Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндік барысында өткізген іс-шаралары. 2014-2015 оқу жылы. Тақырыбы : «Білім негізі бастауышта»



бет2/11
Дата02.02.2017
өлшемі2,77 Mb.
#8553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

барысында өткізген іс-шаралары.

2014-2015 оқу жылы.

Тақырыбы : «Білім негізі бастауышта»

Мақсаты: Жаңа инновациялық технологияларды іс-тәжірибеде қолдану.Білім дағды жүйелерімен қаруландыра оқыту.Оқушылардың белсенділігі мен іздемпаздығын арттыру.

Міндеттері:

1. Оқушылардың танымдық ізденістерін қалыптастыру.

2. Тіл мәдинетін жетілдіру.

3. Ауызша сөйлей білу мәдениеті мен жазбаша мәдениетке баулу.

4. Логикалық ойлау танымдық қабілеттерін дамыту.





Бестөбе кенті №1 орта мектебі

Бастауыш сынып бірлестігінің

«Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының бастамасы»

атты тақырыбы бойынша онкүндікте өткізілетін іс-шаралар жоспары.

18-28 ақпан аралығы



Тақырыбы

Сыныбы

Мерзімі

Уақыты

Мұғалім

1

Онкүндіктің ашылуы.

1-4

18 ақпан

14:00

Канафина А.Б.

2

Математика

«10 санынан азайту»

1 «Б»

19ақпан

2 сабақ

І кезең

Қажияхметова Б.Т.

3

Математика «Арифметикалық амалдардың қасиеттері»

4 «Ә»

20ақпан

1 сабақ

Қыршымова Г.Қ.

4

Мақал-мәтелдер сайысы

3 «А», 3 «Ә»

20ақпан

3 сабақ

Хамзина Б.Е.

5

«Бәрін білгім келеді»

сайыс сабақ

2 «А», 2 «Ә»

21ақпан

2 сабақ

Маненова Б.К.

Аубакирова А.Қ.

6

«Ата Заң – мемлекеттің басты тұғыры»

ашық тәрбие сағаты

4 «Ә»

23 ақпан

1 сабақ

Қыршымова Г.Қ.

7

Қазақ тілі «Етістік»

3 «А»

23ақпан

2 сабақ

Бабенова Қ.Е.

8

Қазақ тілі «Зат есімнің жекеше және көпше түрі»

2 «Ә»

24 ақпан

3 сабақ

Манеова Б.Қ.

9

Қазақ тілі «Негізгі және туынды етістік»

3 «Ә»

24ақпан

2 сабақ

Хамзина Б.Е.

10

Өзін-өзі тану

«Жүрек жылуы»

2 «А»

25 ақпан

3 сабақ

І кезең

Аубакирова А.Қ.

11

Дүниетану

«Үйдегі өмір қауіпсіздігі»

1 «Ә»

25ақпан

2 сабақ

І кезең

Жылқыбаева Ж.Д.

12

Көркем әдебиет

«Қарлығаш пен Дәуіт»

Даярлық сыныбы «А»

26 ақпан

2 сабақ

Баймагамбетова А.А.

13

Математика

«Әріпті өрнектер»

1 «А»

26 ақпан

2 сабақ

І кезең

Бабенова Қ.Е.

14

Тіл дамыту

«Мамандықтың бәрі жақсы»

Даярлық сыныбы «Ә»

27 ақпан

2 сабақ

Рахметова Г.Б.

15

Әдебиеттік оқу «Наурыз»

4 «А»

27 ақпан

3 сабақ

Канафина А.Б.

16

Онкүндіктің жабылуы.

Марапаттау




28 ақпан




Канафина А.Б.

Бастауыш сынып бірлестігі



«Шығармашылық ізденіс – шеберлік шыңының баспалдағы» атты онкүндікке саралама.




Ақпан айының 18-28 жұлдызы аралығында бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі болып өтті.

Тақырыбы: «Шығармашылық ізденіс – шеберлік шыңының баспалдағы»

Мақсаты: Шығармашылық жұмыстар сапасына ғылыми-әдістемелік сараптама жасау арқылы шығармашылық жұмыстарын қолдану.

Міндеттері: Мұғалім өзінің әріптесінің іс-тәжірибесі туралы ақпарат алуға ықпал ету.



  • Педагогикалық жаңашыл технологиялық үрдістерді сатылап енгізу.

 «Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы» тақырыбында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Онкүндіктің жоспары бекітіліп, көрме ұйымдастырылды. Жоспар ашық сабақтармен, сыныптан тыс сабақтармен және инттелектуалды білім сайыстарымен қамтылды.

1 «Б» сыныбының мұғалімі Қажияхметова Б.Т. математика пәнінен «10 санынан азайту» атты ашық сабағында жазбаша қосу мен азайту кезіндегі амалдар тәсілін тәжірибеде пайдалана білуді топтарға бөліп, балалармен қызықты тапсырмаларды ұтымды ұйымдастыра білді.

4 «Ә» сынып жетекшісі Қыршымова Г.Қ. математика пәнінен «Арифметикалық амалдардың қасиеттері» атты ашық сабағында балаларды түрлі қызықты тапсырмалармен қызығушылықтарын оята білді. Оқушылар бір-біріне арналған тапсырмаларды орындады.

3 «А» және 3 «Ә» сыныптарының арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген тақырыпта мақал-мәтелдер сайысы өтті. Өткізген 3 «Ә» сынып жетекшісі Хамзина Б.Е. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Әр кезеңдерде, мысалы сөздерден мақал құрау, әр топқа ұяшықтардан шыққан сөздер бойынша мақал айту деген тапсырмалар өте қызықты болды.

2 «А», 2 «Ә» сыныптары аралығында «Бәрін білгім келеді» атты сайыс сабақ өткізілді. Өткізген Маненова Б.К. Бұл сайыста барлық пәндер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар болды. Логикалық тапсырмалар да қызықты өтті. Қиылған суреттерден сюжетті сурет құрау да болды. Жеңген топ марапатталды.

4 «Ә» сыныбында «Ата Заң – мемлекеттің басты тұғыры» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Қыршымова Г.Қ. Тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар ата-анлардан да құрылған топ болды. Сабақ 4 кезеңнен тұрды. Болашақ Қазақстан тақырыбында постерлер де қорғалды.

3 «А» сынып жетекшісі Бабенова Қ.Е. қазақ тілі пәнінен «Етістік» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Шығармашылық тапсырмалар орындалып, АКТ технологиясы пайдаланылды.

2 «Ә» сынып жетекшісі Маненова Б.К. қазақ тілі пәнінен «Зат есімнің жекеше және көпше түрі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы сөзжұмбақ арқылы шешілді. Одан әрі қызықты тапсырмалар орындалды. Тақтамен жұмыс та орындалды.

3 «Ә» сынып жетекшісі Хамзина Б.Е. қазақ тілі пәніне «Негізгі және туынды етістік» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақты топппен жұмыс түрінде ұйымдастырып, қорытындыда венн диаграмма жүргізді.

Өзін-өзі тану пәні бойынша ашық сабақты 2 «А» сынып жетекшісі Аубакирова А.Қ. өткізді. Тақырыбы «Жүрек жылуы». Оқушылар шаттық шеңберіне шығып, өз пікірлерін толықтай айта білу, жеткізу керек екендерін ұғынды. Түрлі видеофильмдер көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығын оята білді.

1 «Ә» сынып жетекшісі Жылқыбаева Ж.Д. дүниетану пәнінен «Үйдегі өмір қауіпсіздігі» атты ашық сабақ өткізді. Сабақты өмірмен байланыстырып, әр оқушылардың үйіндегі қауіпті заттармен таныстырып, олардан қалай қорғану керек екенің суреттер мен постерлер арқылы түсіндіріліп, қорғалды.

Даярлық сыныбының «А» тобында көркем әдебиеттен «Қарлығаш пен Дәуіт» деген тақырыпта ашық сабақ өткізген Баймагамбетова А.А. сабақты сұрақ-жауап әдісімен бастап мультфильм көрсетілді. Қорытындыда балалар тақырыпты талдай келе өздері сюжет бойынша аппликация жапсырды.

1 «А» сынып жетекшісі Бабенова Қ.Е. математика пәнінен «Әріпті өрнектер» атты ашық сабағында қызықты тапсырмаларды орындатты. Ойын арқылы берілген тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын оятатының дәлелдеді.

Даярлық сыныбының «Ә» тобында тіл дамыту пәні бойынша «Мамандықтың бәрі жақсы» атты сабағы ерекше түрде өткізілді. Балалар кішкентай болса да әр мамандық бойынша киімдер киіп,мамндықтың түрлерін анықтады. Олардың қызметтерін анықтай отырып, өздері де өскенде кім болатындарын айта өтті.,

4 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Наурыз» тақырыбында ашық сабақ топтық жұмыстар арқылы өткізілді. Сынып жетекшісі Канафина А.Б. сабақта АКТ, СТО технологиялары қолданылды. «Ынта үзілі» әдісі де тиімді қолданылып, оқушылар интернет желісі арқылы да жұмыстар жүргізді.

Бастауыш сынып онкүндігі барысында әр сынып оқушылары «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» тақырыбында суреттер көрмесіне және сөзжұмбақтар, ребустар, түрлі қызықты тапсырмалар орындады.

Онкүндіктің жабылу салтанатына орай әр сынып концерттік номерлер дайындады. Суреттер көрмесі мен қызықты тапсырмалар орындаған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Мектебіміздің директоры Найманова Айгүл Зейноллақызы балаларды ерекше атап, мақтау қағаздарымен марапаттады. Алдағы уақытта балалардың өнерлерін ары қарай шыңдай түсуіне тілек білдіріп, үлкен сахналардан көрінуіне сәттілік тіледі.



1 «Б» сыныбы «10 санынан азайту» ашық сабағы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет