Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары мазмұны І. Кіріспе


Жылқы 5. Қозы кай малдың төлі? Ешкі Сиыр Түйе Қой Сергіту сәті



бет2/2
Дата05.01.2017
өлшемі0,69 Mb.
#6422
түріДиплом
1   2

Жылқы


5. Қозы кай малдың төлі?

Ешкі


Сиыр
Түйе

Қой

Сергіту сәті


Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан


Ой шақыру


Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп отырғызамын.

1 -топ: "Құлыншақ".

2-топ: "Ботақан".

3-топ: "Торпағым".

4-топ: "Қошақан".
Осы төрт топпен "Ой шақыру" стратегиясын қолдана отырып, өткен сабақты бекітіп, жаңа сабақты бастаймын.
9. Венн диаграммасы

Жылқы Түйе





Венн”диаграммасы арқылы жылқы және түйе малының ортақ қасиетін, айырмашылықтарын тауып, оны плакатқа жазамыз.

Кәне, балалар, алдымен осы екі жануардың ортақ қасиетін

табайықшы, кім айтады, жылқы мен түйе қандай жануар?



- Үй жануарлары "оқушылар жауап береді".

- Жылқы мен түйеден адамдар не алады?

- Ет, сүт алады

- Енді айырмашылықтарын айтайық.


Осылайша "Ботақан" және
иҚұлыншақ"тобының оқушылары осы екі жануардың айырмашылығын айтып жазады.

  1. "Жигсо" стратегиясы.

"Жигсо"стратегиясын қолдана отырып, оқушыларға
ойын ойнатамын. Ойын шарты: әр топ өз тобының
атына "төліне"қатысты "сөз" тірск сөздерді жазады мен
таратып берген парақшаға. Топта қанша оқушы болса,
сонша тірек сездерін жазады, бірақ сездер
қайталанбауы тиіс. Мысалы: "Ботақан"тобында 5 оқушы

болса, әр оқушы бір сөзден жазады, түйе, нар,

қымыран, өркеш, бота.

Осылайша ойын ойнатылады. Қай топ бұрын, әрі қатесіз

жазса, сол топ жеңімпаз аталады.


  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма: "түлікті құрметтеу"жаттау.

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Малдың төлін сүюі"деп аталады. Мұның алдында өткен сабақтарымызда,-Әр түлікке: жылқыға, сиырға, түйеге, қойға, ешкіге жеке-жеке тоқталып өткен болатынбыз, енді сол сабақтарды қорытындылай келе біз бүгін оқулықтағы "Малдың төлін сүюі"атты өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйренеміз. Мұғалім өлеңді дауыстап оқып береді.

0қулықпен жұмыс.

Әр топ өзіне лайықты өлең шумағын дауыстап, мәнерлеп оқып береді.



Дәптермен жұмыс.

Әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығып тыйым сөздерді жазады, отырған оқушылар дәптерге жазады.



Тыйым сөздер.

  1. Малды теппе.

  2. Ақты төкпе

  3. Малды басынан ұрма

  4. Малга теріс мінбе

Сергіту сәті.

Өлең.


Төлдер.

Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың?



  1. Секең, секең, ей лақ,
    Жүрмін саған кейіп-ақ
    Тыным тапсаң болмай ма?
    Секірмей-ақ кей-уақ.

  2. Ботақаны нардың
    Жарға неге бардың?
    Тілерсегің дірілдеп,
    Секіре алмай қалдың.

3..Мақал-мәтел сайысы.

"Қошақан"тобы. 1. Мал өсірсең, кой өсір,



Өнімі оның көл көсір 2. Мал - баққанга бітеді.

"Ботақан"тобы. 1. Төрт түліктің төресін Түйе дейді

2. Нар жолында жүк қалмас

"Құлыншақ"тобы. 1. Ас адамнын - арқауы

2. Ер қанаты-ат, Сөз қанаты- хат.

"Торпағым "тобы. 1. Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан

2. Сиырды теппейді Сүтті төкпейді.



ҚОРЫТЫНДЫ

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді.

Сонымен біз дамыта оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйелерінің ерекшеліктері мен өзгерістеріне тоқталып өтсек. Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.

Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту білімді бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақгауға, ал дамыта оқыту дербес жүмыс істеуге, алған білімді падалана білуге үйретеді.

Балалардың ой санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе бастауыш сынып балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, өзінше қорытынды жасауға тырысады. Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамж еркін қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі.

Дамыта оқыту оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартуды құптайды, сабаққа дидактикалық ойындар, пікір - таластар, ойлау-қиялдау, есте сақгау, тіл байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақга оқушылардың жоғарғы білімдік пен адамгершілік құндылықтарын арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шындықты іздеу, салыстыру, дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін сараптап, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы оқушылардың, өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс-әрекетін сараптап, жан-жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Білім беру заңы.

  2. 2.ҚР Білім беру тұжырымдамасы

  3. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. "Педагогика" Алматы, 2002ж.

  4. Б.Тұрғынбаева. "Дамыта оқыту технологиялары" Алматы,2000 Оқу-әдістемелік құрал.

  5. З.Смаилова. "Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері" . Бастауыш мектеп, ғ 9-2004ж.

  6. Т.Қоқымбаева. "Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру". Бастауыш мектеп, 5-2003ж.

7. Ж.Аяпова "Білім беру технологиясынын жетілдірудің психологиялық және педагогикалық сипаттары". Бастауыш мектеп, 5-2003ж.

8.Қ.Даупаев "Дамыта оқытудың дидактикалық принциптері". Бастауыш мектеп, 7-2003ж.

9.Рахметова, П.Жаманқұлова, Б.Қабатаева. "Ана тілін оқыту әдістемесі" Алматы, "Атамұра" 1998ж.

10.Ж.Сардарова. "Бастауыш сыныптың тіл сабақтарыңда дамыта оқыту ерекшеліктері" .Бастауыш мектеп, 9-2003ж.

11. Д.Малдыбаева. "Оқу мен жазу арқылы ойлауды дамыту". Бастауыш мектеп, 12-2002ж.

12. Л.Аяғанова . "Жаңа технологиялар-сабақта ". Бастауыш мектеп, 4-2003ж.

13.Ү.Жаздықбаева, Ж.Тажиева. "Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді". Әдістемелік құрал, Шымкент —2001.

14.Л.В.Занков. "Избранные труды" .Москва "Педагогика"-1990г.

15. Д.Б.Эльконин. "Избранные психологические труды" М:Педагогика- 1989г.


  1. А.Кенжеғұлова. "Авторлық оқулықгардың ұстанымы, оку әрекеті". Бастауыш мектеп, 1-2002.

  2. М.И.Мұқанов. "Жас және педагогикалық психология". Алматы, 1982.

  3. В.В.Давыдов. "Проблемы развивающего обучения" Москва, Просвещение , 1986г.

  4. И.Я.Лернер. "Процесс обучения и его закономерность". Москва, 1980г.

  5. И.Г.Песталоцци. "Избранные педагогические произведения", том ІІ Москва, "Педагогика ", 1981г.

  6. А.Дистервег Избранные педагогические сочинения "О дидактических законах и правилах" Учебно-педагогическое издательство, Москва ,1956г.

  7. Я.А.Коменский. "Великая дидактика". Избранные педагогические сочинения, 1955.

  8. Л.С.Выготский. "Воображение и творчество в детском возрасте". Москва, Просвещение, 1987г.

  9. Қ.Ыбыраймжанов. Педагогикалық технология. Бастауыш мектеп №8, 2005ж 7бет

25. К.Бұзаубақова. Жаңа пед технологияны меңгеру – міндет Қазақстан мектебі №9-10. 2005ж 26 бет.

Бұл жоба 80-ге жуық стратегиялардан тұрады. Бұдан ары қарай солардың кейбіріне тоқталайық.

Джин Со - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.

Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен үжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бүл "жанұя" топтар деп аталады.

Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1- бөлігін 1-топ, 2-бөлігін 2-топ т.с.с. топтарға окуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға "жұмыс тобында" мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті "жанұя топ" оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіну қажет.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұкым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйретеді.



  • Джин Со-стратегиясы мазмүнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанда есте сақгау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

Венн диаграммасы бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып окушылар қызыға толтырады яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

Еркін жазу (эссе).Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт беріледі. Уақыт аяқгалған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымға оқуға болады.



Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет