Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықТЫҚ педагогиканың озық ДӘСТҮрлерін пайдалану



бет18/22
Дата28.04.2022
өлшемі492,5 Kb.
#141208
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ

(8). Үй іші толған жансың,бір-біріңе қонақсың.Төменгі сынып оқушыларын педагогикалық процес арқылы қазақ халықтың педагогикасының озық дәстүрлерінен туындаған кеңпейілділік қасиетке тәрбиелеу. Көптеген дәстүрлеріміздің ішінде ұлттық сипатымызды бейнелейтін «қонақ келсе құт» деп бағалайтын дәстүрі қонақжайлылық. Бұл өзінің барлық (экономикалық, әлеуметтік, географиялық, рухани ерекшелігі жағынан туындаған) мазмұнмен, салтымен, әдет-ғұрпымен, қонақ күту рәсімімен жоғары адамгершілікке негізделген. Үйге келген қонақты бар ықыласпен, жылы жүзбен қарсы алу, күту қадірлеу ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр. Сондықтан төменгі сынып оқушыларына конақты күтудің, мереке күндерін өткізудің барысында адамгершілік сапалары туралы ұғымды қалыптасырып , іс-әрекетпен байланыстыру керек. (Сый құрмет көрсету дәстүрі, қонақ күту, тазалық сақтау, дәмді ас пісіру, қонақасын салу рәсімі) , қойдың жылқының мүшелері қазақ елінің ежелден келе жатқан дәстүрі: үйге келген қонақты күту, жолаушыны күту, ерулікке шақыру, тоқым қағу т.б. қазақ халықына тән жомарттылық.Қонақ күту рәсімінде мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, ертегілер, шешендік сөздер, ақын-жыраулардың толғаулардың мазмұнында кеңпейілділік, ашық қолдылық, жайдарлылық, адамды сыйлау сияқты парасатты қасиеттер тәрбиелеу үшін мұғалім халықтың асыл мұрасын пайдалану керек.
Халық өз шығармаларында ғасырлық өмір тәжірибесінде көрген-білгенін, басынан өткізгенін, ой елегінен сұрыптап, ең асылын іріктеп, қорытындылап мақал-мәтел, жұмбақ жаңылтпаш т.б. арқылы көрсете алған.
Қонақжайылылыққа қарама-қарсы сараңдылықтың адам бойындағы ең жағымсыз барлық жаманшылықтың өсіп-өнетін жексұрын, жиренішті қасиет екенін көрсетеді. Сараңдылық, пайдакүнемділік, өзімшілдік, дүнеи-мүлік жинауға құнығушылық, қайырымсыздық, қатегездік, іштарлық т.т. адамгершілікке жат, адамның абзал парасатты бейнесіне нұқсан келтіретін қасиет екенін балалардың түсінігіне сай әңгімелермен ұқтыру керек. (Қожанасыр, Алдар Көсе, Шықбермес Шығайбай) ал керісінше адамгершіліктің ең жоғары адамның адамдығын, кеңпейілділігін, адамдық арын сатпайтын қасиет кеңпейілділік, қонақжайлылық.
Сонымен ілгеріде біздер зерттеу жұмысымыздың негізіне алған адамгершіік ең құнды қасиеттердің тірегі деп атаған бағдарламамыздың мазмұнынын аша білдік деп ойлаймыз. Бағдарлама жасауда төмендегідей ғалымдардың М.Әлімбаев, З.Марьенко, В.Богданов. Ж.Намазбаева, Қ. Жарықбаев, С.Қалиев т.б.еңбектеріне сүйендік. Сонымен бірге барлық оқулықтар мен оқу құралдарымен таныстық.
Біздер зерттеуіміздің мақсатын анықтау барысында бастауыш сынып оқулықтары мен оқу бағдарламаларына талдау жасағанымызда халықтық педагогиканың озық дәстүрі арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге мүмкіндік беретін материалдар бар екенін айқындадық.
Мәселен, 4 сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығында (2002 жылы “Атамұра) «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыпқа байланысты өлеңдер, әңгімелер, мақал-мәтелдер берілген.
Олар: «Адам болам десеңіз» (Абай), «Дала жұлдызы» (С. Мәуленов), «Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш» (Ы.Алтынсарин), «Ана тілі» (Қ Мырзалиев) т.б. Бұл тақырыптарды талдап қарастырғанымызда біздің экспериментіміздің негізгі идеясын ашатын мүмкіндігі мол тақырыптар екенін көрдік.


2.3.Бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбиелеудегі эксперименттік- тәжірибелік жұмыстың мазмұны


Ілгеріде көрсетілген бұл әңгімелердің мазмұны біздің ойымыз бойынша балалардың адамгершілік, имандылық сезімдерін оятуға, айналадағы жағымды мінез-құлық, іс-әрекеттерді көре білуге, түсінуге, сапалы бағалай білуге және олардың мінез-құлқында, іс-әрекетінде қарым-қатынас жасауда адамгершілік тұрғысыдан мәні зор.
Бірақ мұның бәрін жүзеге асыру үшін алдын ала педагогикалық ұйымдастырушылық басқару мақсаты көзделінген зерттеу жұмысы қажет.
Жоғарыдағы әдебиеттер арқылы адамгершілік тәрбиесі халықтық педагогикалық озық дәстүрлері туралы білім берумен, түсінік, ұғым туғызуымен ғана шектелмей балалардың білгенін іс жүзінде материалды қалай меңгергендігін, түсінгендігін білдіру үшін әртүрлі шығармашыық тапсымаларды орындауды ұсындық.
120 оқушының жазған шағын шығармаларынан олардың 70 % мейірімділіктің бір белгісі жолдастық, достық екенін білдірді.
Алғашқы зерттеу жұмысына кіріскен кезде балалардың мейірімділік туралы ұғымдарын, түсініктерін анықтау үшін, «Қандай баламен бірге болғың келеді?», «Кіммен жолдас болуды қалайсың?» деген бағытта сұрақ беріледі.
Балалардың 10 % ақылды, сабағын жақсы оқитын баламен бірге болуды, аққөңіл, көмек беруге дайын тұратын баламен 25 %, күшті үнемі мені қорғайтын баламен дос болуды 35 % қалады, ал 10 % білмеймін деген, 20 % жауап бермеді.
Оқушылардың бұл жауабынан адамгершілік, мейірімділік қасиеттері туралы айқын түсініктері жоқ екені белгілі болды.
Бұдан біз адамгершілік түсінігін қалыптастыруға арналған жұмыс болуы қажет деген қорытынды жасадық және біздің бағдарламаға негізінен адамгершілікке тәрбиелеуді жүзеге асыру тұтас педагогикалық процесс тұрғыдан ойластырдық.
Олардың ішіндегі ең негізгісі сабақ және сабақтан тыс дәстүрлі, дәстүрлі емес жұмыстар.


Эксперимент жұмысының нәтижесін көрсететін кесте




«Адамгершілік тағылымы» бағдарламасы негізінде алынған ең құнды сапалар

Тірек идеясы

Істеленген жұмыстар

Эксперимент жүргізген уақыт
2004 – 2005 жж

Сыныптар

Сыныптар

1. Ақыл- ой, сана
2. Адал еңбек

3.Отанына, халқына, жалпыадамзатқа, табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу


4. Ар- ождан
5.Кішіпейілділік, қайырымдылық, ізеттілік

6.Ата-анаға, туыстарына жолдастарына, жалпы адамдарға деген мейірімділік


7. Бауырмалдылық
8. Қонақжайлылық,
кеңпейілділік

ІЗГІЛІК ИДЕЯСЫ

1. Білім сапасы:
а) сауалнама арқылы жасалған педагогикалық кесінді
ә) бақылау сабақтардың нәтижесі
б) оқу бағдарламасымен жүргізілген жұмыс
«Адамгершілік тағылымы» бағдарламасымен жүргізілген жұмыс

2. Сыныптан тыс жұмыстарға қатысуы


а) «Сыйқырлы саусақтар» шығармашылық көрмесі өткізілді
ә) «Менің сыр сандығым сөйлейді» деген тақырып б/а пікір алмасу сайысы ұйымдастырылды.
б) «Этнопедагогика» ғылыми –зерттеу лабороториясы арқылы мектеп ұжымымен байланыс жасап «Шежіре» отауы құрылды

3. Эксперименттік қайталау, жинақтау, қорытынды сабақ. «Мейірімділік жүректен» тақырыбында сабақ өткізілді.


Дәстүрлерге арналған ситуациялық жарыс ойындары.


«Әжеміз бізде қонақта»

Эксперименттік сабақ «Бабалар өсиеті»



1. а) оқушылардың 3/1 ықыласпен жауап берді
ә) қызығушылығы төмен
б)оқу бағдарламасы мен
«Адамгершілік тағылымына» негізделген сабаққа ынталы қатысты
2.Сыныптан т ыс жұмыс
жалпы тәрбие жұмысы
«Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру» бағдарламасына бағытталып жүргізілді. С.Қалиев. Алматы-2001 ж.
Бұрыннан қалыптасқан тәрбие жұмысының (сынып сағаты, әңгіме, экскурсия) түрлері жүргізілді. Мектептен тыс мекемелермен бірлескен жұмыстар жүргізілді.



а)оқушылардың білімділікпен, сенімді жауап бергені жартысынан көбі.
ә) қызығушылығы жоғары
б) мұғалімдер оқу- тәрбие процесінде «Адамгершілік тағылымы» бағдарламасының жобасын басты идея етіп алды.
2. Сыныптан тыс ұстанған жұмыс «Адамгершілік тағылымы» бағдарламасына негізделіп жүргізілді. Іс-әрекеттің, қарым- қатынастың түрлері бағдарламаға сай дәстүрлі емес түрлері( мақал- мәтелдер, өлең, әңгімелер ) ұйымдастырылды.
«Ізгілік туралы әңгімелер» ұлттық дәстүрлерге арналған ситуациялық ойын, сайыстар
3. Дидактикалық ойындар
Сабақта және сабақтан тыс жұмыстарына қосымша материалдар дайындалды

«Адамгершілік тағылымы» бағдарламасының жобасын қолдану негізінде, бастауыш сынып оқушыларында адамгершілік қасиет сапалардың қалаптасу деңгейлерінің өзгеруіне арналған кесте (орта балл % көрсетілген)



Қалыптасу деңгейі

Бақылау тобындағы оқушылар

Эксперимент тобындағы оқушылар

3 с

4 с

3 с

4 с

б.к

к.к

б.к.

к.к

б.к

к.к

б.к

к.к

Төмен

60 - 30

30 - 23,3

66,7 - 40

40 - 20

Орта

36,7 - 50

50 - 56,7

33,3 - 43,3

43,3 - 40

Жеткілікті

33 - 20

20 - 20

16,7

16,7 – 40



Бұл кестеден оқушыларда адамгершіліктің қалыптасуының төменгі деңгейі эксперименттен кейін 46,7 % кемиді. Ал орта және жеткілікті деңгейдегі оқушылардың саны 6,7 % және 40 % жоғарылаған.
Бақылау тобындағы төменгі деңгейдегі оқушылар саны 36,7 % кеміген, ал орта жеткілікті деңгейдегі оқушылар саны 20 % және 16, 7% көбейген. Басқаша айтқанда эксперимент сыныптарындағы төменгі деңгейдегі оқушылар саны 14 балаға кеміген, ал орта деңгейдегі оқушылар саны 2 балаға көбейген.
Жеткілікті деңгейдегі оқушылар саны 12 балаға көбейген. Бақылау топтарында төменгі деңгейдегі оқушылар саны 11 балаға кеміген, орта деңгейдегі оқушылар саны 6 балаға жоғарылаған, жеткілікті деңгейдегі баланың саны 5 балаға көбейген.
Қорыта айтқанда, эксперимент топтарында оқушылардың бойында халықтық педагогиканың озық үлгілерінің негізі арқылы адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы 2,5 есеге көбейгенін көреміз.
Көпшілік алдында өтетін «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» сияқты дәстүрлі жарыстар өзегі мектептен басталады. «Сабан той», «Алғашқы қоңырау» , «Алтын күз», «Наурыз», тойы «Соңғы қоңырау» т.б. мерекелік кештермен атаулы күндер рәсімін өткізу кезінде ұлттық дәстүрлермен салттарды, әдеттер мен дағдыларды кеңінен пайдаланып олардың тәрбиелік мән-мағынасын ұрпақтарға мойындату, тәлім-тәрбие жұмысының әмбебаптығына, ұстаздардың жан аямас жауапкершілігіне байланысты.
Кейінгі кездерде ұлттық газет-журналдарда «Тал бесік», «Әдептілік әліппесі» тақырыптарында халықтық педагогика атауларымен халықтық педагогиканың тәрбиелік қуатын пайдаланудың жолдары айтыла бастады.
Радио - теледидар арқылы «Сиқырлы қазан», «Сыр сандық», “Алтын қақпа”, “Алтын асық” т.б. хабарлар халықтық педагогиканы насихатауды қолға алып жатыр. Бұл жақсы бастама. Ұрпақ тәрбиесіне халықтық педагогиканың өрнекті үлгілерін пайдаланудың сан-қилы жолдары мен әдіс-тәсілдерін халық ғасырлар бойы өзі қалыптастырып өркендеткен болатын.
Біздің міндетіміз халық қазыналарын іздеп тауып, ізгі іске пайдалану болып табылады.
Тарихты білу бүгінгі күннің мәні және келешектің мүддесін түсіну, өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра қалдырып отыру адамзат әулетінің ұлы парызы.
Сондықтан қазіргі қазақ халқының рухани жағынан қайта түлеуі кезеңінде ұлттық дәстүрді қастерлеу ұлтына, еліне,мәдениетіне шынайы сүйіспеншілікті тәрбиелеу, тәрбие жүйесінің барлық саласының өзегіне айналу шарт. Осы тұрғыдан қарағанда педагогикалық оқу орнындағы тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты шәкірттердің ой санасына қозғау салатын ішкі жан дүниесіне үйлесімді жол таба алатын, олардың жүрек қалауларымен, өз еріктерімен іздемпаздық жасай алатын іс-әрекеттерді ойластыруға бағытталуы керек.
Біздермен тығыз жұмыс жүргізген бастауыш сынып мұғалімдері. Ал, тарих толған шежіре, тарихи қазына, ата-баба мұрасы, ұлт дәулеті болғандықтан бұл аталған байлықтарды болашақ ұлт тәрбиелерінің рухани азығына, жан дүниесінен жарасын табуына, мамандық игілігіне айналдыруды әр сабақ сайын нысанаға алып отырылады.
Қорғалыжын ауданы,”Ұялы” орта мектебінде 3 - 4 сынып оқушылары арасында әрқайсысының жанұядан жан азығына айналдырғандай болған салт-дәстүрлер туралы әңгіме-сұхбат өткізілді. Оған төмендегі тақырыптар арқау болды. «Ұлттық тәрбие үй ішінен басталады», «Атадан қалған асыл сөз, артық болмас білгенің», «Абзал қасиет – адам көркі», «Ұлттық дәстүрді үйрену ғибрат», «Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық», «Қазақ халқының шешендік сөзі», «Халық педагогикасы-тәрбие кілті» т.б.
Жоғарыда айтылған тақырыптарды талдауда оқушыларға еріктілік талап қойылды. Олар ата-баба мұрасы туралы білімдерін ортаға салып пікірлесті. «Атадан қалған асыл сөз – артық болмас білгенің» – деген сұхбат сайыс мына мазмұнда өткізіледі.
Сайыс алты талап ережесі бойынша жүргізілді. Атадан қалған асыл сөздерді 2 топқа бөлінген оқушылар кезекпен:
тақырыптың мазмұнын ашық, анық түсіндіреді

  1. Мәнерлі сөйлеу.

  2. Шешендік өнерін көрсете білу.

  3. Асыл сөздің құдіретін айқындау.

  4. Берілген уақытты үнемдеп, шапшаң мағыналы пайдалана білу.

  5. Оқушылар сайыс сұхбатының мазмұны мен тақырыбына сай өздері ұстай білу ерекшелігін сахналық шеберлікпен көрсету.

  6. Өз ойынан суырып салып асыл сөз құрастыру.

Сайыста осы ережеге сай әр топ халық қазынасының қойнауында жинақталған киелі, қасиетті сандар және оның /үш , төрт, бес жеті/ мазмұнынын ашу.
Бұл сұхбат сайыста ата-баба мұрасының қазақ халқының ғасырлар бойғы барлық қоғамдық, әлеуметтік, саяси, экономикалық, тұрмыстық және тұлғалық мінез-құлық, қарым-қатынас, тіршілік тынысының алуан саласын қамтитын асыл сөздер еркін әңгіме айтылады.
Жоғарыда аталып өткен аудандық мектептерде мұғалімдер , ата- аналар, оқушылар арасында халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүріне арналған ізденіс, зерттеу топтары құрылып, әр топ өзіне бір бағыты белгілеп жұмыстар жүргізе бастады.
Мәселен « Менің ауылымның дәстүрі”, «Ұлттық тәрбие үй ішінен басталады» «Шешендік сөздер» т.б. зерттеу жұмыстары және арнайы құрылған топтар, кітапхана, оқушылар сарайы, тарихи, әдеби музейлер қызметкерлерімен кездесіп тәжірибе жинақтап, өздігінен білімдерін көтеруге ынта-талаптары артты.
Мектеп мұғалімдерінің, оқушылардың, ата-аналардың жұмыс ауқымы көбейіп, олардың тарихи мұраны білуге, оны өзгеге үйретуге деген қызығушылықтары, іскерлік дағдылары, білімдері көбейіп барлық жұмыстардың басын біріктіретін орталық қажеттігі туды.
Бұл орталықты тарихи-этнопедагогикалық «Шежіре» деп атадық.
Орталықтың жұмысын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру және оның мақсаты, міндеті, девизі, баспа органы, құрлымы негізгі жұмыс мазмұны және «шежіренің» жарғысы мәслихатта талқыланды.

  1. «Шежіре» тарихи - этнопедагогикалық орталығы жастардың тарихи, мәдени, педагогикалық орталығы болып табылады.

  2. Халқына, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне жаны ашитын кез келген адам орталыққа мүше бола алады.

  3. «Шежіре» тарихи - этнопедагогикалық орталығының құрылу мақсаты: оқушылар мен жастар арасындағы ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды жандандыру, дәріптеу.

  4. Білімдік, танымдық, тәрбиелік мәні бар этнопедагогикалық және мәдени шараларды ұйымдастырып отырады.

  5. «Шежіре» орталығы талапты және ынталы жастарды өзіне мүшелікке тарта оытырып, жоғарыдағы мәселер төңірегінде бірлесіп жүйелі түрде жұмыс істейтін болады.

  6. “Атамекен” бағдарламасының жүзеге асуына орталық тікелей атсалысып отырады.

  7. «Шежіре» тарихи- этнопедагогикалық орталығының жұмысын ұйымдаструшы және басқарушылар облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін артыру және қайта даярлау институтының мамандары, аудандық оқу бөлімінің әдіскерлері және мектеппен ата- аналар ұжымы. «Шежіре» орталығы өзінің жұмысын оқу-тәрбие процесінің барлық салаларымен сабақтастықта жүргізіледі, күндізгі және сырттай оқитын студенттердің өздігінен орындайтын оқу тапсырмалары, рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар және ғылыми баяндамалар дайындауда тарихи этнопедагогикалық орталығында жүргізген жұмыстарының материалдарын пайдаланды.

Мектеп мұғалімдерімен, ата-аналар және бастауыш сынып оқушыларымен төмендегідей жұмыстар жүргізілді: сұрақ-жауап алу, балалардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына педагогикалық бақылау, шығармашылық еңбектерін талдау, дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақтар және сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырды.
Әр сыныптың баласына халықтық педагогика мұраларына байланысты жинақ кітапшалар жасатылды.
Бұл жинақ-кітапшаларды студенттердің басшылығымен төменгі сынып оқушылары өздері құрастырады.
Оның ішінде өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ойындар енгізіліп, балалардың өздерінің қолымен салынған әртүрлі мазмұнды суреттер береді.
Зерттеу базасы болып белгіленген бірнеше мектептерде сыныптан тыс арнайы сабақтар өткізілді. Сабақтар үлгісін қосымшадан қарауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет