Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы



бет8/23
Дата21.01.2022
өлшемі467 Kb.
#113043
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Пернеханқызы Балнұр

Төртінші заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде (дыбысты таңбаға көшіру) ұғынылады.

«Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеуді меңгерудің жалпы екінші кезеңі болып табылады – дейді профессор Н.С.Рождественский. Ауызекі сөйлеудің өзі шындықтағы заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде белгілейтін таңбалардан тұрады.» [9,5 б.].

Сауат шу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрынан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе – ауызекі сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының ролі.

Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынандай методикалық принципке негізделеді.

Бұл принцип төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады:


  1. ауызекі сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру;

  2. дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру;

  3. ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.

Бесінші заңдылық. Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы «тіл материасын», яғни тіл таңбаларын – дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі) – ұғыну барысында меңгеріледі.

Тілдің оқушы мазмұны және формасы, яғни логикалық, грамматикалық жағынан қабылдайды. Ал әрбір сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктері тілдің көмегімен анықталады. Ендеше тілді оқушы, практикалық жағынан, белгілі бір тілдік фактілерді тану құралы ретінде де пайдаланды.

Мұнадай заңдылықтан тілді оқыту принципі келіп шығады.

Бұл принципті іске асыру ережесі мынандай:



  1. көрнекілікті пайдалану (таблица, схема, түрлі суреттер, теледидар, кино және т.б.);

  2. есту құралдарын пайдалану (текстер оқып беру, магнитофон, радио, теледидар, кино т.б.);

  3. оқу құралдары, көркем текстер, ғылыми-көпшілікке арналған тексттер, газеттер, журналдар;

  4. ана тілін үйрету үшін оқушылардың басқа пәндерді оқу барысындағы сөйлеу практикасы (мұғалімнің, жолдастарының сөзі, оларды аңғарту үшін талдау) пайдаланады.

Тіл материясына көңіл аудару принципі мұғалімге нақты жол көрсетеді. Оқушы әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәні сонан соң ғана аңғарады.

Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену сөйлеу органдарының (өкпе, тамақ, тіл, беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады.

Мұғалімнің айтқанын естіп немесе жолдастарының жұмысына қарап қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып, жазып, айтып, түрлі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан-салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді. Бұл заңдылықтан сөйлеу органдары мен жазатын қолды жаттығулар принципі келіп шығады.



Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де солғұрлым тез ұғынылады. Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалды.

Мұндай қайталаудың алатын орны ерекше және бала есіне саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек: салыстыру, анализ, синтез, дерексіз ұғым, жалпылау, нақтылау және индуктивтік, дедуктивтік ой қортындыларын жасай алатындай болуға тиіс.

Тілге жүйелі түрде, бірте – бірте үдетіле үйрету заңдылықтарынан мынандай методологиялық принцип шығады:


  1. ұштастыра оқыту;

  2. қайталау;

  3. өз бетімен жұмыс істеуді күшейте түсу.

Бұл принциптерді іске асыру үшін:

  1. программаны тиянақты құру;

  2. жоспарлы түрде қайталап отыру;

  3. жаттығу жұмыстары;

  4. оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері ірікетеу сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.

Сөйтіп, анатілін меңгерудің заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып табылады; ал методикалық принциптер осы заңдылықтардан туындайды, мұндай принциптерге негізделген методика, сөз жоқ, оқушыларға ана тілін үйрету жұмыстарын жүйелі жүргізуге көмектеседі.

Қазақ тілін оқу, білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі – қазақ республиксының мемлекттік тілі, ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсетілетін бай лексикасымен, қалыптсақан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтармен (көркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ресми іс-қағаз стилі және т.б.) сипатталады.

Қазақ тілінде көптеген газет-журналдар шығады. Көркем әдеби шығармалар мыңдаған тиражбен басылып, таратылып отырады. Қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер шығарылады. Соңғы нәтижесінде қазақ тілінің лексикасы саяси және ғылыми-техникалық терминдермен толығып баюда.

Қазақ тілі арнайы ғылымның зерттеу объектісіне айналып, оның әр түрлі сөздіктері мен тұрақты оқулықтары жасалуда.

Қазақ тілі бастауыш, орта мектептерде, жоғары және арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылуда. Қазақ тілінің жеке грамматикалық категорияларының өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда. Қайта құруға жұмыла кіріскен бүкіл кеңес халықтарының ерлік қимылы барысында, басқа тілдер сияқты, қазақ тілі де нәрлене, байи түсуде. Тіл мәдениеті күшеюде.

Бастауыш сыныптарда балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?

Балалар бастауыш сыныптарда оқуға, жазуға үйренеді, ойын анық, дәл жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлесуге үйренеді.

Сөйтіп, қазақ тілін педагогикалық училищелерде оқудағы мақсат – бастауыш сынып оқушыларын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйретужәне соның негізінде олардыңтілдерін ұстарту, сондай-ақ жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге төселдіру болып табылады.

Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және олардың дамытудағы маңызы. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанның, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский «Халық тілі – тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі – барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде ... » деп көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы пәндерді оқып үйретуге жол ашылды. Бұл жөнінде педагог К.Д.Ушинский: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырады. Ана тілі басқа пәндердің бәрінде қатысы бар және олардың нәтижелерін өзінежинақтайтын баст, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?» - деген болатын [12,8 б.].

Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, интернационалдық, патриоттық рухқа тәрбиеленеді.

Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған материалдардағы ойды да дәл түсінеді.

Ал мектепте оқылатын грамматика, оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір жағынан, білімдік мәні, екінші жағынан, тәрбиелік мәні, үшіншіден, баланың жеке басындағы қасиеттерді дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор үлес қосатыны мәлім.

Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруде және оларды дамытуда мынандай қағидалар басшылыққа алынды:


    1. Мұғалім білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт ұғымына сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыруға міндетті;

    2. Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде, үнемі дағдыландырады;

    3. Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне әсер етіп, адамдарға қажетті моральдық қасиеттер, адамгершілік мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет