Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдарын бастауыш мектеп мұғалімдері, ЖОО-ның бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығында оқитын білімгерлер пайдалана алады.
Зерттеу орны: **** қаласы , № ***** қазақ орта мектебі, 1 “А” сыныбы.
1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы
1.1 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу
Әліппе жас жеткіншектің ең алғаш танысатын оқулығы. Баланың оқи білу және жазу дағдылары осы кітап арқылы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы неғұрлым жылдам әрі тез қалыптасса, соғұрлым ол өзгеде ғылым негіздерін оңай әрі тез игеруіне дағдыланады. Сондықтан да сауат ашу жүйесінің зәруліктері қазіргі таңдағы оқыту мен тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі.
Сауат ашу мәселесі, бастауыш сынып оқушыларының оқыту сауатты жаздыру, «Әліппе» оқулығының ғылыми тұрғыда белгілі бір тақырыптық – мазмұндық жүйеде түзілуіне байланысты. Осыған байланысты сауаттылыққа үйрету мәселесінің зерттеу тарихына да шолу жасай кеткенді жөн көреміз.
Қазан төңкерісіне дейінгі оқулықтарды екіге бөліп қарастыру қолға ілініп келеді.
1. Ы.Алтынсарин құрастырған орыс алфавитіне негізделген оқулықтар.
2. Араб алфавитіне негіделген оқулықтар.
Ы.Алтынсарин жаңа оқулық жасау мәселесімен 60 жылдардың басында-ақ шұғылданады. 1879 жылы басылып шыққан «Қазақ хрестоматиясының негізін» К.Д.Ушинский сияқты озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасауда мақсат етіп қойды және қазақ дыбыстарын орыс әріптерімен таңбалау мүмкіншілігін қарастырып, сол ойын осы «хрестоматияда» жүзеге асады.
Мәселенің ең мәнді жері ол қазақтардың білім алуына татар фанатизімін ықпалын тигізбеу. Ондай ықпалдан құтылу үшін бірте-бірте, бірақ шын құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өзгелеріне таныс әріппен шығаруды ұсынды [9,17 б.].
Ал, А.Е.Алегторов, А.В.Васильевтің әліппелері орыс алфавитін қазақ қауымына сіңіру. оның негізінде жұртшылықтың сауатын ашу ниетінің жазылған еңбектері болатын.
А.Е.Алегторов өзінің «К мудрости ступенька» атты еңбегінде: «В этих школах совсем неприемлемы учебные известных наших педагогов – Бупакова, Ушинский, Водовозова, Тихомирова, и Корфа. Материалы их обращаются в совершенно не удоворирумую пищу там, где учаться дети киргизов. Хорошо владение языками их преподаватели, кое-как еще справляются со своей задачей, употребляя, при обучения чтению, русские буквари, но учителям не занющим киргизского языка, просто беда! Трудно им без знания этого языка учеников своих совершенно не понимающих русской речи расшевеливать и развить органы слуха и произношения для восприятия чуждых им звуков» - дейді.
Бұл әліппелерде қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарына ұқсастарын береді де, тек қазақ тілінде ғана тән ң, ғ, ұ, ү, ә, тәріздес дыбыстарды әліппенің соңынан қояды. Екі тілде бірден кездесетін, ашық естілетін жауан дыбыстылар мен созып айтуға келетін с, ш, тәрізді дауыссыздар алдымен беріледі. Шұғыл дауыссыздар кейінге қалдырады. Осы әліппелермен бірге араб алфавитіне негізделген әліппелерде шыға бастады. Соның бірі Нұрбаевтың «қазақша әліппе» оқулығы. Мұнда автор талдау – жинақтауға негізделген дыбыстық әдісті ұсынғанымен, араб әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтіні анық болатын. Сонымен бірге әліппедегі жаттығулардың кейбірі татар әдістеріне беріледі.
А.Байтұрсынұлының ағарту, сауат ашу төңірегінде атқарған қызметі айрықша. Оның әліппелермен мектепте жасаған көпжылдық педагогикалық еңбектерінің нәтижесі. 1912 жылы Орынборда басылған «Оқу құралдарында» Ахаң қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың негізделген әріптермен меңгеруді көздеген. Әліпбиді қазақтың төл дыбыстық артикуляциясына дәл келтіре отырып, меңгертуді нысана еткен.
Әліппеден алынған мысалдарда қолданған тәсілдері де бірте-бірте жеңілдеп күрделіге қарай меңгерту принципін ұстаған. Мысалы: алғашқы сабақта а, р, з, дыбыстарын өткізуді ұсынса да оқыту барысында барлық үш әріптерді бірден көрсетуді қолдамайды, әуелі жеке дыбыстарды қайталап айттырып, содан соң әріпті көрсетіп дағдыландырғанан кейін ғана қолдарындағы әліппеге қаратып оқытуды ұсынады.
Алғашқы сабақта бір-екі буыннан аспайды. Екінші сабақта л таңбасында осы әдіспен оқыту ұсынылады. Қысқасы, оқулықтағы 28 дыбысты меңгеретін әр бір сабақта да Ахан көрнекілі, жүйелік, ғылымилық түсінуге қолайлылық, принциптерді ұсынған. Бұл принциптер әлі күнге маңызын жоймағаны шүбәсіз.
Келесі бір әліппе З.Ерғалиұлының 1910 жылы шыққан «Қазақ әліппесі». Бұл әліппенің бір жаңалығы: ол жалпылама оқуды уағыздамай, жаңаша оқытуды насихаттайды. Мұның құрылым ерекшеліктеріне келсек, автор әріпті белгілі жоспармен жеке-жеке сабақтарға бөлген. Бір бетте төрт сабақтың жоспары бар. Мысалы: 1. А.З; 2. Т.П.; 3.О.Қ; т.б.с.с.
Қазақ оқулықтарында әліппені дыбыстық жүйеге келтіруді бағытталған алғашқы оқулықтардың бірі – Қ.Серғалинның «Қазақша әліппе кітабы» болды. Мұнда дыбыс - әріпті, буынды үйрету күнделікті сөйлеу тәжірибесімен байланыстырды.
К.Д.Ушинский барлық әріптерді әліппедегі тәртіппен заулатып оқыта бермей, олардың оңай – қиындық ерекшеліктерінің ескеруді, сол ретпен үйретуді талап етсе, қазақ әліппесінің авторы да осы принципті басшылыққа алды. Ол: «Әріптерді бір-бірлеп оқығанда сөздің басына жазғанда нендей дыбыс шығатының анықтап білдіруіміз тиіс» дейді.
Сол сияқты тағы бір оқулық А.Байділдиннің «Жаңа әліппе туралы» еңбегі. Мұнда алдымен а, т, н әріптері, одан соң тиісінше р, о, қ әріптері өтілуге тиіс болды. Бұл әліппеге де тән нәрсе – оқу жазуға үйрету оқушыларға таныс, жеңіл сөздерден бастаған. Мысалы: ат, ата, атан, тана, аттан т.б.
1929 жылы латын әліпбиін қабылдағаннан кейін ана тілінде оқулықтар шығару ісі бір шама ілгерледі. Соның бірі Ғ.Мүсіреповпен А.Байділдіннің 1929 жылы шыққан «Қызыл әскери әліппесі». Мұнда алдымен а және т әріптері таныстырылып, содан кейін осы әріптерден құралған ат, ата, тат, атта буындары өтіледі. Бір ерекшелігі – мұнда әр бір сабақта жеке бір дыбыс таңбалары ғана емес, белгілі бір үйрететін сөздерді құрайтын екі немесе бірнеше дыбыс таңбалары бір мезгілде өтіледі.
Жоғарғыда аталған әліппелердің ортақ кемшілігі – буын түрлерінің ауыр, жеңілдігі ескерілмеу және дыбыстардың орын тәртібі түгелдей шешілмегендігі болды.
Мысалы А.Байділдиннің «Әліппесіндегі» әріптердің реті а, т, н, р,о,қ,д,ж,л,м болып келсе. Ғ.Мүсіреповпен А.Байділдіннің «Қызыл әскер әліппесінде» а,т,б,л,с,н,ж,у,д,о,ғ болып келеді. Мұндай үйретілетін күнделікті сөздерге қатысты әріптерге көңіл берілген сықылды. Бұдан басқа 1925-1930 жылдары арасында Ғ.Мүсіреповтың (1930), Ө.Тұрманжанов пен Ш.Сарыбаевтың (1931),Б.Майлиннің (1931), А.Әлібаевтың (1934) т.б. әліппелерінде дыбыстық методтың қайтадан күш ала бастағанын байқалады. Бұл әліппелерде дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегенімен, авторлардың бір қатары дидактикалық принциптерді ескеріп отырғаны көзге түседі [12,11б.].
30-шы жылдары әліппе жасауда және сауаттылыққа үйретуді тұтас сөз әдісінен гөрі талдау жинақтауға негізделген әдіс қажеттілігін уағыздаған мақалалар пайда болды.
Сауат ашуға үйрету әдістемесі қазіргі әдебиеттерден негізінен көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Тек ғылыми фонетика мен психологияның соңғы кездегі зерттеу деректеріне орай, дыбыстық талдау жинақтау тәсілдері анықтала түсуде, дайындығы әртүрілі балалар жөніндегі мәселе шешілуге аяқ басты.
1987 жылы баспадан шыққан "Бастауыш оқу методикасы" жинағында сауат ашуға үйрету негізі дыбыстық - талдау - жинақтау әдісі бойынша баяндалған. Онда буындағы және сөздердегі дыбыстарды ажырату, салыстыру тәсілдерінің неғұрлым ұтымдылары, сондай-ақ оқудың дыбыстық талдау - жинақтаумен ұштасып отыратын тәсілдері берілген.
"1- кластағы оқыту" (Алматы, 1977) жинағында сауат ашуға үйретудің әрбір кезеңдерінде жүргізілетін жұмыстар толық көрсетілген. "Әліппе серігі" (Алматы, 1980 ), "Әліппеге методикалық құрал" (Алматы, 1984) кітаптарында түрлі дайындықпен келген оқушыларға арналған тапысырмалар және сөз құралдарындағы дыбыстарды талдауға үйрету жолдары көрсетілген. "Бастауышта оқудың тиімділігін арттыру" (М.Жазыбаев, А.Асқарбаева, С.Рахметова, Алматы, 1975) кітабын атауға болады. Бұл кітапта азды-көпті, мақала деңгейінде сауат ашу, оқудың әдіс-тәсілдері жөнінде, сондай-ақ грамматика: жазу, тіл дамыту мәселелері сөз болады. Жалпы "қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" туралы мәлімет беретін алғашқы еңбектердің бірі, белгілі методист Ш.Сарыбаевтың еңбегі (Алматы, 1959), сондай-ақ методист ғалымдар Ы.Маманов, Д.Әлімжановтардың "Қазақ тілін оқыту методикасын" (Алматы, 1965), атауға болады. Сонымен қатар бастауыш сыныптағы ана тілін үйрету мәселелеріне арналып шығарылған мына сияқты әдебиеттерді көрсетеміз: И.Қ.Ұйықбаев, Қазақ тілі методикасының очерктері, Алматы, 1962. Х.Арғынов, құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы, Алматы, 1964. Х.Арғынов, Ғ.Сүлейменов, Ана тілін оқыту жөнінде ІІ-сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал, Алматы, 1962. С.Рахметова, Ана тілі оқыту жөнінде 3-сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал, Алматы, 1961. Қ.Аймағанбетова, Қ.Бозжанова, Ана тілін оқыту жөнінде, 1 - сынып мұғалімдеріне арналған құрал, Алматы, 1970. Р.Әміров, 1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар, Алматы, 1957. С.Рахметова, Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту, Алматы, 1978. Бірнеше жинақтар бар: 1-кластағы оқыту, Алматы, 1977, 2-кластағы оқыту, Алматы, 1978, 3-кластағы оқыту, 1979, Бастауыш мектеп методикасы, Алматы, 1987 [6.112.-113]
Соңғы шыққан әдебиеттерге шолу. Сауат ашуға арналып соңғы шыққан кітап "Сауат ашу әдістемесі" атты, жалпы білім беретін мектепттің 1-сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал, (Алматы "Атамұра" 1998). Бұл кітаптың маңызы зор. Бұл кітапттың авторлары: Ш.Әуелбаев, Ә.Наурызбаева, Р.Ызғұттынова, А.Құлажанова. Бұл кітапта негізінен, сауат ашу әдістемесінен негізгі мәселелеріне, әліппенің құрылысы мен мазмұнына, сауат ашу кезеңінің міндеттері мен оған қойылатын талаптар жөнінде және сабақ үлгілер, сауат ашуға байланысты күнтізбе жоспары, сауат ашуға арналған кестелер жөнінде кеңінен тоқталған.
Бұл кітап бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс істеуіне ыңғайлы көмекші құрал. Жаңа бағдарламаға байланысты әдістемелік материалдарды "Бастауыш мектеп" журналының бетінен оқуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |