Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықТЫҚ педагогиканың озық ДӘСТҮрлерін пайдалану



бет21/22
Дата28.04.2022
өлшемі492,5 Kb.
#141208
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Тақырыбы: Бабалар өсиеті (2)
Мақсаты: 1. Ғасырдан-ғасырға жетіп өсиет ретінде жалғасып келе жатқан асыл сөздер, мақал-мәтелдің бізге жету тарихы, адамды жан-жақта тәрбиелеуге арналған принциптердің маңызын түсіндіру.
2.Мақал-мәтелдің мағынасын дұрыс түсіне білуге және оларды өмірге қолдана білуге баулу.
3. Адамгершілікке, еңбекқорлыққа, мейірімділікке баулу қиялына қанат беріп, ойын ұштау, қысылған жерде дұрыс шешімін қабылдауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: 1. Киіз үй макеті, плакаттар.
2. 5-6 мақал-мәтелдің жазылып ілінуі.
3. “Асыл сөздер“ кітапшасы мақал-мәтелдер букеті.
4. Көріністерге атрибуттар жасау.
а) /үш құмырысқа, бір ара, бір қауыз дән/.
ә) /ағаш, діңі , жапырақтар/.
б) / қазақша киім үлгілері, тақия т.б./
Күй ойналады “Сарыарқа“ / Құрманғазы/
І. Бастаушы: /Оң қолын кеудесіне басып, басын иіп/ Ассалаумағалейкум, құрметті достар және қадірлі қонақтар! Қош келдіңіздер,
«Бабалар өсиеті»аялдамасына /барлық оқушылар оң қолын кеудесіне басып, басын иіп амандасады/.
Содан соң жай естілген күй әуенімен 4-оқушы мына өлең жолдарын мәнерлеп дауыстап айтады.
1-оқушы: Жер астынан көз жіберіп,
Сонау алыс күндерге.
Менің ата-бабаларым,
Ұйықтап жатыр бұл жерде.
2-оқушы: Намысыңды алмаймын ба , жаралап,
Не дейді әкем, бабам қалай қарамақ.
Олар бұған берер мекен кешірім.
3-оқушы: Олар мені пір тұтады,
Бабасындай сөйлейді,
Дастарханға мен келместен
Кесеге шай құмайды.
4-оқушы: Бабалардан қалған жалғыз байлығым,
Ана-тілім туған тілім айбыным...
(Музыка аяқталады)
Мұғалім: Баба... Бабаларымыз.... Бабабалар өсиеті.

  1. Бабабалар деп кімді айтамыз? Қай тілден енген сөз /Жауап беріледі/

  2. Ата-бабаларыңды сендер білесіңдер ме? Қанекей кім өзінің жеті атасын біледі? /1-2 оқушы өзінің жеті атасын айтып береді/.

Мұғалім: Олай олса біз бүгін осы отырған әрқайсымымыздың әкесінің әкесі, ұлы әкесі яғни бабаларымыздың біздерге өсиет етіп айтып кеткен асыл сөздері мен нақыл сөдерін қазақтың мақал-мәтелдерімен танысамыз, оларды талдаймыз, өмірге қалай келгендігін неге үйрететіндігін білеміз.
Мұғалім: “Өнер алды қызыл тіл“ деген маржан сөздің қадірін терең түсінген халқымызда асыл сөдер көп-ақ, әсіресе мақал-мәтелдер. Бір сәт бабалар мұрасы жинақталған “Асыл сөздер“ кітапшасына үңілейікші. /оқушылар киіз макеті алдында дөңгеленіп тұрады әр мақалдың мәні, мағынасын алып көрсетеді/
1. Туған елдей ел болмас. 5. Ата-кеме, ана-дария.
2. Атаңның баласы болма. 6. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла,
Адамның баласы бол. 7.Ағаш тамырымен мықты,
3. Өзін-өзі білген ер бақытты, Адам досымен мықты.
Өзін-өзі билеген ел бақытты. 8. Асы бар аяқтан аттама.
4.Түйір нан , тамшы тер.
Мұғалім: “Асыл сөздер“ кітапшасын парақтай берсек, оның әрине шегі жоқ. Сондықтан кітап бетін бір сәт мынаған көңіл бөлейік. Халық даналығы біздің ата мұрамыз, асыл қазынамыз. Сан ғасыр халық жадында сақталған, ой елігінен өткен мақал-мәтел, нақыл өсиет сөздердің өмірге қалай келетіндігін еске түсірейік. /Оқушылардың қатысуымен көріністер көрсету және оны мақал-мәтелмен қорытындылау/.
Әке мен бала” (көрініс көрсету)
а) “Еңбек еткен ерінбей, тояды қарның тіленбей“,
б) “Еңбек етсең емерсің“
Бастаушы: /әке, бала/.
Әкесі: “Екі достың қадірі
Жаңа достай бола алмас“.
Баласы: “Көйлектің жаңасы жақсы
Достың ескісі жақсы“.
Бастаушы:
Құмырсқа және оның достары.
/көріністерден соң балаларға қол соғып құрмет көрсетіледі/.
Мұғалім: Балалар біз мақал-мәтелдермен танысқанда олардың әртүрлі тақырыптарды қамтитынын білдік, енді қайталап еске түсіріп жіберейікші.

  1. Отан, ел, халық туралы.

  2. Ағайын, туыс сыйластық туралы.

  3. Тәрбие, үлгі-өнеге туралы.

  4. Еңбек, шеберлік туралы.

  5. Сөз өнері, шешендік туралы.

  6. Адамгершілік, ақылдылық туралы.

  7. Қайырымдылық, қайырымсыздық туралы.

  8. Ерлік, батырлық туралы.

  9. Шындық пен өтірік туралы.

  10. Өнер білім туралы.

  11. Достық жолдастық туралы.

  12. Ар, насым, ұят туралы.

  13. Қонақ, қонақжайлылық туралы.

б) Біздер тағыда мына нәрсені аңғардық. Әр мақал-мәтел өсиет, сөздерден халқымыздың өзіне тін қасиеті қонақжайлылықты сөз өрені шешендікті, адамгершілік және еңбексүйгіштікті дәріптейтіндігін білдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет