2. Музыка өнердің түрі ретінде. Өнердiң бiр тармағы болып келген музыка – табиғат
сұлулығын, адамның жан дүниесін асқақ сезiммен суреттеп берер
күрделi түрi. Музыкада адамның іс әрекетінің үш түрі бар:
музыкалық шығармашылық, музыкалық орындаушылық, музыканы қабылдау. Шығарманың авторы шығармашылық арқылы музыка
тудырады. Орындаушы өзіндік ерекшелігімен қайта жаңғыртады.
Музыканың жанрлары негізінен халық музыкасы, кәсіби
музыка болып бөлінеді. Халықтық музыка-музыкалық-ақындық
шығармашылық және аспаптық өнер шығармашылығы болып
бөлінсе, кәсіби музыка жанрлары тұрмыстық және екінші
сипаттағы жанрлар болып бөлінді.
12
Композициялық түрі және музыкалық тілі жағынан (
орындаушылақ тәсілі мен қоса) әр алуан бір бөлімді және циклдік
жанрлар болады. Мысалы: Ойын – сауық (опера, балет, оператта).