Ал енді сын есімді оқытуға арналған сабақ жоспары:
-
Сабақтаң тақырыбы: сын есім.
-
Сабақтың мақсаты: заттың түрін, түсін ажыратуға үйрету.
Оқушылардың тіл байлығын арттыру, байланыса сөйлеуге дағдыландару.
3. Сабақтың тәрбиелік мәні:
Оқушыларды көркемдеп сөйлеуге көркем етіп, әдемі етіп жазуға, әдемілікке кішіпейілділікке, адамгершілік - имандылыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру, оқушылардың қазақ тілінде мақалдық, шешен сөйлеуге, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
4.Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қолдан жасалған плакаттар, үлестірмелер, ойыншықтар, юлар салынған буклет.
5. Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап.
6. Сабақтың барысы: Ұйымдасытру, үй тасырмасын тексеру, жаңа сабақ.
-
Кіріпе әңгіме. Оюлардың түрін көрсетіп:
-
Балалар , мыналар нелер?
-
Оюлар
-
Ою қай халықтың өнері?
-
Қазақ халқының
-
Ою не үшін керек?
-
Әсемдік үшін
-
Ою қандай жерлерде қолданылады?
-
Түс киізде, текеметте, ұлттық киімдерде қолданылды.
-
Ою қандай түстермен өрнектелген?
-
Көк, қызыл, сары, қара, күлгін, ақ түстрмен.
-
Заттың түсін білдіріп тұрған қай сөздер?
-
Қызыл, сары.
Тақтаға плакат ілінеді.
Жақсы ұл – еліне бас,
Жаман ұл – еліне қас.
-Заттың сынын білдіріп тұрған қай сөз?
- Жақсы, жаман.
Заттың түрін, түсін, сапасын, сынын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылады.
-
Оқулықпен жұмыс
387-жаттығуды бірнеше оқушыға оқытып, сын есімдерін тапқызамыз.
Ақ жүрекпен таза ақыл
Қылсақ адал еңбек
Бәрінен де сол мақұл-
Артқыға жол бермек.
Сен бола көр аққа жақ,
Болам десең адам.
Адал еңбек бере бақ,
Бассақ соған қадам.
-
Тақтамен жұмыс.
Бір оқушыға тақтаға, қалғандары орында отырып, жаза бастайды.
ІV Сергіту сәті
Қоюланып тағы бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұғып қалды көбелек.
-
Достарыңызбен бөлісу: |