Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықТЫҚ педагогиканың озық ДӘСТҮрлерін пайдалану


Сабақтың тақырыбы: “Мейірімділік жүректен” (1)



бет20/22
Дата28.04.2022
өлшемі492,5 Kb.
#141208
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Сабақтың тақырыбы: “Мейірімділік жүректен” (1)
Сабақтың мақсаты:
а) адамгершілікке,адамға деген
мейірімділікке тәрбиелеу;
ә)халықтық педагогикаға арналған әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың түсініктерін кеңейту дәстүр негізінде адамгершілік әдеп дағдыларға үйрету;
б)оқушылардың бойында мейірімділік пен қарым-қатынастылық жасаушылыққа деген қажеттілігін қалыптастыру.
Көрнектілігі: Ы.Алтынсариннің әңгімелері, ертегілер
жинағы, диафильм, оқыған кітаптары бойынша шағын шығармалары түрлі бояуы бар суретпен бейнеленген балалардың өздері құрастырған әңгімелер, мақал-мәтелдер дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.Оқушылардың шағын шығармалары өздігінен орындаған жұмыстары туралы әңгімелеу.
2.“Адамгершілік сыр сандығындағы“ ұғымдарды талқылау.
3.К.Д.Ушинскийдің “Қарт ата“ әңгімесін дауыстап оқу, талдау.
4.Адамгершілік қасиеттерге арналған ситуациялар көрнісі.
Сабақтың қорытындысы: Адамгершілік туралы оқушылар өз ойын ерікті әңгімелеу.
Сабақтың өтуі: І. Мұғалім өзінің кіріспе сөзінде мейірімділік ежелден келе жатқан қазақ халқына тән қасиет екеніне тоқталады.
Осыған сәйкес қасиет туралы қандай оқыған кітаптар және
қандай дәстүрлерді білесіңдер? – деп балалар сұрақтар қояды.
ІІ. Мұғалім: К.Д. Ушинскийдің Қарт ата“ деген әңгімесін екі оқушыға мәнерлеп оқуды, үшінші оқушыға қысқаша әңгімелеп айтып беруді ұйымдастырады.
Оқушылар мұғалімнің тапсырмаларын қымсынбай, қателесіп кеттімбе- деп жүрексінбей жауап береді. Оқушылар назарларын оқығандарын еске түсіруге немесе қайталап айтуға ғана емес, оның мәнін, себеп-салдарын салмақты дәлелді табуға тырысады. Мұғалім балаларға оқулықтарыңды ашып, қарт адамға тән сипаттарды оқулықтан тауып оқуларын ұсынады.
Мұғалім: Сыныпқа қарап, балалар енді бір-біріңмен екеуара әңгімелесіңдер деді. /қарттың баласымен келіннің мейірімсіздігі туралы; немересінің ісі туралы; бүгінгі өмірде өздерінің осындай мейірімсіздікті көргендері, байқағандары туралы/ қалай ойлайсыңдар, қарттың немересі дұрыс істеді ме?
ІҮ. Дәптермен жұмыс: мұғалім, немере, қария, мейірімділік сөздердің түсініктемесін дәптерге жаздырды, немере мен ата арасындағы қазақтың қандай озық, ізгілікті, дәстүрлері бар?
Ү. Мейірімділік пен ізігілік туралы мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер ертегілер, «Көкпар ұйымдастыру. Оқушылар үш топқа бөлініп жарысады. Аңыз әңгімелерден үзінді оқиды. Қай топ озып шыққанын оқушылардан және студенттерден құрылған әдщіл қазылар алқасы қорытындылайды.
ҮІ. Ситуациялық жарыс-ойын Әжеміз біздің үйге қонаққа келді
Дәстүрдің мазмұны : әже үлгісінен үйренейік.
Ойынның шарты:

  1. шағын үш топ әрқайсысы үш минуттың ішінде өздерінің әжесіне деген дәстүр негізінде мейірімділікті көрсете білуге жарысады. /Сәлемдесу оның түрі, мазмұны, сый-құрметін немен көрсетеді, әжесін жақсы көретінін қалай білдіруге болады? Әжесінің жақсы істерін көрсету, әжесіне деген сүйіспеншілікті қимыл-әрекетпен, сөзбен білдіру/.

Мұғалім: Әжені, атаны қандай жылы сөздермен қарсы алар едің?
/менің әжем, сүйікті әжем. Менің атам, сүйікті аташым./
Мұғалім: Сендер әжені мейірімділікпен қарсы алуды біледі екенсіңдер, ал бірақ күнделікті өмірде теледидир хабарынан өміріңіздің көлеңкелі тұстарынан мейірімсіздік қасиеттер көрінетінін білесіздер ме? Панасыз қарттар үйінен хабардар қылып, өміріміздің тек жақсылықпен ізгіліктен тұрмайтынын, ата-аналарын бақпай қатегездік таныт атын адамдар арамызда бар, ондай жаман қасиеттен аулақ болыңдар. Ал, балалар бәріңе таныс болар таспадан «Қара шал» әнін А.Қоразбаевтың орындауында тыңдалық.
Мұғалім педагогикалық ситуациялық әрдайым түрлендіріп шығармашылықпен пайдалану керек. Мәселен төмендегі ситуацияларды сабақ үстінде пайдалануға болады:
І ситуация
Екінші 3 сыныпта әрқилы заттар: қалам, өшіргіш, қарындаш, жоғала беретін болады. Бір жолы қыздың ақ бантигі жоғалады. Мұғалім «жоғалған заттар тобы /бюросы/- ның жұмысы жайлы әңгімеледі. Ал,балалар болса жоғалған заттардың, қайтарылғандығы жайлы үлкендерден естіген деректерін айтты.
Ситуацияны талдауға арналған сұрақтар

  1. Мұғалімнің қолданған тәрбие әдісін айтыңыз?

  2. Балаларға әсерлі болуының себебі неде?

ІІ ситуация
Жексенбі күні Айдар әкесімен бірге көрмеге барды, күні бойы шаршаған, олар трамвайдың ішінде бір-біріне қарама-қарсы отырған еді. Кезекті аялдамада трамвай қозғалған кезде Айдар отырған орындықтың тұсына бір әйел келіп тұрды. Үстіне әдемі мерекелік көйлек киіпті.
Айдар орын беру керектігін түсінді, тіпті орынан тұрғысы келгендігін қимылымен байқатты да, бірақ әйелдің өзіне көңіл бөлмегенін көріп, терезеге бұрылып отыра берді.
Әкесі орынан тұрды.
-Отырыңыз деген әкесінің даусын естіде Айдар.
Айдар құлағының ұшына дейін қызарып, орнынан ұшып тұрып:
- Отыр! Мен түргеп тұрамын деді.
Әкесі Айдардың ісін солай болу керектігін ұғып, орнына отыра бере сыбырлап сөйлеп:

  • Байқампаз болу керек, балам – деді.

Ситуацияны талдауға арналған сұрақтар:

  1. Айдар нені сезінді, оның мінез-құлқына қалай әсер етті?

  2. Айдардың әкесі қандай педагогикалық әдісті пайдаланды?

Мұғалім: Сабақты қорытып былай дейді. 1. Бүгінгі сабақта қандай ұғымды білдіңдер?
2.Мейірімділікке байланысты қазақ халқынының қандай дәстүрлерімен таныстыңдар?
3.Мейірімділіктің адамдармен қарым-қатынас қандай қажеттігі бар екіндігін білдіңдер? Ситуация т.б. материалдар арқылы.
Үйге тапсырма: Үйге балаларға ерікті түрде орындалатын әртүрлі тапсырмалар беріледі.

  1. Оқыған кітаптарыңнан, теле-радио хабарынан тыңдаған, көрендерін, кинофильмдерден “Кімде мейірімділік, ізгілік, ұлттық дәстүр белгілері басым» деген материалды өздерінің “Адамгершілік сыр сандығына” жинақтау.

  2. Күнделікті өмірде адамдарға барынша мейірімді ісімен жылы сөзіңмен жылылық көрсете білуге үйрен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет