Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты



бет1/5
Дата30.05.2024
өлшемі46,3 Kb.
#203037
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Цифрлық сауаттылық 1,2,3,4 сыныптар соңғы (2)


Түсінік хат.

2020-2021 оқу жылынан бастап бастауыш сыныптардағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгерді.


Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету болып табылады.

2020-2021 оқу жылында «Цифрлық сауаттылық» бірінші рет 1-сыныпта 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап сынақтан өткізіледі.

2021-2022 оқу жылында Республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 1, 3 және 4-сыныптарында «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (188-2к қосымша) сәйкес жүргізілетін болады.




«Цифрлық сауаттылық» 1-сынып
1. Бастауыш орта білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
6 тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
3. Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-коммуни­кациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.
5. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
6. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы – білім алушылардың бойында «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
7. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта, аптасына – 0,5 сағат, оқу жылында – 17 сағат. 1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні оқу жылының ІІ жарты жылдығынан бастап аптасына 1 сағаттан оқытылады.
8. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап – компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);
2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;
4) робототехникаға арналған жиынтықтар.
Осы оқу бағдарламасы қосымшаға сәйкес бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарының қысқа мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет