Тақырып: Ойын терапиясы және оның даму тарихы.
Дәріс мазмұны:
Ойын терапиясы туралы түсінік.
Балалар психотерапиясы мен ойын терапиясының даму тарихы.
Ойын деген не? Біздің білуімізше ойынның мінез-құлқына тсініктеме беру қиын, себебі кез келген іс-әрекет ойыға ұқсай бермейді. Біздің сәтті деп ойлайтын тұжырымдамаларымыздың көбі Бейтсонның сөздері болып табылады. Олардың біріншісі көпшіліктің айтып жүрген Сан-Диего зоопаркінің маймылдары жайындағы әңгімелермен байланысты. Жануарлар барлық уақыт бір-бірімен төбелесіп жатады, бірақ олар бір-біріне ешқандай қауіп төндірмейді. Кейбіреулер маймылдар осылайша ойнайды дейді. Бейтсон психотерапия жайында осыған ұқсас тұжырым жасайды: психотерапиялық жұмыста эмоцияны қоса барлық іс-әрекеттер өз көріністерін тапса да, болып жатырғанның бәрі ойын сияқты көрінеді. Соған қарамастан, психотерапия үрдісінде адамдар шын өмірдегі сияқты ұайымдап, қобалжиды.
Сонымен қатар, төменде келтірілген сөздер де Бейтсонға тиісті болып табылады: « «Ойын» сөзіне қандай түсініктеме беруге болады? Бұл сөз болып жатқан іс-әрекеттер ерекше мәнге ие болатын белгілі бір ортаны білдіреді. Мүмкін, ойынның маңыздылығы адамның күнделікті өмірдегі әдетке айналған мазмұндардан бас тартуына байланысты болар.» Мүмкін, ойынның мәні мазмұнға ие болу болар?
Ойын психотерапиясы өзінің биопсихоәлеуметтік ортасында белгілі бір бұзушылықтар жасай отырып, баланың қандай да бір лабораторияға түсу үрдісі болып табылады. Бұл жерде оның ата-анасымен қарым-қатынасы зерттеу жүргізудің алаңы болып табылуы мүмкін. Ойынның ерекше жағдайына байланысты ата-аналар балаларына өз сүйіспеншіліктерін жоғары деңгейде сездіртүі мүмкін. Бұл жерде олар тұрмыс жағдайында көрсетуге батылдары жетпеген инфантилді белгілерін де көрсетуі мүмкін. Олар уақытша «жарымжанды», «ақымақ», «жауапкершіліксіз» болуы мүмкін. Олар еденде жатып, жарымжанды, ақымақ болып, немесе агрессивті не күндегіге қарағанда одан да қатал болып көрінуі мүмкін.
Ойынның ерекше әлемінде психотерапевт өзін шын өмірді бейнелеуде еркін сезінеді. Ол қаталдықты, қорқынышты немесе жатсынуды бейнелеуі мүмкін. Біздің бір танысымыз бір күні өзінің клиенті балаға- «Соқыр болып қалдым»,- деп айтыпты. Бұл уақытта бала оның дәл алдында отырған болатын. Оиында адамдар арасындағы әртүрлә қарым-қатынастарды бейнелеуге болады. Бұған мысал ретінде Д.Левидің сиблингтермен жасаған жұмысын айтуға болады. Ол үш қуыршақты қолданған: біреуі анасын бейнелеген, екіншісі – бөбекті, үшіншісі – үлкен баласын (клиенттің). Психотерапевт баламен бірге анасын бейнелейтін фигураға балшықтан көкірек жасап, оған бөбекті бейнелейтін фигураны қойған. Бұл жағдайда сиблингтер арасындағы қатынасты, үлкен баласының кіші баласына деген қызғаныш сезімін анықтауға болады.
Тақта мен борды қолдана отырып, қорқыныш және агрессия тудыратын әртүрлі көріністер көрсетуге болады. Ойыншық солдаттарды қолдана отырып, еденде батальді көріністер көрсетуге болады. Бұл жағдайда мектептерге, емханаларға, қалаларға, елдерге, ата-аналарға, балаларға, психотерапевттерге «бомбалар құлауы» мүмкін. Бұлардың бәрі «шын өмірден» алшақ болғандықтан әсері күшті болуы мүмкін.
Қолданылып отырған фигуралар шын адамдар емес, бірақ жаны бар кейіпкерлерді салатын белгілер болып табылады. Былайша қарағанда, ойын психотерапиясы кабинеті жаңа заманның кинотеатрімен теңеледі. Осының бәрін баланың шындық ретінде қабылдауы, оның «қалыпты емес» және инфонтильді мінез-құлықының көрініс беруіне шыдамдылығын арттыра түседі.
Ең алғашқы балалармен психотерапияны өткізуді қазіргі таңда аты әлемге әйгілі өзінің пациенті Ганстың фобиялық реакцияларын жеңілдете отырып қолданған Фрейд болып табылады. Фрейдтің өзі терапия үрдісіне қатыспай, тек Ганстың әкесіне баланың ішкі қорқыныш сезімдері мен келіспеушіліктерін шешуге кеңес беріп отырды. Бұл ең алғашқы дочерняя терапия деп аталатын бағыттың пайда болуына негіз қалаған терапия болды.
Ойын психотерапияда 1919 жылға дейін, яғни Хуг-Хельмут ойынды бала психоанализінің бөлігі ретінде санауды ұсынғанға дейін қолданылмаған болатын. Бірақ, Анна Фрейд және Мела-ни Кляйн ойын элементтерін балалармен жұмыс жасау әдісі ретінде өздерінің сессияларына қолданғаны туралы жазған. Бұл екі теоретик, және де балалармен жұмыс жасағанда психоанализді қолданған олардың ізбасарлары тек қана өздерінің әдістерін емес, сонымен қатар олардың негізінде жатқан теориялық үлгілерін модификациялай бастады. Жалпы, осы психоаналитикалық емдеудің модификациясын «психодинамикалық терапия» тақырыбына біріктіруге болады. Бұның ең басты нысаны – баланың проблемеларын шешуге көмектесу. Анна Фрейд және Мела-ни Кляйн ойынды емдеу үрдісінің бір бөлігі ретінде есептесе де, олар ойынды әртүрлі нұсқада қолданған.
1928 жылы Анна Фрейд ойынды балаларды қызықтыру үшін өзінің сессияларында қолдана бастады. Бұл әдістің қолданылуының негізгі себебі терапиялық альянс концепциясы болып табылады. Дәстүрлі психоанализде аналитикалық жұмыстың көп бөлігі пациенттің сау жағы мен терапевт өз күштерін пациенттің ауру көріністерімен күресу үшін біріктірген кезінде аяқталады деген көзқарас бар. Бұл қосылу терапиялық альянс деп аталады. Анна Фрейд емделуге балалар өз еркімен емес, ата-анасының жетектеуімен келетінін, және де балада емес оның ата-анасында шағымдар болатынын байқаған. Сонымен қатар ол түс көрудің анализі және еркін ассоцияцияның терапиялық әдістерінің балаларға жат екендігін түсінген. Сол себепті балаға көмектесу және онымен альянсқа түсу үшін, өз пациенттерімен қарым-қатынасқа түсу үшін ол ойынды қолданған.
Балалар психотерапиясындағы балалармен ойын. Жанұя психотерапиясында терапевттің мақсаты – барлық жанұя мүшелері өздерін жақсы сезініп, өз ойларын еркін білдіре алатын жұмыс ортасын орнату болып табылады. Бұл бөлменің жабдықталуы мен психотерапиялық сессияның немесе консультацияның ұйымдастырылуына байланысты болады. Көп жағдайда терапияның нәтижелі болуы психотерапевттің клиентті зейін салып тыңдауы, онымен қарым-қатынасқа түсуі, сезімдерін білдіруі, қобалжудан құтылуы, өзінің клиентті түсінуге әзір екендігін сездірте алуына байланысты. Мұның бәрі «контекстуальді тұрақты қабілет» деп аталады.
Психотерапевттің жанұя адамдарын қабылдауға әзір екендігін көрсетуі – жұмыс ортасын қалыптастырудың бірінші қадамы болып табылады. Бұл үшін олармен арнайы кездесу ұйымдастыру. Егер жанұяда емшектегі сәби немесе 3 жастағы тынымсыз бөбек болса, психотерапевт сессияны оның қатысуымен өткізуге әзір болуы қажет. Бұл жағдайда ойын тәсілдерін қолдану қажеттілігі туындауы мүмкін. Психотерапевт кішкене баласы бар жанұя мүшелерімен бірге ойынға қатыса алуы қажет. Психотерапевттің контекстуальді тұрақты қабілеті ойын үрдісінде оның өзін жайлы сезінуін, күнделікті жанұяда болатын жағдайлардан қысылмауын қамтамасыз етуі қажет.
Сессия кезінде әртүрлі дыбыстардың шығарылуы - қалыпты жағдай болып табылады. Ол туралы психотерапевтті ескертіп отыру қажет емес. Сол сияқты, кейбір психотерапевттер балаларды емдеу үрдісінің қатысушысы ретінде тән алмайды. Бұл қалыпты жағдай, себебі психотерапевттер тек қана ересектер және жасөспірімдермен жұмыс жасауға әзірленеді. Олардың кебіреулері жанұяда бала болған жағдайда консультацияға бала психотерапевтіне жібергенді жөн көреді. Өкінішке орай балалармен жұмыс жасау тәжірибесі жоқ психотерапевттер 13 жастан кіші балаларды жанұя психотерапиясынан шеттетеді. Бұл жағдайда жанұяна да, бала да, психотерапевт те маңызды жағдайлардан құр қалады. Себебі жанұяның бір мүшесінсіз жанұяның толық бейнесі берілмейді және жанұя мүшелері өз эмоцияларын толық жеткізе алмайды.
Кішкене балалармен жұмыс жасауға бағытталған психотерапевттер көп жағдайда нақты ойын психотерапиясына мамандандырылмайды және олар жанұя психотераписын өткізу тәсілдерін меңгермеген болып шығады.
№10 дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |