Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықТЫҚ педагогиканың озық ДӘСТҮрлерін пайдалану



бет15/22
Дата28.04.2022
өлшемі492,5 Kb.
#141208
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
1382435308218
Бала үшін – мұғалім адамгершілік көзі.Мектепте оқудың алғашқы айларында, жылдарында баланың мұғалімге қатынасы бір түрлі әлі жайбарақаттығымен сипатталады. Мұғалім ұнайды, себебі ол «жақсы түсіндіреді, мейірімді, қатал, бірақ ашушаң емес». Мұғалімнің сырғасының әдемілігі және шашының сәнді таралғандылығы ұнайды, оның күлкісі де көңілді…
Бірақ 2 және 3 сыныптарда бұл сыртқы белгілер біртіндеп, екінші қатарға ығысады. Балалар мұғалімнің жеке басын және мамандық қасиеттерін ерекшелеп бағалай бастайды. 9-10жастағы балалар тым ерте мұғалімнің өздеріне тікелей қатысты адамгершілік қасиеттерін айырып бағалайды. Осыған орай біз педагогикалық практика барысында оқушылармен сауал-сұрақ жүргіздік .
Бұл анкеталарда 2-3 сынып оқушылары, бірінші мұғалімдердің әдептілігін, одан соң олардың ақ көңілділігін, сабақты жақсы ұғындыратынын, көп білетіндіктерін көрсеткен. Мысалы, оқушы А. өзінің мұғалімі туралы: «Біздің апай математиканы жақсы түсіндіреді. Ол кімнің түсінбей қалғанын бірден байқап, бәрін қайталап айтады. Балалар апайдың жылы жүзділігін, шыдамдылығы мен әділдігін жақсы көреді, оны тыңдайды және үлгі тұтып, еліктейді», - деп жазған. 3- 4 сыныпқа өтіуімен байланысты балалардың талаптары өзгереді. Олар үшін тек жақын адамдары ғана емес, өмірдегі және әдебиеттегі кейіпкерлердің алыс бейнелері де бедел бола алады. Балалар өздеріне ер жүрек, ақ жарқын ұшқыштың, батыл да табанды зерттеушінің, сиқыршы – дәрігердің бейнесін таңдайды, соған еліктеуге тырысады. Балалар есейген сайын, өмірді, адамдардың мінез-құлқы және қылықтарымен көбірек танысқан сайын, олар өздерін жақын үлкендер арасында да батылырақ, табандырақ бағалайды.
Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік адамның қоршаған ортасына ең алдымен еліне, еңбекке және адамдарға әрекет арқылы қарым-қатынас жасау жүйесінен көрінеді. Алайда, адамның адамгершілік тәрбиелілігі жайында, әрине оның бір нәрсеге қатынасы бойынша емес. Ерте бастан ересек адамдар баланың ең қарапайым әдеттерін гигиеналық, мәдени, әлеуметтік қатынастарын қалыптастырады. Бастауын сынып оқушыларында мұғалім күрделірек қажеттіктерді де тәрбиелейді – бастаған істі аяғына жеткізу, оның орындалуына жауаптылық , тәртіптілікке және ұйымшылдыққа әдеттендіреді. Түрлі өмір ситуацияларын әр қилы пайдалана отырып, тәрбиеші оқушының адамгершілік еркін жаттықтырады, оның ой-өрісін кеңейтеді және мінез-құлықтарын байытады.
Қазіргі психология, педагогика ғылымдарында зерттеліп, дәлелденген мәліметтер бойынша төменгі сынып оқушыларының психологиялық өзінің жас өзгешелігіне үлкендерге сенім артып, ересектердің қамқорлығына және олардың мейірімділігіне, жылы жүзділігіне зәру болатын кезең.
Ал, осы психологиялық ерекшеліктеріне сай балаларға тәрбие беру халықтық педагогика мұрасында да арнайы орын алады.
Мәселен, қазақ халқының балаға деген шынайы сезімталдығы «бала адамның бауыр еті», « балалы үй базар, балаласыз үй мазар» деп бағалайтындығы төменгі сынып оқушыларының жас кезеңдеріне байланысты айтылған нақыл сөз.
Сонымен төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшелігінің бірі бәрін білуге құмарлығы,ынталылығы нені болсын тез қабылдағыштығы, үнемі қимыл-әрекетте болуы және үлкеннің қамқорлығын, мейірімділігін, сүйіспеншілігін, жылы жүзін қажет ететін ерекшелігі халық дәстүрінен туындаған мақал-мәтелдерде айқын көрініс тапқан. Халық өзінің өмір сүру барысында балалардың психлогиясына зор мән берген. Сондықтан да «баланы жастан» деген сөз бекер айтылмаған.
Халықтың шығармашылық мұрасында халықтың тәрбие жөніндегі жинақталған нақыл сөздері, ертегілер, мақал-мәтелдер, өлеңдер жеке адамның басынан шыққан нәрсе емес, бүкіл халықтың шығармашылық байлығы.
Халықтық педагогиканың пәрменділігінің бір көрінісі оның үнемі өмір мен адамның сәбилік кезеңінен барлық жас кезеңдеріне бағытталған тәлім-тәрбие беру, тәжірибе беру практикасымен байланысты. Сол себепті халықтық педагогиканың мұрасының адам психологиясымен байланыстылығы жөнінде ойланып жатудың қажеті жоқ. Өйткені халықтық педагогиканың өзі тұнып тұрған өмір психологиясы. Әсіресе халық педагогикасы бала психологиясының адамның ішкі жан дүниесінің барлық қыры қамтылғанын біздер зерттеп талдау жасаған әдебиеттерден айқын көреміз. Халықтық педагогикада рухани мәдениеттің басқа көріністері сияқты адамның өсіп, дамып жетілуі, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ықпал жасайтын біріне-бірі нәр беретін құбылыс, процесс.Өмір сүру жағдайындағы әдет-ғұрыптармен дәстүрлер мазмұны жағынан төменгі сынып оқушыларының тәрбиесіне ықпал жасайды. Мысалы: «Ақырып айтқан ақылдан, ақылмен айтқан сөз артық», «Атасынан ақыл алса, тентек ұлда жөнделер», «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді», «Сүйер ұлың болса сүй, сүйенерге жарар ол» /Абай/.Нәресте жасына туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреу ішсем, жесем, ұйықтасам – бұлар тән құмары. Екіншісі – білсем деген, не көрсем соған талпынып... көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді – бұның бәрі жан құмар. Абайдың бұл ой тұжырымдамасы қазіргі ғалым психологтардың тұжырымды зерттеуімен тепе-тең деп бағалайды. Сонымен бастауыш сынып оқушыларының жас кезеңі осы жасқа ғана тән белгілерімен сипатталатын жеке бастың тұлға болып қалыптасуында айрықша орын алатын және басқа жас кезеңдеріне негіз болатын ерекше шақ. Біздің халықтық бала тәрбиесі нәресте ана құрсағында басталады. Азан шақырып атын қойғаннан бастап ер жетіп, отау тікенге дейін, ауылда бала өмірінің әрбір белесі мен асқан асу туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған емес.Бала өміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың барлығын қадырменді ақсақалдармен игі жақсылары балаға деген жақсы тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын бөліскен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет