Табиғат
Көкжиек және көкжиек сызығы.Тұсбағар және тұсбағардың құрылысы.Сурет және сұлба. Жергілікті жердің сұлбасы. Ауа, ауаның қасиеті, ауаның маңызы.Су және судың маңызы.Судың қасиеті.Суда еритін және ерімейтін заттар.Топырақ және топырақтың маңызыӨсімдіктердің тіршілігі.Өсімдік – тірі организм.Өсімдік мүшелері және оның қызметі.Тамыр, сабақ, жапырақ.Тұқым және жеміс.Өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайлар.Өсімдіктердің көбеюі: тұқым арқылы көбею, тамырсабақ – түйнек, пиязшық арқылы көбею, жер бетіндегі мүшелері арқылы көбеюі.Жануарлардың тіршілігі.Жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайлар: жылу, жарық, су, қорек. Жануарлардың бейімделуі:бүркеніш рең, сақтандырғыш рең. Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы.Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы. Адам және өсімдіктер мен жануарлар.Өсімдіктер мен жануарлардың “Қызыл кітабы”
Отан
Сенің өмірің туралы заң. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясынан үзінділер. Біздің Отанымыз.Халықтар достығы .Кітап – білім бұлағы.Алдымен істі тындыр, содан кейін – қыдыр.Қол не үшін керек?.Ең басты жұмысҚазақстан қалалары: Астана, Алматы, Қарағанды. Егіншілік. Бақ пен жүзім шаруашылығы. Шағын ұшақтың пайдасы.Мал шаруашылығы.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Коллоквиум
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 9. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Оқу бағдарламасын (3 сынып) талдау
2. ОБСӨЖ жоспары:
1.3-сыныптағы “Дүниетану” пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны.
2.3-сыныптағы “Дүниетану” пәнінің оқу бағдарламасын талдау.
3. ОБСӨЖ мақсаты: 3-сыныптағы “Дүниетану” пәнінің оқу бағдарламасын танысып, оны талдау.
4. ОБСӨЖ мазмұны:
3-сынып “Дүниетану” пәні бағдарламасының мазмұны табиғат, адам, қоғам бөлімдерін қамтиды.
Адам
Адам өміріне қажетті заттар жағдайлар. Өсімдік және жануарлардың тіршілік ортасын мен адамның тіршілік ортасы арасындағы ерекшеліктер. Адам –табиғат перзенті.Адам ағзасы және денсаулықты сақтау. Адам ағзасының құрылысы, қан айналым мүшелері, тыныс алу мүшелері, асқорыту мүшелері және олардың қызметі. Жүйке жүйесі және оның маңызы. Сезім мүшелері және гигиена талаптары.
Табиғат
Табиғат заңдылықтары мен құбылыстары. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі. Бақылау әдісін жүргізу, тәжірибе жасау, дене және зат ұғымдары, табиғат құбылыстары, ауаның құрамы мен маңызы, су (судың қасиеттері, суды қорғау, судың адам өміріндегі, жалпы тіршіліктегі маңызы), тау жыныстары, топырақ. өсімдіктердің алуан түрлілігі мен өсімдіктердің маңызы жайлы, жануарлардың сан алуандығы мен жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ету ортасы жайлы жазылған.
Қоғам
Біздің Отанымыз Қазақстан. Отбасы және отбасы мүшелері, әдептілік қағидалары, ауыл және қала өмірінің айырмашылығы, жалпы халықтық және кәсіптік мерекелер. Қазақстан Республикасы, елордасы Астана жайлы, ел рәміздері, мемлекеттік тіл, қарулы күштер жайлы, елді басқару органдары, еліміздің халқы мен тарихи тұлғалары (батырлар, хандар, би-шешендер) , өлкеміздің байлығы (егін және мал шаруашылығы), Ғылым академиясы, еліміздің білімі және мәдениеті.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Глоссарий
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 10. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Оқу бағдарламасын (4 сынып) талдау
2. ОБСӨЖ жоспары:
1.4-сыныптың “Дүниетану” пәніне арналған оқу бағдарламасын талдау.
2.”Дүниетану” пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар.
3. ОБСӨЖ мақсаты: 4-сыныптың “Дүниетану” пәніне арналған оқу бағдарламасын талдау
4. ОБСӨЖ мазмұны:
“Дүниетану”пәнінің 4-сыныбына арналған оқу бағдарламасы да “Адам”, “Қоғам”, “Табиғат” бөлімдерінен тұрады.
Адам
Адам – қоғам перзенті. Адам қайдан, қалай пайда болған?Алғашқы адам. Адамды адам еткен еңбек. Өнер, мәдениет – ақыл-ойдың сезімталдық жемісі.Техника, құрылыс – ой мен еңбектің жемісі. Мәдени - өнер мұраларын сақтау, қорғау.
Табиғат
Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері .Бағдарлау.Еліміздің географиялық картадағы орны. Жазықтар.Таулар. Үгілу. Жер беті қалай өзгереді?Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі. Қазақстанның жер бедері. Кенді пайдалы қазбалар. Қара металл кендері.Түсті металл кендері. Жанғыш пайдалы қазбалар. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Табиғаттағы су айналымы. Жер асты сулары. Өзен және көл. Суды қорғау. Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райы және климат. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары. Шалғын өсімдіктері мен жануарлары. Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары. Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы. Орман, тоғай өсімдіктері мен жануарлары. Орман пайдасы және оны қорғау. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары. Су қоймасы мен жануарларды қорғау. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау.Жер – ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?Күн – жарық пен жылудың көзі. Жер – шар тәрізді дене. Глобустың градус торы. Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы. Жердің Күнді айналып қозғалуы.Жыл мезгілдерінің ауысуы.
Қоғам
Отбасы – шағын қоғам. Туған-туысқандар. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Алғашқы мұғалім. Біліміңді пайдаға асыр. Кітап қайдан шығады? Жазғы демалыс. Шаруа қожалығы. Ауыл байлығы. Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі. Мектеп пен өндіріс орнының байланысы. Туған ел.Отан. Отаным менің, байтақ өлкем. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Қазақтың хас батыры – Қарасай. Райымбек батырдың Секерханмен жекпе-жегі. Егеменді еркін ел. Таяу шетел, алыс шетел. Азаматтық қоғам. Құқықтық қоғам. “Невада-Семей” азаматтық қозғалысы. Қазақстанның ғарышжайы.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Реферат
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 11. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: 1-сынып оқулығын талдау
2. ОБСӨЖ жоспары: 1. 1-сыныпқа арналған “Дүниетану” оқулығының мазмұны.
2. 1-сыныпта дүниетануды оқыту теориясы мен әдістемесі.
3. ОБСӨЖ мақсаты: 1-сыныпқа арналған “Дүниетану” оқулығын талдау, қажетті білім, білік-дағдыларды меңгеру
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Оқулыққа енген материалдар көлемі жағынан шағын болғанымен, бірінші сынып балалары үшін мазмұны терең, мағынасы кең. Әр тақрыптың мазмұнына мұғалім үңіле қараса, қаншама деректер беріліп отырғанын түсінуі қиын емес.Әр тақырып қарапайым болса да, ғылыми мазмұнға ие. Сондықтан оны жан-жақты талдап түсіндіру мұғалімнің жан-жақты ізденушілігін қажет етеді.
Оқулық үш бөлімнен тұрады:”Адам”, “Табиғат”, “Қо Оқулық үш бөлімнен тұрады:”Адам”, “Табиғат”, “Қоғам”. Осы үш бөлім бір-бірімен тығыз байланысты.
“Адам” бөлімінде табиғаттың ең негізгі бөлігі ретінде қаралатын адамның бізді қоршаған дүниені танудағы орны, оның еңбегі мен бір-біріне қарым-қатынасы талданады. Адамның сезім мүшелері, дүниені танудағы олардың маңызы баяндалады. Былай қарағанда оқушыларға таныс, күнделікті өз өмірімен тығыз байланысты мәселелер сияқты.
Ал шынында, 6-7 жасар бала үшін адамның басты ерекшеліктері (сезім мүшелерінің), дүние танудағы қабілетін талдау үлкен ой тастайды. Оқушыларды өз қабілетін, мүмкіндігін білуге жетелеп, өз-өзіне деген сенімі артады. Осы тараудағы тақырыптарды оқыту барысында үнемі оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйену жағы ескерілуге тиіс.
“Табиғат” тарауы оқушыларды өлі және тірі табиғатпен таныстыра отырып, олардың бір-бірімен байланысын және осы байланыс жыл мезгіліне қарай өзгеріп отыратынын ұғындыруға арналған. Өсімдік, жануар дүниесінің ең негізгі ерекшеліктері: тұқымнан көбею, ұрпақ өргізу, қоректену, өлу, т.б. жеңіл түрде берілгенмен ғылыминегізде баяндалған. Өсімдіктер мен жануарлардың басты-басты топтарымен таныстыру мақсаты жүзеге асады.
Бұл бөлімді оқыту барысында мұғадім үнемі табиғатты бақылау, оның нәтижелерін күнделікті сабақта қолдану жағын ұмытпауға тиіс. Табиғат жайындағы ұғымдар жалаң оқулықты оқумен ғана шектелмейтіні мәлім. Сондықтан да мұғалімнің биологиялық пәндерден жан-жақты түсінігі болуға тиіс. Оқылатын тақырыптарды алдын-ала жоспарлау кезінде мұғалім тақырыптардың бір-бірімен байланысын үнемі ескеріп отырады.
“Қоғам” бөлімі – оқушының өз үйінен бастап ауылы, отаны туралы ұғым беруге арналған. Қоғам жайында жеңіл түсінік бере отырып, оқушылардың жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру қазіргі кездегі адамдар арасындағы қарым-қатынас, экономикалық жағдайға байланысты ұғым беру қамтамасыз етіледі.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Тестілік сауалнама
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 12. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: 2-сынып оқулығын талдау
2. ОБСӨЖ жоспары: 1. 2-сыныпқа арналған “Дүниетану” оқулығының мазмұны.
2. 2- сыныпта дүниетануды оқыту теориясы мен әдістемесі.
3. ОБСӨЖ мақсаты: 2-сыныпқа арналған “Дүниетану” оқулығын талдау, теориялық және әдістемелік мазмұнын меңгеру
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 2-сыныбына арналған “Дүниетану” оқулығы мазмұны жағ мазмұны жағынан мемлекеттік білім стандартына, бағдарламаға, оқу жоспарына сай жазылған. 2002 жылы “Атамұра” баспасынан шыққан бұл оқулықтардың авторлары К.Жүнісова, Қ. Аймағамбетова, З.Олейник болатын.
Оқулық 5 тараудан тұрады.1-ші тарау “Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы” деп аталады және мынадай тақырыптарды қамтиды: “Адам өміріне не қажет?”, “Адам өз өміріне ең қажетті жағдайларды қайдан алады?”, “Еңбекпен келген нан – қасиетті тағам”, “Еңбек етпеген ішіп-жемейді”, “Сыйға сый”, “Мен және басқа адам.Әдептілік”, “Білу және білгенді өмірде пайдалану”, “Адам және айналадағы дүние”.
2-ші тарау “Табиғат” деп аталып, мынадай тақырыптарды қамтиды: “Көкжиек және көкжиек сызығы”, “Тұсбағар. Тұсбағардың құрылысы”, “Сурет және сұлба”, “Жергілікті жердің сұлбасы”, “Ауа”, “Ауаның қасиеті”, “Ауаның маңызы”, “Су және судың маңызы”, “Судың қасиеті”, “Су – еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар”, “Топырақ және топырақтың маңызы”.
3-ші тарау “Өсімдіктердің тіршілігі” деп аталады және мынадай тақырыптарды қамтиды: “Өсімдік – тірі организм”, “Өсімдік мүшелері және оның қызметі.Тамыр”, “Сабақ”, “Жапырақ”, “Күзде жапырақ неге сарғаяды?”, “Тұқым және жеміс”, “Өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайлар”, “Өсімдікке су керек”, “Өсімдікке топырақ керек”, “Өсімдікке ауа және жылу керек”, “Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?”, “Өсімдіктердің көбеюі. Тұқым арқылы көбею”, “Тамырсабақ – түйнек, пиязшық арқылы көбею”, “Өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері арқылы көбеюі”.
4-ші тарау “Жануарлардың тіршілігі” деп аталып, мынадай тақырыптарды қамтиды: “Жануарлардың тіршілігіне не қажет?”, “Жылу – жануар тіршілігіне қажетті жағдай”, “Жарық – жануар тіршілігіне қажетті жағдай”, “Сусыз тіршілік жоқ”, “Жануарлар немен қоректенеді?”, “Жануарлар жемін қалай аулайды?”, “Бунақденелілержауынан қалай қорғанады?”, “Бүркеніш рең”, “Сақтандырғыш рең”, “Бүркеніш рең аңға да қажет”, “Аңдар неге “жуынады”?”, “Әр құсқа өз тұмсығы қажет”, “Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы”, “Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы”, “Адам және өсімдіктер мен жануарлар”, “Өсімдіктер мен жануарлардың “Қызыл кітабы” ”.
5-ші тарау “Отан” деп талады және мынадай тақырыптарды қамтиды: “Сенің өмірің туралы заң”, “Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясынан үзінділер”, “Біздің Отанымыз”, “Халықтар достығы”, “Кітап – білім бұлағы”, “Кітапханада”, “Алдымен істі тындыр, содан кейін – қыдыр”, “Атаның сыры”, “Қол не үшін керек?”, “Ең басты жұмыс”, “Астана”, “Алматы”, “Көмірлі өлке”, “Қара алтын өлкесі”, “Каспийдің “тірі алтыны” ”, “Егіншілік”, “Егістікте”, “ “Ақ алтынды” аймақта”, “Бақ пен жүзім шаруашылығы”, “Шағын ұшақтың пайдасы”, “Мал шаруашылығы”, “Мұрат атай”, “Бұлар қайдан шығады?”, “Етік қайдан пайда болды?”.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Коллоквиум
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 13. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: 3-сынып оқулығын талдау
2. ОБСӨЖ жоспары: 1. 3-сыныпқа арналған “Дүниетану” оқулығының мазмұны.
2. 3 -сыныпта дүниетануды оқыту теориясы мен әдістемесі.
3. ОБСӨЖ мақсаты: 3-сыныпқа арналған “Дүниетану” оқулығын талдау, теориялық және әдістемелік мазмұнын меңгеру
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Жалпы білім беретін бастауыгш мектептің 3-сыныбына арналған “Дүниетану” оқулығы мазмұны жағынан мемлекеттік білім бағдарламасына, оқу бағдарламасына сай жазылған. Авторлары: К.Жүнісқызы, Қ.Аймағамбетова, Ә.Бірмағамбетов. Оқулық мәтіні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, жеңіл тілмен берілген. Оқулықтың мазмұны кіріспе бөлімінен және 5 тараудан тұрады.
Кіріспе бөлімінде адам өміріне қажетті заттар жайлы, өсімдік және жануарлардың тіршілік ортасын мен адамның тіршілік ортасы арасындағы ерекшеліктер, адам –табиғат перзенті екендігі жайлы көрсетілген.
Оқулық үлкен 5 тараудан: “Адам ағзасы және денсаулықты сақтау”, “Табиғат заңдылықтары мен құбылыстары”, “Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі”, “Қоғам”, “Біздің Отанымыз Қазақстан” тұрады.
1-ші тарауда адам ағзасының құрылысы, қан айналым мүшелері, тыныс алу мүшелері, асқорыту мүшелері және олардың қызметі, жүйке жүйесі, сезім мүшелері және гигиена талаптары жайлы баяндалады.
2-ші тарауда бақылау әдісін жүргізу, тәжірибе жасау, дене және зат ұғымдары, табиғат құбылыстары, ауаның құрамы мен маңызы, су жайлы жалпы мәлімет (судың қасиеттері, суды қорғау, судың адам өміріндегі, жалпы тіршіліктегі маңызы), тау жыныстары, топырақ туралы түсінік берілген.
3-ші тарауда өсімдіктердің алуан түрлілігі мен өсімдіктердің маңызы жайлы, жануарлардың сан алуандығы мен жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ету ортасы жайлы жазылған.
4-ші тарауда отбасы және отбасы мүшелері, әдептілік қағидалары, ауыл және қала өмірінің айырмашылығы, жалпы халықтық және кәсіптік мерекелер жайлы баяндалады.
5-ші тарауда Қазақстан Республикасы, елордасы астана жайлы, ел рәміздері, мемлекеттік тіл, қарулы күштер жайлы, елді басқару органдары, еліміздің халқы мен тарихи тұлғалары (батырлар, хандар, би-шешендер) жайлы, өлкеміздің байлығы жайлы (егін және мал шаруашылығы), Ғылым академиясы, еліміздің білімі және мәдениеті жайлы көрсетілген.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Глоссарий
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 14. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: 4-сынып оқулығын талдау
2. ОБСӨЖ жоспары: 1 .4-сыныпқа арналған “Дүниетану” оқулығының мазмұны.
2. 4 -сыныпта дүниетануды оқыту теориясы мен әдістемесі.
3. ОБСӨЖ мақсаты: 4-сыныпқа арналған “Дүниетану” оқулығын талдау, теориялық және әдістемелік мазмұнын меңгеру
4. ОБСӨЖ мазмұны:
Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 4-сыныбына арналған “Дүниетану” оқулығы мазмұны жағынан мемлекеттік білім стандартына, бағдарламаға, оқу жоспарына сай жазылған. 2004 жылы “Атамұра” баспасынан шыққан бұл оқулықтардың авторлары К.Жүнісова, Қ. Аймағамбетова, Ә. Бірмағамбетов, И.Нұғыманов, Қ. Жүкешев болатын.
Оқулық 6 тараудан тұрады.1-ші тарау “Адам – қоғам перзенті” деп аталады және мынадай тақырыптарды қамтиды: “Адам қайдан, қалай пайда болған?”, “Алғашқы адам”, “Адамды адам еткен еңбек”, “Өнер, мәдениет – ақыл-ойдың сезімталдық жемісі”, “Техника, құрылыс – ой мен еңбектің жемісі”, “Мәдени - өнер мұраларын сақтау, қорғау”.
2-ші тарау “Табиғат” деп аталып, мынадай тақырыптарды қамтиды:
“Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері”, “Бағдарлау”, “Еліміздің географиялық картадағы орны”, “Жазықтар”, “Таулар”, “Үгілу”, “Жер беті қалай өзгереді?”, “Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі”, “Қазақстанның жер бедері”, “Кенді пайдалы қазбалар”, “Қара металл кендері”, “Түсті металл кендері”, “Жанғыш пайдалы қазбалар”, “Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар”, “Табиғаттағы су айналымы”,“Жер асты сулары”, “Өзен және көл”,
“Суды қорғау”, “Ауаның құрамы”, “Ауа қабығы”, “Ауа райы. Климат”, “Ауаның ластануы. Ауаны қорғау”.
3-ші тарау “Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары” деп аталады және мынадай тақырыптарды қамтиды:”Шалғын өсімдіктері мен жануарлары”,
“Дала өсімдіктері мен жануарлары”, “Шөл өсімдіктері мен жануарлары”,
“Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы”, “Орман, тоғай өсімдіктері мен жануарлары”, “Орман пайдасы және оны қорғау”, “Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары”, “Су қоймасы мен жануарларды қорғау”, “Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау”.
4-ші тарау “Жер – ғарыш денесі” деп аталады және мынадай тақырыптарды қамтиды: “Ғарыш дегеніміз не?”, “Күн – жарық пен жылудың көзі”, “Жер – шар тәрізді дене”, “Глобустың градус торы”, “Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы”, “Жердің Күнді айналып қозғалуы.Жыл мезгілдерінің ауысуы”.
5-ші тарау “Қоғам” деп аталады және мынадай тақырыптарды қамтиды: “Отбасы – шағын қоғам”, “Туған-туысқандар”,“Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер”, “Алғашқы мұғалім”, “Біліміңді пайдаға асыр”, “Кітап қайдан шығады?”, “Жазғы демалыс”, “Шаруа қожалығы”, “Ауыл байлығы”, “Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі”, “Мектеп пен өндіріс орнының байланысы”.
6-шы тарау “Туған ел.Отан” деп аталады және мынадай тақырыптарды қамтиды: “Отаным менің, байтақ өлкем”, “Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі”,“Қазақтың хас батыры – Қарасай”,
“Райымбек батырдың Секерханмен жекпе-жегі”, “Егеменді еркін ел”, “Таяу шетел, алыс шетел”, “Азаматтық қоғам. Құқықтық қоғам”, “Кәрі Шыңғыстың қасіреті”, ““Невада-Семей” азаматтық қозғалысы”, “Қазақстанның ғарышжайы”.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Реферат
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 15. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Оқу- әдістемелік кешендер мен қосымша әдебиетті талдау
2. ОБСӨЖ жоспары:
1.”Дүниетану” пәнін оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
2.”Дүниетануды оқыту әдістемесі” оқулығын талдау (1-4 сыныптарға арналған).
3. ОБСӨЖ мақсаты: “Дүниетану” пәніне арналған әдістемелік оқулықтарды талдау.
4. ОБСӨЖ мазмұны:
“Дүниетану” пәнін өз мәнінде оқыту үшін мұғалімдерге көмек ретінде бірнеше қосымша құрал ұсынылады. Олар: дүниетану пәніне арналған альбом, оқушылардың табиғатты бақылауына бағытталған бақылау дәптері, оқулықтағы тақырыптар мазмұнын кеңейте түсу үшін және мұғалімдерге табиғат жайында қосымша оқып, білімдерін кеңейту үшін өте қажетті құрал – хрестоматия, қабырғаға ілінетін тақырыптық кестелер, әдістемелік нұсқау қоса беріліп отыр. Осылардағы мағлұматтарды, әдістемелік нұсқауды, көрнекіліктерді, оқушылардың өмірден, табиғаттан бақылағандарын орынды қолданып, тиімді пайдалану мұғалім қауымына жүктеледі.
Дүниетану пәні аптасына 2 сағат қана оқытылады. Небәрі жылдық жүктеме – 68 сағат. Солай бола тұрса да, оқушылардың күнделікті табиғатқа, жүргізетін бақылауы, тапсырмаларды жүйелі орындап отыруы арқылы үзіліссіз, сатылы білім беру мақсаты орындалуға тиіс.Оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарына кең көңіл бөліну керек.
Оқулық үш бөлімнен тұрады:”Адам”, “Табиғат”, “Қо Оқулық үш бөлімнен тұрады:”Адам”, “Табиғат”, “Қоғам”. Осы үш бөлім бір-бірімен тығыз байланысты.
“Адам” бөлімінде табиғаттың ең негізгі бөлігі ретінде қаралатын адамның бізді қоршаған дүниені танудағы орны, оның еңбегі мен бір-біріне қарым-қатынасы талданады. Адамның сезім мүшелері, дүниені танудағы олардың маңызы баяндалады. Былай қарағанда оқушыларға таныс, күнделікті өз өмірімен тығыз байланысты мәселелер сияқты.
Ал шынында, 6-7 жасар бала үшін адамның басты ерекшеліктері (сезім мүшелерінің), дүние танудағы қабілетін талдау үлкен ой тастайды. Оқушыларды өз қабілетін, мүмкіндігін білуге жетелеп, өз-өзіне деген сенімі артады. Осы тараудағы тақырыптарды оқыту барысында үнемі оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйену жағы ескерілуге тиіс.
“Табиғат” тарауы оқушыларды өлі және тірі табиғатпен таныстыра отырып, олардың бір-бірімен байланысын және осы байланыс жыл мезгіліне қарай өзгеріп отыратынын ұғындыруға арналған. Өсімдік, жануар дүниесінің ең негізгі ерекшеліктері: тұқымнан көбею, ұрпақ өргізу, қоректену, өлу, т.б. жеңіл түрде берілгенмен ғылыминегізде баяндалған. Өсімдіктер мен жануарлардың басты-басты топтарымен таныстыру мақсаты жүзеге асады.
Бұл бөлімді оқыту барысында мұғадім үнемі табиғатты бақылау, оның нәтижелерін күнделікті сабақта қолдану жағын ұмытпауға тиіс. Табиғат жайындағы ұғымдар жалаң оқулықты оқумен ғана шектелмейтіні мәлім. Сондықтан да мұғалімнің биологиялық пәндерден жан-жақты түсінігі болуға тиіс. Оқылатын тақырыптарды алдын-ала жоспарлау кезінде мұғалім тақырыптардың бір-бірімен байланысын үнемі ескеріп отырады.
“Қоғам” бөлімі – оқушының өз үйінен бастап ауылы, отаны туралы ұғым беруге арналған. Қоғам жайында жеңіл түсінік бере отырып, оқушылардың жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру қазіргі кездегі адамдар арасындағы қарым-қатынас, экономикалық жағдайға байланысты ұғым беру қамтамасыз етіледі.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Тестілік сауалнама
2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
№ 16. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Тақырыптық жоспар жасау (1 сынып)
2. ОБСӨЖ жоспары: 1. 1-сыныпта дүниетануды оқытудың ерекшелігі.
2. “Айналадағы дүние” тақырыбын өту әдістемесі.
3. ОБСӨЖ мақсаты: 1-сыныпта дүниетануды оқытудың ерекшелігі талдау.
4. ОБСӨЖ мазмұны:
“Айналадағы дүние” тақырыбын өту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Айналадағы дүние туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру.Айналадағы заттар мен құбылыстарды жіктеуге және топтауға жаттықтыру.
Базалық білім:Бүкіл әлем: аспан, жер. Аспан әлемі, денелер: аспан, күн, ай, жұлдыз. Табиғат және табиғат заттары. Табиғат құбылыстары. Адам, оның жасаған заттары мен құбылыстары.
Тірек білім: Аспан, жер, ағаш, құс, су, адам – бәрі табиғат.Оқушылардың өмір тәжірибесіне және суреттердегі көрініске сүйеніп, табиғат, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында түсіндіру. Оларды топтастыру, жіктеу.
Сабақ мазмұнының тірек сызбасы:
Әлем
Достарыңызбен бөлісу: |