдар, экскурсиялық жабдықтар жатады.
Мұғалімдер бастауыш кластағы дүниетану сабақтарында табиғи көрнекі құралдарды (топырақ үлгілері, үлестірме материалдармен бірге пайдалы қазбалар коллекциясы, мәдени және жабайы өсімдіктер гербарийлері, экскурсиядан әкелінген өсіп тұрған өсімдіктер, пайдалы және зиянды насекомдар коллекциясы, жануарлар тұлыбы және т. б.) кеңінен қолданады. Табиғи нәрселерді табиғи күйінде көрсететін осы құралдар дүниетану сабақтарына қажетті де маңызды болып саналады, мектеп оқушылары олармен жұмыс істеуге ынтық болады және олар білім алуға жәрдемдеседі.
Көптеген көрнекі оқу құралдары мен жабдықтарды тікелей оқушылардың өздері жасауына болады. Табиғат сан алуан (ең алдымен табиғи) кернекі құралдардың дарқан дайындаушысы болып табылады. Тек қажетті материалды дер кезінде жинап, дұрыс жабдықтай білу керек. Табиғат объектілерін оқу экскурсиялары мен кластан тыс экскурсиялар, жорықтар, серуендер кезінде жинауға болады. Көптеген мектептер басқа табиғат зоналарында орналасқан мектептермен өлкетану материалдарын алмасу ісімен табысты түрде айналысып келеді. Бұл жұмысты мектепті дүниетану бойынша өлкетану материалдарымен толықтырудын, перспективалық жоспары негізінде тұрақты жүргізіп отыру қажет.
III кластағы дүниетану сабақтарына үлестіретін картинкалар дайындауға болады. «Отанымыз табиғатының алуан түрлілігі» деген тақырып бойынша оқушылар мұғалімнің басшылығымен өнер-кәсіпте және ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін, транспорттын, түрлерін, қаланың керіністерін т. б. бейнелейтін фотографиялар, открыткалар, суреттер жинайды. Суреттер көлемі біркелкі карточкаларға жапсырылады. Суреттердің астына оқушылар сабақта өздігінен орындауға тиісті сұрақ-тапсырмалар беріледі. Сұрақ-тапсырмалар қысқа, анық, айқын және үшінші класс оқушылары үшін түсінікті болып құрылуы керек. Тапсырмалар оқушылардың ойлау әрекетін жандандырып, соған ұмтылдыратындай, оларды алдарына қойған міндетті өз беттерінше шешуге дәлелді жауаптар беруге үйрететіндей болуы керек.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Реферат
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 28. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Дүниетану сабақтарында педагогикалық технологияларды пайдалану ерекшеліктері
2. ОБСӨЖ жоспары:
1.Қазіргі таңда педагогикалық технологияларды қолданудың тиімділігі.
2. “Дүниетану” сабақтарында педагогикалық технологиялар.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Қазіргі таңда педагогикалық технологиялармен танысу және оларды қолдану әдістемесін меңгеру
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Жаңа технология – ол әртүрлі деңгейлікте оқытуға мүмкіндік берудің алды, ол екі түрлі ұғым. Саралап оқытудың технология алдымен іске асырады. Кейбір ғалымдар технология деген түсінікті белгілі бір өмірге қажеттіліктен туған тұжырым шарты деп қабылдайды. Қандай теория болса, сондай технология құрылады деген ұстанымда.
Еліміз егемендік алып қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығатын талпынысқа жол ашты.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Педагогикалық технология бастауыш сатыда оқушының эмпирикалық, ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып логикалық ойлауын дамыту көзделеді.
Ұғымдар жүйесінде ойлаудың барлық түрлері қамтылатындықтан, білім мазмұнындағы эмпирикалық және ғылыми ұғмдардың арақатынасын дұрыс анықтап жүйелеу оқушы ойлауының осы заңдылықтарын ескеру арқылы ғана жүгезе асатынын атап көрсеткен жөн.
Білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауда дамыта отырып оқытудың осы айтылған үш ұстанымынан басқа мазмұнның интегративті сипатын қамтамасыз ету, оқушы адамгершілігін, эстетикалық талғамын, экологиялық сауатты өмір сүру мәдениетін халықтың озық салт-дәстүр, рухани мәдени мұрасы негізінде тәрбиелеу сияқты ұстанымдар басшылыққа алынады.
Бастауыш сатыдағы оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының мынадай құрамы анықталған:
дүние туралы
оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері
дүниені таным білудің әдіс-тәсілдері
Жаңа технологияны меңгеру - шәкірт біліктілігін көтерудің басты нысанасы болып отырған әртүрлі деңгейлікте дамыта отырып оқыту идеясын іске асыруда оқушылардың жас, даму психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуда төмендегідей қарапайым кестені алуға болады:
Бағдарлама
|
|
Бағыттау
|
|
Тыңдау
|
|
Қабылдау
|
|
Талдау
|
Салыстыру
|
|
Әрекет
|
|
Шығармашылық
|
Жаңа буын оқулығымен жұмыс істеу барысында жоғарыдағы кестенің өте тиімділігі, яғни нәтижелі еңбекті көруге болады.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Тестілік сауалнама
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 29. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Кіріспе сабаққа күнделікті сабақ жоспары
2. ОБСӨЖ жоспары:. 1.Кіріспе сабақ туралы түсінік.
2. “Адам – қоғам перзенті” атты кіріспе сабақтың жоспары.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Кіріспе сабақ жайлы түсінік алу және кіріспе сабаққа байланысты сабақтың өту әдістемесімен танысу
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Кіріспе сабақ
1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2.Жаңа оқу материалын ендіру.
3.Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
4.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Кіріспе сабағының ерекшілігі, оқу бадарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу - тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.
“Адам – қоғам перзенті” атты кіріспе сабақтың жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Адам – қоғам перзенті
Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның шығу тегі жайлы және алғашқы қоғамдық ортаның пайда болуы жайында ғылыми мәлімет беру, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру, өз бетімен жұмыс жасауға баулу
Сабақтың түрі: кіріспе сабақ
Сабқтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың жоспары:
1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2.Жаңа оқу материалын ендіру.
3.Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
4.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Жаңа сабақ.
Ғылым әлі дамымаған кезеңдерде адамның қалай пайда болғаны туралы көптеген аңыздар бар. Мысалы, ертедегі египеттіктерде Құдай тағала алғашқы адамды балшықтан мүсіндеп, пеште қыздырып, одан кейін оған жан салып жаратқан деген аңыз тараған. Мұндай аңыздар ежелгі гректер мен басқа елдерде де болған.
Адамның жаралуы жайындағы аңыз әңгімелер қасиетті діни кітаптардан да тиісінше орын алды. Ол кітаптарда Алла тағала өз құдіретімен әуелі жер-дүние, жан-жануарларды, одан кейін барып, топырақтан ең алғашқы адамды, яғни Адам Атаны жаратқаны айтылады.
Адам жеке өмір сүрмеген. Ол белгілі бір топ құрып, тіршілік еткен. Сөйтіп, қоғам пайда болған. Қоғам болып өмір сүрген адамдар өздеріне қажетті жағдайларды біріге жасап отырған.
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында мынадай сұрақтарды беруге болады:
1.Адамның пайда болғаны жөніндегі қандай аңыз әңгімелерді білесің?
2.Адамды адам еткен еңбек дегенді қалай түсінесің?
3.Адамның жаралуын ғылым қалай дәлелдейді?
4. Қоғам дегеніміз не?
5.Қоғамды кімдер құрайды?
Мұғалім жаңа сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалап, үйге тапсырма береді.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Коллоквиум
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 30. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Қорытынды сабақтың жоспары
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Қорытынды сабақ жайлы түсінік.
2. “Табиғатты қорғау” тақырыбында қорытынды сабақ жоспары.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Қорытынды сабақ жайлы түсінік алу және осы сабаққа байланысты сабақтың өту әдістемесімен танысу
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Қорыту сабақтары әдетте жекелеген тақырыптар материалына немесе тұтас оқу пәніне құрылады. Мұндай сабақтардың білімді жүйелеуде және нығайтуда үлкен маңызы бар.
Қорыту сабақтарында өткендерді жай рана емес, балалардың тақырыпты оқып үйренгенде алған білімдеріне сүйене отырып, баланың ұғымдарын кеңейту, тірі және өлі табиғат құбылыстарының қарапайым өзара айланысы мен өзара тәуелділігін орнату.
Сабақтың корытындысында мұғалім жылдың әр турлі мезги дерінің белгілері туралы өлеңдерден үзінділер оқиды. Ол бұл таі пақтардың қайсысы жыл мезгілінің қай кезіне жататынын аныі тауды, себебін түсіндіруді ұсынады.
Үйге тапсырма. «Табиғаттағы маусымдық өзгерістер» , қаласын оқып , шығу және берілген мақала сұрақтарына жауаі бере білу.
Сабақтың тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау
Мақсаттары. Ормандағы ауа-райы және ондағы барлық тіршілік атаулының қорғалуы жайында түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: табиғатты және ондағы тіршілікті аялау.
Көрнекіліктер: плакат, суреттер.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, тест.
І Өткенді қайталау. Топпен жұмыс.
І топ. Шалғын өсімдіктері мен жануарлары. Шалғынды қорғау.
ІІ топ. Дала өсімдіктері мен жануарлары.Шөл өсімдіктері мен жануарлары.
ІІІ топ. Орман –тоғай жануарлары .
Тест
Шалғынды қандай мақсат үшін пайдаланады?
а) пішен дайындайды; ә) Мал жаяды; б) өсімдік тұқымын сақтауға.
2.Шалғынға қайсысы пайдалы?
а) шегіртке; ә) көбелек; б) ара
3.Шалғын өсімдіктерінің реңі қандай?
а) сарғыш; ә) жасыл; б) аралас
4.Шалғында жүретін жануарлар
а) ақбөкен; ә) қоян; б) саршұнақ
5.Шалғын қандай жерлерде өседі?
а) тау етегінде; ә) өзен аңғарында; б) жазық жерде
ІІ Мағынаны таныту. Топтастыру стратегиясы
Денсаулық Орман ағаш қорғаныш
(ыстық-суықтан)
түрлі ағаш бұйымдарын
тынығу орны байлық жасайды
кесуден Қорғау Аңды, құсты (Қызыл кітапқа
енгендерді)
өрттен қорықтарды қорғау
Орманның пайдасы, оны қорғау.
Оқулықпен жұмыс.
ІІІ Тоғаныс. РАФТ стратегиясын пайдалану. Рөлде – орманшы.
А. – аудиторияға (сынып); Ф. – форма (өтініш, хат); Т. – тақырып “Орманды қорғау”.
IV Бағалау
V. Үй тапсырмасы. Орманда өсетін 2-3 ағаш түрін, бұтаның 2-3 түрлерін жазып келу.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Глоссарий
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 31. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Сарамандық сабақтың жоспары
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Сарамандық сабақ туралы түсінік.
2.“Денелер” атты сарамандық сабақтың жоспары.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Сарамандық сабақ жайлы түсінік алу және осы сабаққа байланысты сабақтың өту әдістемесімен танысу
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Бастауыш метепте “Дүниетану” сабақтарында сарамандық сабақтар көп болады. Онда оқушылар алған теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана алады. Мұғалім оқушыларға сарамандық жұмыстардың тақырыптарын беріп, оны қалай жүргізу керектігін түсіндіреді. Оқушылар өз бетімен сарамандық жұмыстарды орындайды.
“Денелер” атты сарамандық сабақтың жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Денелер
Сабақтың мақсаты: оқушыларға денелер мен заттар жайлы мәлімет беру, олардың бойында ізденушілік , іскерлік қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: сарамандық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тәжірибелік
Көрнекілігі: плакаттар, керекті жабдықтар.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Бекіту
5.Қорытынды
6.Бағалау
7.Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
Алдымен мұғалім оқушылармен амандасып, оларды түгелдеп, сынып тазалығын тексереді.Үйге берілген тапсырманы сұрайды және жаңа сабақты түсіндіреді:
Адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрі дене деп аталады.
Табиғи және адам қолдан жасап шығаратын жасанды денелер болыд.
Күн, Ай, жұлдыз, бұлт. Тас, аң, құс – табиғи денелер. Адам да – табиғаттың бір бөлігі.
Үй, машина, үстел, орындық, кітап, дәптер, қарындаш, доп, т.б. – жасанды денелер
Адам қолдан жасайтын денелердің бәрі де тек қана өлі денелерге жатады.
Табиғи дене де, жасанды дене де заттан тұрады. Мысалы, жаңбыр тамшысы – судан, доп резеңкеден тұрады. Мұндағы жаңбыр тамшысы – дене, су – зат, доп – дене, резеңке - зат.
Заттарды бір-бірінен қасиеті жағынан айыруға болады: қатты, жұмсақ, тәтті, ащы, серпімді, т.б.
Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға сарамандық жұмыстар беріледі:
Сыныптағы денелердің қандай заттардан тұратынын анықта.
Бірдей заттан тұратын әртүрлі денелерді ата.
Келтірілген мысалдардан алдымен денеге, содан кейін затқа жататындарын теріп жазыңдар. Шөлмек – шыны, шеге – темір, былғары – етік, әйнек – терезе, су – тамшы, алюминий – сым.
Үйіңнен мектепке дейінгі аралықта байқалған басты-басты денелерді жаз.
Топсеруенде заттардың қайсысы табиғи, қайсысы қолдан жасалған денелер екенін ажыратып бөл.
Қорынды кезеңінде мұғалім сабақты жалпы қорытындылайды.
Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма ретінде денелер мен заттарға жататын заттарды жазып келуге беріледі.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Реферат
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 32. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Зертханалық сабақ жоспары
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Зертханалық сабақ жайлы түсінік.
2. “Су еріткіш” тақырыбында зертханалық сабақтың жоспары
3. ОБСӨЖ мақсаты: Зертханалық сабақ жайлы түсінік алу және осы сабаққа байланысты сабақтың өту әдістемесімен танысу
4. ОБСӨЖ мазмұны:
1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2.Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
3.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыру, пысықтау және бекіту мақсатын көздейді.
Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу жұмыстары мен тәжірибелер қолданылады. Олар әр пәннің ерекшеліктеріне қарай атқарылады. Мысалы, тілден грамматикалық түрлі ережелерге сәйкес жазбаша және ауызша не талдау жұмыстары жүргізілсе, сызу пәнінен графикалық, ал жаратылыстану пәндерінен лабораториялық-эксперименттік тәжірибелер жасалады. Яғни, практикалық сабақтарда оқушылардың білімімен қатар олардың біліктілік және дағдыларын пысықтау да көзделеді.
Сабақ өту әдістемесі
Сабақтың тақырыбы: Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар.
Сабақтың мақсаттары:
1) Оқушыларға судың еріткіш қасиетін түсіндіру. Тәжірибелер арқылы суда еритін және ерімейтін заттар туралы мәлімет беру;
2) Оқушылардың байқағыштығын, пәнге деген қызығұшылықтарын дамыту. Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
3)Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндау, түсініп оқу, сауатты жазу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Дәстүрден тыс тәжірибелі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Карта, тәжірибеге керекті заттар, суреттер.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тәжірибе жасау, баяндау, тест.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Суда еритін және ерімейтін заттар. Суда еріткіш тұрғысынан қарау. Судың қасиеттерін анықтай түсу.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
1)Судың қасиетін әңгімелету
2)Қосымша сұрақтар қою
3.Жаңа сабақ. Кіріспе сөз.
- Судың қасиеттерін айтып жатырсыңдар. Ал, енді картаға қарасаңдар, біздің планетамыздың көп жерін су алып жатыр. Су картада көк түспен белгіленген. Су жердің 3/4 бөлігін алады екен. Сусыз өмір жоқ. Адам өміріне ең қажет – жарық, ауа, су, жылу, тамақ.
1-тәжірибе. Таза суды әйнек бетіне тамыз. Оны астынан май шаммен қыздыр. Су буға айналып, ұшып кетеді. Ал әйнек бетінде ақшыл дақ қалады. Бұл не?Суда басқа еріген заттар бар дегенді дәлелдейді. Таза, мөлдір судың өзінде еріген заттар көп. Ащы суда мұндай заттар көп болады.
Табиғатта ешбір қосылысы жоқ таза су кездеспейді.
Қант, тұз сал. Еріп көрінбей кетеді. Дәмі өзгерсе де, түсі өзгермей қалады. Марганец тұзы өзгергенімен, мөлдір суда еритін заттар.Ал суда ерімейтін заттар суды лайлайды.
2-тәжірибе.Стакандағы суға лай салайық. Су лайланды.Саз суға араласқанымен, еріген жоқ. Құм, саз, түрлі ерімейтін шірінділерді қоса әкетеді. Өзен, көл ауларының түрі осы түбіндегі шөгіндісінің түсіне байланысты түрліше болып көрінеді.Суда, ауада еріп араласқан.
3-тәжірибе.Стақанға салқын су құй. Стақан қабырғаларында ұсақ көпіршіктер пайда болды. Бұл су ішіндегі ауа. Су ішіндегі ауамен су жануарлары мен өсімдіктер тыныс алады.
4.Оқулықпен жұмыс. Оқушылар мәтінді өздігінен оқып, тапсырмаларға жауап береді.
5.Қосымша тапсырмалар. Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқаны судан шыға саоып бүлкілдеп жорыта жөнелді. Ал мақта артқаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысып кетті. Неге? Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта су болып ауырлап қалды.
6. Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар судың қасиеттерін өздері анықтап берді. Су
пішінсіз бу сұйық мөлдір еріткіш жабысқақ жұққыш
Еритін заттар - қант – тұз
Ерімейтін заттар – құм, тас, саз
7.Тест жұмысы.
1.Судың қасиеттерін белгіле
а) ақ ә)мөлдір б) сұр
2.Суда еритін затты белгіле
а) қант ә) тас б) құм
3.Тірі табиғатты белгіле
а)ауа ә) адам б)су
4.Суда ерімейтін затты белгіле
а) құм ә) тұз б)қант
8.Сабақты қорытындылау
Оқушылардың білімдерін бағалау.
9.Үйге тапсырма. “Су еріткіш” оқу, әңгімелеу.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Тестілік сауалнама
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 33. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Заттық сабақ, оның ерекшелігі, жоспары
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Заттық сабақ туралы түсінік.
2.Заттық сабақтың ерекшелігі.
3.Заттық сабақтың жоспары.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Заттық сабақ жайлы түсінік алу және заттық сабаққа байланысты сабақтың өту әдістемесімен танысу
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Заттық сабағының ерекшелігі онда оқушылар қоршаған құбылыстарымен және заттармен нақтылы танысып, олардың араларындағы байланысты анықтайды.
Мұғалім заттық сабақтарды өткізгенде ең алдымен осы жайында оқушыларға қаншалықты нақтылы түсініктер мен үғымдар беретінін айқын елестетіп алуы керек. Белгілі бір затпен жұмыс атқара отырып, балалар әр түрлі деректерден алған білімдерін тексереді және дәлдей түседі. Заттық сабақтар практикалық іскерлік пен дағдыларды тудыруға жәрдемдесуі керек. Әдете барлық заттық сабақтар экскурсиялардан кейін өтіледі. Экскурсиялар кезінде оқушылардың зерттейтін затымен нақтылы табиғат ортасында танысуларына, оның басқа заттармен және құбылыстармен байланысын көрулеріне мүмкіндіктері болады.
Оқушылардың затты қабылдау белсенділігі әр түрлі болуы мүмкін. Егер мұғалім затты көрсете отырып, оқушыларды жұмысқа белсенді араластырмай, бәрін өзі айтып берсе, онда балалар тез шаршайды, материалды нашар ұғады. Мұғалім балаларды ойландырып, сұрақтар берсе, бұл кластың жұмысын жандандырады, оқушылардың зейінін күшейтеді, оларды ойлануға, өздігінше қорытындылар жасауға мәжбүр етеді, түсінуін және есте сақтауын оңайлатады.
Оқушылар материалды ұғып алады. Белгілі бір уақыт сайын бір өсімдікке су құйып, екіншісіне су құймай, бір өсімдікті жарыққа шығарып, басқа біреуін қараңғыда ұстауға тапсырма да беруге болады. Бұл қалыпты жағдайды өзгерткенде өсімдіктің қандай өзгеріске ұшырайтынын балалардың өздері бақылауға мүмкіндік береді.
Екінші класс оқушыларын жекелеген құбылыстармен .және қо{ шаған болмыс заттарымен таныстыру үшін, олардың арасынді байланыс орнату үшін заттық сабақтар өткізу программада көрсеі тілген. Кейбір заттық сабақтарды экскурсиялардан соң жиналғав материалдар негізінде, табиғатпен таныстыруды талап етпейтй екіншілерін оларға белгіленген уақытта өткізуге болады.
Сабақтың тақырыбы «Термометр».
Сабақтың мақсаты: балаларды сырттағы ауаны өлшей-| тін термометрді пайдалану ережелерімен таныстыру; оларға тер-мометрмен өлшеп, соньщ көрсетулерін жазып алуға үйрету.
Жабдықтар: көшедегі ауа температурасын өлшейтін термо-метр, әр партаға термометр моделдері (термометр модельдерін IV класс оқушылары жасайды), «Бақылау күнделіктері».
Сабақтың барысы. Сабақтың басында мұғалім мынадай сұрақтар мен тапсырмалар бойынша әңгіме еткізеді: сендер күзді сипаттайтын қандай белгілерді білесіңдер? Өткен апта ішінде сен-дер күздің қандай белгілеріне бақылау жасадыңдар? Сендер әрбір күннің ашық не жаңбырлы екені туралы «Бақылау күнделігіне» қандай белгі қойғандарыңды айтыңдаршы.
Мұғалім: жаңбыр, түнерген аспан, бұлттар арасынан күннің ке-зі анда-санда бір көрінеді, күн қысқарып, түн ұзарған, салқын бо-ла бастады, адамдар жылырақ киінеді,— дейді. Бұнын, бәрі күздіа белгілері, бұның бәрі күздік ауа райының белгілері. Кешегіден бү-гін жылырақ немесе салқынырақ екенін анықтай білу үшін термо-метрмен пайдалана білу керек.
Мүғалім «Бақылау күнделігінің» сентябрь айындағы ауа райын жазып алған бетін ашуды ұсынады да, оқушылардың енді ауа тем-пературасын белгілеулері қажет екенін айтады. Ол термометр бо-йынша ауа температурасын белгілей отырып сол күнгі ауа райын бақылау графасына толтыруды ұсынады.
Сабақтын, тақырыбы «Жемістер мен тұқымдар» (ор-манға күздік экскурсия жасаған сон, өткізіледі.)
Сабақтың мақсаты: балалардын. жемістер мен түқым-Дар, олардын, өсімдіктер үшін маңңзы туралы білімін нығайту.
Сабақ аяқталарда мұғалім өсімдіктердің барлық бөліктерм атауды және оларды таблицадан және оқулықтағы суреттерде көрсетуді ұсынады.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Коллоквиум
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 34. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Аралас сабақ, оның ерекшелігі, жоспары
2. ОБСӨЖ жоспары:. 1.Аралас сабақ туралы түсінік.
2. “Отбасы” атты аралас сабақтың жоспары.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Аралас сабақ жайлы түсінік алу және аралас сабаққа байланысты сабақтың өту әдістемесімен танысу
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Аралас сабақ – мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрі. Мұндай сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе буындары алма кезек өзара ұштасып жатады.
Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау, және тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, назарын тұрақты етеді. Сондықтан, ол мұғалімнің оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын жете түсіуіне өте қолайлы.
Аралас сабақ әсіресе бастауыш және орта сыныптарда, сонымен қатар тілге қатысты пәндерде көптеп қолданылады.
1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2.Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру.
3.Жаңа оқу материалын ендіру.
4.Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
5.Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
6.Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік. Оқушылардың отбасы мүшелері туралы әңгімелету, олардың отбасындағы өз орыны туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық. Оқушылардың жаңа мағынаны танып білуі арқылы “Отбасы” тақырыбының мағынасын өздері ашуға, ойларын ашық айтуға, жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік. Оқушыларды үлкенге – ізет, кішіге – қамқор болуға, инабаттылықө пен адамгершілікке, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ой толғау, ой шақыру, ашық пікір, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:
“Отбасы мүшелері” гүлді сызба
“Қамқоршы, жәрдемші, көмекші” сөздер 3 жазбақағазда (түсіндірме сөздік).
Қоржын ( асықтан сұрақтар)
Сандықтағы сұрақтар
Топ аттары (алдарына қою)
“Бір шоқ гүл” тірі гүлдер.
Сөзтізбек.
Суретті гүлайна.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ барысы:
І Қызығұшылықты ояту. Оқушыларды топқа бөліп, топ аттары мен таныстыру.
- Міне, бүгін біз балалар, топпен жұмыс жүргіземіз, енді сло топтармен танысайық.
Айгөлек; 2)Балдырған; 3)Балауса; 4)Балбөбек; 5)Жұлдыз - топтары
Енді бір-бірімізге гүлді ұсына отырып әдемі тілектерімізді білдіріп жіберейік.
Бір-біріне гүлді ұсына тілек айтып, соңғы бала мұғалімдердің алдындағы құтыға тілегін айтып салады (5 мин).
Бүгін әр топ ұпай сыйлығын жинап жарысасыңдар, қай топ көп ұпай сыйлығын (яғни мына фишкаларды) жинаса, сол топ жеңімпаз аталады.
Қарамен берілген жердегі сөзтізбектен қандай сөз шықты? Кәне, оқып жіберейік!
Отбасы.
ІІ Жаңа сабақ.
Мағынаны таныту. Кітаппен жұмыс.а) Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы (1 мин)
2.Қоржындағы асықтар тапсырмасы 5 мин).
1)Отбасын кімдер құрайды? (ата, апа, ана, әке, қарындас, әпке, сіңілі, аға және іні)
2)Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды?(қарындас, әпке, сіңілі, аға және іні)
3)Отбасындағы адамдар бір-бірін қалай сыйлайды? (көмекші, жәрдемші, қамқоршы)
4)Ата мен апа бірге тұрса отбасы бола ала ма? Егер бөлек тұрса ше? (бөлек болса, басқа отбасын құрайды).
5)Өз отбасың туралы айт.
3.“Топтастыру” стратегиясы (5 мин)
Әр топтың алдында сөздер жатады, содан отбасы мүшелерін тауып тақтаға іледі.
Апаның сөзі: Балалар, мен сендерге сандығымды ала келдім, бұнда өзімнің зергерлік заттарым бар. Осы заттарды өздеріңе сыйлыққа қалдыру үшін, тапсырмаларды орындасаңдар, сырға, сақина, білезік ... сендердікі болады.
4.Сандықтағы стратегиясы (5 мин).
–Не тәтті?
– Нежұмсақ?
– Не қатты?
– Кім жақын?
– Не қымбат?
Жауаптары: ананың сүті, ананың қолы, атаның жүрегі қатты,
Тату болса ағайын жақын, Алтын ұяң – Отан қымбат,
Бауырмал болса, інің жақын, Құт-береке, атаң қымбат.
Алдыңа тартқан адал асың, Аймалайтын анаң қымбат,
Қимас жақын қарындасың. Бәрінен де ұят пен ар қымбат.
ІІІ Дәптермен жұмыс (2 мин).
Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс. Қамқоршы-жәрдемші, көмекші.
IV Бекіту. “Кім тапқыр?” ойыны. Мозаика құрастыру.
Отбасы туралы мақал-мәтел айт.
Ана туралы өлең оқып бер.
Жігіттің неше жұрты бар?
Әке туралы өлең оқы.
Жеті атаны ата
V Бағалау.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Глоссарий
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 35. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Топсеруенді ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Топсеруенді ұйымдастыру.
2.Топсеруенді өткізудің ерекшелігі.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Топсеруенді ұйымдастыру және өткізу әдістемесімен танысу
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Сабактан тыс жұмыстар мұғалімнің тапсырмасы бойынша гізіледі.Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар арқылы мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігімен бірге оқушылардың танымдылығын тәрбиелеу жұмыстары жүзеге асады.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың ғылыми көзқарасын табиғатты сүюге , еңбек мәдениетін танымдық қызығушылығын өз бетінше бақылау жүргізу,икем дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасаумен мәселе көтеру дағдыларын дамытуы.Сыныптан тыс өтілетін жұмыстардың барлық түрлері бір- бірімен тығыз байланысты. Оқушылардың жануармен, өсімдіктермен жұмыс жасауға қызығушылығын үйірме жұмыстарын жүргізумен, топ серуен жасаумен ,табиғат кешенін өткізумен анықталады.Бастауыш сыныбында топпен орындалатын жұмыстарға “Жас табиғатшылар” үйірмесі. Үйірме жұмыстары оқушылардың тізімін алады. Оқушылар арасында анкета жүргізіп, үйірме жұмыстарының негізін қалап алады.Оқушылар арасында жетекші баланы сайлайды, редакция мүшелерін анықтап қабырға газетіне атын бекітеді, жыл бойы орындалатын жұмыстардың бағытын анықтайды. Үйірме жұмыстарда қамтитын тақырыптар оқулық жас ерекшеліктеріне лайықты болу керек.Бұл жұмысқа ұйымдастыру оқушыға байланысты.Оқушылар “ Жасыл желек” программасында жұмыс істеуге болады.Қоршаған табиғатты қорғау мақсатында түрлі жұмыстар жүргізіледі. Оқу жылының соңында қорятынды есебі ретінде табиғаттану кешін немесе бүкіл мектеп бойынша көрме өткізу керек.
Сыныптан тыс жұмыстың бірі- топ серуен өткізу.Топ сеғруен табиғаттың әсем жерлерін ,өндіріс орындарын , тарихи жерлерге өткізіледі.Топ серуеннің мақсаты- оқушылардың табиғатты сүюге, қорғауға , көрнекілік атсалысу.Топ серуенді өткізу үшін мұғалім мынадай жұмыс шараларын жүргізеді:
1.Топ серуен өтетін жерді анықтайды.
2.Оқушыларға топ серуенге қажетті құрал саймандарын қамтамасыз етеді.
3.Оқушыларды жеке бірнеше топқа бөліп арасынан бір оқушыны етіп сайлайды.
4.Топ серуенде орындалатын жұмыстар жоспарымен таныстыру,нені бақылау керек екендігін уйретеді.
5.Топ серуенде техникалық қауіпсіздік шараларды оқушыларға жеткізуі ,топ серуендеуде қаланың әсемде , көрікті жерлерде жүргізіледі.Топ серуен кезінде оқушылар түрлі көрнекілікті жинайды ол сабақ үстінде пайдаланады.Сыныптан тыс жұмыстардың біріне жеке оқушылармен жұмыс жатады. Оқушылар арасында табиғат туралы табиғатты оқытумен қызығатын оқушылар болады. Жекеше орындалатын жұмыстарға оқушылардың тірі табиғат мүсінінде жүргізілетін жұмыстар жатады.Оқушылар өсімдікті күтіп баптау , көбейтіп практикалық жұмыстар орындалады.Оқу тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар қатарына жатады.Бұл көктеммен жаз айында өткізіледі мұғалімнің негізгі міндетті оқушылардың жұмысына бағыт бағдар беру .Сыныптан тыс жұмыстарының біріне табиғат туралы кешінде өткізу жұмыстары.Бастауыш сыныптарда мынадай кештер жүргізіледі.Наурыз күніне құстар күніне табиғат туралы бір тамшы судағы тіршілік атты мерекелік кештер өткізіледі. Мұғалім кештің жоспарын түзіп оқушыларға орындалатын жұмыстарды таратып береді.Бірнеше рет даярлық жасап ,кешті өткізеді .Ол үшін түрлі көрмелер қабырға газеттер арнайы жасалатын қостырады.Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруы.Туған табиғатты көркейтіп ,қорғауға негіз қалыптасады.Жоғарғы сыныптан оқушылар жүргізген жұмыстардың жалғасын жасайды. Мұғалім дұрыс бағыт бере отырып ,оқушыларға тек білім беріп қана қоймай қоршаған табиғаттарды қорғауға және сүюге үйретеді.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Реферат
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 36. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Табиғатқа жасалатын танымжорықтар
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Танымжорыққа дайындық жүргізу.
2.Көктемгі танымжорықтар.
3.Күзгі танымжорықтар.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Табиғатқа жасалатын танымжорықтармен танысу және оларды талдау
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Танымжорық ол орыс тілінде экскурция ( лат excursion- сапар, серуен)-ғылыми, білім беру, мәдени ағарту мақсатында белгілі орындарға ұйымдастырылатын коллективтік сапар және жорық.
Танымжоықтың мазмұны мзерттеу обьектісіне байланысты ( табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар орны) тақырыбы бойынша мәдени-тарихи , ғылыми, жаратылыстану, өндірістік, өлкетану т.б танымжорықтар болады. Танымжорық оқушылардың жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайда танымжорық оқушылпрдың ой-өрісін кеңейтуге бейімделген оқу программалық және мектептен тыс танымжорық болып бөлінеді.
Сыныптарда мынандай танымжорықтар болуы мүмкін:
Күзде,тақырыбы “Өсімдіктердің гүлдері мен жалпы танысу.” Орманда, жазық далада. Бұл жерде оқушылар әр түрлі өсімдіктерді көреді. Олармен танысады, тіршілік ету мекенін көреді. Олардың көбеюі, өмір сүру ұзақтығы, көбнесе гүлді өсімдіктерге назар аударады. Күздің келгенін байқайды.
Қыста, бұл кезде де танымжорыққа шығуға болады “ Қысқы өсімдіктер”.
Тақырыбы: “ Өркен”. Оқушылар әр түрлі ағаштармен танысады, өркені, ұзындығы, бұталары, талшықтары, сабақтары т.б бұл танымжорықты сквер, саябақта жүргізіледі.
Көктем- айындағы танымжорықтар парниктерге, теплицаға жүргізіледі. Бұл жерде адамдар өсімдіктерді қалай өсіріп баптайтынын айтып береді. Олар ботаникалық бақшалар және гүл өсірушілер болуы мүмкін.
V1 сыныптардағы танымжорықтар.
Тақырыбы: “ Өсімдік әлемі”. Бұл жерде гүлді өсімдіктерді қарастырады, оқушыларғ. Бұл жерде гүлді өсімдіктерді қарастырады, оқушыларға күрделірек тапсырмалар береді. Олар гербарий жасайды және тарнаулы морфологиялық дәптері болады.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Тестілік сауалнама
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 37. ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы: Оқушылардың үйде орындайтын жұмыстары
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Үй тапсырмасын орындауда қойылатын талаптар
2.Үйде оқулықпен жұмыс істеу әдістемесі.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарымен танысу және олардың әдістемесін талдау
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Оқу жұмысы түрлерінің бірі — оқушылардың үй тапсырмаларын орындауы, мұғалім үй тапсырмасын түсіндіруді сабақтың маңызды кезеңіне айналдыруға қол жеткізу керек. Оқушыларды үй тапсырмасын ойдағыдай орындауы оның тапсырма сипать қаншалықты ұғынуына байланысты. Әрбір оқушы не істеу керек екенін ғана емес, сонымен бірге оны қалай орындау керек екенін де білуге тиіс.
Үйдегі оқу жұмысының табысты болуының маңызды шарттарының бірі оқушыларды өздігінше жұмыс істеуге үйрету міндеті, болып табылады. Ол үшін оқушыларды оқу материалын жаттап алуға емес, оқытушы сабақты беретін деректер мен оқушылар оқулықты оқығанда өздігінше алатын деректердің арасындағы байланысты орнатуға бағыттау керек. Мектепте білім алудың методикасы оқушылардың үйде өздігінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға негізделіп құрылған. Оқушыларды сабақта алатын білімдерден өмір тәжірибесіне пайдалануға, ал екінші жағынан өмірде алған білімдерін оқу процесінде толығырақ үйретудің маңызы зор. Қазіргі замандағы информация көздері барынша алуан екендігін ұмытуға болмайды, сондықтан бастауыш класстардың мұғалімі мұны оқу процесі барысында есепке алып, белгілі бір мәселе бойынша оқушылардың не білетінін анықтап, білімдердің негізінде жаңа материалды хабарлауға міндеті.
Үй тапсырмаларын орындауда «Бақылау күнделіктерінің» үлкен маңызы бар. Олар оқушылардың қоршаған табиғатты және адамдардың еңбек әрекетін бақылау жөніндегі өз бетімен жасаған жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Балаларға қай жерде, нені және қалай бақылауды керсетіп, осыған үйретудің маңызы зор. Алынған нәтижелерді қорыту және талдау жұмыстың маңызды кезеңі болып табылады, көпшілік жағдайда оқушылардың жүйелі бақылаулар жүргізу қажетін түсінуі осымен байланысты.
Бастауыш кластардың мұғалімі оқушылардың үйде оқулықпен істейтін жұмысына көп көңіл бөледі. Мұғалімнің міндеті — оқулықпен істелетін жұмысты ол бойынша берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлау әрекетінің белсенді және алуан түрлі жүруіне жағдай жасайтындай, олардың таным әр түрлі жақтарын дамытатындай етіп ұйымдастыру.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Коллоквиум
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 38. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Сабақтан тыс орындалатын жұмыс түрлері
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Тірі табиғат мүйісінде жүргізілетін жұмыстар.
2.Географиялық алаңда жұмыс түрлері.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Сабақтан тыс орындалатын жұмыс түрлерімен танысу және оларды өткізу әдістемесін талдау
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы кластарда және онан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады.
Мектептегі тірі табиғат мүйісінің мәні, оқушылардың сабаққа тәжірибелер дайындап сабақтан тыс, кластан тыс жұмыстарды, орындау, тірі өсімдіктер мен жануарларды сақтау орны боып шектелмей оқушылардың дүниетанымын, танымдық қызығушылығын, икем- дағдыларын, еңбекке деген ынтасын арттырып, тәрбиелік мәселелерді шешудегі мңызы үлкен.
Қазіргі мектептегі тірі табиғат мүйісіне арнайы бөлмелер бөлініп, онда жануарлар, өсімдіктер, биоценоздар жасанды бөліктері қабырғаға ілінген суретте, әр түрлі препараттар жануарлардың тұлыптары сақталатын орынға айналған.
Тірі табиғат мүйісіндегі жануарлар мен өсімдіктердің орналасуы белгілі тәртіппен, биоценоздар бойынша топталады: аквариумдерде-балықтар, былқылдақ денелілер, су өсімдіктері; террариумдерде папортниктер, мүкткр, ылғалды жердің өсімдіктері, бақалар, кесіркілер, вольерлерде және торларда, жануарлардан бөлек ағаш тәрізді өсімдіктер де сақталады. Кактустардың түрлері тастарда қондырылады. Әрбір өсімдік пен жануарлардың тұсында анықтамасы берілген этикетка, паспорттар ілінеді.
Тірі табиғат мүйісіндегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстары, оқушыларды табиғатқа етене жақындастырып, оны сүюге, терең танып білуге, қорғауға тәрбиелеп, табмғаттың әсемдігін эстетикалық ләззат алады. Тірі табиғат мүйісіндегі орындалатын жұмыстар арқылы оқушылар кәсіптік бағдар алады, биология курстарының тақырыптарынв сәйкес кең түрде ұғымдар мен білім қалыптастырылып, өздігінен бақылау жүргізу эксперименттер қою, тұжырымлар жасауға үйренеді.
Осылайша жұмыс жүргізу барысында оқушыларлың ізденіс, зерттеушілік әрекеттері де дамиды. Тірі табиғат мүйісінде оқушылар сабақтан тыс уақытта жұмыс жасай алады .
Мектептің мүмкіншілігіне қарай тіті табиғат мүйісінің ұйымдастырылуы мен жабдықталуы әр түрлі деңгейжде болады.
Ашық жерде табиғаттанудан бақылаулар мен практикалық сабақтар жүргізу үшін бастауыш мектепте географиялық алаң болуы керек (ол жалпы білім беретін орта мектеп алаңының бөлігі болуы да мүмкін). Географиялық алаңдағы жұмыстың табысты болуы онда кіші мектеп жасындағылардың жүйелі, әрі күн сайын жұмыс жүргізулеріне және оны орындаудың барысын мұғалімнің үнемі қадағалап отыруына байланысты.
Географиялық алаңда жүргізілетін бақылаулардың негізгі мақсаты — оқушылар бастауыш класстарда зерттейтін табиғат құбылыстарының өзара байланыстары мен заңдылықтарын анықтау болып табылады.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Глоссарий
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 39. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Сыныптан тыс атқарылатын жұмыстар
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Жас табиғатшылар үйірмесі ұйымдастыру.
2.Табиғатқа бақылау жүргізу.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Сыныптан тыс атқарылатын жұмыстармен танысу және оны жүргізудің әдістемесін талқылау
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Бастауыш мектеп мұғалімдерінің практикасында жиі кездесетіні жас табиғат әуес- қойларының үйірмесі (немесе жас натуралистер). Жас табиғат әуесқойлары үйірмесінің негізгі мақсаты — табиғаттану білімі мен іскерлігін кенітіп, тереңдету, зерттеу жұмысының қарапайым дг дыларын үйрену және қоғамдық пайдалы еңбекке кеңінен қатысады.
Үйірме жетекшісі жоспар құра отырып бақылау үшін қандай объекті таңдап алу керек, қандай тәжірибе жасап, қандай көпшілік шараларын қалай дайындап, өткізуді ойлайды. Үйірме мүше лері үйірменін. не істейтінін және қандай дабір шараларды қаша өткізетінін білулері үшін жүмысты жарты жылға немесе бір жылға жоспарлаған дұрыс.
Үйірме құрамы 15—20 адамнан аспау керек, әйтпесе оны бас қару қиындайды. Мұғалім оқушыларға олардың ықыласын ескер отырып жеке-д.ара жұмыстың тақырыбын таңдауға көмектеседі Үйірмеде оқушылардың жеке-дара өз бетінше істейтін жұмысыі жетекшінің түсіндіруімен және барлық қатысушылардың шығь сөйлеулерімен ұштастырып отырғаны дұрыс.
Балаларды ықыластандырып, үйірмеге катысу тілегін нығаі ту үшін алғашқы сабақ өте маңызды болып табылады, оны тікёле| табиғатта ұйымдастырған жөн. Баланың эмоционалдық сезіміі табиғатты тікелей қабылдауына әсер ететін зкскурсиялар өткізу қажет. Ол оқушыларды қызықтырып, тамаша кітап, табиғат тург лы көбірек білсем деген тілекті нығайтуға мүмкіндік береді. Экскурсия курсия кезінде мұғалім оқушылардың бәрі бірдей жауап береа майтын, бірақ оларды одан бетер қызықтыратыгі сұрақтар қс алады, мысалы: жаңғақ ағашы неге көктемде, ал жөке жазда гүд дейді? Неге құстар құмырсқаның илеуіне «шомылады?» Неге қоя| мен құндыздың тісі күнде щығады? Неге ландыш гүлі «май айь ныкі» деп аталады? Неге: «Көктеректің жапьірағындай солқылдаі ды»— деп айтады? және т. б. Бұндай қойылған сұрақтар балг лардың көргендерінің көбін аңтып беруі қиынға түсетінін түсінуг көмектеседі. Әрине осыдан барып балалардың білуге құмарлығ^ артады. Осыдан соң жетекші жануарлар мен өсімдіктерді бақь лайтын тікелей тапеырмалар береді. Осы мақсатпен ол нені, қай; және қалай бақылау Керегін түсіндіріп, үйірме мүшелеріне жұмыс тың келесі кезеңдерін белгілеуге көмектеседі. Үйірме мүшелері дерінің бақылау нәтижесін күнделікте белгілей отырып ңені жүй« ,лі, ал нені оқтын-оқтын істейтіндерін білулері қажет.
Оқушылардың арнайы әдебиетті окуының да ролі аз емес. Үйірме жетекшісі кітап тізімін жасайды, олар жалпы және жеке-дарі тапсырмаларды шейіуде, бақылаулар жүргізуде, қарапайьш тәжірибелер жасап, практикалық жұмыстар атқаруда оқушыларг көмектесуге тиіс.
Бақылаулар мақсаты—бірінші класс оқушыларына табиғат туралы түсінік беру, оларды байқағыштыққа және табиғаттын, өзінен білім алуға үйрету, балалардың табиғатқа аялы көзқарасыі тәрбиелеу.
Тек қана жүйелі бақылау және табиғат өмірінің фактілерін жинауды мұғалімнің түсіндірулерімен ұштастыра отырып, бірінші оқу күндерінен бастап-ақ балалардың ғылыми дүниетанымының элементтерін қалыптастыруға болады.
Мұғалім нені және қалай бақылау керегін міндетті түрде көр- сетуге тиіс. Оқушыларға белгілі бір тапсырма бере отырып, о.г оның орындалуын сөзсіз тексереді. Ауа райын бақылаудан бастау керек. Бірінші бақылау үшін мұғалім сентябрьдің басындаш та-мылжыған ашық күнді таңдап алады. Бұл жұмысты табиғатқа экскурсия жасау кезінде бастауға болады. Әңгімелесу кезінде оқушылар бүгін табиғаттың қандай екенін, аспанның, бүлттыі түстері қандай екенін белгілейді. Қорытындылай отырып мұғалімі бүгінгі күннің ашық екенін, аспанда күннің шуақ төгіп тұрғанын^ көшеде жылы: осындай күздің алғашқы күндерінің жазғы жылі күндерге ұқсас екенін айтады.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Реферат
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 40. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Дүниетану сабақтарында адам-табиғат-қоғам жайлы түсініктердің қалыптасуы
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Алғашқы түсініктердің қалыптасуы.
2.Қарапайымнан күрделіге ауысу.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Дүниетану сабақтарында адам-табиғат-қоғам жайлы түсініктердің қалыптасуын талдау
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында білім беру әдетте эмпирикалық (тәжірибелік) деңгейде жүргізіледі. Бұл түсініктерді дамытудың әдістемесі мына тұрғыда: табиғи объектілерді немесе оның көріністерін қабылдау – одан оны елестетуге, елестетуден – түсінікке, қарапайым түсініктен – күрделіге, күрделіден – арнайы түсінікке, арнайыдан – жалпы дүниетанымдық түсініктерге қарай,жүргізіледі.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың “адам”, “табиғат”, “қоғам” бөлімдерінен алған білімдері мынадай білік-дағдылардың жалғасын табады:
Табиғат:
тірі және өлі табиғат объектілерін өздігінен бақылай білу, олар туралы байқағанын баяндап айтуы;
табиғатқа адамның тигізетін қолайсыз істерін көре білуі, өз деңгейінде табиғатты қорғауға қатысуы;
ауа температурасының өзгеруінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін, жлы мезгілдеріне байланысты тірі табиғат тіршілігінде болатын өзгерістерді бақылауы;
термометрды пайдаланып, температураны өлшей алуы;
Қазақстанның табиғи аймақтарын картадан таба білуі, онда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар түрлерін сипаттай алуы т.б.
Адам:
адамды басқа тірі ағзалармен салыстыра алуы;
өз денесінің тазалығын сақтау, гигиеналық ережелерді қолдану;
жас ерекшеліктеріне сай келетін кез келген еңбек түрін орындай білуі;
“Адам ағзасы” кестесі бойынша адамның негізгі мүшелерін:бас сүйегін, жақ, қабырға, омыртқа т.б. ажырата алуы;
табиғат перзенті ретінде айналасын, өзін қоршаған дүниені байқап, сезініп, ондағы заттар мен құбылыстарды ажыратуы;
ғылыми-техникалық жаңалықтардан хабардар болуы, күнделікті ақпарттарды пайдалана білуі;
өз жеріндегі мәдени, халықтық мұралардың сақталуы, оны қорғау жұмыстарын бақылауы тиіс т.б.
Қоғам:
отбасындағы адамдардың көңіл-күйін ажырата білуі;
жақсылық, жамандық, еңбекқор, жалқау, әдемі т.б. ұғымдарды түсініп, керекті жерінде қолдана білуі;
жергілікті жердегі мекеме түрлерін (аурухана, әкімшілік т.б.) білуі, олардың халыққа тигізетін пайдасын байқаы;
өз елінің және басқа халықтардың мәдениеті мен әдебиетіне қызығұшылық танытуы;
ҚР мемлекеттік рәміздерін ажыратып, әнұранын айта білуі, туы мен елтаңбасын сипаттай білуі, олардың мәнін түсінуі тиіс.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Тестілік сауалнама
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 41. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Оқушылардың білім, білік- дағдыларын тексеру
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Оқушылардың білімін ауызша тәсілдермен тексеру.
2.Оқушылардың білімін жазбаша тәсілдермен тексеру.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Оқушылардың білім, білік- дағдыларын тексеру жолдарымен танысу және оларды талдау
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:
ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру).
Практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).
Машиналы бағдарламалап бақылау ) перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Бақылау әдістерін жалпы екі топқа: ауызша және жазбаша деп бөлеміз.Ауызша бақылау әдістері дегеніміз - сұхбат, оқушы әңгімесі, түсіндірме, тексті оқу, сызбалар, суреттер, тәжірибе туралы хабарлар, дидактикалық тапсырмаларға жауап беру..Ауызша бақылау әр сабақ сайын жеке-дара, жаппай немесе құрастырылған формада жүргізіледі.Оқушылардан жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалімге меңгеру деңгейі туралы толығырақ және нақтырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді, бірақ, екінші жағынан, ол басқа оқушыларды сабақта әрекетсіз қалдырады.Жаппай сұрақ-жауап алу барлық оқушыларды бірден қамтыса да олардың білімді меңгергені туралы үстіртін мағлұмат береді.
Жазбаша бақылау әдісі (бақылау жұмысы, шығарма, диктант, тест, реферат, сөздік және сигналдық карточкалар) білімді меңгерудің терең әрі жан-жақты тексеруін қамтамасыз етеді, өйткені ол оқушының білімі мен білігінің тұтас жиынтығын талап етеді.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Коллоквиум
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 42. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Оқушыларға ұлттық дүниетанымды меңгерту
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Ұлттық дүниетаным туралы түсінік.
2.Ұлттық дүниетанымның маңызы.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Оқушыларға ұлттық дүниетанымды меңгерту жолдарымен танысу және оларды талдау
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Дүниетану пәнінің қазіргі мазмұнымен тұспа-тұс келетін Ж. Аймауытовтың оқудың күнделікті өмірмен, қоршаған ортамен байланысына қатысты тұжырымдамалары көрсетілген еңбектерінде де балалар дүниетанымын қалыптастыру сипаты анықталған. Ол бастауыш мектеп оқушыларына арнап оқулық, әдістемелік нұсқау жазды. Оқушыларды оқытып, тәрбиелегенде затты, құбылысты көрсете, бақылата отырып, табиғат аясында берген білімнің тиянақты әрі мәнді болатындығын дәлелдеді. Ғалымның “Тәрбиеге жетекші”, “Психология және өнер таңдау”, “Қазақша ой таныту әдістері” т.б. еңбектерінде де сауатсыздықты жою, келешек ұрпақ тәрбиесі, ана тілі мәселелерін шешудің жолдары мен қатар, қазақ балаларының дүниетанымын қалыптастыру бағытындағы тұжырымдар жасалынады. Мәселен, дүниедегі шындықты, қоршаған заттар мен құбылыстарды тану үшін ұғым пайда болатындығын, сол ұғымның қалыптасуына көрген-білгендерді талдау, іріктеу, игеру, ұғу, үйлестіру қажет екендігін нық көрсетіп берді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда және оларды оқыту барысында білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешуде пәнаралық байланыстың маңыздылығы мынадан көрінеді:
пәнаралық байланыс оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың дамуына және танымдық іс-әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады;
бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымының қалыптасуына білім мазмұнындағы барлық құрамдас бөліктерінің байланыста болуы пәрменді ықпал етеді;
толыққанды тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын кешенді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
пәнаралық байланыс бастауыш мектеп мұғалімінің жүргізетін педагогикалық әрекетін ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыруына себепкер болады;
пәнаралық байланыс көптеген оқу пәндеріне ортақ жетекші ұғымдар мен қағидалар, деректер, ғылыми таным әдістері арасындағы өзара байланыс орнықтырып, оқушыларда дұрыс, кең әрі қажетті дүниетанымдық білімдер мен көзқарастардың пайда болуына жәрдемдеседі.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Глоссарий
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 43. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талаптар
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.“Дүниетану” пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптар.
2. “Дүниетану” пәні мұғалімінің меңгеруі тиіс басты міндеттері.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талаптармен таныс болу және өз пікірлерін білдіру
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Мұғалім- елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық.Ондай мамандық иесі әрқашан да өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан маржандай тізілген ілтипат пен парасаттың өрнектері, әсемдік әлемі көрінетін, көкірегі жақсылыққа тола, мейірімді, білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары адам болу керек.
Қазіргі заманның мұғаліміне қойылатын талаптар:
біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман иесі болу керек;
екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;
үшіншіден, мұғалім білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулауға міндетті;
төртіншіден, мұғалім- педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек;
бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі Жубер айтқандай “оқыту деген екі есе оқу”
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Реферат
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 44. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Кіші комплектілі мектептердегі оқу процесі
2. ОБСӨЖ жоспары:
1.Кіші комплектілі мектептердің басқа мектептерден айырмашылығы.
2.Кіші комплектілі мектептердің оқу процесіндегі ерекшеліктері.
3.Кіші комплектілі мектептерде қолданылатын оқыту әдістері
3. ОБСӨЖ мақсаты: Кіші комплектілі мектептердегі оқу процесімен танысу
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Шағын комплектілі мектеп ерекшелік тері оқуды ұйымдастыру мәселесінде де,оқытуда әдістемелерді қолдану барысында да байқалып тұрады.
1.үш не екі сыныпты бір орында қатар оқытқандықтан (көбіне үш сынып қатар оқиды),мұғалім әр сыныптағы оқушылардың білімін анықтауға,жаңа материалды түсіндіруге,олардың сабақ барысындағы оқу әрекеттерін. Қадағалауға небары 15-20 минут қана уақыт бөле алады.Бұл жағдай мұғалімнің оқушылармен жұмыста әрбір сәтті үнемді,шебер және тиімді пайдалануын,ол үшін сабаққа дайындыққа өте мұқият қарап,жұмыс түрлерінің нақты жоспарларын талап етеді.
2.бір сабақ үстінде мұғалім әртүрлі жастағы,соған сәйкес ой-өрісі,білім дәрежесі,өмір тәжрибесі әртүрлі деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізіледі.Сонымен қатар,әр сыныппен жұмыс істеу үшін бір сабақ үстінде бірнеше бір пәннен екінші пәнге,бір сыныптан екінші сыныппен жұмыс ұйымдастыруға көшіп,осыған орай оқушылармен қатыс түрлерін де ауыстырып отыруына тура келеді.Бұл жағдай мұғалімнің онсыз да ауыр жүгін қиындата түседі.Бір сыныпқа тапсырма беріп немесе жаңа тақырыпты түсіндіріп,келесі сыныппен жұмыс істеуге көшкенде,оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тез ыңғайлануды,берілетін ұғымды олардың білім дәрежесіне сәйкестеуді және бала психологиясын жақсы меңгеруді қажет етеді.
3.Шағын комплектілі мектептер көбіне орта мектептерден қашық орналасқандықтан мұғалімнің басқа ұстаздар сабағына қатысып,пікір алысу,тәжрибе алмасу,үлгі алу мүмкіндігі де аз болады Мұндай жағдайда тәжрибелі ұстаздардың өзі шыңдала түсуден гөрі,салғырттыққа,жауапкершілігінің төмендеуіне,сабақ тиімділігін нашарлатып алуға соғуы мүмкін.
4.Тірек мектептердің аталмыш мектептерден қашықтығына байланысты олардың оқу тәрбие жұмысына жете басшылық ету,әдістемелік көмек көрсету деңгейі төмен.Бұл айтылғандар шағын комплектілі мектептің географиялық орнымен мұғалімнің жеке іс тәжрибесіне байланысты ерекшеліктері болса сонымен қатар оқуды ұйымдастыруға байланыста ерекшеліктер де бар. Олар мұғалім мүмкіндігі бірнеше сыныпқа қатар бөлінетіндіктен,сабақ оқушылардық өздігінен атқаратын жұмысына негізделіп алатын ұғымды өздігінен іздену нәтижесінде меңгеруі басым болады.
5.Бастауыш сынып оқушыларының зейінінің тұрақсыздығын ескеру де ойдан шықпауы тиіс.Жас баланың,яғни,бастауыш сынып оқушыларының ырықсыз аркі өте басым болатыны белгілі. Әсіресе,бір сынып оқушылары дауыстап оқыған кезде келесі сынып оқушыларының көңілі соған ауып,өз жұмысы орындалмай қалуы ықтимал. Сондықтан да,оқушыларды нәтижелі іске жұмылдыру жолы олардың өздігінен орындайтын жұмыстарының мазмұнын мұқият қарастырып,өзгертіп отыруды талап етеді.
6.Оқушылардың өзіндік жұмысын нәтижелі ұйымдастыру үшін түрлі көрнекі құралдардың,таратып берілетін карточкалар мен дидактикалық материалдардың саны әр балаға жететіндей болуы қажет.Жұмысты орындау әдісін меңгерген,өздігінен атқару дағдыға айналған,қолында оқу құралы бар оқушыда ғана шағын комплектілі мектеп жағдайында өздігінен оқу әрекеті пайда болады.
7.Негізгі қиындықтардың бірі техникалық құралдарды (әр сыныпқа арналған диафильмдер мен кинофилмдерді) пайдалану кезінде туады.Сондықтан да мазмұны жағынан барлығына ортақ техникалық құралдар ғана сыныптағы сабақ барысында пайдаланылады да,ал басқалары сабақтан тыс кезде сыныпқа жеке қолданылады.
Кіші комплектілі мектептерде табиғаттан білім беру барысында қолданылатын әдістерді бірнеше топқа бөліп қарауға тура келеді.Баяндау,түсіндіру,әнгімелесу,оқушылардың оқыған мәтіндері бойынша түсінігін айтуы,бақылағандары бойынша әңгімелесуі секілді сөздік әдістер тобына жататын болса,бұл әдістерді жаңа ұғым беруде де,өйткені қайталауда да жиі қолдандық.
Көрнекілік түрлері:бейнелі көрнекіліктер (түрлі суреттер,картиналар сызбалар,),табиғи көрнекіліктер(өсімдік,пайдалы қазбалар бунақ денелер жиынтығы,жануарлар тұлыбы),тнхникалық көрнекіліктер (диафильм,диапозитив,оқу киносы және т.б) сабақта да,сабақтан тыс жұмыстар барысында да қолданылады.
Практикалық әдістер сұлбаны,географиялық картаны оқу,шартты белгілерді қолданып,жердің сұлбасын сызу жұмыстары орындалды.Мектеп үлескісіндегі жұмыс түрлері,ауылды жерлердегі мал шаруашылығына көмек,түрлі тәжрибелер,жергілікті жердегі судың темпиратурасын өлшеу,топырақ қабаттарын өлшеу және т.б. жаттығулар арқылы да практикалық әдіс жүзеге асты.Жергілікті жердің табиғатын (жыл мезгілдеріне байланысты ауа райыын,өсімдік,жануарлар тіршілігін),су қоймаларының жай күйін,ауыл шаруашылығының жыл мезгіліне байланысты өзгерісін,ауыл шаруашылық өнімдердің өндірудің халықтың тұрмысына тигізетін әсерін бақылау және т.б.арқылы бақылау әдістері жүйелі ұйымдастырылады.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Тестілік сауалнама
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 45. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: ҚР бастауыш мектептерінде білім беру жүйесін дамыту
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру.
2.Бастауыш мектеп мұғалімдеріне қазіргі кезде қойылатын талаптар
3. ОБСӨЖ мақсаты: ҚР бастауыш мектептерінде білім беру жүйесімен танысу және оларды талдау
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдірудің қайнар көзі – мәдениет немесе әлеуметтік тәжірибе. Дегенмен, әлеуметтік тәжірибенің мазмұны, немесе мәдениет мектептегі білім мазмұнын толық анықтамайды. Міне, осылар материал таңдаудың және оны тиісті құрылымға құрастырудың факторларын анықтайды. Бұлар- ғылым, қоғамдық қатынастар тәжірибесі, материалдық және рухани өнім жасау, қоғамдық сананың түрлері т.б. жоғарыда айтылған қайнарлардан білім беру материалын құрастыру нақты психологиялық және тарихи талаптарды ескере отырып жүргізіледі. Осы талаптарға сәйкес әлеуметтік тәжірибенің мазмұны педагогикалық сын тұрғысынан қарастырылады. Білім мазмұнын құрастыруда сол сияқты балалардың жекелік-тұлғалық дамуының, олардың қабілетінің, дарындарының, қызығушылықтарының талаптары ескерілуі тиіс. Осы мақсатқа жалпы білім беру мазмұнында міндетті пәндермен қатар оқушылардың қызығушылығына қарай таңда йтын таңдау пәндеріде енгізілген. Бұл оқушылардың өзіндік қасиеттерінің, кәсіби бағытталуының тереңдеуіне жағдай жасайды.
Бастауыш мектептің маңызымен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуымен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Сондықтан білім берудың басты міндеттері:
оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа әлеуметтік ортаға үйренуі, онда жаңа әлеуметтік мәртебе-оқушы мәртебесінің қалыптасуы;
оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас т.б. әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруі;
айналадағы дүниемен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету.
Бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін және оқыту мақсатының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланатынын ескерсек, онда бұл сатыда оқылатын пәндерді ғылымдар негіздері түрінде құруға болмайтындығы түсінікті, мұнда негізінен оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыру бірінші орынға шығады. Осыған орай білім мазмұнын былай жіктеуге болады: коммуникативтік мәдениет, ақыл-ой мәдениеті, эстетика және адамгершілік мәдениеті, еңбек мәдениеті, дене тәрбиесі.
Бастауыш саты білім берудің жоғарыда көрсетілген түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр оқу пәнінің зө орны мен ролі бар. Бұл тұрғыдан оқулықтардың атқарар қызметі орасан зор. Осыған орай оқулықтарға қойылатын талаптарға тоқталайық:
оқу материалының қазіргі ғылым мен техниканың дәрежесіне сәйкес баяндалуы;
жоғары идеялылығы мен оқулықтар мазмұнының бағдарламаның мазмұнын ұғынуға лайықты болуы;
оқулық материалдары жүйелі және бірізді түрде оқушылардың жалпы және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Коллоквиум
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
Достарыңызбен бөлісу: |