Бастауыш сынып оқушыларын сыни ойлау арқылы шығармашылық қабілетін дамыту



Дата10.04.2017
өлшемі165,04 Kb.
#13668
Бастауыш сынып оқушыларын сыни ойлау арқылы шығармашылық қабілетін дамыту
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.Бұл бағдарламаның басым бөлігі,түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан,сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,мұғалімнен,оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымы негізделеді.

«Сын тұрғысынан ойлау» дегендегі «сыни» термині «теріске шығару» дегенді емес, сыни тұрғыдан ойлау оқушыға еркін, нақты ойын жеткізуге үйретеді. Сондай-ақ оқушы сыныптасымен жұптық жұмыста да, топтық жұмыста да өз ойын айтып дәлелдей алады, өз-өзіне баға беріп, сыныптастарын да бағалай алады.Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Ол мұғалімдердің де, оқушылардың да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.



Заманауи әлемде сыни тұрғыдан ойлау қазіргі заманғы жұмыс күшінің ойлауын алға тартатын атрибут ретінде қаралады. ХХ ғасырда осы проблеманы Франкфурт сыни әлеуметтік теория мектебі карастырды. Джон Дьюи білім беру саласындағы осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, демократиялық қоғамдық құрылыс үшін тимді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты. Ал Эдвард Глейзер (1941) сыни тұрғыдан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратынын болжады:

1. проблемаларды шешуге өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру;

2. логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу;

3. осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.

(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық42-бет ).

Сын тұрғысынан ойлау – ойлау үдерісінің жоғары деңгейі десек те, Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қаралады. Блум таксономиясы білімді деңгейлеп беруге және білімді қайтарып алу үшін сұрақтардың жіктеуінде қолданылады және 6 кезеңнен тұрады. 1956 жылы АҚШ-тың Чикаго университетінің психологы Бенджамин Блум тарапынан жасалған. Жіктеудің 6 деңгейі туралы сипаттама берсем:

1. Білу – оқушыларға берілген білімді жалпылама қайтарып алуға көмектеседі және еске түсіреді.

2. Түсіну – осы деңгейде қойылған сұрақтар оқушылардың алған білімін еске түсірумен қатар, өз ойымен қайталай білуге негізделеді.

3. Қолдану – қойылған сұрақтардан алған білімін қолданып, тәжірибелік жұмыстарды және есептік жұмыстарды орындауды көздейді.

4. Анализ (талдау) – осы деңгейдегі сұрақтар күрделі болып, оқушының ойлау әрекетін туғызады. Оқушы тереңнен ойлап, білетін ақпаратты пайдаланып, анализ жасап, нәтиже шығара алады.

5. Синтез (жинақтау) – осы деңгейдегі сұрақтар оқушылардың жаңалық ашуға жаңа пікір қалыптасуына көмектеседі.

6. Бағалау және қорытындылау – осы деңгейдегі сұрақтардың тек бір жауабы болмай, оқушылардың ойлау іс-әрекетін талдау және жинақтау нәтижесінде көп түрлі шешімдер табуға мүмкіндік береді.

Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістерге келетін болсам, оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізуге тырыстым. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгертуде және оқушы қабілетін дамытуда жеті әдіс-тәсілдің орны ерекшелігі анықталды. Себебі, оқушылардың шығармашылық қабілеті артып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Олардың ойлау қабілеті дамиды, көп ізденіс шығармашылықпен жұмыс істеуіне тақырыпты жан-жақты ашуына мүмкіндік тудырады. Ал, сабақ жоспарын құру мұғалім шеберлігіне, ізденуіне байланысты. Сабақтың негізгі идеясын анықтап, құрылымын жоспарлауда, «Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады? Өмірге алған тәжірибесінің әсері қандай? Сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? Қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керек? Өзін - өзі бағалай ала ма? Оқушыдан күтілетін нәтиже қандай?»- деген сұрақтар көкейде тұрды . Шығыс даналығы былай дейді:

«Маған айтсаң, ұмытып қаламын,

Көрсетсең есімде қалар.

Ал, өзім істесем, үйреніп аламын». Бұл баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, өз бетімен білімді игеру, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін зерттеу үшін оқушылардың әлеуметтік жағдайы жөнінде сөйлесіп, олардың жанұялық құрамы туралы толығырақ мағлұмат алдым. Сыныпта сыни тұрғысынан ойлата отырып, оқушылардың білімін жақсарту үшін сабақта топтық жұмыс жасаудың және пайдаланудың маңызы зор .

Cыныптағы оқушылармен жұмыс жүргізгенде, іс-тәжірибе алмасу барысында, тәжірибе жинақтағанда заман талабына сай оқытудың стратегияларын пайдаланған маңызды. Оқушының оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер туралы пікірлерін ескеру керек. Соның нәтижесінде сабақтарда жұптық, топтық жұмыстың түрлерін жиі пайдалану керек .

Бұл бағдарламадағы стратегиялар мектептегі оқушылардың білімдерін жақсартып, білім сапасын арттыруға ықпалы зор.

Топтық жұмыстарда оқушылардың өзара қарым-қатынасы, сыйластығы ерекше байқалады, ол олардың бірлескен іс әрекеттерінен көрінеді. Бұл модульдер бойынша оқытқан кезде оқушылардың алған білімдерін жай иеленіп қана қоймай, өмірлік қажеттіліктеріне асыра алады. «Мектепте мұғалімдер қиын мәселелерді шешпейінше, сыныптағы хал-ахуалды жақсарта алмайды. Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу - мұғалімнің өзін қажетті рөлде көре білуіне мүмкіндік беретін тәсіл». (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ,88 бет)

Сын тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ұғынуға, ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл, бұл одан ары әрекет жасауға негіз болады. Оның негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану жатады.

Сын тұрғыдан ойлаудың мұғалімдер үшін маңыздылығы ойлаудың негіздерін жоғары сынып оқушыларымен ғана емес, бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс барысында да дамытуға болады.



Әдетте, сыни ойлауды ересек балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 45-бет)

Жаңа білім бермес бұрын сол тақырып не білетіндіктерін, не ойлайтындықтарын немесе жаңа білім алғаннан кейін ой толғаныстарын жұпта, топта немесе сынып ұжымында ортаға салу арқылы оқушыларда бір нәрсеге түрлі адамдарда түрліше пікірлер болатындығы туралы ой қалыптасады.

Cыни ойлау – мәселеге немесе ақпаратқа сыни көзқараспен қарағандағы туатын ойдың бір көрінісі. Ол белсенді тұжырымдалған күрделі, өз ойын білдіретін құбылыс. Сыни ойлауды дамыту үшін оны жетілдіретін, ынталандыратын үйрену ортасы қажет.

Оқушы шығармашылығын дамытуда сыни тұрғыда ойлаудың пайдасы өте зор.Оны тиімді пайдалана білген адам үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.Белгілі бір тақырыпқа шығарма жаздыру,сол тақырыпта ізденуге тапсырмалар беру арқылы сыныпта дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуге болады.

Қазақ тілі сабақтарында әр түрлі тапсырмалар түрін түрлендіре беріп отырудың пайдасы көп мысалы хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыру деген сияқты тапсырмалар үнемі беріліп отырса,ой -қиялының

дамуына әсер етеді.Осындай жұмыстар оқушы белсенділігін арттырып,шығармашылық белестерге жетелейді.

Қорыта айтқанда, бүгінгі тандағы мақсат-білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау,өзін- өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Қолайлы орта жасау үшін оқушылармен ашық әңгіме жүргіздім:

«Жер бетінде 7 миллиардтан астам адам болса, солардың бәрі әр түрлі және олардың ойлары, көзқарастары әртүрлі. Біздің сыныпта да сондай. Сендер әртүрлі ойлайсыңдар. Бір нәрсе жайлы осы отырған 26-нда 26 түрлі пікір болуы мүмкін. Біз талқылаулар кезінде өз ойымызды шынайы айтуымыз керек. Басқалардың пікірін тыңдап, содан өзімізге керектісін ала білуіміз керек. Бәрі пікірін айту керек және бәрінің пікірі тыңдалу керек. Біреудің пікіріне күлмеу керек. Егер сен өз ойыңды айтып, оған басқалары күлсе, сен қандай жағдайда болар едің. Сен күлген оқушы содан кейін ештеңе айтпай қоюы мүмкін. Маған да өз ойларыңды еш қысылмай айтыңдар. Мен үшін сендердің барлықтарыңның пікірлерің құнды. Мен бәріңді де қуана-қуана тыңдаймын.»

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, қолайлы орта

тудырып алу.

Сыныпты үш топқа бөлдім.Топқа түрлі-түсті конфет арқылы бөлдім.Оларға «Алғырлар», «Тапқырлар», «Білімділер»тобы деген атаулар берілді «Екі бала» тақырыбында өткен сабақта балалардың қызығушылығын ояту үшін әр топқа «Достық»сөзіне ассоциация құруға тапсырма берілді.Әр топ өздерінің тапсырмасын қорғап шықты.Келесі тапсырма «Алғырлар»тобына Сеня қандай бала?

«Тапқырлар» тобына Федяға қандай ақыл-кеңес айтар едің?Хат жазу

«Білімділер»тобына Венн диаграмасын құру тапсырылды.Топтық жұмыста ақылдаса отырып,өз ойларын ортаға салады.Топтық жұмыс түрін қолдану арқылы алға қойған мақсатыма жете алдым деп ойлаймын.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына көп көңіл бөлемін.

Мақал-мәтелдің жалғасын тап:

1.Жақсымен жүрсең ....(пейіш)

Жаманмен жүрсең ,...(кейіс)

2.Жаман дос-(көлеңке)

Бұл тапсырманы беру арқылы оқушылардың ойлауын және сөйлеу қабілетін дамытып,бірлесе жұмыс істеудің барысында өзара достық қарым-қатынасқа,сыйластыққа тәрбиелей білдім деп ойлаймын.Жаңа сабақты постер жасату арқылы қортындыладым.

Менің екінші сабағымның тақырыбы «Аққу,Шортан һәм Шаян »мысалы.

Сабақты бастамас бұрын сыныптағы оқушыларды түрлі-түсті суреттер арқылы үш топқа бөлдім.Топпен жұмыс істеу оқушылардың бірін-бірі тануына ,тыңдау мен мен пікір алысу мәдениетінің қалыптасуына да оң әсерін тигізеді.

Алдын-ала зерттейтін үш оқушымды белгілеп алдым. А – үздік оқушы Смағұлов Арсен. Ол түрлі байқауларға қатысқанды ұнатады, мәнерлеп оқусайысының, пән олимпиадаларының жеңімпазы.

Спортпен шұғылданады, қалалық, мектепшілік спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Сынып ішінде беделді, ұлдар арасында сыйлы. Арсен өзіне сенімді, қолға алған жұмысын ең соңына дейін жасауға дайын. Ол берілген тапсырманы жан-жақты ойланып орындайды. В оқушы – Дауылбайқызы Жансая. Оқуға деген ынтасы жақсы. Белсенді, білімге жақын, жаңа тақырыпты меңгере алатын, бірақ қосымша бақылауды қажет етеді. Қоғамдық жұмыстардың белсенді қатысушысы. С оқушы – Құрбанов Жанарыс. Оқуға деген ынтасы орташа.Спортпен айналысады. Ол берілген тапсырманы орындаған кезде көп ойланып, уақытты босқа кетіреді. Жанарыс тапсырманы жеке қарап көп уақыт кетіреді. Бірақ ол келесі сабақтарда ашыла бастағанын байқадым, себебі сыныптағы белсенді оқушылар оны алға тарта бастады. Сабақта қойған басты мақсатым – оқушылардың ойлауын дамыту. Оқушылардың сын тұрғыдан ойлау әрекеттерінің дамуына қолдау көрсету еді.Өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге үйрету, еркіндікті сезіну, яғни оқушылардың оқу материалдарын игерудегі іс-әрекетін бақылау еді.

Іс-әрекеттегі зерттеу барысында жоғарыда аталған әртүрлі санаттың өкілі болып табылатын үш оқушының сабақтағы әрекеттері мен алған білімдері жайында көптеген маңызды деректер жинадым. Топтық талқылауда барлығы белсене сабаққа қатысты, пікір таластырды, қасындағы оқушыларға да айтып түсіндіріп жатты. Берілген тапсырманы барлығы тез бітіруге ат салысты. Олардың оқуы туралы ақпарат алу үшін мен келесі әдістерді пайдаландым: бақылау, сауалнама, жұмыс және сұхбаттасу кезіндегі бейнежазбалар, балалардың жеке және топпен орындаған жұмыстары, фотодеректер мен рефлексиялық парақтар. Бұл деректер бойынша оқушылардың топтық жұмыс арқылы қалай өзгергенін байқап, әр сабақтан соң төмендегідей кестені толтырып отырдым.


Деректер түрі

Үлгерімі жоғары оқушы

Үлгерімі орташа оқушы

Үлгерімі төмен оқушы

Бақылау:

1 бақылау


2 бақылау

2 бақылау


1 бақылау

2 бақылау


2 бақылау

Сауалнама

  • Дәстүрлі үлгідегі сабақтар

  • Жаңа үлгідегі сабақтар

1 сауалнама

1сауалнама

1 сауалнама

1сауалнама

1 сауалнама

1сауалнама


Бейнежазба:

  • Топта жұмыс кезіндегі бейнежазба үзінділері

  • Қорғау кезіндегі бейнежазба үзінділері

Ия
Ия


Ия
Ия


Ия
Ия



Сұхбат:

  • Топта бірлесіп жұмыс істегеннен кейін

  • Зерттеу сабақтары аяқталған соң

Ия
Ия


Жоқ
Ия


Ия
Ия



Фотодеректер:

Ия
Ия


Ия
Ия


Ия
Ия



Оқушылардың жұмыстары:

  • Жасаған постерлері

  • Семантикалық карталары

  • Шешкен жұмбақтары

2

1



1

2

1



1

1

1



1



Орта деңгейдегі оқушым болса бұл сабақтарда баяндамашының қызметін атқарды. Алғашқыда постерді қорғау кезінде мәтін мазмұнын толық әңгімелеп беру оған қиынға соққанын байқадым. Постерге көп қарап, хатшының жазған негізгі сөздерін түсінбегендіктен болар, ол


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет