Тақырыптық жоспар. Астана - бас қала екенін оқушының санасында бекіту; Астана туралы білімдерін таразылау; Астана туралы көбірек мәлімет жинақтауға ықыласын арттыру; сонынан суреттер салу, Астананы құрылыс материалдарымен құрастыру.
Дайындық жұмысы. Ұстаздың тапсырмасы оқушылар үйлерінен Астана туралы открыткалар, суреттер әкеліп бірге қарап кітап бұрышында кішірек көрме ұйымдастырады. Астана қаласында тұратын оқушылар ата – аналарымен, ұстаздарымен бірге қаланы тамашалап, көркем жерлерінде суретке түссе болады.
Сабақтың материалдары. Астана туралы қала келбеті, «Бәйтерек», Мәңгілік алау, Есіл өзенінің жағалауы, Океанариум «Думан» туралы слайдтар немесе картиналар вазамен гүл, еліміздің жалауы, елтаңбасы. Әр слайт немесе картиналар жеке – жеке қызыл жұлдызшалы конверттерге салынған.
Сабақтың барысы. Диафильмдер көрсетілетін бөлмеде оқушылар экранға жарты шеңбер бойымен отырғызылады. Бұрыштағы үстелде ваза мен гүл, еліміздің рәміздері қойылған. Үстел үстенде тағы да жұлдызшалы конверттермен мен слайд, салынған конверт жатыр. Ұстаз сабақты бастайды.
Оқушылар, сендер қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қай тақырыпта
сабақ өтеміз? Менің үстеліме қараңдаршы, мүмкін ол сендерге көмектесер... Біз бүгін біздің Отанымыз туралы, басқаламыз - Астана туралы айтамыз. Астана қандай қала? (бірнеше оқушылар жауап береді)
Астана өте үлкен және әсем қала, - деп жалғастырады ұстаз
әңгімесін. Келіңдер, бәріміз бірге қызықты саяхатқа шығайық. Әрқайсысын Астаналық та, қала қонағы да боласыңдар. Міне үстел үстінде конверттер, олардың ішінде жұмбақ – слайдтар. Бір жұмбақ – слайдты алып диапроеторға қоямыз да Астананың бір керемет жерінен табыламыз. Біз бәріміз қонақпыз, ал «жұмбақты» алған оқушы – астаналық, яғни ол бізге сол көрініс туралы тұжырымды және қызықты етіп әңгімелеп береді. Қонақтар сұрақтар қойып, әңгімеге толықтырулар еңгізіп отырады. Кім Астана туралы керемет мағлұматтар беріп қызықты әңгімелеп берсе соның кеудесіне қызыл жұлдызшаны тағамыз. Қане, қайсың біздің алғашқы экскурсовадымыз, боласыңдар?
Егер ықылас білдіргендер болмаса, ұстаз оқушыларды кезеңмен шақырады. Ұстаз оқушылардың әңгіме құрауына көмектесіп, демеп отырады. Әңгіме құрауға оқушылар тегіс жұмылдырылады. Сабақтың соңында «Астана» өленің оқылып, «Менің Қазақстаным» гимні шырқалады.
«Біздің еліміздегі халықтар» тақырыбындағы сабақта оқушылардың сезімдеріне кеңірек әсер ету үшін, жағдайлар ойын түрінде беріледі, яғни дидактикалық ойындар қолданылады, ұлттық киімдегі қуыршақтардың шеруі ұйымдастырылады және т.б. Оқушыларға қолөнер шеберлері теріден, жүннен, балшықтан жасаған қолданбалы бұйымдары ұнайды. Елемізді мекендеген әртүрлі ұлттар туралы, әңгімесінде ұстаз орыстың ұлттық ойыншықтарын, украинның тоқымасын, грузиннің темір құймасын, қазақтың киіз үйін көрсетеді. Халық шеберлерінің қолдарынан шыққан бұйымдар ұлттар достығы бұрышынан орын алады, кейіннен оларды «Кәде – сый дүкені дидактикалық ойынында қолдануға болады. Бұл ойынның іс - әрекетін де дүкеннен ойыншық сатылып алынады, ал ойынның тәртібі бойынша оқушы бұл заттың қай ұлтқа тиесілі екенін, қандай материалдан жасалғанын, қандай ерекшеліктері бар екенін дәл анықтауға тиіс, сонда ғана оқушы оны сатып алуына болады. Осындай дидактикалық ойындар халық шеберлері туралы әңгімелерден соң әр ұлттың қолданбалы өнері туралы білімді тиянақтауға көмектеседі. оқушыларды ұлттық киімдермен де таныстырып, олардың кейбіреуінің суретін салуды ұсынады. Ұстаз білімді бекіту үшін келесі ойынды жүргізеді: оқушыларға ұлттық киімдер көрсетіліп, оның қай халықтың киімі, қандай бөліктерден құралғанын киімде қандай түс басым, екенін баскиімнің қандай ерешеліктері барын анықтау тапсырылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушы қуыршаққа ұлттық киімді кигізіп, сыныптастарының ортасында ұлттыз биді билеу құқығына ие болады.
Осындай тақырыптағы сабақтарда көрнекті құралдар, оқушылардың тәжірибесі қолданылып, ұстазға сұрақ беруге оқушыларды ұйымдастыру қажет. Осының бәрі сабақтың есте қалуына ықпал етеді.
Ән сабағында оқушылар әр ұлттың музыкасын тыңдап, билерін үйреніп, ұлттық ойындарын ойнайды. Ән сабағының ұстазы, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып өз жұмысын жоспарлағанда басқа сабақтарда оқушылардың қандай тақырыптарды меңгеріп жатқандарынан хабардар болуы керек.
Негізгі эмоционалдық жүкті ұстаздың сөзі, көркемдік әдістер – музыка, картиналар, көркем әдебиеттер алады. «Жан дүниесі бай адам өз халқының тарихын, мәдениетін біледі. Сонымен қатар бауырлас халықтың мәдениетімен, тарихымен таныс болып, сыйлай білсе, ол екі есе байи түспек» деген Абай сөзіне құлақ салсақ оқушылардың жан дүниесін байыту, яғни азаматтың сезімін тәрбиелеудің, патриоттық сезімін қалыптастырудың маңызы өте зор.
Отанға деген сүйіспеншіліктің нағыз терең сезімге айналуы үшін, ол туралы көп білуге ықыластық артуы ғана емес, Отан үшін еңбек етудің қажеттілігі; оның байлығына ұқыпты қарау. Болашақ азаматты тәрбиелеуде өз еркімен еңбек етудің ролі маңызды. Бастауыш сынып оқушыларының істері жеңіл және күрделі емес, сонда да олар оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушылардың ұжым үшін, сыныбы үшін өз еркімен жасаған жұмыстарын мадақтап отыру керек. Балалар әрдайым не, қалай жасау керектігін өздері сезіне бермейді. Міне осы кезде үлкендердің көмегі, тілегі, тәжірибесі керек.
Көктемде оқушы тұратын ауланы көгалдандыру, көшені тазалау сенбіліктері ұйымдастырылады. «Күрегіңді алып, менімен бірге жүр, - дейді әкесі баласына. Ертесіне сыныпқа келе сала оқушы сыныптастырына мақтанышпен: Кеше біз әкем екеуіміз ауланы жинастырып, көшеге ағаштар ектік, - дейді».
Жалпыхалықтық істерге оқушыларды араластыру баланың өз Отанының иесі ретінде тәрбиелейді. Отанын сүйетін, қамқоршы ие. Жалпықоғамдық түрткідегі еңбегі сыныпта да, үйде де бір оқиғадан екінші оқиға дейін емесе, жүйелі түрде ұйымдастырылғаны абзал. 7 – 8 жастағы балада өзіне - өзі қызмет көрсетуде ғана емес, ұжым үшін, басқалардың пайдасы үшін де тұрақты тапсырмалары болуы тиіс. Бұл еңбек айналадағылар үшін ойластырылған болмай, шынайылықты көрсеткені ғана маңызды. Өкінішке орай мектепте де, үйде де тапсырылған жұмыстардың сипаты қажетсіз міндетсіз болып келеді. Үлкендер балалардың жұмыстарын орындауға даяр тұрады, бұл олардың еңбегінің нәтижесімен сапасына жауапкершілігінің төмендеуіне, алға қойған мақсатына жетуге талпынбауына әкеліп соғады.
Осы айтылғандардың барлығы патриоттық сезімді тәрбиелеуге жатады. Егер адам жауапсыз, егер ол шығарылған өнімнің сапасына құлықсыз болса, онда оны өз отанын сүйеді деп айта аламыз ба? Бастауыш сынып оқушыларында жұмысқа деген жауапты, салиқалы қарым – қатынас олардың жұмыс тапсырмаларын орындау кезінде тәрбиеленеді.
Егер оқушыларға мектеп ауласындағы гүлдерді күту тапсырылса, немесе тәртіпті бақылау жүктелсе, онда олардан тапсырманың таза орындалуын көріп өздері жою керек, өсімдіктерді суарып жерді қопсыту керек, яғни үлкендердің көмегінсіз не қажет барлығын өздері атқарулары керек. Әрине ұстаз көмектеседі, жөн сілтейді, сонымен қатар балалардың белсенділігін, бастамасын қолдап отырады. Еңбекпен тәрбиелеудің ұтымды әдісі мақтау мен көтермелеу. Оқтын – оқтын оқушылармен тапсырмалардың орындалу барысын талқылап, ортақ іске жауапкершілігі және белсенділігі төуенқушыларды қалай қызықтыру жолдарын іздеп оытру керек.
Қоғамдық мүлікке, туған жердің табиғатына ұқыпты қарауды әңгіме арқылы, көркем әдебиеттерді оқу арқылы, бәрінен бұрын оқушыларды тәжірибелік жұмысқа тарту арқылы тәрбиелеуге болады. Әрине балаға мысалы нанды қалай өсіретінін көрсетіп және әңгімелеп беру қажет. Бұл еңбектің күрделілігін, нанды қадірлеуді ол нанды өзі өсіре ғана толығымен түсінеді. Лқушылар өз бақшаларының бір бөлігіне бидай сеуіп, оны баптап, өсіріп, жемісін жинап алуына болады. Сонда нанды қадірлеу туралы әңгіме тез түсінікті болады. Мектеп асханаларында қатал ереже сақталынуы тиіс: нанды тастауға болмайды. Бірақта әрдайым тамақтанғаннан кейін нана артығымен қалып қояды да оқушылардың көз алдында тасталынады. Бұған жол беруге болмайды.
Бірде мұғалім түскі астан кейін қалған нандарды ыдысқа жиып алды да оқушыларға көрсетті: «Қараңдар, бүгін қанша нанды тастауымыз керек, себебі сендер оны ұқыпсыз қолданып, тістеп – тістеп тастай салдыңдар. Енді мұны кім жейді? Мұқият тыңдаңдар, мен сендерге болған оқиғаны әңгімелеп берейін.
Бұл Ленинградта болған. Фашистер қаланы басып алғылары келді. Бірақ ленинградтықтар жанқиярлық пен қалаларын қорғады. Сонда фашистер қалаға кіретін бүкіл жолдарды бекітіп тастады, басқа қалалардан азық – түлік жеткізілетін бүкіл жолдар жабылды. Олар ленинградтықтарды аштықпен жеңгілері келді. Өте қиын болды. жеуге ештеңе қалмады. Қаланың әр тұрғынына күніне 125 грамм қара нан берілді. Бұл өте аз, мынандай ғана бөлі. Осы қымбат бөлікті аяу үшін өте ерте оянып кезекте тұру қажет еді. Үлкендер ерте жұмысқа кететін де, нанға балалар баратын. Олар осы бөліктерді үйлеріне әкеліп, аналарын тағатсыз күтетін, сосын бәрі бірігіп, нанның бірде бір қиыршығын түсірмей, берілген бөлікті жейтін. Бұл – нан! Бұл - өмір!
Соғыс әлдеқашан бітті. Советтік әскерлер жеңіске жетті. Ленинградтықтар да барлық адамзат сияқты молшылыққа кенелді. Бірақ, бірде бір ленинградтықтың есінен, соғыстың 125 грамм нанның қандай қымбатшылықпен келгенін естерінде қалды.
Осы әңгіме туралы ойланыңыдар. Қалай түсінгендеріңді ертең тамақтанға байқармыз. Қазір сендер тістеп тастаған нандарды кесіп құстарға жем дайындайсыңдар, ол таза бөліктерді кептіріп, соңынан оларды өзіміз жеп қоямыз.
Табиғатты қорғау жұмыстарын оқушылар белсеніп қатыса алады. Оларға көп нәрсе қолайлы: жануарларды күту (әсіресе ауылдық жерлерде), құстарға жем беру, ағаштар, талдар отырғызу, «Жасыл ел ұйымына қолғабыс ету. табиғатқа ұыпты қарым – қатынас туған елге сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттық сезімде тәрбиелеуде – ойын маңызды рөл атқарады. Балалардың өздігінше ойнау қабілеті қоршаған ортаны танып білгісі, оның белгілі бір бөлшегі болғысы келгенінен тұрады. Жауынгерлердің, шекарашылдардың, жұмысшылардың, дәрігерлердің, оқушылардың рөлін ойнап оқушылар елімізде болып жатқан оқиғаларға қатыса алады. Шығармашылық ойындардың мәні ұжымдық сипатта болғандықтан тәрбиелік маңызы арта түседі. Балалар ортақ қызығушылықтың, ортақ жанашырлықтың арқасында бірігеді. Ойын балаларды тәрбиелеу әдісімен қатар, сезімдерінің түсінігін көрсетеді. Өмірден, көркем әдебиеттен, көркем өнерден алған әсерлері балалар ойындарының қайнар көзі болып табылады. Осындай әсерлер бірден ойындарында көрініс табады. Баланың көргенін немесе есіткенін анық ұғынуы, үйренгендеріне жете түсінікпен эмоциялық қатынас орнатуы, көркемәдебиеттегі, байқаған көріністегі кейіпкеріне ұқсауына талпынуы өте маңызды мәселе. Мұндай жағдайда педагог үлкен рөл атқарады. Ойынның тәрбиеленудегі маңызын ашу үшін, ол балаға көрген деректері мен оқиғаларының негізгісін көрсетіп, ойынды жайлап басқарып отыруы керек. Ойынды балалардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге қолданатын әдіс ретінде санайтын ұстаз, оқушылардың ойын өмірде орын алып отырған құбылыстарға аударып, көркем әдебиеттерді таңдап, олардың мазмұнын балалардың сезіміне жеткізіп, олардың ойынға деген құлшынысын арттырып қажетті эмоциялық үндесуіне жағдай жасау керек; ұстаз сонымен қатар ойынның мазмұнын сұрыптап, оқушыларға лайықты рөлдерді таңдауы керек. Бұдан басқа, ұстаз балаларды ойынға қажетті құралдармен, ойыншықтармен қамтамасыз етіп, оларға ұсыныстарымен, ақыл – кеңестерімен көмектеседі. Шығармашылықты, ойластыруды, қатысушылардың қызығушылығына, қажеттілігіне, жеке тәжірибесіне байланысты белсенділікті талап ететін – ойын балалардың өз бетінше еңбегі екенін (сабақтан бір ерекшелігі) ұмытпауымыз керек. Ұжымдық ойындарда сынып оқушылары достасып, әңгімелері мазмұнды бала түседі: білуге құмарлықтары артады, үлкендер әлеміне қосылу қажеттілігі қанағаттандырылады. Оқушылар Отан туралы көп мағлұмат алып, халқымыздың салт – дәстүрлерімен танысады. Қоғамдық тақырыптағы ойындардың тәрбиелік мәнінің маңыздылығы сонда, балалардың көңіл – күйін шарықтатып, өмірмен тереңірек тансуға, өзін - өзі жетілдіруге итермелейтін, бірте – бірте руханиізгілік сезіміне әсіресе әскери тақырыптағы ойындарда ерекше көрінеді. Оқу үстінде әскерилерді бейнелеп оқушылар терірек жүгіруге, жоғары секіруге, нысананы дәл көздеуге, дене жаттығуларын дұрыс жасауға тырысады.
Оқушылар бір затқа, көрініске, оқиғаға байланысты өз сезімдерін сурет салу, апликция арқылы көрсеткілері келеді. Сондықтан сныптың бір бұрышынан бояулар, қарындаштар, түрлі- түсті қағаздар қойылған көрме сурет бұрышын дайындап қою керек. Оқушылардың сабақтарының тақырыптарына байланысты, мемлекетіміздің рәміздерімен (ту, Елтаңба), халық өнерімен, басқа республикалардың ұлттық киімдерімен, тұрмыстық заттарымен танысқанда көркемсурет бұрышына қағаздан, бояшықтан жасалған осы заттарды орналастырып, оқушылардың қалауына қарай бояуларына, жағдай жасау керек. Ұстаздар Оқушыларды бірелестіретін көптеген қызықты жұмыстарды ойластырады. Мысалы, тақырыптық көмелер ұйымдастыру, ата – аналар бұрышын безендіру, мейрамдарға зал дайындау және т.б. ата – аналарға, басқа оқушыларға мектеп ұжымына көрме ұйымдастырғанда оқушылар белсенділік танытып, ерекше көрмеге лайықты мәліметтерді кеңесіп дайындап, экспонанттарды стендке жайғасрыды, өздері экскурсовод болады. Көрмеге қойылатын заттарға картиналар, балалардың салған суреттері мен қолдан жасалған заттары, тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер жатады.
9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында сыныпқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері шақырылды. Осы оқиғаға барлық бала қатысты: біреулері әскери машиналар әкліп, біреулері жұлдызшаларды қырқып, бояп әзірледі, қалғандары «Жеңіс күніне» арналған кітап пен сурет көрмесін ұйымдастырып, концерттік бағдарлама дайындады. Бүкіл бала жұмысқа тартылды. Мереке күні балалардың көңіл – күйі көтерңкі болды, олар өлең айтып, би билеп, сыныптың әсем безендірілгенін көріп өте қуанды.
Балалардың әңгімелеріне құлақ салып, ұстаз соғыс ардагерлерінің батыр, ержүрек, көп оқып, көп білгендерін, көп көргендерін айта келе, соларға ұқсап, сондай болу керектіктерін айтты. Мерекеге дайындық барысында, ұстаз сыныпта жыл бойындағы жиналған жақсы жұмыстардың көрмесі ұйымдастыруды ұсынды. Әркім өзінің жақсы жұмыстарын таңдап, басқалары оның көрмеге лайықтығын шешті. Талқылау кезінде оқушылар бір – бірімен татулықта болып, ортақ істі бітіруге зор ықыласпен кірісті. Ұстаздарының көмегімен ардагерлер өмірі жайлы альбом жасап, кітап бұрышын жасады. Оқушылардың іс – қимылы, мінез – құлқы осы мерекені қалай күткендерін көрсеткілері келді.
Әртүрлі көрмелер ұйымдастыру, мерекелерге дайындалу оқушыларды жалықтырмайды, керісінше олардың мінез – құлықтарының жақсаруына әсер етеді. Олар оқуда да ойында да белсенділік танытады.
Жұмысшылардың қолымен не жасалады, ауыл еңбеккерлеріне не өсіреді?» деген тақырыптағы көрмеде өндіріс құралдарын, тұрмыстық заттарды, ойыншықтырды, маталарды, азық – түліктерді, жемістерді, сәндік бұйымдарды көрсетуге болады. Бұл заттар балаларға өте таныс, бірақ олар оны кім және қай жерде, қалай жасағандарын ойлана бермейді. Бастауыш сынып оқушылары, жас ерекшелігіне байланысты әр заттың тарихы туралы көп ойлануларына, көп талқылауларына тура келеді. Олар жұмысшылар мен ауыл еңбеккерлерінің еңбегінің маңыздылығын, қажеттілігін түсінеді. Осылайша олар еңбек адамдарын, қадірлеп, өздері де үлкендерге көмектесіп, кітаптарын. Ойыншықтарын ұқыпты ұстап және т.б. пайдалы істермен шұғылдануға кіріседі. Мысалы, бала партаны бүлдіреді, ұстаз оған ескерту жасайды, ол оқушылар болса: «Міне, сен партаны бүлдірдің, ал жұмысшылар болса бізді оқысын деп, осы партаны жасады», - деп дүрс қояды.
Меркелерге арналған көрмелер, әр ұлттың тұрмыстық заттарымен танысу сыныптағы әр оқушының өз қабілетін білдіруіне, еңбегінің қажеттілігін сезінуіне және қоғамдық өмірге араласып жақсы түсінуіне жағдай жасайды. Жұмыстың осындай тәсілі оқушылардың сабақта алған білімдерін бекітіп, адамгершілікке, рухани ізгілікке тәрбиелейді. Оқушылар мерекенің мәнін дұрыс түсініп, әртүрлі оқиғалар туралы әңгімелеп, өз сезімдерін жеткізуге үйренеді. Осы тәсіл оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізуге көмектесіп, адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі шарттарын игеруге бағыттайды.
Бір бөліммен патриттық сезімді тәрбиелеудің бүкіл қыр – сырын көрсету мүмкін емес. Сонда да бастауыш сынып оқушыларының ұстаздары балаларды алғашқы боп Отанмен, қоршаған ортамен таныстыратындарын ұмытпаулары тиіс. Патриоттық сезімге тәрбиелеудің жолдары әр түрлі болады, ең бастысы оқушыларда Қазақстан Республикасының азаматығына деген, ең керемет сезімді қалыптастыру.