Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориясы мен технологиясы



бет5/13
Дата13.02.2017
өлшемі3,12 Mb.
#9156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Лекция 5. Тақырыбы: Ағаш материалынан бұйым жасау технологиясы.

Мақсаты: ағаш материалынан өңдеп бұйымды безендіру технологиясы мен техникасы туралы білімін қалыптастыру.

Лекция мазмұны.
Ағаш материалын өңдеуде мынандай технологиялық процесстер қолданады: кесу, өлшеу мен белгілеу, сүргілеу, тазалау, біріктіру және әрлеу(олифтеу, майлау). Бастауыш мектепте бұл процесстерді қолдануға пышақ, ара, лобзик, тескіш, сүргі, тазалағыш(шкурка), шуруп, шеге сияқты аспаптар. әрлеуде ағаштың бетін тазалап алып, оның бетіне олифа, кепкеннен кейін сырмен майлап тастайды. Олифа, лак немесе сыр майын жазық немесе домалақ (кисть) жаққыштарды қолданады.

Бастауыш сынып оқушыларына төмендегі техникада бұйымдар жасауға мүмкіндік бар: селдірлі кесу, лобзикпен, ағаштың бетіне бейне кескінін күйдіргіш парибормен орындау, мозайка, бояу, кесіп ою техникасы, инкрустация және т.б..



Оқушының жұмыс орны.

Ағаштың кесінділерін өңдеген кезде (фанера мен рейка) жеке жәшіктен келесі аспаптарды шығарып, оларды үстел үстіне орналастыру қажет: сызғыш, бүрыштық, цир- куль, желім жаққыш, қысқыш, пышақ, біз. Тік көтеріліп түрған үстағышта сызбаны немесе технологиялық картаны бекіту қажет. Үстелдің алдыңғы оң жақ бүрышында егеуішті, ал сол жағында электрокүйдіргішті қояды. Қажет болса жүмыс үстелінің оң жақ бүрышында орыңдау үшін астына қой-ғыш бекітіледі. Күйдіру кезінде электрокүйдіргішті барлық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Жүмыс жасамаған кезде электрокүйдіргіштің инесі алынып және ол үстелдің шетіне, оның бетіне тигізілмей қойылуы тиіс.


Пластмассамен жүмыс

Пластмасса — жасанды материал, белгілі бір өзіне қатысты өңдеу барысында оны керекті формаға келтіруге болады. Мысалы, пленка, парақ, тұрба, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар т.б. Пластмассаның қүрамында жасанды смола, қосылғыштар, пластификатор (ағарту материалы), бояу т.б. компоненттері бар.

Бастауыш мектеп оқушылары еңбек сабағында мынадай пластаассаның түрлерінен бұйымдар жасай алады:

1. Полиэтилен пленкасынан;

2. Поролоннан;

3. Фото және кино пленкасынан;

4. Целофаннан;

5. Линолеумнан;

6. Пенопластан.

Бүл пластмассаның түрлерін өңдегенде қарапайым қүрал-саймандарды қолдануға болады (пышақты, қайшыны).Ал, құрастырғанда, ПВА желімін.



Бақылау сұрақтары:



  • ағаш материалын өңдеу жұмыс орны;

  • ағашты безендіру техникалары;

  • жұмыс орнындағы аспаптар.

Әдебиет:

1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.


Лекция 6. Тақырыбы: Метал материалынан бұйым жасау технологиясы.

Мақсаты. Метал материалынан бұйым жасау технологиясы мен техникасы туралы білімін қалыптастыру.

Лекция мазмұны.
Металлды қолмен өңдеуге қолданатын технологиялық процесстер: кесу, тазалау, түзету, өлшеу және белгілеу, ию, бүгу, біріктіру және т.б.. бұл процесстерге қолданатын аспаптар: металл кесетін қайшы, балға, кемпір ауыз, кескіш, металдан жасаған сызғыш, белгілегіш сызғыш және кернер, қысқыш және т.б.. жасалған бұйымды әрлеуге химиялық еріткіштер, лактар және сыр майлары жатады.

Түсті металдардан жасалған бұйымды әсемдеу техникалары: чеканка, металлопластика, зергерлік жұмыс техникасы, инкрустация және т.б.



Металды өңдеу кезінде жүқа (қаңылтыр және сымдар) жеке жәшіктен келесі аспаптарды шығарып, оны жүмыс үстелінің үстіне орналастыру қажет: сызғыш, бұрыштық, тістеуіш, атауыз, бұрауыш) аралар, металл кесетін пышақ, балға. Тік орналасқан ұстағышта сызба немесе технологиялық картаны бекітеді. Жүмыс үстелінің ортасыңда қыстырғыштарды бекітеді.

Бақылау сұрақтары:



  • метал өңдеу жұмыс орны;

  • жұмыс құралдары мен материалдар;

  • технологиялық процесстері;

  • метал бұйымын безендіру техникалары.

Әдебиет:

1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет