Зерттеудің мақсаты:
1. Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін анықтау.
2. 1-сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдістерін, түрлерін құралдарын жаңа талапқа сай жетілдіріп отыру.
Зерттеу нысанасы: Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқыту әдістерін тиімді пайдалана білу үрдісі.
Зерттеу пәні: «Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқыту әдістерін тиімді пайдалана білу әдістемесі».
Зерттеу болжамы:
1-сыныпта сауат ашу кезеңдерінде, қазақ тілі сабағында жаңа материалды меңгеру ісіне оқушылардың өздерін жан – жақты қатыстыра отырып, оларды белгілі бір қорытынды жасай білуге баулу керек. Оқушылар сыныпта сабақта белсене қатысып отырса, өз ойын пікірін еркін айтып беруге үйренеді, үй тапсырмаларын сондай-ақ өздігімен орындайтын жұмыстарды да қиналмай орындайтын болады. 1-сыныпта қазақ тілін үйрету кезінде, күнделікті қолданып жүрген әдіс – тәсілдерімен қатар, сабақтың мақсатына сай көп ізденіп, оқушылардың мүмкіншіліктерін ескере отырып, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін (жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер), сабақта ұтымды пайдалана білсек, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бағдарламадағы материалдарды толығырақ меңгеруіне болады деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |