Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықТЫҚ педагогиканың озық ДӘСТҮрлерін пайдалану



бет17/22
Дата28.04.2022
өлшемі492,5 Kb.
#141208
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ

(2). Еңбек еткен емеді- еңбексіз не өнеді . Төменгі сынып балаларына тұтас педагогикалық процесте еңбек туралы алғашқы ұғымдарды халықтық педагогикалық озық дәстүрлері арқылы түсіндіруге толық мүмкіндік бар. Еңбектің қоғамдық мәнін әр мамандық туралы, еңбек туралы баланың міндеттерін, еңбек арқылы балаларға қамқорлық жасау реттілікті ұқыптылықты, жинақтылықты дағдыландыруда нарықтық экономиканың еңбек саласындағы алғашқы түсініктерін білуге, еңбек сүю нені болса да жақсы жасай білуге өз еңбегіне өзі риза болушылыққа қазіргі жағдайда өзіне-өзі не қажеттілік екенін білдіру арқылы оның ой-санасын ақыл-жүйесін, бағытын, өмір сүруге дайындайды.
Ол үшін ауыз әдебиетінің «Еңбек бәрінде жеңбек», «Байлықтың атасы еңбек, анасы жер т.б.» бай мұрасы арқылы ғасырлар бойы жинақталған қазақ халқының тұрмыс-тіршілік еңбек саласында дәстүрлерін пайдалану керек.
Әлемнің ғұлама ғалымы, ұлы ойшыл Әль-Фарабидің айтуынша «Ізгі және қажетті жұмыс істеген адам ... басқа адамның жоғары тұру керек». Әл-Фарабидің асыл ойы адамның адамдық ең жоғары деңгейі еңбекпен анықталатынын көрсетті.
Ол адамға адамгершілік тұрғыдан күш қуат беретін құдіретті қасиет.«Байлық қанағат пен еңбекте» деген Ы. Алтынсарин.
«Талап, еңбек, терең ой
Қанағат рахым ойлап қой
Бес асыл іс көрсеңіз» – деп ұлы Абай адамгершіліктің еңбек пен ақыл оймен, рақымшылықпен, қанағаттылық пен талап, ынталық пен туындайтын ең құнды адамгершілік қасиет екенін көрсетеді.
Ауыз жырларында:Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге.
Ер қолынан іс келмес,
Зұңқардайын түңілмей (Дулат Бабатайұлы).
Бұл жырлар еңбек адамның іштей ерлік-жігерінің мақсаттығын, адамгершілік жағынан тұтастығын көрсетеді. «Кісі танымақ болсаң ісіне қара» деген Жүсіп Баласұғұн.
Қазақ халқы өзінің өмір тәжірибесінде баланы жастайынан еңбекке араластырудың мүмкіндіктерін ойластырған. Мұнда қыз балалар мен ұл балалардың өзіндік өсіп дамуындағы табиғи өзгешеліктеріне қарай еңбек түрлерін айқындаған. Әр ата-ана баласын отбасының еңбек, шаруашылық түрлеріне қатыстыру арқылы жалпы еліне, халқына шынайы азамат болып өсуін ойлаған және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеген.
Зерттеу базасы болған мектептерде осы дәстүрлерді бастауыш сынып оқушыларына еңбек сабағында «Сиқырлы саусақтар» атты үйірме және ұлттық этнографиялық мүйіс, іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы адалдық еңбек тәртібі, міндеттілік т.б. адамгершілікке тәрбиелеуді көздейді.
Қазіргі мектепте қазақтың ұлттық салт дәстүріне арналған еңбек түрлеріне балалардың қатысу бүгінгі күнде мұғалімдер мен тәлімгерлер елеміздің әлеуметтік экономикалық дамуына балалардың ад өз үлестерін қосуына мән беру керек. Мұнда экономика туралы ұғымдарда делдалдық, арендалық, менеджерлік, бизнес, валюта, акционер, корпорация т.б. ұғымдарды қарапайым тілмен күнделікті өмірмен байланысты балалар ұғымына сай іс-әрекет ұйымдастыру қажет.Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде еңбек дәстүрлері, оның ауыл адамдарының, туған –туысқандарының, үлкен кісілердің балалармен ересектердің бірлесіп қауымдасып, сабақтасып жатқан іс-әрекеттері туралы мағлұматтар бәрін, осы еңбек дәстүрлеріне балаларды қатыстыру керек. (Мысалы, «Асар» жасау т.б.).
Бағдарламамыздың келесі бөлімі елжандылық, Отаншылдық, жалпы табиғатқа, адамзатқа сүйіспеншілікке арналған.
(3). Жері байдың елі бай. Отанына, халқына жалпыадамзатқа, табиғатқа сүйіспеншілікті, елжандылықты тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрін пайдалану.
Қазақстан Республикасының Конституциясы материалдарын, жеке баптарын балалардың түсінігіне сай оқып, үйрету тәуелсіздік мәртебесіне ие болған еліміздің Ата Заңын білу елжандылықтың, адамгершіліктің шынайы белгісі.
Қазақстан Республикасының рәміздерін (символдарын) байрақ, елтаңба, әнұран балалардың білуі оларға тағзым етуі, қызмет көрсетуі, бағалауы және мақтаныш етуі, қорғай білуі, елжандылықтың, елнамысын, елін қорғай білудің, ұлттық адамгершілік сананың шынайы белгісі.
Себебі,байраққа, елтаңбаға, әнұранға тағзым ол тарихқа, елге болашаққа тағзым құрмет екенін балалардың ой-санасына жеткізу керек.Адамгершілік тәрбиесі процесінің бір бөлігі тіршілік атаулыны сүйе білуге бағытталған. Балаларды табиғатты қорғауға ынталандыру мақсатын көздеу қажет. Адамгершілік қарапайым түрі бірінші класта оқушыларға арналған ережелерден, мінез-құлық дағдыларын қалыптасыру басталады.
Соған орай балалардың өмірі дәстүрге сай ережелерге сәйкес ұйымдастырылады. «Ел іші алтын бесік», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» «Өз елің алтын бесік» осындай мақалдар жазушылардың шығармалары, ұлы хандар, билер, елін-жерін қорғаған батырлар (Қабанбай батыр, Наурызбай батыр, Исатай батыр т.б.) . Отанды, елін-жерін, табиғатын сүю туралы ұғымдарды сабақта, сабақтан тыс өздігінен оқу арқылы меңгереді.
Әлеуметтік салт-дәстүрлер қазақ ауылы тарихының қарым-қатынас жөнініде білдіру. Жаңа заман салт-дәстүрлері арқылы жаңа әдет-ғұрып қалыптастыру. Еңбекке байланысты мерекелер (жастарды жұмысшы қатарына алу, құрметті демалысқа шығарып салу, шопандар тойы т.б.) тойланатындығы одан алған әсерлері, көргендері жөнінде әңгіме жаздыру. Қазақтың спорттық түрлерін үйрету ат жарыс, қыз қуу, қазақша күрес т.б. Жамбы ату, аңшылық, мергендік, бүркіттің балпанын ұстау үшін құз тастарға өрмелеу т.б. Оқушылардың отанына, халқына, елжандылығына деген сүйіспеншілігін бала мүмкіндігіне сай іс-әрекеттер барысында қалыптасады. Оған жалпы адамзаттың әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени, ағайын-туыстық қарым-қатынастарындағы салт-дәстүрлер толық негіз бола алады. Мәселен, ортамызға қайта оралған дәстүрлер, мерекелер, ойындар, алық пен халықтар арасындағы ізгі байланыстар мәселен «Дүниежүзі халықтарының Құрылтайы, салтанатты шерулер. «Наурыз» мерекесі, сабан той, соғым той, ораза, айт т.б.
Мұғалім балалардың табиғатқа байланысты ұғымдарды білуге нақтылы іс-әрекетке қатынасуға ықпал жасайтын, оларды ынталандыратын халық ауыз әдебиетінің бай мұрасы мен халықтың озық дәстүрлермен таныстырады. Оған байланысты мынадай әңгімелерді пайдалануға алады: «Ағаш егудің егінге пайдасы» , «Алып ағаш» (С. Мұқанов) «Ағаштар неге ашуланады» (Б. Соқпақбаев). Ы. Алтынсарин көптеген мақаларында, әңгімелерінде «Бақша ағаштары» , «Жаз», «Өзен» т.б. мазмұны балаларды туған жердің табиғатын сүюге байқағыш болуға, әрнәрсені ойлап білуге үйретеді, Табиғаттың сұлулығын суреттеуімен қатар, оның құбылыстарының шаруашылық маңызын да көрсетеді.
Әңгіме болатын келесі қасиет ар-ождан, ұлттылық, ар-намыс туралы (4)Алтын басты болсаңда, ардан артық емессің” деген Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөзі ар-ожданның адам бойындағы құнды адамгершілік қасиеттердің өзегі-тірегі болатын арқауы болып табылатын құдіретті қасиетті екенін танытады.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында тұтас педагогикалық процестің барлық саласы арқылы (оқыту процесі, сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар, балалардың шығармашылық іс-әрекеттері, отбасылық қарым-қатынастар т.б) ар-ождан, оны сақтау ар-намыс, ар-ұят, ұяттылық т.б. қасиеттер туралы ең қарапайым түсінігіне сай халық дәстүрінің бай мұрасымен таныстыру керек. Балалардың меңгерген ұғымы арқылы санасына, сезіміне, іс-әрекетіне ықпал жасап, олардың қалыптасқан дағдысына айналдыру көздеу қажет.
Ар-ождан қасиеттінің басты белгілері адалдық, ұстамдылық, табандылық, ар-намыстылық, мақсаттылық, уәдеге берік болу, өзін-өзі танып білу, өзіне-өзі тәрбиелеуі тәрбиенің өзегі болуы керек. Халық педагогикасының бай мұрасында ар-ожданды, ар-намыс, ар-ұят, ұяттылықты, қастерлеген қасиеттер баршылық. «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы». (Абай Құнанбаев). «Қазақ тілінде «таза» деген сөз үсті-басының тазалығымен бірге, ар-ұят тазалығын да көрсетіп тұрады» (Ғабит Мүсірепов).
Балалардың ар-ожданға байлығы ой-қиялдарын шарықтатып адамгершілік сезімдерін ұштай түсетін фальклорлық мұраның бірі – ертегілер. («Қаңбақ шал», «Тазша бала», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Алтын сақа» т.б.) Сондай-ақ аңыздар (Қорқыт ата, Қожанасыр, Алдар Көсе, Сырым батыр т.б )
Халық дәстүріндегі балалардың бойында ар-намысқа жат мінез-құлықтарды, ұнамсыз әрекеттерді дер кезінде түзетіп отыру үшін «Мазақтамалар» атты өлеңдер тобын пайдалану керек.
Төменгі сынып оқушыларын ізеттілікке, кішіпейілділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында (5). “Кішіпейілділік кісінің көркі” деген тақырыпқа тоқталамызАдамгершілік баланың жеке тұлға болып қалыптасуының рухани арқауы. Ал адамгершілік қасиеттердің ішіндегі құндылықтардың бірі болып саналатын ізеттілік оның басты белгілері кішіпейілділік, қайырымдылық, адамжандылық бала мектепке дейінгі кезеңнен-ақ не жаман, не жақсы деген ұғымдарды салыстыра отырып, адамгершілік туралы түсініктерін кеңейтеді.
Қазақ халқының мақал - мәтелдерінде, аңыз әңгімелерінде балалар түсінігіне сай қайырымдылық, кішіпейілділік, адамжандылық, ізеттілік мазмұны берілген бай мұра сақталған. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар, есік алдында төбең болса, ерттеп қойған аттай болар» (Махмұд Қашқари). «Жасанды кішіпейілділік жақсы қасиет емес» (А. Құнанбаев). Балалардың бойында ізеттілікті қалыптастыру да халықтық педагогиканың озық дәстүрлерінен туындаған ережелерді үнемі үйрету, олардың рухани өмірінің бағытына айналдыру нақтылы іс-әрекетімен шешіледі. Мұғалім мен ата-ана ережелерді үнемі мына үйретеді:

  1. Сыпайы бол, сыпайылық – өзіңді басқалар ұанататындай ұстай білу.

  2. Әрқашан сыпайы бол, көмек қамқорлық үшін рақмет айт, кетеріңде қоштасуды ұмытпа.

  3. Үлкендерге, ауруларға автобуста орын бер.

  4. Жығылғанды тұрғызуға көмектес, мұны шын жүректен қабақ шытпай ілтипатпен жаса.

  5. Қайда барсаң да кешігуші болма, әрқашанда айтылған уақытында кел.

  6. Өзің туралы абыржыма, үйден шыққанда қайда кеткеніңді айтып кет.

  7. Үлкен кісімен сәлемдескенде ізетті, әдепті бол.

  8. Кішімен кішіпейіл, ақжарқын сәлемдес.

Осындай мазмұндағы жұмысты мұғалім, тәрбиеші, ата-ана жұмыла қолған алғанда тәрбие негізі берік болады. Бастауыш сынып оқушылары қарым-қатынас жасауының алғашқы әліппесі, қадамы сәлем беруден, амандасудан басталатынын білуі керек. Қазақ халқының сәлемдесу рәсімі ата-ананың, ағайын-туғанның, жекжаттың түгелдей ел жұрттың амандығын, саулығын, барлығын қамтитын мазмұнда болады. Дәстүр бойынша сәлемдесу «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады. «Сөз анасы сәлем», «Көрегенді бала алыстан сәлем береді» деген аталы сөздер баланың азамат болып өсуіне бағышталған. «Батыр болып өс, балам» немесе «Сөзің қандай тәтті, сәлемің қандай сәтті» деген жылы сөздерін білдіреді.
Осыған орай төмендегі мына ізеттілікке негізделген ережелерді ескерген жөн.

  1. Үлкен кісімен сөйлескенде , қолыңды қалтаңа салып тұр ма.

  2. Сәлемдескен шақта бас киіміңді ал да, қол алысып болғанша киюші болма

Балалардың ізеттілік бағытындағы ой-өрістерін кеңейтіп айнала дүниені толығырақ тануда жарасымды адамгершілік қасиеттермен қарым-қатынас жасауда халық дәстүрлерінің озық үлгілерінің бала тәрбиесінде атқарар қызметі аз емес. Мұнда баланың ұғымын, түсінігін, дүние танымын кеңейтуге оларды жақсы үлгі істерге мінез-құлықтарға баулуда балалар фольклорының түрлерін кеңінен пайдалану керек.
Қазіргі кезде адамдар арасындағы қарым-қатынаста мейірімділік, адамшылық өте қажет болғандықтан бұл қасиеттерге тоқталамыз.
(6). Мейірімділік жүректен, мейірімсіздік – білектен. Ата-анаға, елінің жақын туыс-жолдастарына мейірімділікке тәрбиелеу. Күнделікті өмірде балалардың үлкендерді сыйлауы жөнінде ата-аналармен мектеп болып жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бір түрі төменгі сынып оқушыларының қайырымды етіп тәрбиелеуде түсінік беру.
Қайырымдылық деген адамдардың бір-біріне жаны ашуы, мейірімділігі, сондықтан қайырымдылық адамдардың өзара сыйласып, құрметтеуінің де басты бір көрінісі болып табылады.
Отбасында, мектепте ,қоғамдық ортада үлкендерді сайлайтын етіп тәрбиелеген бала, сөз жоқ әдепті бала деп танылады. Мұндай баланы әдепті деумен қатар мәдениетті деп те танимыз. Үлкендерді сыйлай, қайырымды болу – әдептіліктің ғана белгісі емес, ол мәдениеттіліктің де белгісі. Әдептілік пен мәдениеттілік егіз ұғым. Баланы жасынана әдепті, тәртіпті етіп тәрбиелей отырып, оны мәдениеттілікке үйрете береміз. Адамның мәдениетті болуы оның оқуына, алған біліміне байланысты ғана емес, ол оның отбасында, мектепте, қоғамдық ортада алған тәрбиесіне, үлгі өнегесіне де байланысты. Мына өлеңге назар аударсақ: «А» деген ол – Аналар ғой ардақты.
«Ә» деген ол –
Әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол –
Балалар ғой әдемі
Біздің елде
Үшеуі де кәделі...
Осы бір шумақ өлең төменгі сынып оқушыларының ұғымына сай ата-анының балаға, баланың ата-анаға мейірімділік туралы тәрбие жұмысына қажетті мүмкіндік алады. Бұл үшін соңғы жылдары жарық көре бастаған оқу әдістемелік кітаптар топтамасын пайдаланған жөн.
Төменгі сынып оқушыларын қайырымдылыққа тәрбиелеудегі алған білімін іс-әрекетке айналдыра білу керек. Мысалы: «Қайырымдылар тобын» ұйымдастыру. Топтың мүшелірінің ең басты міндеттерінің бірі қарияларға, мүгедектерге, көмек тілейтін адамдарға қайырымды болу, жәрдем беру.
Балалар өздерінің ата-аналырмен, жақын туыстарымен, жолдастарымен, мұғалімдермен күнделікті қарым-қатынас жасауда қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарынан негіз алған, бүгінгі күнде жарасым тапқан мынадай ережелерді түсініп, әдет - дағдыға айналдыру керек.
1.Бір нәрсе істей білсең, оны жолдасыңа да үйрет, егер жолдасың қиналса, көмектес.
2. Бар затыңды, ойыншықтарыңды жолдасыңмен бөліс.
3.Жолдасың жамандық істесе, оны тоқтат, жақсы дос болу өте жақсы қасиет.
4.Бір-біріңе тек шындықты айту керек.
5.Жолдастарымен керіспе, олармен тату жұмыс істеуге тырыс, болмысыз нәрсеге таласпа.
6.Тек қана адал күресе біл, онсыз жеңісте қызық емес.
7.Басақала жеңіліп қалса табалама.
8.Ұтылу-өкініш, бірақ еңсеңді түсірме, жеңгенге, жеңілуге себепкер болғандарға ызаланба т.б. ережелер.
Мейірімділік адамнан өте-мөте шынайылықты, адамжандылықты, сезгіштікті талап етедіндігін халықтық педагогиканың бай мұрасынан айқын көруге болады. Мәселен, мақал-мәтелдер: «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «Ырыс алды ынтымақ», «Дос адам сарайыңды жұмақ етер» /М.Қашқари/. «Ауыр жүкті бөлісу айынның парызы» және т.б.Сонымен қатар ғалым педагогтардың еңбектеріндегі мейірімділік туралы өсиеттерді де күнделікті өмірде пайдалану керек. Мәселен, В.А. Сухомлинскийдің айтуынша егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жандүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың. Осы айтылғанға орай баланың ата-анасына деген шынайы мейірімділік, бала жастан қалыптасу керек.
“Ата-ана қадірін білмеген, халықтың қадірін біле алмас, халықтың қадірін білмеген ата-ана қадірін біле алмас” – деген Ғ.Мұстафин. Міне, осындай халық дәстүріндегі жинақталған тәрбиелік өнеге, салт-дәстүр, бүгінгі күнде адамгершілік, имандылық табиғи талаптармен сабақтасып жүргізілуі тиіс.
Бала табиғатынан бауырмалдылықты, жылылықты қалайтын жан болғандықтан бұл бөлімде осы қасиетті тәрбиелеуді әңгіме етеміз.
(7). Ауыр жүкті бөлісу – ағайынның парызы. Бауырмалдықты тәрбиелеу халық дәстүріндегі басқаларға тірек болған ең өзектісі. Бауырмалдық басқа адамгершілік қасиеттерден де ерекшеленетін қазақ халқына тән адамгершіліктің шынайы киелі қасиеті болып табылады. Бауырмалдық өзіне ең жақын ата-анасы, туған туысы, жолдас, жақынына деген мейірімділіктен, сүйіспеншіліктен, сый-құрмет көрсетуден, бағалаушылықтан біртіндеп елге бауырмалдылыққа тәрбиелеумен ұштасады. Отанға, бүкіл адамзат баласына деген бауырмалдылық, достық, бірлік, туасқандық қасиеттермен сабақтасады.Бауырмалдылықты, туысқандықты тәрбиелеуде ұлттық дәстүрде бабалар өсиеті, ақсақалдар ақылы, сөзге тоқтау, сыйлау, олардың айтқандарын иек қаққызбай орындау инабаттылықтың сымбатты көрінісі.
Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,кішіні сен сыйласаң, кісі сені сыйлайды , – дейді қазақ халқымыз. Немесе: «Қария, қарияның ақылы – дария”, “Қариясы бар елдің қазынасы бар” - деген екен.Олай болса қарт және аға-буын-өскелең жастарға қашаннан ақылшы, әрі мейірімді қамқоршы.
Төменгі сынып оқушыларының психологиялық тұрғдан, ерекшелігінің бірі – олар өз айналасындағы адамдардың бәрімен бауырмалдылықпен қарым-қатынас жасайды. Олар барлық балалармен дос болуды қалайды. Осы баланың жас кезеңіне табиғи ерекшелігін адамгершіліктің ең төл қасиеті бауырмалдық қасиетін дамытуға қалыптастыруға негіз болады. Бұқл бауырмалдық адамға деген сүйіспеншілік пен адамжандылық қасиетпен жалғасады. Мәселен, «Адамның баласы – бауырың» «Маңына ұрық шашпаған, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады». «Көп біріксе ел болар, көп тілегі көл болар», «Ағасын көріп іні өсер, апасын көріп сіңілі өсер», «Ата-асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ». Қазақ халқының туысқандық бауырмалдылық қасиеті оның жеті атасын білуді талап етеді. «Жеті атасын білмеген жетесіз» – деген халықтың дана сөзі бар. Сондай-ақ «Қылық рулы елміз, қара тамырлы қазақпыз» деген аталы сөзде ежелден елдікті, бірлікті, бауырмалдылықтың белгісін білдіреді.Бала тәрбеиесіне байланысты қазақ халқында көп дәстүрлер бар, шілдехана балаға ат қою, тұсау кесу, атқа мінгізу т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет