«Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша 050102- «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі»



бет3/7
Дата16.04.2020
өлшемі1,22 Mb.
#62690
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Áàñòàóûø ìåêòåïòå ä íèåòàíóäû î ûòó òåîðèÿñû ìåí òåõíîëîãèÿñû»

Бірінші рейтинг бақылау



БІРІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ






Тақырыптар

Апта

Бағасы

Бақылау түрі

1

Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері

1 апта

2 балл

Тест

Бақылау сұрақтары

Глоссарий


2

Мемлекеттік білім стандартын (2 сынып) талдау

Мемлекеттік білім стандартын (4 сынып) талдау


2 апта


2 балл
2 балл

Глоссарий

Тест


Бақылау сұрақтары
Глоссарий

Тест


Реферат

3

Оқу бағдарламасын (2 сынып) талдау

3 апта

2 балл

Глоссарий

Тест


4

Оқу бағдарламасын (4 сынып) талдау

2-сынып оқулығын талдау



4 апта


2 балл

2 балл


Тест

Бақылау сұрақтары


Тест

Реферат


5

4-сынып оқулығын талдау

5 апта

2 балл

Тест

Глоссарий




6

Тақырыптық жоспар жасау (1 сынып)

Тақырыптық жоспар жасау (3 сынып)



6 апта


2 балл

3 балл


Тест

Бақылау сұрақтары


Тест

Бақылау сұрақтары



7

Жылдық жоспар жасау (1 сынып)

7 апта

3 балл

Коллоквиум

Тест

Жалпы ОБСӨЖ – нан 22 балл

Семинар сабақтардан – 8 балл



Екінші рейтинг бақылау




ЕКІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ







Тақырыптар

Апта

Бағасы

Бақылау түрі

1

Жылдық жоспар жасау (3 сынып)

Дүниетану пәнін оқыту материалдарын іріктеу принциптері



8 апта


2 балл

2 балл


Тест

Глоссарий


Тест

Глоссарий



2

Оқыту әдістерін дүниетану сабақтарында қолдану

9 апта

2 балл

Тест

Глоссарий



3

Дүниетану сабақтарында педагогикалық технологияларды пайдалану ерекшеліктері
Қорытынды сабақтың жоспары

10 апта


2 балл

2балл


Тест

Глоссарий

Реферат
Тест

Бақылау сұрақтары



4

Зертханалық сабақ жоспары

11 апта

2 балл

Тест

Глоссарий

Бақылау сұрақтары


5

Аралас сабақ, оның ерекшелігі, жоспары

Табиғатқа жасалатын танымжорықтар


12 апта


2 балл

2 балл


Тест

Реферат

Тест

Бақылау сұрақтары



6

Сабақтан тыс орындалатын жұмыс түрлері

13апта

2 балл

Глоссарий

Бақылау сұрақтары



7

Дүниетану сабақтарында адам-табиғат-қоғам жайлы түсініктердің қалыптасуы

Оқушыларға ұлттық дүниетанымды меңгерту



14 апта


2 балл

2 балл


Тест

Глоссарий

Бақылау сұрақтары
Тест

Глоссарий

Коллоквиум


8

Кіші комплектілі мектептердегі оқу процесі

15 апта






Жалпы ОБСӨЖ – нан 22 балл

Семинар сабақтардан – 8 балл
1. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Бастауыш мектепте табиғаттануды оқыту әдістемесінің даму тарихы

2. ОБСӨЖ жоспары: 1.К.Д.Ушинскийдің еңбектері.

2.А.А.Половкиннің әдістемелік еңбектері.

3.К.А.Сонгайлоның табиғаттануды оқыту әдістемесі.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Дүниетанудың батапқы негізі табиғаттануды оқыту әдістемесінің даму тарихын оқып үйрену, студенттердің білімі мен білік-дағдыларын шыңдау.
4. ОБСӨЖ мазмұны:

Ушинский Константин Дмитриевич (1824—1870)—бастауыш білім беру саласындағы аса ірі методист және педагог. Ол кіші мектеп жасындарылардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде жаратылыстану мен географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол балаларды оқыту сөзге негізделмей, олардың тікелей қоршаған әлемнен алған әсерлеріне негізделуі керек деп есептеді.

К. Д. Ушинский білімді саналы игеруге орасан зор мән берді және оқу анық, жүйелі және бір ізді болғанда ғана балаларға толық мағыналы білім бере алады деп есептеді. Ол көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады.

К. Д. Ушинский табират құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің негізгі қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. Ол: табиғат — адам өз мақсаттарына пайдалана отырып, өз іс-әрекетІн өрістететін табиғи орта дейді. Адам табиғаттың заңдарын ашады да, оны өзіне қызмет еткізеді. «Жаратылыс ғылымдары,— деп жазды ол, түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады»

Половинкин Александр Александрович (1887—1955), В. И. Ле-нин атындағы Москва мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, өзінің негізгі еңбектерін орта мектепте географияны оқыту методикасына арнаған. 1939 ж. В. И. Грузинскиймен бірігіп III және IV кластарда жұмыс істейтін мұғалімдерге көмек ретінде географияны оқытудың тұңғыш методикасын жазып, басып шы-ғарды. Онда сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру идеяла-рын жүзеге асыру жолдары көрсетілді, мектеп оқушыларын олар-ды қоршаған жермен таныстыру үшін табиғатқа экскурсиялар жа-сау қажеттігі анықталды, планмен және картамен жұмыс істеуге, география сабақтарында педагогикалық суретті пайдалануға кө-ңіл бөлінді.

А. А. Половинкин бастауыш класс мұғалімдер алдында сөйле-ген сөздерінде сабаққа тыңғылыкты дайындалу және кернекті құ-ралдарды дұрыс пайдалану қажеттігін атап көрсетті.



Сонгайло Константин Антонович (1890—1961) — көбінесе бас-тауыш кластарда географияны оқыту методикасы мен мазмұны саласында жұмыс істеген географ-методист.

1935 ж. бастап мектептерде (III—IV кластар) оның жасаған программалары іске қосылды. Ол өзінің программаларында балалардың планмен картаны оқып үйренуіне, практикалық жұмыстарды, экскурсияларды және класс пен даладағы бақылауларды жүргүзуге, оқушыларды өлке тану принципін қолдану негізінде қоршаған табиғатпен және халықтың тіршілігімен жүйелі түрде таныстыруға қойылатын талаптарды бірізділікпен баяндайды.


5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Глоссарий

2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.

  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.

  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.

  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.

  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.

  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.

  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.

  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.

  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.

2. ОБСӨЖ


1. ОБСӨЖ тақырыбы: Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Дүниетануды оқыта отырып оқушыларды тәрбиелеу.

2.Дүниетанудың интегративтік маңызы.


3. ОБСӨЖ мақсаты: “Дүниетану” пәнінің мазмұны мен теориялықь негіздерін және құрылымын талдау
4. ОБСӨЖ мазмұны:

Бастауыш сыныптарда дүниетануды жеке пән ретінде өтілуі елеулі өзгерістер енгізуді қажет етеді. Бастауыш сыныптарда оқушыларға жанжақты білім мен тәрбие беріп олардың өмірге деген көз қарасын қалыптастыруды жәнек ой өрісін дамытуда табиғат жайындағы мәліметтердің оқытудың маңызы ерекше. Жыл сайын білім беру жүйесіне қойылытын талапттар күшейіп келеді. Сондықтанда мұғалімдер оқушылардың қоршаған табиғат жайындағы түсінігін дамыту керек. Қазіргі мектептерде дүниетану бағдарламасының мазмұны мына талаптарға сай келуі тиіс.



  1. Табиғат заңдылықтарымен оның себептерін жеңіл түрде жергілікті жағдайға негіздей отырып түсіндіру.

  2. Жаратылыстану ғылымдарына тән әдістерге сүйене отырып оқушылардың жастарына сай материалдар негізінде олардың табиғат жайында бір тұтас түсініктерін қалыптастыру.

  3. Адам еңбегі мен табиғат арасындағы байланысты түсіндіру арқылы адам табиғаттың бір бөлігі екендігін ұғындыру.

  4. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны аялауға қорғауға баулу.

  5. Оқулықпен шектелмей, оқушылардың табиғат пен тікелей таныстырып бақылау жүргізуіне, бақылағандарын қортынды шығара білуіне, тіжрибелер мен практикалық жұмыстар атқарып, білімді ғылыми түрде меңгеру көзделеді.

1-4 сынып аралығындағы дүниетану оқулығының құрылымы теорялық мазмұнын сапасы бірнеше талаптарға сай жасалынған. Оқулықтың құрылымы берілетін жергілікті материалдарға, яғни өлкетану принциптеріне сай құрылады.

Оқулыққа енгізілген материалдардың мазмұны жыл мезгілдеріне қарай топтастырылған, мұндағы мақсат оқушыларға берілетін білімнің күнделікті табиғаттағы жыл мезгілдеріне сай табиғи құбылыстарды өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетін көрсету негізінде құрылған.

Адамның еңбегін бақылау арқылы жыл мезгілдеріндегі өзгерістерді түсіндіреді. Соның нәтижесінде табиғи құбылыстар өзара байланысты екендігін көрсетге болады.

Жоғарыдағы 3-4 сыныптарда ғылыми терминдер географиялық және ботаникалық, биологиялық тақырыптар жеке-жеке енгізілген. 1984 жылы оқулықтар екінші рет басылып шықты. Сол оқулықтарда тақырыптарды кешенді түрде топтастырып құрылады. Осы материалдар құрылымы жағынан ондағы түсініктерді жүйелі түрде орналастырылды. Мысалы, теориялық түсінік мазмұнын біртұтас өліктері туралы білімді түсіндіру.


5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Реферат

2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.

  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.

  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.

  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.

  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.

  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.

  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.

  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.

  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.

3. ОБСӨЖ


1. ОБСӨЖ тақырыбы: Мемлекеттік білім стандартын (1 сынып) талдау
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Мемлекеттік білім стандарты туралы түсінік.

2.1-сыныптағы “Дүниетану” пәнінің мемлекеттік білім стандарты.


3. ОБСӨЖ мақсаты: Студенттерге мемлекеттік білім стандарты және оның талаптары жайлы толық мәлімет беру және оны талқылау
4. ОБСӨЖ мазмұны:

Білім берудің мемлекеттік стандарттары

Стандарт – ағылшын сөзі – үлгі, эталон деген мағынаны білдіреді.

Жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты оқушылардың жалпы білімділік дайындығына, деңгейіне қойылатын міндетті минимал дәрежені белгілеп береді.

Білім берудің мемлекеттік стандарты білім берудің мазмұнын, формасын, тәсілдерін, әдістерін және оның сапасына қойылатын бағаның тәртібін анықтайды. Оқыту мазмұнының өзегі есептелген стандартты қолдау арқылы мемлекеттік территориясында жұмыс істейтін әртүрлі мекемелерде (мемлекеттік, мемлекетті болмаған) білім берудің бір қалыпты дәрежесін қамтамасыз ету шарты жүзеге асырылады. Стандарт негізінде оқу жоспары, оқулық және оқу құралдары түзіледі.

Жалпы орта білім берудің мемлекеттік білім стандарты өзінің құрылымы және мазмұнына қарай мемлекет, аймақ, мектеп мүддесі және жабдықтары бірлігін көрсетеді және ең негізгісі оқушы тұлғасы, оның әрекеттері, қабілеті және қызығуларының бірінші тұруынан келіп шығады.

Жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты оқушы білімінің, іскерлігінің және дағдысының сапасына болған талаптың ең төменгі (минимум) дәрежесін анықтайды.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік немесе мемлекеттік болмаған оқу орындарының барлығы білім берудің мемлекеттік стандартын орындауы міндетті

Бұл стандарт ҚР БМЖМС 2003-2002 негізінда дайындалды және «Дүниетану» пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.

Стандарт ережелері:

- ҚР–ның жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың білім беруді ұйымдастырудың меншікті формасына, типіне және түріне қарамастан «Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың жалпы білімдік дайындығын жүзеге асыру кезінде;

- орта кәсіптік және жоғары оқу орындарына берілген пән бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде;

- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында берілген пән бойынша педагог мамандықтарының біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламасын жасау барысында;

- білім саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында «Дүниетану» пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда қолданылуы және сақталуы міндетті.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Тестілік сауалнама

2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.


  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.

  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.

  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.

  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.

  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.

  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.

  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.

  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.

  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.

4. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Мемлекеттік білім стандартын (2 сынып) талдау
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандарты.

2.2-сыныптағы “Дүниетану” пәніне арналған мемлекеттік білім стандарты.


3. ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартын талқылау
4. ОБСӨЖ мазмұны:

Мемлекеттік стандарттар туралы түсінік. ҚР-ның білім саясаты білім берудің мемлекеттік стандартын жасау және енгізу арқылы жүзеге асады. Педагогикадағы стандарттау – көп типті мектеп жағдайында білім беру саласына біріңғай мемлекеттік саясат жүргізуге ықпал ететін білім беру процесін жобалаудың жаңа тәсілі.

Стандарт мектеп түлектерінің білім деңгейлеріне мемлекеттің қоятын минимум талаптарын және оған жетудегі мемлекеттің кепілдіктерін анықтайды. ҚР ата заңның 30-бабының 4-параграфында: «Мемлекет жалпы білім беру стандартын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандартқа сәйкес болуы тиіс» деп көрсетілген.

Мемлекеттік стандарт жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық білім беру ұйымдарында олардың меншіктік түріне және типіне тәуелсіз сақталуы міндетті.

Стандартты енгізудің негізгі мақсаты –қоғам сұраныстары мен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес азаматтар білімділігінің орнықты деңгейін қолдау, барлық оқу – тәрбие орындарында білім алуға тең жағдайларды қамтамасыз ету мектеп түлектерінің білімі мен біліктеріне бірдей талаптар тағайындау.

Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушының оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды. Мектеп түлектерінің дайындық деңгейі мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойылған мақсаттарға жетудің куәсі болып табылады.

Еліміздің ең алғашқы білім беру стандарты 1998 жылы дайындалды. Оны жетілдіру білім беру сапасын көтеру қажеттілігінен, өзгермелі әлеуметтік жағдайларға білім мазмұнын сәйкестендіруден туындап отыр. Стандартты қайта өңдеп, жетілдіру қажеттілігінің басты негіздемесі – демократияландыру, ізгілендіру және интеграциялау негізінде Қазақстандағы білім беру сапасын әлемдік деңгейге неғұрлым жақындату болып табылады.

«Дүниетану» пәні бойынша осы стандарт мектептің бастапқы сатысындағы базистік оқу жоспарымен, типтік оқу жоспарымен және жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламасымен кешенді түрде қолданылады.

Стандартты 1-ші қолдану саласы нормативтік сілтемелер, анықтамалар мен қысқартулар, жалпы ережелермен «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрі, «Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі, «Дүниетану» пәні бойынша базалық білім мазмұны, «Дүниетану» пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар, «Дүниетану» пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар көрсетілген.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Коллоквиум

2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.

6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.


  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.

  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.

  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.

  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.

  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.

  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.

  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.

  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.

  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.

5. ОБСӨЖ


1. ОБСӨЖ тақырыбы: Мемлекеттік білім стандартын (3 сынып) талдау
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Мемлекеттік білім стандартының қолдану салалары.

2.3-сыныптағы “Дүниетану” пәнінің мемлекеттік білім стандарты.


3. ОБСӨЖ мақсаты: Мемлекеттік білім стандартының қолдану салаларымен танысу.
4. ОБСӨЖ мазмұны:

Дүниетану» пәні бойынша осы стандарт мектептің бастапқы сатысындағы базистік оқу жоспарымен, типтік оқу жоспарымен және жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламасымен кешенді түрде қолданылады.

Білім берудің мазмұны.

Білім мазмұнын анықтау – бұл неге үйрету, нені оқыту мақсатын анықтап алу деген сөз.

Білім мазмұны – білімнің ғылымилығы, іскерліктің және дағдының жүйесі. Сондықтан білімнің мазмұны – оқыту процесі компонеттерінің бірі болып табылады. Сол жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамып, дүниеге көзқарасы, мінез-құлығы қалыптасады.

Білім берідің мазмұны, ең алдымен, қоғамның мектеп алдына қоятын мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Сондай-ақ дидмктикалық талаптар да ескеріледі, себебі соның негізінде ғана қай жаста, қандай көлемде, қандай пәндерді оқуға болатындығы дұрыс шешіледі. Білім берудің мазмұны деп белгілі бір оқу орындағы үйренілетін білімдер мен іскерліктердің жүйесіне айтылады.

Білім берудің мазмұны нормативтік құжаттар: оқу жоспары, оқу бағдарламасы және оқулықтарда көрсетілген.

Оқу жоспары – Қазақстан Республикасы халыққа білім беру министрлігі бекіткен оқу орнының сертификаты.

Оқу жоспарында:


  • оқу жылының басталуы мен соңы, ширектер мен демалыстардың мерзімі;

  • осы оқу орнында өтілуі керек болған пәндердің толық тізімі;

  • әр оқу жылдары бойынша осы оқу пәндерінің өтілу тәртібі мен реті;

  • бір оқу жылында өтілетін әрбір пәннің сағат саны;

  • әр жетіде әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшері;

  • практикумдардың құрылымы мен мерзімі белгіленеді.

Оқу жоспары негізінде оқу бағдарламасы (программасы) түзіледі. Оқу бағдарламасы оқылатын пәндер бойынша жеке жасалады.Онда:

  • пәнді оқытудың мақсаты және оқушылардың білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптар бойынша түсінік хат жазылады;

  • оқыту нысандары мен әдістері ұсынылады;

  • оқылатын материалдар жылға бөлініп, сағаттары көрсетіледі;

  • оқылатын материалдың тақырыптьық мазмұны анықталады;

  • пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар, оған әдебиет тізімі ұсынылады.

Стандартты 1-ші қолдану саласы нормативтік сілтемелер, анықтамалар мен қысқартулар, жалпы ережелермен «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрі, «Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі, «Дүниетану» пәні бойынша базалық білім мазмұны, «Дүниетану» пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар, «Дүниетану» пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар көрсетілген.

«Дүниетану» пәні бойынша білім беру стандарты – ҚР –дағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы барлық типтеріне ортақ дүниетанудан оқушының алатын міндетті білім деңгейін тағайындайтын құжат.

«Дүниетану» пәнінің базалық мазмұны – үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлеріне жаратылыстану цикліндегі пәндер бойынша оқуды жалғастыру үшін жеткілікті, мектепте оқылуы міндетті болып табылатын оқу пәнінің құрамы мен құрылымының тізбесі.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Глоссарий

2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.


  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.

  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.

  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.

  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.

  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.

  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.

  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.

  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.

  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.

6. ОБСӨЖ


1. ОБСӨЖ тақырыбы: Мемлекеттік білім стандартын (4 сынып) талдау
2. ОБСӨЖ жоспары:

1.4-сыныптағы “Дүниетану” пәніне арнлған мемлекеттік білім стандарты.

2. “Дүниетану” пәнінен оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейін тексеру.
3. ОБСӨЖ мақсаты: Бастауыш білім беретін мектепте “Дүниетану” пәнінен оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейі туралы талқылау
4. ОБСӨЖ мазмұны:

«Дүниетану» пәнін оқытудың басты мақсаты оқушыларға адам, табиғат, қоғам және олардың байланыс туралы білім беру арқылы қоршаған ортадағы өз орнын ұғынуға көмектесу негізгі және орта мектепте оқылатын жаратылыстану пәнінің негізін қалап, келешекте сол пәндерді ғылыми тұрғыдан меңгеруге дайындау. Сонымен қатар оқушылардың заттар мен қоршаған ортаны бақылау дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

“Дүниетану” пәнін оқытудың басты міндеттері:

оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;

денелер, нәрселер, құбылыстар, олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру;

оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып білуге қызығұшылығын дамыту;

оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру;

табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын үйрету;

қоршаған орта жайлы білімді өздігінен меңгеруі және оны қолдана білуі.

“Дүниетану” пәнінің зерттеу объектілері

Дүниетанудың бастауыш білім жүйесіндегі ролі оқушыларда қоршаған орта, қоғамның материалдық жағдайы, тіршілік иелерінің ерекшелігі, өлі және тірі табиғаттың бір-бірімен байланысы, табиағттағы жыл мезгілдерінің өзгерісі жайлы ұғым береді.

Дүниетанудың зерттеу объектілері: табиғат, адам және қоғам.

“Табиғат” бөлімі:

өлі және тірі табиғат, табиғат заттары мен денелерінің қасиеттері, сапалары, күйі, өзара байланысы, табиғат құбылыстары;

өсімдік және жануарлар дүниесі, олардың тіршілік қажеттіліктері (жарық, жылу, су, т.б.) көбею, өсу, жер бетіне таралу ерекшеліктері, тіршілік орталары;

“Адам бөлімі”:

адам-тірі табиғаттың бір бөлігі, адамның тірі ағза ретіндегі ерекшелігі (тік жүру, ойлау, еңбек, сөйлеу) оның отбасындағы, табиғаттағы, қоғамдағы ролі, айналамен қарым-қатынасы;

ғылымның, техниканың, өндірістің, қоғамның дамуындағы адамның ролі;

адам мен қоғамның даму тарихы және мәдени, тарихи мұралары.

“Қоғам” бөлімі:

отан, отбасы, мектеп, ауыл, қала, қоғам, оқушылардың өзін және өзінің қоғамдағы орнын сезінуі;

еліміздің егемендік алғанға дейінгі тарихы, халық батырлары, туған ел рәміздері, Қазақстанның дүниежүзілік елдер бірлестігінде алатын орны.

“Дүниетану” пәні мазмұнының даму болашағы – бұл пәннен алған білім мазмұны жоғары сыныптарда оқытылатын жаратылыстану пәндері арқылы кеңейтіліп, тереңдетілуімен айқындалады.

“Дүниетану” пәні – “Жаратылыстану” білім саласының құрамдас бөлігі. Заттардың физикалық, химиялық қасиеттерін анықтау, ғарыштық құбылыстар мен жер қойнауындағы және тіршілік әлеміндегі құбылыстарды, таби.

“Дүниетану” пәні – “Жаратылыстану” білім саласының құрамдас бөлігі. Заттардың физикалық, химиялық қасиеттерін анықтау, ғарыштық құбылыстар мен жер қойнауындағы және тіршілік әлеміндегі құбылыстарды, табиғат объектілерінің қасиеттерін, географиялық ашуларды оқу барысында оқушылар дүниетанудан алған білімдеріне сүйенеді.

“Дүниетану” пәні бойынша оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне жетуін тексеруде оқушылардың білімдерін тексеру бойынша тапсырмалар үш деңгейде беріледі:



  1. Мәтін мазмұнымен тікелей байланысты сұрақтар мен тапсырмалар

  2. Оқушылардың күнделікті бақылаулары мен өмір тәжірибелерін мәтін мазмұны мен байланыстыруға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  3. Оқушылардың шығармашылыққа бағыттайтын сұрақтар мен тапсырмалар

Стандарт талаптарын орындалуын бағалау оқу процесінің межелік кезеңінде, яғни оқытудың бастауыш сатысының соңында 4-сыныпта жүзеге асырылуы тиіс.

“Дүниетану” пәні бойынша білім беру стандарты барлық оқушылар меңгеруі тиіс міндетті минимумды белгілейді.

Дайындықтың міндетті деңгейіне жету нәтижесі оқушылардың білімінің стандартта көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды болып табылады, сондықтан мұндай тексеру нәтижелері “меңгерді” немесе “меңгерілмеді” деген белгінің көмегімен бағаланады.

Сонымен қатар оқушылардың күнделікті оқу процесіндегі білім мазмұнының базалық деңгейі ауқымдағы жетістіктері бес балдық жүйе бойынша бағаланады, олардың қорытынды бағасы мектептің бастауыш сатысының құжатына қойылады.



5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Реферат

2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.

  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.

  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.

  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.

  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.

  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.

  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.

  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.

  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.

7. ОБСӨЖ
1. ОБСӨЖ тақырыбы: Оқу бағдарламасын (1 сынып) талдау
2. ОБСӨЖ жоспары: 1.Оқу бағдарламасы жайлы түсінік.

2.1-сыныптағы “Дүниетану” пәніне арналған оқу бағдарламасын талдау.


3. ОБСӨЖ мақсаты: Оқу бағдарламасы жайлы толық мағлұмат алу және “Дүниетану” пәніне арналған оқу бағдарламасын талдау.
4. ОБСӨЖ мазмұны:

Оқу жоспары негізінде оқу бағдарламасы (программасы) түзіледі. Оқу бағдарламасы оқылатын пәндер бойынша жеке жасалады.Онда:



  • пәнді оқытудың мақсаты және оқушылардың білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптар бойынша түсінік хат жазылады;

  • оқыту нысандары мен әдістері ұсынылады;

  • оқылатын материалдар жылға бөлініп, сағаттары көрсетіледі;

  • оқылатын материалдың тақырыптьық мазмұны анықталады;

  • пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар, оған әдебиет тізімі ұсынылады.

“Дүниетану” пәні ауқымында білім берудің негізгі бағдарламасы жүзеге асырылады.

“Дүниетану” бағдарламасының мазмұны табиғат, адам, қоғам бөлімдерін қамтиды.

“Адам” бөлімінде табиғаттың ең негізгі бөлігі ретінде қаралатын адамның бізді қоршаған дүниені танудағы орны, оның еңбегі мен бір-біріне қарым-қатынасы талданады. Адамның сезім мүшелері, дүниені танудағы олардың маңызы баяндалады. Былай қарағанда оқушыларға таныс, күнделікті өз өмірімен тығыз байланысты мәселелер сияқты.

“Табиғат” тарауы оқушыларды өлі және тірі табиғатпен таныстыра отырып, олардың бір-бірімен байланысын және осы байланыс жыл мезгіліне қарай өзгеріп отыратынын ұғындыруға арналған. Өсімдік, жануар дүниесінің ең негізгі ерекшеліктері: тұқымнан көбею, ұрпақ өргізу, қоректену, өлу, т.б. жеңіл түрде берілгенмен ғылыминегізде баяндалған. Өсімдіктер мен жануарлардың басты-басты топтарымен таныстыру мақсаты жүзеге асады.

“Қоғам” бөлімі – оқушының өз үйінен бастап ауылы, отаны туралы ұғым беруге арналған. Қоғам жайында жеңіл түсінік бере отырып, оқушылардың жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру қазіргі кездегі адамдар арасындағы қарым-қатынас, экономикалық жағдайға байланысты ұғым беру қамтамасыз етіледі.
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Тестілік сауалнама

2. ОБСӨЖ тақырыбын жалпы түсіндіру.
6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.


  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.

  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.

  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.

  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.

  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.

  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.

  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.

  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.

  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.

8. ОБСӨЖ


1. ОБСӨЖ тақырыбы: Оқу бағдарламасын (2 сынып) талдау
2. ОБСӨЖ жоспары: 1. Оқу бағдарламаларының түрлері.

2. 2-сыныптағы “Дүниетану” пәнінің оқу бағдарламасын талдау.


3. ОБСӨЖ мақсаты: 2-сыныптағы “Дүниетану” бағдарламасын талдау
4. ОБСӨЖ мазмұны:

“Дүниетану” пәнінің мазмұны жалпы білім берудің келесі бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.



  • жалпы білім берудің негізгі бағдарламасы;

  • жалпы білім берудің қосымша бағдарламасы

Жалпы білім берудің негізгі бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар негізінде жасалады. Жалпыға міндетті негізгі бағдарламаға оқушыларды саралап оқытудың қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану математикалық бағытының мазмұнын жүзеге асыратын бағдарлы білім беру бағдарламалары жатады.

Жалпы білім берудің қосымша бағдарламасы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартынан тыс мазмұнды жүзеге асырады.

Мемлекеттік стандарт ауқымында әрбір білім беру бағдаламасының қысқаша сипаттамасы беріледі.

Адам.

Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы.Адам өз өміріне ең қажетті жағдайларды қайдан алады?Еңбекпен келген нан – қасиетті тағам.Еңбек етпеген ішіп-жемейді.Мен және басқа адам.Әдептілік.Білу және білгенді өмірде пайдалану.Адам және айналадағы дүние.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет