Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориясы мен технологиясы



бет13/13
Дата13.02.2017
өлшемі3,12 Mb.
#9156
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Лабораториялық жұмыс №7



Тақырыбы: оқушыларды ермек саздан бұйым орындауды үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 2 – сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.
Предметі: ермек саздан бұйым жасауда оқушылардың машықтық қасиетін дамытудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың ермек саздан бұйым орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқытудың құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 2 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу - әдістемелік құралдары, ұсыныстар, көрнекіліктер: бұйым үлгілері,технологиялық карта; сызба құралдары; техникалық аспаптар, темір сымы, саз немесе пластилин, қағаз, ыдыстар, стектер және т.б..
Жұмысты орындауға нұсқау.
2 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес

білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға игерілетін оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның машықтану қабілетіне арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының машықтану қасиетін нығайтатын әдіс-тәсілдері көрсетіліп, практикалық жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының машықтану қабілетінің даму дәрежесін бақылау формасы мен әдістерін анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.


Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы оқыту құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тақырып: Ермек саздан ыдыс жапсырмалау(1 сағат).
Ыдыс – аяқ жиынтығын сервиз деп атайды. Шай ішетін сервиздер бар. Шай сервиздері 2 – 6 нәрседен тұруы мүмкін.

Демек сервиздер пайдаланылатын орнына қарай әр түрлі болады. Біз де сервиз жапсырмалағанда осыны есте ұстаймыз. Сервиз ыдыстарының сыртқы беттерін өрнектеу онша күрделі емес. Өрнектер өсімдік дәндерімен бейнеленген бедерлі суретпен және қалемшемен өңдеу арқылы жасалады. Бояумен жазуға да болады. Екінші сыныпта бедерлі суреттерді қалай жазып, бейнелегенімізді естеріңе түсіріңдер.

Пішіннің ұнамдылығының үлкен мәні бар. Кофе қайнатқыштың пішініне қарап, оның негізіне пластмасса шөлмекті, ал шайнек үшін пластмасса стақанды алуға болатынын білу қиын емес. Осындай стақанға ермексазды жапсырмалап, шайнектің пішініне келтіреміз. Пішінді өңдеп, бояу ғана қалады.

Тексеру сұрақтары.




  1. Ермек саз бұйымын оқушыға орындату үшін оқу материалында өзгеріс енгзілді ме?

  2. Кандай сабақтың түрі мен типі қолданды?

  3. Сабақта оқушының қандай қасиетін бақыладың?

  4. Қандай оқытудың формасы қолданылды?

  5. Оқушының машықтану қасиетін дамытуға өзің қандай тәсілдер ұсындың?

  6. Объектіні басқа қандай материалдан жасауға және безендіруге болар еді?

  7. Машықтану қасиетін қандай критериямен бағалайсың?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.

  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.

  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.

  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. Уральск, 2005 ж.

  6. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 - сынып). -Алматы, 2003 ж.

  7. Конышева Н. М. Лепка в начальных классах. -М., 1985 г.



Лабораториялық жұмыс №8



Тақырыбы: оқушыларды қолөнер бұйымын жасауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 4 – сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.
Предметі: оқушылардың жұмсақ материалдан (былғары) игерген білімі мен іскерлігін жаңа жағдайда қолдана алудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушының былғарыдан көркем бұйымдарды шығармашылықпен орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқытудың құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 4 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу және әдістемелік құралдары, ұсыныстар, көрнекіліктер: былғары бұйымның үлгілері; былғары материалы, сызба құралдары; техникалық аспаптар; тігін материалдары мен аспаптары және т.б..
Жұмысты орындауға нұсқау.
4 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес белгіленген шығармашылық жұмыстың мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Шығармашылық жұмыстың мазмұны арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушының орындайтын жұмыс мазмұнын теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптық шығармашылық жұмыстың көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты объектілерді алдын- ала дайындайды. Таңдалған объект оқушының қызығушылығына, қабілетіне сәйкес келмесе, онда жұмыстың тақырыбын өзі таңдауға мүмкіндігі бар. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды. Орындалып үлгермеген шығармашылық жұмысты үй тапсырмасына беругеде болады.

Келесі кезеңде оқушының жасаған бұйымын бақылау формасы мен әдістерін анықтауда, студент шығармашылық жұмыстарды бағалаудың қосымша критерияларын анықтау керек. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.

Тапсырма №1.
Тапсырма: Мата немесе былғарыдан аппликация техникасында сәнді «Панно» дайындау(1 сағат).
Панно – қоғамдық мәдени орындарды, үй бөлмелерін әсемдеу және безендіру үшін жасалатын өнер туындысы. Оны оқушыларда жасай алады. Ол үшін қажетті заттар: сурет жақтаушы (рама), ирек таспа, түрлі түсті мата, жіп, ине,желім, бір түсті қалың қатты мата.

Оқушы өзінің таңдауы бойынша безендіру объектісінің нобайын қалам саппен қағазға орындайды. Қатты ағаштың ұнтағынан жасалған тақтайшаны кесіп(өлшеммен) немесе картонды алуға да болады. Оның бетіне «фон» ретінде бір өңді түсті матамен немесе былғарымен жапсырылады. Нобай бойынша бейне кесіннің пішіні мен түсіне орай мата немесе былғарыны қыиып, бір өңді жазық матаның немесе былғарының бетіне жапсырады. Дайын болған жұмыстың жиек бөліктерін ағаш немесе тығыз түсті картонмен безендіріп рамасын қондырады. Соңғы кезең «Панно» ілгекті жасап, жұмыстың теріс жағына қондырады.

Тексеру сұрақтары.


  1. Оқу материалында толықтыру, ықшамдау өзгерістері енгізілді ме?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Оқушыны жаңа оқу материалын басқа жағдайда қолдана алу мүмкіндігі қандай болды?

  4. Шығармашылық жұмысқа оқушының игерген білімі мен іскерлігі жеткілікті болды ма?

  5. Қандай технологиялық процесін материалды өңдеуде, оқушы жұмыс орындауда жиі қолданды?

  6. Мұғалімнің тарапынан қандай көмек көрсетілді?

  7. Оқушының шығармашылық жұмысы қандай критерияда бағаланды?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(4 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.

  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.

  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж.

  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -Уральск, 2005 ж.

  6. Өстеміров К. Еңбекке баулу (4 - сынып). -Алматы, 2000 ж.

  7. Барадулин В. А. Основы художественного ремесла. -М., 1979 ж.

  8. Әміргазин Қайрат. Қазақ қолөнері. -Алматы, 1986 ж.

  9. Афонькин С. Ю. Орнаменты народов мира. -С – ПБ., 1998 ж.

  10. Маргулин А. Х. Казахская народная прикладная искусство. В 3 – х томах. -Алматы, 1986, 1988, 1994 ж.ж.

  11. Гукасова А. М. Рукоделие в начальных классах. -М., 1984 ж.

Лабораториялық жұмыс №9


Тақырыбы: оқушыларды техникалық құрастыруға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Жұмыстың объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 1 – сынып еңбекке баулу пәнін оқытудың мазмұны.
Жұмыстың предметі: объектіні құрастыру жұмысындағы жаңа ұғымдарды игерудің сабақ жоспарын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың объектіні құрастыру жұмысындағы ұғымдарды игеру сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқыту құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 1 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу және әдістемелік құралдары, ұсыныстар, көрнекіліктер: техникалық объектілердің үлгілері (картоннан, пластмассадан, ағаштан, металлдан жасалған), альбомдар, «Лего», техника моделін жасаудың техникалық сызбалары, схема, технологиялық карта; сызба құралдары; материал: қағаз, картон, желім және т.б..
Жұмысты орындауға нұсқау.
1 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес

білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушы игеретін ұғым элементтерін анықтайды. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның жаңа ұғымды меңгеруге арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының техникалық ұғымдарын нығайтатын практикалық жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Немесе дайын «Конструктор» жинайтын моделді ұсынуға да болады. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта құрастырып үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының жаңа техникалық ұғымды игеруін бақылау формасы мен әдістерін анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.


Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тақырып: Құрастыру(1 сағат).
Техника саласының объектілері бөлшек және тетіктердің көмегімен құрастырылып бір үлкен техникалық бұйым болып өндірістерде шығарылады. Әрбір тетіктің өзінің атауы мен қызметі бар. Кез-келген бөлшектер техникада жеке қызмет атқара алмайды. Олар бір-бірімен біріктіріле объектінің негізгі қызметін атқаруға мүмкіндік жасайды. Ол техникаларды конструкторлар жобаласа, инженерлер тетіктердің техникалық сипаттамаларын есептеп өндірісте жасау технологиясын анықтап отырады.

Құрастыру дегеніміз түрлі материалды бір-біріне жапсырып, бөлшектерді біріктіріп, бір зат жасау. Жинақтау бөлшектері кез-келген табиғи немесе жасанды материалдардан жасалады. Бөлшектерді бір-бірімен ажырамалы, ажырамайтын түрде біріктірулер қолданады. Құрастыру бөлшектері: дөңгелек, планка, штифт, гайка, болт, пластина, қамытша, сақина, білік және т.б...

Практикалық сабақта «Конструктор» бөлшектер жинағынан техника моделін жинатуды орындау.
Тексеру сұрақтары.


  1. Белгіленген оқу материалындағы техникалық ұғымдарға қосымша өзгерістер енгізілді ма?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданды?

  3. Объектіні құрастыруда оқушының қандай психикалық қасиеті дамиды?

  4. Оқушының ұғымдарды игеруге қандай дәстірлі және дәстүрлі емес әдіс – тәсілдер қолданылды?

  5. Сабақтың негізгі бөліміне кеткен уақыт мөлшері қандай?

  6. Оқушының игерген ұғымдары практикалық сабақтарда жиі қолданылуы табылады ма?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(1 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.

  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.

  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.

  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. Уральск, 2005ж.

  6. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (1 - сынып). -Алматы, 2001 ж.

  7. Саткалиев О. С. и др. Технология 1 класс (12 лет обучения), (методическое пособие). –Алматы, 2005ж.

  8. Заворотов В. А. От идеи до модели. -М., 1988 ж.

Лабораториялық жұмыс №10


Тақырыбы: оқушыларды тұрмыстық бұйымдарды күтуге үйретудің оқыту мазмұны және оны технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 2 – сынып еңбекке баулу пәнін оқытудың мазмұны.
Предметі: қызмет көрсету еңбегіндегі оқушылардың өзбетімен жұмыс орындау қабілетінің сабақ жоспарын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың тұрмыстық қызмет көрсету жұмысындағы өзбетімен орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқытудың құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 2 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу және әдістемелік құралдар, ұсыныстар, көрнекіліктер: тұрмыстық бұйым үлгілерінің альбомы, бөлме интерьерінің бейне кескіндерінің альбомы, сыртқы киім, аяқ киім үлгілері және т.б..
Жұмысты орындауға нұсқау.
2 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес

білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушы өз бетімен жұмыс орындау мазмұнын нақты белгілейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның өз бетімен жұмыс орындауға арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының өзбетімен жұмыстанатын практикалық жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының өз бетімен жұмыс орындау дәрежесінің бақылау формасы мен әдістерін анықтайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.


Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма № 1.
Тақырып: Сыртқы киім мен аяқ киімді күту(1 сағат).
Сыртқы киім мен аяқ киім күнделікті тазалап күтіге мұқтаж болып тұрады. Бас киімдер дәліздегі киім қоятын арнайы шкафтарда немесе сөрелерде сақталады. Оларды таза және ұқыпты етіп сақтау тиіс. Бас киімді арнайы бас киім сияқты пішінді заттқа кигізіліп қойған өте орынды. Оның бастапқы пішіні өзгермей сақталады.

Күнделікті тұрмыста үлкен кісілер жұмысқа барып, оқушылар мектепке бару кезінде сыртта сыртқы киімдерге шаң, ылғал және ластанады. Мұндай жағымсыз күйлерден киімнен арылту үшін күнделікті сабақтан немесе жұмыстан кейін тазартып шкафтың ілгектеріне іліп қою қажет. Киімдерді тазарту үшін, оның тәсілдері көп. Былғарыдан жасалған бас және сыртқы киімдерді жұмсақ немесе паралон материалын ылғалдаттырып тазалағаннан кейін кептіру керек. Егер матадан тігілген киімдер болса, онда оларды киім щеткасымен тазалайды немесе химиялық өңдеу жасайтын қызмет көрсету орнына тапсырып тазалаттырады.

Аяқ киімді тазалаудың тәсілдерін бірінші сыныпты танысып кеткен болатынсыңдар. Сырттан келгеннен кейін, оны бірден тазалап қою керек. Егер ластанса ылғал матамен тазалап кептіресің, шаң болса да, ылғал матмае немесе паралонмен тазаланады. Кепкен аяқ киімді арнайы аяқ киім майын жағып реңін және киюге қасиетін арттыра түсіресің.
Тексеру сұрақтары.


  1. Оқушының өз бетімен жұмыстануға оқу материалында қандай өзгерістер орындалды?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданды?

  3. Оқушының өзбетімен жұмыс орындауда қандай қателіктер жиі байқалды?

  4. Оқушының өз бетімен жұмыс орындауға үйренудің қандай әдістері қолданды?

  5. Оқушының өзбетімен жұмыс орындауда мұғалімнің қызметі неде?

  6. Өзбетіндік жұмыстың сабақтағы дидактикалық міндеті неде?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.

  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.

  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.

  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах.Уральск, 2005ж.

  6. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 – сынып). -Алматы, 2002 ж.

  7. Заворотов В. А. От идеи до модели. -М., 1988 ж.



2. Студенттің сабақ жоспарын моделдеуге және құрастыруға әдістемелік көмек.
Сабақтың типі мен құрылымы.


  1. Сабақтың қандай типі таңдалды, оның мақсатқа сайлылығы.

  2. Берілген бөлім бойынша сабақ жүйесіндегі сабақтың орны.

  3. Алғашқы сабақ пен жаңа сабақтың өзара байланысы.

  4. Сабақтың барысы (логикалық) қалай?

  5. Сабақтың құрылымы берілген типті сабаққа сәйкестігі.

  6. Сабақтың аяқталуы мен біртұтастығы қамтамасыз етілді ме?


Оқыту принциптерінің жүзеге асуы


  1. Тапсырманы комплексті шешуде оқытудың бағытталу принципі.

  2. Оқытудың ғылымилығы, өмірмен байланысы.

  3. Оқытудың қолайлығы.

  4. Көрнекілік.

  5. Жүйелік және бірізіділік.

  6. Оқушының саналылығы, белсенділігі және өзбетімен жұмыс орындалуы.

  7. Сабақта оқушының танымдық қабілетінің дамуы.

  8. Танымдық іс - әрекет қандай сипатта болды.

  9. Оқытудың жекелендіру мен даралануы.

  10. Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мүмкіндігі.


Оқытудың әдістері


  1. Сабақтың міндеттеріне әдістер сәйкес келді ме?

  2. Танымдық іс - әрекеттің сипатына мүмкіндігі берді ме?

  3. Оқушының белсенділігіне қандай әдістер әсер етті.

  4. Өзбетімен жұмыс қалай жоспарланды және орындалды.

  5. Оқытудың әдістері мен тәсілдердің тиімділігі қандай?



Сабақта оқу жұмысын ұйымдастыру


  1. Оқу міндеттері әрбір сатыда қалай жүзеге асты?

  2. Әр түрлі формадағы сатылардың өзара үйлесуі.

  3. Оқушының әр түрлі іс - әрекетінің бірізді орындалуы.

  4. Оқушының іс - әрекетін бақылауды ұйымдастыру қалай өтті.

  5. Оқушының білімі дұрыс бағыланды ма?

  6. Оқушының дамуын қалай жүзеге асырды?

  7. Оқушыларды ұйымдастыру мұғалім қандай тәсілдерді қолданды?

  8. Сабақтың сатыларын қорытындылау.


Мұғалімнің жұмыс жүйесі


  1. Сабақты жалпы ұйымдастыру іскерлігі.

  2. Оқу жұмысының тиімді тәсілдерін оқушыға көрсете білу.

  3. Сабақтың оқу материал көлемін анықтау.

  4. Мұғалімнің басқарудағы мінез – құлқы: такт, сыртқы көрініс, сөзі, эмоция, ақиқаттығы және т. б.

  5. Топтағы психологиялық көңіл – күйді орнықтыра білу.


Оқушының жұмыс жүйесі


  1. Сабақтың әр бір сатысында ұйымдастыруы мен белсенділігі.

  2. Оқушының эмоциясы сабаққа сәйкестілігі.

  3. Жұмыстың әдістері, тәсілдері және олардың деңгейінің қалыптасуы.

  4. Мұғалімге, пәнге, сабаққа, үй тапсырмасына қатынасы.

  5. Білімді игеру деңгейі.

  6. Білімді шығармашылықпен пайдалану мүмкіндігі.


Сабақтың жалпы нәтижесі


  1. Сабақтың жоспарын орындау.

  2. Сабақтың үш міндетін орындап жүзеге асыруы.

  3. Оқушының білімді игеру деңгей және іс - әрекет тәсілдері.

  4. Қабылдау, түсіну, еске қалдыру деңгейі.

  5. Ұқсас жағдайларды қолдана алуы.

  6. Жаңа жағдайларда білімді қолдану.

  7. Сабақтың тиімділігі мен нәтижесін жалпы бағалау.

  8. Сабақтың сапасын жақсарту туралы ұсыныс.


Сабақтың типологиясы


  1. Кіріспелі.

  2. Жаттығу.

  3. Тексеру.

  4. Білім, іскерлік және дағдыны бекіту.

  5. Өзбетімен жұмыс орындау сабағы.

  6. Техникалық құралдарды пайдалану.

  7. Сарамандық жұмыс сабағы.

  8. Біріктірілген сабақ.

  9. Қайталау және жалпыламау.

  10. Қайталау.

  11. Білім, іскерлік және дағдылануды игеру.

  12. Предметті сабақ.


Еңбекке баулу сабағының жалпы құрылымы


  1. Сабақтың тақырыбы( сабақтың уақыт мөлшері).

  2. Сабақтың мақсаты(дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелілік).

  3. Сабақтың формасы.

  4. Сабақтың әдістері(оқыту, үйрену).

  5. Сабақтың құралдары.

  6. Ұйымдастыру бөлімі (кіріспе нұсқау).

  7. Өткен сабақтың оқу материалын тексеру және қайталау.

  8. Жаңа оқу материалын қарастыру.

  9. Практикалық жұмыс(ағымдағы нұсқау).

  10. Жаңа оқу материалын бекіту.

  11. Сабақты қорытындылау(қорытынды нұсқау).

  12. Үй тапсырмасы.


Еңбекке баулу пәнінің формасы, құралдары және әдістері
І. Оқытудың әдістері.

1. Әңгіме.

2. Түсіндіру.

3. Сөйлеу.

4. Көрнекілік әдістері.

5. Тексеру әдістері.


ІІ. Үйрену әдістері.

  1. Тапсырманы орындау.

  2. Тәжірибе.

  3. Техникалық құжаттармен жұмыс.

  4. Әдебиеттермен жұмыс.

ІІІ. Оқу жұмысын ұйымдастыру формалары.



  1. Пән сабағы.

  2. Практикалық жұмыс.

  3. Лабораториялық жұмыс.

  4. Экскурсия.

  5. Еңбек практикасы.

  6. Экзамен.

  7. Сынақ.

ІV. Оқушының іс - әрекеттерін ұйымдастырудың формалары:



  • ұжымдық;

  • топтық;

  • жеке.

V. Оқыту құралдары.




    1. Оқу-әдістемелік құжаттар.

    2. Құрал-жабдықтар.

    3. Оқытудың техникалық құралдары.



Оқушының білімі мен іскерлігін бағалауға қойылатын критериялар


  1. Теориялық білімінің деңгейі мен сапасы(дұрыстығы, толықтығы және жүйелілігі).

  2. Практикалық жұмысты орындау сапасы.

  3. Еңбек және демалу мәдениетінің қалыптасуы.

  4. Теориялық білімі негізінде орындалған жұмыстың мәнін түсіндіре алуы.


Жүргізілген сабақты талдаудың үлгі сұлбасы
Жалпы мәлімет


  1. Сынып.

  2. Сабақтың өткізілу уақыты.

  3. Сабақтың тақырыбы.

  4. Сабақтың міндеттері.


Сабақтың құрал-жабдықтары


  1. Оқытудың құралдарын қолдана алуы.

  2. Оқытудың көрнекілік және техникалық құралдарын дайындалуы.

  3. Сабаққа тақтаның дайындығы.



Сабақтың мазмұны

  1. Сабақтың міндеттері оқу бағдарламасының тақырыбына сәйкес келді ма?

  2. Дидактикалық өңдеу жүргізілді ма?

  3. Өткізлген сабақтың мазмұны қандай білім жіне іскерлікті қалыптастыруға бағытталған?

  4. Алғаш рет қандай жаңа материал оқушымен игерілді? Олар қалай бекітілді?

  5. Оқу материалы оқушының шығармашылық және қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді ма?

  6. Қандай жалпы оқу және арнайы іскерлік пен машықтықтар оқушының бойында дамытылды?

  7. Қалай пән аралық байланыс жүзеге асты?

  8. Оқушының танымдық қасиетіне сабақтың мазмұны ықпал етті ма?


ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ


    1. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы

    2. Элькониннің дамыта оқыту технологиясы

    3. Занковтың дамыта оқыту технологиясы

    4. Ұжымдық оқыту

    5. Модулді оқыту

    6. Біріктіре оқыту

    7. Саралай оқыту

    8. Бағдарламалап оқыту

    9. Жеке оқыту

    10. Білімді толық игерте оқыту

    11. Оқу дидактикалық бірліктерді ірілете оқыту

    12. Проблемалық оқыту

    13. Интерактивті оқыту

    14. Түсіндіре-көрсете оқыту

    15. Милы атқылау әдістерімен оқыту

    16. АРИЗ негізінде оқыту

    17. ТРИЗ негізінде оқыту

    18. Имитациялық ойындармен оқыту

    19. Қашықтықта оқыту

    20. Ақпараттық технологияда оқыту


9. Студенттің өзбетімен жұмыс орындау материалдары(схема түрінде берілген).


п/п


Студенттің өзбетімен орындау жұмысы(жеке)

Жұмыстың орындау әдісі

әдебиеттер

1

Қағаз бен картон материалдарын жинау.
Студенттерді ілмек бізбен, екі инемен тоқу әдістемесімен таныстыру


Материалдар мен құралдарды дайындау

Конспектілеу



9,14,16,31

2

Еңбек пәніне қажетті материалдарды жинақтау( қағаз, мата, ағаш, сым-темір, пластмасса, бояу, желім, т. б.).

Қағаздан көркем композицияда бұйым жасау технологиясы.



Көрсетілген мтаериалдарды жинау.
Конспектілеу және нобайын жасауға дайындалу

9,14,16,31

3

Жұмыс дәптеріне қиятын, кесетін, жонатын, тесетін қуралдарға байланысты қауіпсіздік техникасы ережелерін жазу.

Инкрустация техникасында бұйым жасау




Конспектілеу

Тақтайша немесе пластмасса(линолуем) бетке инкрустация жасау



9,14,16,31

4

Қағаздың коллекциясын жасау.

Фанераны селдірлі ою жұмысы.




Конвертке жинау

Фанерден селдірлі бұйым жасау.



9,14,16,31

5

Ағаш текстурасының суретін салу.


Көрнекілік картасын жасау

9,14,16,31

6

Фольга материалынан металлопластика техникасында бейне кескінін бедерлеу.

Чеканка техникасында бұйым жасау.




Жұқа қаңылтыр бетке бедерлі кескін орындау

20х30 см. көлемдегі қаңылтыр бетке бедерлі кескін орындау



9,14,16,31

7

«Икебано» техникасында кептірілген өсімдіктерден композиция жасау.

Кепкен өсімдіктерден композиция құрау.

9,14,16,31

8

Матадан ойыншықтарға киім тігу


Матадан тігу

9,14,16,31

9

Саздан барельефті бейне жасау.

Пластиллиннен ауқымды бұйым жасау



Поделка жасау.

Ауқымды поделка жасау.



9,14,16,31

10

Кестелеу жұмысын орындау.


Мата бетіне кесте тігу.

9,14,16,31

11

Тұрмыстық бұйымдар мен үй жануарларын және өсімдіктерін күту және ережелерін анықтау.


Конспектілеу

9,14,16,31

12

Еңбекке баулу сабағындағы әдістердің жіктелуі.

«Лего» конструкторлы бұйымын құрастыру.






9,14,16,31

13

Қағаз бұйымның эскизін жасау.
Дизайн жұмысының эскизін жасау

Қағаздан поделка жасау

Ғимараттың экстерьерін жасау.



9,14,16,31

14

Оқу-әдістемелік құралдарды жасаудың нормативті құжаттарымен танысу.


Конспктілеу

1,2

15

Техника қауіпсіздігімен танысу.


Конспектілеу

9,14,16,31


10. Белгіленген курс бойынша сарамандар оқу жоспарында көрсетілмеген.

11. Студенттердің оқу жетістігін бақылау және бағалау.

Білімді багалау жөніндегі мәлімет.

Баға кою саясаты:

Студенттердің оқу жетістігін бақылау және бағалау.

Білімді бағалау туралы ақпарат



«Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытудың теориясы мен технологиясы» пәні бойынша білімді бағалау схемасы
Семестрдің 8 және 15 аптасында екі рет аралық бақылаулар жүргізіледі. Екі аралық бақылаудың максимальді көрсеткіш балладры 60 пайыз құрайды. Семестрдің аяғында 40 пайыздық балл жинауға байланысты емтихан болады. Курс бойынша қорытынды баға аралық бақылаудың балы мен қорытынды емтиханда алған балдар қосылып жалпы баға қойылады.

Қорытынды емтихан студенттердің теориялық және практикалық материалдарының негізінде дәстүрлі әдіспен қабылданады.






Бағаның критериясы

Бағаның түрі

Апта

% тапсырманы лорындау

% барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

СОӨЖ орындау

2,1

21




+

+

+




+




+




+

+

+

+

+




2

Өзбетіндік жұмыс

1

10




+

+




+

+




+

+




+

+




+

+

3

Лабораториялық жұмыс

2,2

22



+

+




+

+




+

+



+

+



+

+

4

Сабақтағы белсенділік

0,5

7

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Р1 + Р2




60














































5

Емтихан




40














































Қорытынды




100















































* Ескерту – тақырып пен жеке тапсырманың мазмұны оқытушының көмегімен анықталады.
Студенттің білімі мен іскерлігі төмендегі көрсеткіштер арқылы бағаланады:

Баға

әріпті жүйе бойынша

балмен

%- мазмұнда

Дәстүрлі жүйеде

А

4,0

95 – 100

өте жақсы



А-

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы


В

3,0

80 – 84

В-

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

қанағаттанарлық



С

2,0

65 – 69

С-

1,67

60 – 64

Д+

1,33

55 – 59

Д

1,0

50 – 54

F

0

0 - 49

Қанағаттанарлықсыз

Курстың саясаты мен процедурасы.

Студенттерге талаптар:

Курс бойынша жақсы баға алу бірқалыпты оқу материалымен шұғылдану кепіл бола алады. Баға алу жолы бүкіл семестр бойындағы студенттің жұмысына байланысты. Жақсы баға қойылады, егер студент берілген тапсырманы теориялық материалдарға негізделе дұпыс және толық мазмұнда орындап тапсырса.



  1. Сабаққа қатысу. Студенттің сабаққа қатысу міндетті. Жіберілген сабақты өзінің бос кезінде қайтадан оқытушыдан тапсырма алып орындау қажет. Сабақтың жалпы көлемінің үштен бір бөлігінде сабаққа қатыспаса студент оқудан шығу мүмкіндігі болады.

  2. Оқу тәртібі. Студент сабаққа кешікпеу керек. Сабақ кезінде сөйлесу, ұялы телефонды пайдаланбау, газет және жұрналдар оқымау керек. Сабаққа белсенді қатысу талап етіледі.

  3. Үй тапсырмасы. Үйге берілген тапсырма оқытушының сұрауы және белгіленегн мерзімінде тапсыру қажет етіледі. Лабораториялық жұмыстардың безендірілуі сабақтан тыс, я,ни, тұрмыстық жағдайда аяқталуы тиіс. Үй тапсырмасының жұмыстары да аралық бақылау көрсеткішеріне әсер етеді.

  4. Өзбетіндік жеке тапсырма. Жеке тапсырмалар курс бойынша орындау міндетті. Жеке тапсырмалар практикалық жұмыс мазмұнында беріледі. Бұл жұмыс түріде жалпы бағаға әсерін тигізеді.

  5. СОӨЖ. СОӨЖ сабағында студент практикалық жұмыстар орындайды. Оның көрсеткіші, яғни, балы мен тексерілетін уақытысы кесте бойынша белгіленген.

  6. Лабораториялық сабақ. Лабораториялық сабақта студент оқу-әдістемелік құжаттар жасауға үйрену керек. Сабақ кезінде екі сағатта бір жұмысты орындап, оқытушыға есеп беруі тиіс. Оқытушыға екі құжат апсырады. Бірінші, теориялық негізі, екінші, орындалатын жұмыстың жобасы.



Студенттердің білімін тақыраптар бойынша тексеру.

6 семестрдің 1-7 апталарында тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары

1. «Бастауыш кластағы еңбекке баулу әдістемесі мен практикумы» курсының құрылысы мен мазмұңы.

2. Курстың зерттеу объектісі.

3. Курстың негізгі міндеттері.

4. Курстың тараулары.

5. Бастауыш кластағы еңбек пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптар.

6. Бастауыш кластағы еңбекке баулудың міндеттері.

7. Бастауыш клас оқушыларың еңбек затымен таныстыру.

8. Бастауыш клас оқушыларың еңбек құралдарымен таныстыру.

9. Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.

10.Бастауыш клас оқушыларың еңбек өнімімен таныстыру.

11.Бастауыш кластағы еңбекке баулудың мазмұны.

12.Техникалық еңбектің мазмұны.

13.Тұрмыстық еңбектің мазмұны.

14.Қөркем еңбектің мазмұны.

15.Дизайн – іс әрекетінің түрі.

16.Бастауыш кластағы еңбекке баулудың басқа пәндермен байланысы (математика, ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнерімен).

17.Еңбекке баулу сабағында өңдейтін материалдардын түрлері. Табиғы материалдардын түрлері мен қасиеттері.

18.Жұмсақ материалдардың түрлері мен қасиеттері.

19.Бастауыш кластағы еңбек сабағындағы технологиялық операциялардың түрлері. Бүктеу және кесу операциялары.

20.Монтаждық (құрастыру, бекіту, желімдеу, тігу, т.б.) операциялар.

21.Натуралды талшықтардың түрлері мен қасиеттері.

22.Химиялық талшықтардың түрлері мен қасиеттері.

23.Жіптердің пайдалануына байланысты жіқтелуі.

24.Тоқымашылықтың түрлері (полотоноша, атласша, диагональша, сәтінше).

25.Сазбалшық, ермеқсаз және папье-машенің қасиеттері.

26.Аппликация (жапсырмалау) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Заттық, тақырыптық аппликация.

27.Декоративтік аппликацияның технологиясы.

28.Матаның түрлері мен қасиеттері.

29.Матаны пішу, тігу ережелері. Тігістің түрлері.

30.Қағаздың шығу технологиясы. Қағаздың түрлері мен қасиеттері.


8-15 апталарда тақырыптар бойынша тексеру сұрактары.

5. Қолданбалы кол өнер. Қазақ халқының киімдері.

6.Ұлттық өрнек ою өнері. Өрнектің класиффикациясы.

7. Еңбек сабағында жұмыс орынын дайындау (қағаз, қатырма қағазды өңдегенде ).

8.Табиғи материалдарды, пластмассаны өңдегенде жұмыс орынын дайындау.

9.Ағашты, металды өңдегенде жұмыс орынын дайындау.

10.Сазбалшықты, ермексазды, папье-машені өңдегенде жұмыс орынын дайындау.

11.Талшықты материалдармен, жіппен жүмыстың түрлері. Өрудің түрлері ( қарапайым өру, макраме ).

12.Матаны бояумен әшекейлеу. Батик ( салқын, ыссы ).

13.Бастауыш кластағы еңбек бөлмесін жабдықтау.

14. Бастауыш кластағы еңбек сабағына қажетті құрал-саймандар.

15. Еңбек бөлмесіндегі техника қауіпсіздігі журналы, емхана бұрышы,

16.Еңбекке баулу сабағының әдістері. Хабар алу негізіндегі жіктелетін әдістер.

17.Еңбекке баулу сабағының әдістері. Оқушылардың іс-әрекеттері негізіндегі жіктелетін әдістер.

18.Еңбекке баулу сабағында оқушыларды дамыта оқыту.

19. Ермексаздан мүсіндеу. Рельеф, барельеф, горельеф.

20. Бастауыш кластағы еңбек сабағының ерекшеліктері.

21. Еңбек сабағының түрлері.

22.Еңбек сабағының құрлысы.

23.Папье-машеден муляж, макет, модель жасау технологиясы.

24.Еңбекке баулу сабағын жоспарлау. Алдын-ала жоспарлаудың міндеттері.

25.Еңбекке баулу сабағын жоспарлау. Тікелей жоспарлаудың міндеттері.

26.Еңбекке баулу сабағының бір тақырып бойынша жоспар- конпектісін құрастыру.

27.Бастауыш кластардағы оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты мен түрлері.

27.Бастауыш кластағы тұрмыстық еңбектің міндеттері мен мазмұны.

28.Еңбек сабағындағы экскурсия. Экскурсияның мақсаты мен мзмұны.

29. Еңбекке баулу мен тәрбиелеудегі кластан тыс жұмыстардың мақсаты, турі, мазмұны.

30.Клас бөлмесіндегі өсімдіктерді, гүлдерді өсірудің білімділік және тәрбиелік мәні.



Емтихан сұрақтары.


  1. «Бастауыш кластағы еңбекке баулу әдістемесі мен практикумы» курсының құрылысы мен мазмұңы.

  2. Курстың зерттеу объектісі.

  3. Курстың негізгі міндеттері.

  4. Курстың тараулары.

  5. Бастауыш кластағы еңбек пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптар.

  6. Бастауыш кластағы еңбекке баулудың міндеттері.

  7. Бастауыш клас оқушыларың еңбек затымен таныстыру.

  8. Бастауыш клас оқушыларың еңбек құралдарымен таныстыру.

  9. Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.

  10. Бастауыш клас оқушыларың еңбек өнімімен таныстыру.

  11. Бастауыш кластағы еңбекке баулудың мазмұны.

  12. Техникалық еңбектің мазмұны.

  13. Тұрмыстық еңбектің мазмұны.

  14. Қөркем еңбектің мазмұны.

  15. Дизайн – іс әрекетінің түрі.

  16. Бастауыш кластағы еңбекке баулудың басқа пәндермен байланысы (математика, ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнерімен).

  17. Еңбекке баулу сабағында өңдейтін материалдардын түрлері. Табиғы материалдардын түрлері мен қасиеттері.

  18. Жұмсақ материалдардың түрлері мен қасиеттері.

  19. Бастауыш кластағы еңбек сабағындағы технологиялық операциялардың түрлері. Бүктеу және кесу операциялары.

  20. Монтаждық (құрастыру, бекіту, желімдеу, тігу, т.б.) операциялар.

  21. Натуралды талшықтардың түрлері мен қасиеттері.

  22. Химиялық талшықтардың түрлері мен қасиеттері.

  23. Жіптердің пайдалануына байланысты жіқтелуі.

  24. Тоқымашылықтың түрлері (полотоноша, атласша, диагональша, сәтінше).

  25. Сазбалшық, ермеқсаз және папье-машенің қасиеттері.

  26. Аппликация (жапсырмалау) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Заттық, тақырыптық аппликация.

  27. Декоративтік аппликацияның технологиясы.

  28. Матаның түрлері мен қасиеттері.

  29. Матаны пішу, тігу ережелері. Тігістің түрлері.

  30. Қағаздың шығу технологиясы. Қағаздың түрлері мен қасиеттері.

  31. Қолданбалы кол өнер. Қазақ халқының киімдері.

  32. Ұлттық өрнек ою өнері. Өрнектің класиффикациясы.

  33. Еңбек сабағында жұмыс орынын дайындау (қағаз, қатырма қағазды өңдегенде ).

  34. Табиғи материалдарды, пластмассаны өңдегенде жұмыс орынын дайындау.

  35. Ағашты, металды өңдегенде жұмыс орынын дайындау.

  36. Сазбалшықты, ермексазды, папье-машені өңдегенде жұмыс орынын дайындау.

  37. Талшықты материалдармен, жіппен жүмыстың түрлері. Өрудің түрлері ( қарапайым өру, макраме ).

  38. Матаны бояумен әшекейлеу. Батик ( салқын, ыссы ).

  39. Бастауыш кластағы еңбек бөлмесін жабдықтау.

  40. Бастауыш кластағы еңбек сабағына қажетті құрал-саймандар.

  41. Еңбек бөлмесіндегі техника қауіпсіздігі журналы, емхана бұрышы,

  42. Еңбекке баулу сабағының әдістері. Хабар алу негізіндегі жіктелетін әдістер.

  43. Еңбекке баулу сабағының әдістері. Оқушылардың іс-әрекеттері негізіндегі жіктелетін әдістер.

  44. Еңбекке баулу сабағында оқушыларды дамыта оқыту.

  45. Ермексаздан мүсіндеу. Рельеф, барельеф, горельеф.

  46. Бастауыш кластағы еңбек сабағының ерекшеліктері.

  47. Еңбек сабағының түрлері.

  48. Еңбек сабағының құрлысы.

  49. Папье-машеден муляж, макет, модель жасау технологиясы.

  50. Еңбекке баулу сабағын жоспарлау. Алдын-ала жоспарлаудың міндеттері.

  51. Еңбекке баулу сабағын жоспарлау. Тікелей жоспарлаудың міндеттері.

  52. Еңбекке баулу сабағының бір тақырып бойынша жоспар- конпектісін құрастыру.

  53. Бастауыш кластардағы оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты мен түрлері.

  54. Бастауыш кластағы тұрмыстық еңбектің міндеттері мен мазмұны.

  55. Еңбек сабағындағы экскурсия. Экскурсияның мақсаты мен мзмұны.

  56. Еңбекке баулу мен тәрбиелеудегі кластан тыс жұмыстардың мақсаты, турі, мазмұны.

  57. Клас бөлмесіндегі өсімдіктерді, гүлдерді өсірудің білімділік, тәрбиелік мәні және әдістемесі.


12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтерді және мекенжайы көрсетілу қажет – кітапхана, кафедра т.б.

Оқытушының көмегімен орындалатын студенттің өзбетіндік жұмысы компьютерлік технологиядағы қолданбалы бағдарламалар арқылы сарамандық жұмыстар жүргізіледі.



13. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.
1.Лекциялық және лабораториялық сабақтар жүргізіледі - №7 оқу ғимараты, дәрісхана мен зертхана - 510.

2.Оқытушының көмегімен орындалатын аудиториялық өзбетіндік жұмыс - №7 оқу ғимараты, 515 зертхана.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет