11
Музыкалық тәрбие әдістемесі пәнінің өрісі кең болғандықтан
оның мәнін тек өзге ғылымдармен
байланысы негізінде ғана
түсіндіруге болады.
Философия ғылымы жеке тұлға мен қоғам проблемасын
қарастырады. Оның міндеті –
әлеуметтік дамудың жалпы
заңдылықтарын
анықтау.
Философиялық
ғылымдар
(диалектикалық
және
тарихы
материализм,
ғылымтану,
әлеуметтану, этика, эстетика және т.б.) музыкалық тәлім-
тәрбиенің
мәні мен мақсаттарын анықтауга, оның адамның
тұрмысы мен ой-санасына ықпал-әсерін
дұрыс есепке алуға
көмектеседі, тәрбие багытын дұрыс жобалуға септігін тигізеді.
Ғылым мен қоғамда болып жатқан уақиғалар жөніндегі
мағлұматтармен қаруландырады.
Көптеген
философиялық-әтикалық
категориялар
мен
қағидалар
тек жалаң теорияда ғана емес,
музыкалық білім беру
практикасында да орын тепкен.
Оған дәлел өмір мен өнердің
өзара әрекеттестігіне, адамның дүниеге деген көркемдік-образдық
қарым-қатынасына негізделген Д.Б. Кабалевскийдің музыка пәні
бағдаралмасының мазмұны болып табылады.
Психология ғылымы жетістіктерінің музыкалық білім беру
педагогикасы үшін маңызы зор. Психология – психикалық
процестердің және адамның тұлғалық
сапа-қасиеттерінің даму
механизмі мен заңдылықтарын қарастыратын,
сондай-ақ жеке
тұлганың дамуын зерттейтін заңдарды жасайтын ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: