Бастауышты оқыту педагогикасы және әдістемесі”


Тақырып: Психотерапияның әсер ету әдістері



бет17/47
Дата10.10.2020
өлшемі0,52 Mb.
#64423
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Тақырып: Психотерапияның әсер ету әдістері

Дәріс мазмұны:

1.Психотерапияның әсер ету әдістері

2.Ойын психотерапиясына жалпы сипаттама

Психотерапиядағы әсер ету әдістерінің түрлері:



  1. Музыкатерапия

  2. Логотерапия

  3. Библиотерапия

  4. Гештальттерапия

  5. Арттерапия

  6. Имаготерапия

  7. Натурпсихотерапия

  8. Ойын терапия

  9. Ертегі терапия

Музыкотерапия - бұл әдіс тиімді әдістердің бірі б.т. Музыкаәуендерін тыңдай отырып клиентке өз әсерін тигізеді. Бұл әдістің тиімді жағымен бірге тиімсіз жағы да кездеседі.Яғни клиенттің үрейленуін жоғарлатуы немесе шаршатуы, ашуландыруы мүмкін.

Музыкалық шығармаларды дұрыс таңдайбілу керек . Мысалы:



  1. Бахтың сонато соль минор Рахманин шығармаларын 1-ші концертінің 1-ші бөлімі,

  2. Чайковский жыл мезгілдері.

  3. Моцарт Симфониясын, Шопен Вальс №2 т.б. пайдалануға болады.

Библиотерапия –бұл сырқат адамдардың кітап оқу көмегімен оның психикасы әсер ету арқылы ,емдеу б.т. Бұл әдісті жекелей немесе топтыңтүрде жүргізуге болады . Психотерапевт әдебиеттер тізімін өзі жинақтап ,оны клиенттің мәселесіне сәйкес әдебиеттер ұсынады.

Имаготерапия- имого латын сөзіненалғанда образ деген мағынаны білдіреді. Мұны терапия мақсатында ойын бейнелерін көрсету арқылы жүргізеді.Адамның өзі динамикалық бейне құрастырады. Нақты бір әдісті түрлі жағдайда пайданалады. Мысалы: әдеби шығармаларды қайталап айту, шығармалар мазмұны алдын –ала әзірленген диалогтың жауап арқылы айту, алдын ала тапсырылған ситуациялық жағдайларды сахналау, драматизациялау, спекткльдерге қатысу, образдық бейнелер қою. Көбінесе имаготерапияда психотерапевт ассистенті ерекше роль атқарады . Имаготерапияның негізгі мақсаты мен міндеті:

  1. Қолайсыз жағдайға ұшыраған клиентке жағдай жасай отырып, оның «мен» деген бейнесін дамыту .

  2. Адамның эмоционалдық байлығын байыту және нығайту, оның коммуникативтік жағдайын қалыптастыру .

  3. Клиенттің өзінің мен деген жаңа ресурсын меңгеру бойынша шығармашылық қабілеттілігін дамыту.

  4. Өзін- өзі реттей білуін дамыту, өмір тәжірибесін бағдарлай білуін іске асыру қабілеттілігіне жаттықтыру.

  5. Клиент өмірін байыту .

Арттерапия -өнер терапия.Бұл қолданбалы өнер түрінде жиі қолданылады. Арттерапия сабақтары 2 түрлі вариантнегізінде жүзеге асады :

  1. Белгілі тақырып бойынша тапсырмаларды орындау .

  2. Ерікті тақырып бойынша жұмыстану. Мұнда клиент өзі тақырыпты таңдайды. Еркін түрде тоқтаған тақырыбына сәйкес құралдарды материалдарды іріктейді.

Сабақ сонында тақырыпты талқылау орындау икемділігі және т.б. қамтылады. Психотерапевт жұмысында арттерапия арқылы клиенттің ішкі жан дүниесіне әсер ете отырып оның белсенді жағдайда сабаққа қатысуына ықпал етеді әрі клиенттің қызығушылығыныңпайда болуына нәтижелі шығуына қуануына және өздігінен дербес жағдайда өзіндік шығармашылық дамуына жол ашады . Бұл әдістік бірнеше варианттары бар:

  1. Емдеуге арналған өнер шығармалары арқылы талдау, клиентпен интерпритациясын шығару .

  2. Пациентті өзіндік шығармашылық бағытқа қарай ұмтылуына әрекет ету .

  3. Өнер шығармаларын және өзіндік туынды шығармаларды қолдану .

  4. Психотерапевт тарапынан шығармашылық көрсету –мұнда мүсіндеу ,суретжәне басқаларын клиентпен бірлесе отырып бағытталады .

Натурпсихотерапия немесе табиғаттың әсер ету .Кейде мұны ландшафттерапия депте атайды . Табиғат арқылы табиғаттың әдемлігін сезіну сырқат адамның ішкі жан дүниесіндегі кездесетін мәселелерді арылтуға көмектеседі .

Логотерапия немесе сөйлесу психотерапия . Писхолог клиентпен арқылы оның эмоциялық жағдайын реттеуге көмек етеді .Осының барысында клиент қиын мәселеден шығуға ,өзінің жеке тұлғалық жағынан қайта құрылуға мүмкіндік болады.Мұнда өзін сыйлау денгейі көтеріледі.

8дәріс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет